Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

КСРО кезіндегі қақтығыстар

қойған авторлардың бірі – Токио университетінің түлегі Сиро ХАНЬЯ. Оның «Целиноград, июнь 1979 г.: к вопросу о несостоявшейся Немецкой автономии в Казахстане» деген сараптама мақаласы (Acta Slavica Iaponica. 20, 2003, 230-236. http://eprints. Iib.hokudai.ac.jp/dspace/handIe/2115/39425) соның айғағы. Аталмыш туындыда жапон ғалымы Мұқаш Омаров екеуіміз бірігіп жазған «Познание себя» кітабына пікір айтыпты. Автор Айсфельд, Бауэр, Иларионова соғыстан кейінгі жылдардағы неміс мәселесін сөз етті дейді де, ал Омаров пен Кәкен негізінен Целиноград толқуын тілге тиек еткенін ескертеді. «Первые затронули целиноградские события кратко, как один из эпизодов истории советских немцев, не анализируя их подробно» дей келіп, мақала авторы біздің кітабымыз жөніндегі ойын былай қорытындылайды: «Большим научным вкладом последних является то, что они обнаружили и сделали достоянием общественности многие свидетельства партийных руководителей Казахстана того времени и детально изобразили живую картину тех волнений. Рассматривая их в общем контексте истории Казахстана, они сделали вывод, что события в Целинограде, предшествовавшее Алма-Атинским событиям 1986 г., сыграли существенную роль в развитии национального самосознания казахов».

С.Ханья Целиноград оқиғасын Сталиннің жеке басына табыну салдарынан қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың реттелмеген істерін Мәскеу қалай шешкендігі тұрғысынан қарап, түсінгісі келген. Оның пікірінше, орталық басшылықтың Қазақстанға жер аударылған өңірінен «жаңа Отан» жасап беру әрекеті бір жағынан биліктің немістерге деген қамқорлығы болып көрінсе, екінші жағынан депортацияланған басқа да халықтардың Н. Хрущевтің партияның ХХ съезінде сөйлеген сөзінен кейін аяқсыз қалған мәселелерді кешенді түрде шешейік деген түпкілікті ойының бір бөлігі болса келек.

1970-жылдардағы кеңестік немістердің шет елге жаппай қоныс аударуы әртүрлі ішкі және сыртқы белгілі бір қозғаушы күштерге байланысты болды. Біріншіден, бұл кезде немістер өздерін басқа халықтармен салыстырып, солармен сәйкестендіріп, теңестіруді талап етті. Мақсат – мемлекеттілігін құру. Алайда, бұл мәселе биік деңгейде талай қойылса да қолдау таппады. Оларға әрдайым оқу-ағарту шаралары ғана ұсынылды: ана тіліндегі білім алуды ұлғайтайық, неміс тіліндегі радио хабарларын, газет таралымын көбейтейік деген сияқты. Ал немістер болса, «ұлтшылдық пен сеператизмді уағыздайтын, большевиктерге қарсы күресетін бунд бағдарламасы» тәрізді мұндай дүние бізге қажет емес деп үзілді-кесілді қабылдамады.

«Көптеген немістер КСРО-дағы реформаға, оның ішінде, «кеңестік Отанның» қалпына келтірілуіне, сенбеді, көзі жетті. Төл ерекшеліктерінен айырылып, басқа халыққа біржола сіңіп кетуінен қорыққандықтан амалсыздан тарихи Отанына жөңкіле бастайды.

Екіншіден, олардың Германияға көптеп кетуіне себеп болған нәрсе тарихи Отаны – Батыс Германия – жүргізген сыртқы саясат. Бұған 1969 жылы ГФР канцлері қызметіне кіріскен В. Брандт жариялаған шығыс саясатының (Ostpolitik) ықпалы зор болды. Герман жағы кеңестік немістердің атақонысына оралу жөніндегі талап-тілегін қостап, дипломатиялық деңгейде талай көтерген. 1955 жылы кеңес-неміс еларалық қатынасы орнағаннан кейін ажырасып қалған отбасы мүшелерінің қайта қосылуына, өзара әскери тұтқындар алмасуға мүмкіндік беретін келісімшарттарға қол жетті. Екі ел арасындағы көші-қон байланысы жаңа қарқын алды.

