Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құрама Патшалық

арналған пьеса-жылнамаларында (“Ричард ҚҚҚ”, “Генрих ҚV”, т.б.) тақ үшін күресті асқан шынайылықпен суреттеді. Шекспир шығармаларының шырқау шыңы оның трагедиялары (“Гамлет”, “Отелло”, “Король Лир”, “Макбет”, “Антоний және Клеопатра”, т.б.) болды. Талантты драматургтер тобына сатиралық комедиялардың авторы Б.Джонсон (ш. 1573 — 1637), Т.Хейвуд (ш. 1574 — 1641) және Т.Деккер (1609 — 66), Ф.Бомонт (ш. 1584 — 1616), Дж. Флетчер (1579 — 1625) енді. Ағылшын бурж. революциясы гуманистік драманың дамуын тоқтатып, ағылшын әдебиетінің жаңа кезеңінің бастамасы болды. Ағартушылық басты идеялық ағымға айналды. Әдебиеттегі біріншілік поэзиядан прозаға көшті. Д.Дефоның (1661 — 1731) “Робинзон Крузо” (1719) романында табиғатты бағындырған еңбек адамы, Дж. Свифттің (1667 — 1745) “Гулливердің саяхаттары” (1726) сатирасында сол кездегі Англияның өмірі суреттелді. Ағылшын романдары бүкіл еуропа әдебиетке ықпал етті. Р.Стилдің “Арлы ашыналар” (1722) атты сентиментальдық комедиясы, әсіресе, Дж. Лиллоның (1693 — 1739) “Лондон көпесі” (1731) атты трагедиясы драмада шынайы төңкеріс жасады. Әлеум. тұрмыстың күлкілі жағын әжуалаушы комедияның сатиралық ауқымы күшейіп, ол “Ұлы сөз мектебі” (1777) комедиясын жазған Р.Б. Шеридан (1751 — 1816) шығармаларында шарықтау шегіне жетті. Ағылшын романтиктерінің екінші ұрпағы — Дж. Т.Байрон (1788 — 1824), П.Б. Шелли (1792 — 1822), Дж. Китс (1795 — 1821) саяси консерватизмді батыл сынады. У.Блейктің (1757 — 1827) поэзиясына әлеум. утопизм тән болды. В.Скотт (1771 — 1832) тарихи роман жанрын дамытты. Ағылшын әдебиетінің жаңа кезеңі 19 ғ-дың 30-жылдары басталды. Романшы және публицист Т.Карлейль (1795 — 1881) романтизм тұрғысынан сол кездегі қоғамдық құрылысты сынға алды. Романтизмнен реализмге өту романшы әрі драматург Э. Дж. Булвер-Литтон (1803 — 73) шығарм-нан байқалды. 30 — 60-жылдар сыншыл реализмнің гүлдену кезеңі болып, ол У.Диккенс (1812 — 70), У.М. Теккерей (1811 — 63), Ш.Бронте (1816 — 55), Э.Гаскелл (1810 — 65) романдарынан көрініс тапты.19 ғ-да роман жанры басым болғанымен, поэзия да дамыды. Э.Фицджеральд Омар Хайямның шығармаларын аударды. О.Уайльд (1854 — 1900) декаденттік, символизм элементтері бар шығармаларымен танылды. Ағылшын символизмінің аса көрнекті өкілі, ирландық У.Б. Йитс (1865 — 1939) болды. 19 ғ-дың соңғы онжылдығы мен 20 ғ-дың бас кезі сыншыл реализмнің аса күшеюімен ерекшеленді. Б.Шоудың (1856 — 1950) пьесаларында қоғамды қайта құру идеялары қозғалды. Реалистік тұрмыстық драма Дж. Голсуорсидің (“Күміс портсигар”, 1906), Х.Гренвилл-Баркердің (1877 — 1946) пьесаларында орын алды. Г. Дж. Уэллстің (1866 — 1946) әлеум.-фантаст. және филос. романдарына индустрияландыру процесі өзек болды. Голсуорси (1867 — 1933) “Форсайттар туралы сага” атты трилогиясын бір отбасының тарихына арнады. Реалистік роман мен новелла дәстүрлерін У.Сомерсет Моэм (1874 — 1965); Э.М. Форстер (1879 — 1970), А.Э. Коппард (1878 — 1957), Кэтрин Мэнсфилд (1888 — 1923) жалғастырды.

Теңіз саяхаттарының романтикасы мен ерекше елдерді сезімтал психологизммен суреттеген Дж.Конрад (1857 — 1924) шығармалары ерекше көрінді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін романшылардың жаңа ұрпағы пайда болды. Айрис Мердоктың “Тор астында” (1954), “Алқызыл мен жасыл” (1965), т.б. романдары реализмге ойысты. Б.Д. Дэвидсонның (“Өзен жағалаулары”, 1956), Д.Стюарттың (“Сай келмейтін ағылшын”, 1954) шығармалары отаршылдық саясатқа қарсы бағытталды. Д.Томас (1914 — 53) модернистік поэзияның елеулі өкілі ретінде танылды. 60-жылдары философия мен ғыл. жаратылыстану тақырыбына К.Уилсонның “Ми арамтамақтары” (1967), “Философиялық тас” (1969) романдары жазылды. Ұ. әдебиетінен Шекспирдің “Сонеттер” (1970), Дефоның “Робинзон Крузо” (1935, 1937, 1963), Свифттің “Гулливердің саяхаттары” (1951), Дж. Байронның “Таңдамалы шығармалары” (1969), “Еврей саздары” (1965), т.б. кітаптар қазақ тілінде жарық көрді.

