Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

КСРО кезіндегі қақтығыстар

сың – асханалар жабық, тіпті таза ауыз суы да жоқ. Жалақы азайды, ет, сүт қымбаттады, қалай күн көреміз десе, бастық: «ақшаң жетпесе, ливерный колбаса жейсің» деп әкіреңдейді. Удай мас күйінде медициналық сауықтырғышқа түсіп, сосын қайтыс болған адамға ресми түрде екі рет жасалған сот-дәрігерлік сараптаманың қорытындысына мәйіттің туыстары сенбейді, «милиция өлтірді» дейді.

Теміртау (1959), Новочеркасскі (1962), Шымкент (1967) қалаларындағы соңы қызыл қырғынға ұласқан қарсылық акцияларына түрткі болған ұшқын осы. Жалын шашқан шоқ лаулаған өртке ұласты. Өйткені бұл бір күнде бола қойған тірлік емес. Әуелде мән берілмеген, бірте-бірте үйіліп, ұзақ уақыт жиналған, қордаланған, шоғырланған ыза-кек.

Бір сәт ойлап көріңізші. Мәселен, Шымкент жүргізушілері милицияға неге сонша өшікті? Тап жауының мекеніне шабуыл жасағандай ғимараттарын қиратады, өртейді. Қолына түскен қызыл жағалыларды дұшпанындай көріп тепкілейді, ұрады. Неге? Себебі, сол кезде милиция қызметкерлерінің арасында қыз зорлау, қылмыскерлермен ауыз жаласу, қызмет бабын теріс пайдалану сияқты фактілер кең орын алған. Соңғы екі жылда (1965-1966) 185 қауіпті қылмыс ашылмаған. 1966 жылы облыста қоғамдық тәртіпті сақтау органдарындағы 1328 қызметкердің 222-сі әртүрлі тәртіп бұзғаны үшін жазаланған, 7-уі қылмыстық жауапқа тартылған. Бұл – ресми деректер. Ал есепке кірмеген, тіркелмеген дүние қанша екенін бір Құдай біледі! Демек, милицияның көбі тәртіп сақтаумен күресудің орнына қылмыс жасауға жақын тұрған. Мұны ел-жұрт естімеді, сезбеді дейсің бе? Соңы осындай қайғы-қасіретке ұшыраған оқиғаның орын алуы да сондықтан болса керек.

Қалай болған күнде де жоғарыда атап өтілген төтенше оқиғалардың орын алуына әлеуметтік жағдайдың шиеленісіп, тұрмыстық хал-ахуалдың нашарлауы себеп болып, нарзылық білдірушілердің алға қойған мақсаттары негізінен сол мәселелерді реттеуге бағытталғаны шындық. Мұнда грузиндер (1956, 1978), месхеттік түріктер (1961, 1968), қырым татарлары (1956, 1966, 1978) бастаған шеру, Қызыл алаңдағы демонстрация (1968), Литвадағы ұлттық күрес (1972, 1975, 1977), теңізші әскерлердің бүлігі (1975) сияқты партия мен үкіметтің бағыт-бағдарына томпақ келетін саяси мәселелер көтерілген жоқ. Ал Қазақстанда келсек, Сталин өлгеннен кейінгі жылдары Кремльдің саяси шешіміне ашық түрде қарсылық көрсету тек Целиноградтағы Маусым (1979) және Алматыдағы Желтоқсан (1986) оқиғаларымен байланысты екенін атап өткен жөн.

Мұндай пікірдің жақтастары аз емес. Айталық, 1987 жылдың сәуір айында өткен Целиноград облыстық партия комитетінің VI пленумында Целиноград қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы В.Осипенко: «Алматыдағы желтоқсан оқиғасы кейбір үлкен жолдастар балалардың зиянсыз тентектігі сияқты етіп көрсеткісі келетіндей жағдай емес. Алғашқы сәтсіз қоңырау Целиноградта сонау 1979 жылы соғылған еді. Бірақ оған баға берілмеді, қорытынды жасалмады», – деп қынжылады.