1970-жылдардағы неміс қауымының шет елге қоныс аударуы үдей түскен кезде Қазақстан басшылығы оны бәсеңдету мақсатымен бірсыпыра қаулы-қарар қабылдады. Алайда, эмиграция қарқыны басылмады, керісінше, күшейе түсті. Өйткені бұл құжаттардың бәрі үгіт-насихат, мәдени-ағарту шараларын жүргізуге бағытталды да негізгі проблема қозғалмады.

Міне, сол кезде бұл тұйықтан шығудың бірден бір жолы осы деп 1979 жылдың 31 мамырында КОКП ОК Саяси бюросының қаулысымен Қазақстанда Неміс автономиялық облысын құру қажет деп табылды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде неміс автономиясын құрумен айналысатын екінші хатшы А. Коркин басқарған ұйымдастыру комиссиясы құрылды. Ол жергілікті жерде – Ерейментауда – болып, істің мән-жайын көріп, түбегейлі пысықтаған соң 15 маусымда автономияның құрамы, шекарасы және партия органдарының штат құрылымы туралы нақты ұсынысты КОКП ОК-не жібереді. Ал 18 маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.Қонаев қатысатын Неміс облысының құрылу салтанатына арналған партия конференциясы өткізіліп, онда Краснознамен аудандық партия комитетінің жетекшісі, неміс ұлтының өкілі Андрей Браун жаңа облыс обкомының бірінші хатшылығына сайлануы тиіс еді.

Дей тұрсақ та, қазақ жұртшылығының Арқа төсінде жаппай бас көтеруі Мәскеу жоспарын жоққа шығарды. Сонымен бірге 1979 жылдың соңында кеңес әскерінің Ауғаныстанға енгізілуі және Еуропада кеңестік СС–20 ракетасының орналастырылуы халықаралық шиеленісті күшейтіп, Батыспен арақатынасты ушықтыра түсті. Осы кезде кеңестік басшылық, өкінішке қарай, бұдан тиісті қорытынды шығармады, Батыстың адам құқығын құрметтеу жөніндегі науқанымен есептеспеді. Сол уақыттан бастап немістердің шет елге шығуы күрт азайды. 70-жылдардың орта кезінде жыл сайын 9 мың және одан да көп кеңестік немістер ФГР-на барса, 84-ші жылы бірнеше жүзге дейін төмендеді.

Жазушы В.Владимировтың мына бір дерегіне назар аударған жөн сияқты. Чехословакия елшісі Честмир Ловетинский Алматыға келіп, Дінмұхамет Ахметұлына Жеңімпаз Ақпан (Победоносный Февраль) орденін тапсырғанда «Қонаев нық сеніммен Андропов (сол кезде ол КОКП ОК-нің Бас хатшысы болатын. – А.К.) кеңес немістеріне Еділ жағалауындағы республикасын береді», – деп жазды (немістің әдеби-көркем және қоғамдық-саяси альманағы «Феникс», № 1, 1993, 307-б.).

Демек, Целиноград көтерілісінен кейін неміс автономиясын Еділ жағалауында қайта құру жөнінде Мәскеудің жоспары болған. Ю.Андропов болса бұл жұмысты тындыруға үлгере алмады, оны жүзеге асыру міндеті М.Горбачевке ауысты.

Орталық билік неміс автономиясының тұжырымдамасын жасағанда тек немістерді ғана ойлап қойған жоқ. 1979 жылғы 31 қазанда неміс автономиясын құруды қолдаған КОКП ОК Саяси бюросының мәжілісінде қырым татарларының ұлттық-территориялық автономиясы жөнінде де сөз қозғалған. КОКП ОК-нің хатшысы И.Капитонов «бұл мәселе Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитетінде қаралып, автономиялық округ құрылу көзделді» деп мәлімдеген; яғни жоғары жақта немістер мен қырым татарларына автономия берудің үлкен саяси маңызы болар еді деген пікір қалыптасқан.

