Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құрама Патшалық

. соғыстан кейін Ұлыбритания ауыр экон. жағдайды бастан кешірді. Ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1921 ж. Ирландия өз тәуелсіздігін жариялады. Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік соғысқа (1939 — 1945) Гитлерге қарсы коалиция жағында қатысты.
  • 1947 ж. Үндістан мен Пәкстанға тәуелсіздік берілді.
  • 1945 — 1970 ж. британ отарларының барлығы дерлік өз тәуелсіздіктерін алды.
  • 1949 ж. НАТО-ға мүше болды.
  • 1982 ж. Атлант мұхитының оңт-нде Аргентина мен Фолкленд (Мальвин) аралдары үшін қарулы қақтығыс болып, қысқа мерзімдік әскери қимылдар нәтижесінде Ұлыбритания өзінің осы аумаққа бақылауын қалпына келтірді.
  • 1979 — 1990 ж. Маргарет Тэтчер бастаған консерваторлар үкіметі экономикада ұтымды реформалар жүргізді. Соғыстан кейін Шотландия мен Солт. Ирландиядағы ұлт-тық мәселелер шиеленісе түсті. Әсіресе, Солт. Ирландиядағы оқиғалар ушығып, 1969 жылдан бастап мұнда азамат соғысы жүрді.
  • 1994 ж. тамызда Ирландық Республикалық Армия (ИРА) ұрыстарды біржақты тоқтататыны жөнінде мәлімдеді. Алайда 1996 ж. ИРА жауынгерлері лаңкестік әрекеттерін қайта бастады. Отарларының барлығынан айрылғанына қарамастан Ұлыбритания әлемдегі жетекші елдердің бірі болып саналады.
  • Экономикасы

    Ұлыбритания — жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Ол халықар. еңбек бөлінісінде өнеркәсіп өнімдерін шығарушы рөлін атқарады. Қазіргі заманғы Ұлыбританияның экон. рөлі тек өнеркәсіптік қана емес, сондай-ақ банкілік, сақтандыру, кемелерді жалға беру және басқа да іскерлік қызметтермен анықталады. Ұлттық жалпы өнімнің 30%-ға жуығы өңдеуші өнеркәсіп пен 45%-ы көлік пен байланыс, жеке сауда, сақтандыру, банкілер мен басқа да қаражат мекемелерін, денсаулық сақтау мен білім беруді қамтитын қызмет көрсету саласынан түседі. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша Ұлыбритания дүние жүзінде бесінші орын (АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін) алады. Ұлыбритания өнеркәсібі негізінен сырттан әкелінген шикізаттарды пайдаланады. Бір жағынан Ұлыбритания өнеркәсібіне өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың озық технологиясы, ең жаңа құрал-жабдықтар мен басқарудың жетілдірілген әдістері қолданылатын қазіргі заманғы салалардың жылдам дамуы, екінші жағынан, ескі дәстүрлі салалардың артта қалуы тән.

    Бірінші топқа электроника, жалпы және дәл машина жасау, химия өнеркәсібінің көптеген салалары, екіншіге — көмір өндіру, мақта-мата және жүн өнеркәсібі, кеме жасау, қара металлургия жатады. Ұлыбританиядағы өнеркәсіп орындарының негізгі бөлігі Лондоннан бастап Ланкаширге дейінгі, Батыс Йоркширден Глостерширге дейінгі графтықтарды қамтитын халық тығыз қоныстанған өнеркәсіптік белдеуде шоғырланған. Бұл белдеуден тыс жерлердегі аса ірі өнеркәсіптік аудандар — Оңт. Уэльс, Англияның солт.-шығысы мен Шотландияның орт. бөлігі. Өндірістің ескі, дәстүрлі салалары Шотландияның көпшілік бөлігінде, Солт. Ирландияда, Уэльсте, Англияның қиыр солт.-шығысы мен оңт.-батысының бір бөлігінде орналасқан. Ұлыбритания энергия ресурстарының қорлары жөнінен Еуропада 1-орын алады. Солтүстік т-нің шельфінде мұнай мен газдың көп мөлшері өндіріледі. Шетелдік шикізатпен жұмыс істейтін түсті металдар (аллюминий, мыс, қорғасын, мырыш) қорытатын кәсіпорындар негізінен ірі порттарда орналасқан. Өңдеуші өнеркәсіптің жетекші саласы — машина жасау. Көліктік машина жасаудың (жеңіл, жүк автомоб., автобустар) орт-тары — Бирмингем, Ковентри, Үлкен Лондон, Лутон. Ұлыбритания аэроғарыштық өнеркәсібі жөнінен дүние жүзінде 4-орын (АҚШ, Германия, Франциядан кейін), дөңгелекті тракторлар шығарудан 1-орын алады. Елде 16 ірі мұнай өңдеу з-ты жұмыс істейді. Химия өнеркәсібі ғыл.-зерттеулерге негізделген өнім түрлерін, агрохимикаттар, пластмасса, дәрі-дәрмектер, хим. талшықтар мен синтет. каучук өндіруге маманданған. Қрі тамақ өнеркәсібі тағамдық концентраттар, кондитерлік және темекі өнімдерін, сусындар шығарады. Ұлыбритания алкогольдік ішімдіктердің дүниежүз. экспортының 20%-ын дайын (әсіресе, шотланд вискиі мен джин) береді. А. ш. өндірісі елдің азық-түлікке деген сұранысының 80%-ын қанағаттандырады.