Сол жылы қазан айында өткен Целиноград қалалық партия комитетінің кезекті пленумы еңбекшілердің интернационалдық және патриоттық тәрбиесін күшейту туралы мәселе қарады. Сонда партия комитеті хатшысының баяндамасында былай делінді: «1979 жылы болған ұлтшылдық көріністің (!) және тағы да өткенді қайталауға әрекет жасалуы неліктен?

…Оқу орындарына мақсатты түрде қабылдау кей жағдайда негізгі (базалық) білімге залал келтірді, қисынсыз жеңілдік жасалды. Естеріңізде болса, 1979 жылғы көтерілісті ұйымдастырған және оған қатысқан негізінен студенттер болды. Ал 1986 жылы да солардың қатарында көпшілігі педагогикалық, ауыл шаруашылық, инженер-құрылыс институттарының студенттері мен автомобиль көлігі техникумы, механикалық-технологиялық техникумның оқушылары болды». Демек, қалалық партия комитетінің хатшысы В.Осипенко арнаулы оқу орындарына қазақ мектебін бітіргендер жеңілдікпен қабылданып жатыр, ал мұның өзі оқудың сапасын төмендетуге әсер етеді, сонымен бірге олар қоғамдық-саяси ахуалды (1979 ж., 1986 ж.) бүлдіріп жүр деген ойды бықсытып, жұрттың назарын осы «кемшілікпен» күресуге аударғысы келді.

КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулы қабылдап (1.07.1987), былай деп атап көрсетті: «Республика партия комитеттерінің жұмысындағы елеулі кемшіліктер мен ағаттықтар ұлтшылдық көріністерінің өсуіне апарып соқтырды, оларға дер кезінде тиым салынбады, ол былай тұрсын, жасырылды немесе әншейін бұзақылық деп саналды. Тіпті 1979 жылы Целиноград қаласында орын алған ұлтшылдық бой көрсетулерге Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті өткір саяси баға бермеді. Өткен жылғы декабрьде Алматы қаласында болған тәртіпсіздіктер де қазақ ұлтшылдығының көрінісі болды» («Социалистік Қазақстан», 16.07.1987).

Осы қаулыны жүзеге асыру үшін Целиноград облыстық партия ұйымдарының алдында қандай міндеттер тұр? Міне, осындай күн тәртібін 1988 жылдың 2 сәуірінде облыстық партия комитетінің IX пленумы талқыға салды. Осыған орай неміс автономиясы туралы обкомның бірінші хатшысы Андрей Браунның екіұшты пікірін қазақшаламай-ақ сол қалпында келтіргіміз келеді. Тыңдап көріңіз.

«…Не было дано принципиальной, партийной оценки …националистическим выступлениям в городе Целинограде в 1979 году, которые оказались предвестником более серьезных событий 1986 года в г. Алма-Ате.

…Действительно, по поводу событий 1979 года много говорят. До сих пор задают вопрос: будет ли дана правильная оценка этим событиям? Вот и сегодня на заседании первой секции мы об этом говорили.

Во-первых, как вы понимаете, это был, конечно, результат недальневидного и угоднического подхода бывшего республиканского руководства. Потому что, согласившись в Центральном Комитете КПСС на создание автономной области, они здесь не провели соответствующей работы для того, чтобы получить поддержку населения. Хуже того, как это теперь известно, здесь были спровоцированы выступления против принятого решения. Жертвой провакции стала в основном молодежь коренной национальности».