Кезінде, 1974 жылы, қырымдық татар коммунисі С.Таировты Жизақ аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы етіп сайлағанда Л.Алексеева деген зерттеуші түбінде Өзбекстанда қырым татарларына автономия берілуі мүмкін деп тұжырым жасаған еді, кейін бұл болжау тарихи деректермен айғақталды.

Қырым татарларының автономиясы туралы идея ресми түрде қайта құру кезеңінде ғана белгілі болды. Ол туралы КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттық Кеңесінің төрағасы Р.Нишанов 1989 жылдың қыркүйегінде КОКП ОК-нің ұлттық саясат жөніндегі пленумында сөйлеген сөзінде айтып, Қазақстанда неміс, ал Өзбекстанда қырым татарлары автономиясын құруға әрекет жасалғанын мойындады, бірақ ол екі құрылымның арасында пәлендей байланыс бар-жоғын сөз қыла қойған жоқ.

Алайда, деп жазады С.Ханья, 1979 жылғы 31- мамырдағы КОКП ОК Саяси бюросы мәжілісінің хаттамасында осы екі автономияны құрудың жобасы депортацияға ұшыраған халықтардың ісін шешу жөніндегі ортақ тұжырымдама негізінде жасалған. Оны айтасыз, Қазақстанда ұлттық-территориялық құрылым осы мақсатты жүзеге асырудың алғашқы қадамы болып белгіленген. Неміс автономиясы ойдағыдай қалпына келтірілген соң Қырым татарларының автономиялық округін ұйымдастыруды қолға алу көзделген.

КСРО халықтарының ішінде сенімсіз деп танылғандарды депортациялау науқаны 1930 жылдардың екінші жартысында басталды да Ұлы Отан соғысы кезінде шарықтау шегіне жетті. Бірнеше миллион адам Сібірге, Орта Азияға, оның ішінде Қазақстанға, күштеп жер аударылды. Хрущевтің партияның ХХ съезінде Сталиннің жеке басына табынудың зардаптарын әшкерелеген баяндамасынан кейін Солтүстік Кавказ халықтары мен қалмақтар тарихи Отанына оралып, олардың бұрынғы автономиялары іргесін қайта көтерді. Ал немістер мен қырым татарларына барған жерлеріне «сіңісіп кетті» деген сылтаумен бұрынғы автономиялары қалпына келтірілмеді. Осыған байланысты депортацияға ұшыраған халықтар наразылық көрсетудің әртүрлі шараларын қолданды: немістер ФГР-ге кетуді, ал КСРО-дағы диссидент қозғалысымен біріккен қырым татарлары – Қырымға қайтып баруды талап етті. Сөйтіп, ақыр соңында Мәскеуге, партияның орталық басшылығына, депортацияға ұшыраған халықтар үшін ресми құжаттарда ылғи қайталап айтылатын «сіңісіп кеткен» өңірде – автономия ұйымдастыру идеясы ойға келеді.

Алайда, іс мұнымен бітпейді. Н.Оканың жазғанына сүйеніп, жапон ғалымы Қазақстанда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ресми түрде Қызылорда облысында кәріс автономиялық ауданын құру туралы мәселе қаралған (N. Oka, «The Korean Diaspora in Nationalizing Kasakhstan…»; Ока Н. «Корейцы в современном Казахстане: стратегии выживания в роли этнического меньшинства» // Диаспоры. Nos. 2/3 2001, с. 194-220) дейді.

1937 жылы кәрістер Қиыр Шығыстан Орта Азияға жер аударылды, ал 1979 жылы КСРО-дағы 389 мың кәрістің 163 мыңы (42%) Өзбекстанда, ал 92 мыңы (24%) Қазақстанда тұрған. Кәріс автономиясын Қазақстанда құру туралы ресми құжат әзірше табылмағанына қармастан С. Ханья немістер мен қырым татарларына автономия құру қарастырылғаны рас болса, кәрістерге де мұндай жағдай жасалуы мүмкін деген болжам жасайды. Ал егер олай болатын болса, Өзбекстанда кәріс мемлекеттігін жасау жоспарда болуы әбден ықтимал деп қорытады ойын автор.

Сөйтіп, Мәскеу бұрынғы ұлттық саясатына түзету енг

12345След.
скачать работу

КСРО кезіндегі қақтығыстар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