    Бұл салаға елдегі барлық жұмыс істейтіндердің 3%-ы қамтылған. А. ш. үшін ел аум-ның 24,8%-ы пайдаланылады. Ұлыбританияның табиғи жағдайлары егіншіліктен гөрі мал ш-ның дамуы үшін неғұрлым қолайлы. Сүтті, етті-сүтті ірі қара, шошқа, етті қой, құс өсіру дамыған. Егін ш-нда дәнді дақылдар (бидай, қара бидай) басым өсіріледі. Қант қызылшасы мен картоптан да мол өнім алынады. Курорттардың айналасында — көкөніс, бау-бақша өсіру, теңіздік азық-түліктер өндіру мен балық аулау дамыған. Ұлыбритания аралдық мемлекет болғандықтан шет елдерден тауарлар тасу мен сауда жүргізу теңіз және әуе көлігімен байланысты. Жалпы жүк айналымының 90%-ға жуығы теңіз көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Мидлендтен басқа Ұ-ның барлық аудандары негізгі көліктік тораптардың қызметін атқаратын теңіз порттарымен тікелей немесе жанама түрде байланысқан.

    Ең ірі порттары

    • Лондон,

      Лондон порты

    • Саутгемптон,
    • Ливерпуль,
    • Гулль,
    • Харидж.

    Лондон қаласы — дүниежүзлік қаржы орталығы болып саналады. Ұлыбритания құрлықпен Ла-Манш бұғазының түбіне салынған туннельмен, екі т. ж. (1993 жылдан) паромымен (Дувр-Дюнкерк және Харидж-Остенде) және көптеген теңіздік және жолаушылар паромдарымен байланысқан. Экспортындағы дайын өнімдердің үлесі 80%-ды құрайды (машина жасаудың әр түрлі өнімдері, автоматты станоктар, авиақозғалтқыштар, көлік құралдары, аспаптар, хим. тауарлар, тамақ өнеркәсібінің өнімдері). Сырттан темір кентастарын, түсті және сирек металдар, фосфориттер, мақта, азық-түлік, дайын өнеркәсіп өнімдері мен жартылай дайын өнімдер алады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлш. 20700 АҚШ долларына тең (2004).

    Негізгі сауда серіктестері

    • Германия,
    • АҚШ,
    • Франция,
    • Нидерланд,
    • Белгия мен Люксембург,
    • Италия,
    • Ирландия.

    Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан бастап орнады. 1994 ж. 19 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында достық пен ынтымақтастық, экономикалық ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияларына, білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

    • 1992 ж. Алматыда Ұ. елшілігі,
    • 1996 ж. Лондонда Қазақстан елшілігі ашылды. Ағылшынның Бритиш Петролеум; Шелл және Бритиш Газ сияқты компаниялары Солт.-шығыс Каспий аймағында кен барлау, оны игеру жұмыстарына 1999 жылдан бастап араласты. Қазақстанмен жасалатын тауар айналымының көлемі жөнінде Ұлыбритания Еуропа елдерінің арасында 1-орын алды. 2006 ж. екі елдің арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 400 млн. фунт стерлингтен асты. Қазір Қазақстанда британиялық инвесторлардың қатысуымен 212 кәсіпорын тіркелген, оның 80-і бірлескен кәсіпорындар.

    Әдебиеті

    Томас Мор

    Құрлықтан келген ағылшындардың арғы тегі — англо-сакстер өздерімен бірге ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп отырған герман аңыздары мен жырларын алып келді. Христиан діні енгізілгеннен кейін ежелгі батырлық дастандар қағазға түсіріле бастады. 8 — 10 ғ-ларда британдық негіздегі англо-сакстердің діни лирикасы, құдай ілімі жөніндегі еңбектері, жылнамалар пайда болды. 11 — 13 ғ-ларда үш тілді әдебиет дамыды: шіркеу шығармалары латын, рыцарьлық өлеңдер мен дастандар француз, ағылшындық аңыз әңгіме, жырлар англо-сакс тілінде жазылды. 14 ғасырдыңдың ортасында жалпы ұлттық ағылшын тілі қалыптасып, әр түрлі әлеуметтік топтардың өмірі мен тұрмысын бейнелейтін поэзия пайда болды. Франциямен болған Жүз жылдық соғыс пен Алқызыл және Ақ раушан соғысы кезеңінде халықтық поэзия-аңыздық, тарихи, шым-шытырық оқиғалы сипаттағы балладалар дами түсті. 16 ғасырдың бас кезінде ағылшын жазушыларының басқа елдердегі гуманистермен байланысы күшейді, Томас Мордың “Утопиясы” жарияланды. Лирикалық поэзияның негізін Т.Уайет, Х.Х. Сари, т.б. авторлар қалады. Эпостық поэзияның ең жоғары жетістігі Э.Спенсердің “Сиқыршылар патшайымы” (1590) атты поэмасы болды. Қилы оқиғаларға, тұрмыстық, малшылар тақырыбына арналған романдар жарық көрді. 17 ғ-дың бас кезінде эссе (Ф.Бэкон) мен мінездеу (Т.Овербери) жанрлары қалыптасты. 1548 ж. епископ Дж. Бейлдің “Король Джон” атты тұңғыш тарихи драмасы қойылды. 16 ғ-дың ортасында антикалық үлгілерге еліктеп жазылған Т.Нортон мен Т.Сэксвиллдің, Н.Юдаллдың трагедиялары мен комедиялары қойылды. 16 ғ-дың 2-жартысында өзіндік ұлттық драматургия қалыптасып, оның көрнекті өкілдері К.Марло (1564 — 93), Р.Грин (1560 — 92), Т.Кид (1558 — 94), т.б. болды. Гуманистік драманың негізін Дж. Мили (1554 — 1606) қалады. Олардың шығармалары ұлы драматург У.Шекспирге игі ықпал етті. Ол Англия тарихына

    1234
    скачать работу

    Құрама Патшалық

     

    Отправка СМС бесплатно

    На правах рекламы


    ZERO.kz
     
    Модератор сайта RESURS.KZ