Сонда А.Браунның сөзінен ұққанымыз: «келешекті болжай алмай жарамсақтануға бой ұрған бұрынғы республика басшыларының» кесірінен неміс автономиясы құрылмай қалған. Олай болса, бірінші хатшы кімді сынап отыр? Әрине, Қонаевты. Сол кезде қызметтен кеткен зейнеткер Қонаевты. Ал Димекең не деп еді? Бұған немістер қарсы болды, оның ішінде Браунды атап, «толковый и знающий человек» деді. Кейін өзінің естелік кітабында А.Браун автономияға қарсы болғанын Мәскеу өкіліне – Ф.Бобковқа айтқанын мойындады емес пе? Сонда хатшының мына сөзін қалай түсінуге болады? Браунның осындай қарама-қайшы пікірі мен тәртібін ұғу қиын. Екіншіден, ол аты-жөнін айтпаса да Димекеңе не себепті тас лақтырып тұрғаны және беймәлім. Ал обком хатшысы біле білсе Қонаев оған әкесі жасамаған жақсылықты істеп, үнемі биліктің ұшар басында ұстады емес пе? Браун арандату акциялары ұйымдастырылды дейді. Олай болса, нақты дерек қайда, неге келтірілмейді?

Пленумдегі сөзін бұдан соң А.Браун былай жалғастырады: «Во-вторых, посмотрим на эту проблему с другой стороны. Почему казахский народ должен был отдать эту землю, на которой он жил испокон веков? Их кто-то спросил? Нет. Нужна ли немцам та территория и автономия в пределах Казахстана? Их кто-то спросил? Нет. А суть-то ведь в этом как раз и заключается. Почему вдруг в Ерейментау где с давних времен жили казахи, теперь надо создавать немецкую республику? Так ведь? Так. Если бы тогда объяснили людям, если бы мы дали правильные оценки, где мы виноваты были и т. д., все было бы понятно. А если мы не договариваем, умалчиваем, не говорим: как это надо, тогда, конечно, взникают всякие кривотолки. В этом смысле события 1979 года должны стать для нас серьезным уроком.

Мы убеждаемся, что если там, где пытаемся сделать какую-нибудь глупость, обязательно натыкаемся на непонимание, а то и противодействие. Поэтому, если рассматривать события 1979 года с этих позиций, то они были естественной реакцией людей на необдуманные действия руководителей.

Но если рассматривать эти события с точки зрения их организации, направленности лозунгов, то они были националистическими проявлениями в полном смысле. Так, наверное? Так. Вот и будем неоднозначно оценивать их, с учетом всех точек зрения».

Сөйтіп, Мәскеу шешіміне сәйкес қалалық және облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшылары В. Осипенко мен А. Браун 1979 жылғы қазақ жұртшылығының неміс автономиясына қарсы бас көтеруін ресми түрде ұлтшылдық деп бағалайды және оның кейінгі Желтоқсан көтерілісіне ықпалы болды деген ойды ортаға салады.

Кезінде белгілі тарихшы ғалым академик Манаш Қозыбаев та осы мәселені зерттеген. Ол былай деп жазды: «…желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша, сол күні түні қаланың алты оқу орындарының және С.М.Киров атындағы заводының 8 жатақханасында театр көркемөнер институтының 12 студенті «арандатуға бағытталған іріткі салу жұмысын жүргізді». Олар жастарды шеру (манифестация) жасауға көндірді, арандатуға бағытталған ұрандар мен плакаттар даярлап, көшеге алып шықты». Ол бір түнде болған қимыл-әрекет 1979 жылы маусымда Ақмолада (Целиноградта) неміс автономиясына қарсы өткен акцияны көз алдыңа әкеледі…

Желтоқсанның 16-сынан 17-не қараған түні толқу Ақмоладағы сияқты студент, жұмысшы жастардың жатақханаларында басталды. Ақмолада түнде жазылған транспаранттармен Алматыда сол түнгі жазылған транспаранттар үндес, тіпті кейбірі сол күйінде қайталанады. Желтоқсанның 17-күні таңертең Алаңға толқын-толқынымен жиналу әдісі де Ақмола оқиғасымен үндесті. Қалай болғанда да сол бір түнгі процестің басталу, өрбу динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын сәті екендігін мойындау

12345След.
скачать работу

КСРО кезіндегі қақтығыстар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