Өнері

Көп ғасырлық даму нәтижесінде Ұлыбритания өнерінің сипатты ерекшеліктері — дәстүрлерінің орнықтылығы, тұрмыс және баспанамен тығыз байланыстылығы, қоршаған орта мен табиғат көріністерін тап басып, тамаша үйлестіру қалыптасты. Ұ-да энеолит пен қола ғасырларының аса ірі әдеттен тыс күрделі және біртұтас мегалитті кешендер (Стонхендж, Эйвбери),

  • 1 — 5 ғ-лардағы рим құрылыстарының қалдықтары, кельттердің, пикттердің, англо-сакстердің тастан қашалған және металдан жасаған бұйымдары,
  • 7 — 10 ғ-ларға тән, халықтық қаңқалы құрылыстардан пайда болған шіркеулер (Эрлс-Бартон, 10 ғ.) және күрделі қисық сызықты әшекейлері бар миниатюралар сақталған.
  • 11 — 12 ғ-ларда роман үлгісіндегі қуатты шаршы мұнаралары бар ғибадатханалар мен қамалдар бой көтерді (Лондондағы Тауэр қамалы, ш. 1078 ж. салына бастады). 12 ғ-да дами түскен ағылшын готикасының үлгілері — Кентерберидегі, Линкольндегі, Солсберидегі, Йорк, Уэльстегі, Эксетердегі, Лондондағы Вестминстер абаттығының соборлары болып табылады. Кейінгі готика (“перпендикулярлық нақыш”, 14 ғ-дың 2-жартысынан бастап) шіркеулік және зайырлық ғимараттардың оймыштап жасалған өрнектерге бай жарық әрі кең ішкі көрінісімен [Виндзордағы Сент-Джордж, (1474 — 1528) Лондондағы Вестминстердегі Генрих VҚҚ-нің, (1503 — 19) капеллалары, банкет залдары, колледждер], портреттік кескіндеменің пайда болуымен ерекшеленді. Тоқымашылықтың, кестелеу, кілем тоқу, оймыштаудың, зергерлік істің ортағасырлық ескерткіштері ерекше әсем. Реформация (1534 ж. басталды) ағылшын мәдениетіне таза зайырлық сипат берді, ал 17 ғ-дағы Ағылшын революциясынан кейін Ұлыбританиядағы құрылыс пен күнделікті тұрмыста тиімділік пен қолайлылыққа ұмтылу күшейді. Қайта өркендеу дәуірінде табиғатпен үндестікпен байланысқан ағаш, тас, фахверк шебер қолданылған, әшекейі мол усадьба-үй типі қалыптасты. Мұндай ерекшеліктерді италиялық және нидерландтық сәулетшілерден көп нәрсені үйренген қамал-сарайларды салушылар да қабылдады.
  • 16 — 17 ғ-лардағы кескіндемедегі негізгі орынды портрет иеленді. Ұлыбританияға келген Х.Хольбейннің дәстүрін ағылшын миниатюрасының шеберлері Н.Хиллиард, А.Оливер, С.Куперлер жалғастырды.
  • 17 ғ-да Ұлыбританияға қоныс аударған шетелдіктер — А. ван Дейк, П.Лели, Г.Неллерлер енгізген ақсүйектер портреттері типіне олардың ағылшындық ізбасарлары — У.Добсон мен Дж. Райли қарапайымдылық, табиғилық пен қатаңдық қосты. Палладионың мұрасына сүйенген И.Джонстың айқын классик. ғимараттары (Лондондағы Банкет залы, 1619 — 22) байыпты, қатаң салтанаттылығымен, композициясының нақты ойлылығымен ерекшеленетін 17 — 18 ғасырлардағы ағылшын классицизмінің дамуына аттанар сөре қызметін атқарды. Бұған қалалық ансамбльдер (Лондондағы Гринвич госпиталі, 1616 — 1728, Фицрой-сквер, 1790 — 1800, Эдинбургтегі Шарлотта алаңы, 1792 — 1807, Бат қаласындағы ғимараттар), шіркеулер (Лондандағы 52 шіркеу мен Әулие Павел соборы, 1675 — 1710), қоғамдық ғимараттар (Оксфордтағы Рэдклифф кітапханасы, 1737 — 49), усадьбалық, секциялы қалалық үйлер, селолық коттедждер мысал бола алады.
  • 18 ғ-дағы ағылшын өнерінің гүлденуі өмірге құштар адамдардың портреттері, уытты сатиралық картиналар мен гравюралардың авторы У.Хогарттың шығармаларынан басталады. Осы тұста А.Рэмзи, Дж. Рейнолдс, Т.Гейнсборо, Х.Реберн, Дж. Опи сынды тамаша портретшілер тобы дүниеге келді. Көпірлер мен ғимарат төбесін жабу үшін күрделі металл құрылымдар (инженерлер Т.Телфорд, Р.Стивенсон) қолдану, шыны қабырғалы құрастырмалы металл қаңқаларды кеңінен пайдалану (“Хрусталь сарай”, 1851, арх. Дж.Пакстон) жаңа архитектураға негіз жасады.
  • 19 ғ-дың 1-жартысында У.Блейк пен табиғат суретшісі У.Тернер сияқты романтик-фантастармен қатар өмірлік пәктікке толы реалистік табиғат суреті жанрының іргетасын қалаушы Дж. Констебл, табиғаттың сезімтал суретшісі Р.П. Бенингтон, сулы бояумен салынатын табиғат көріністерінің шеберлері Дж. С.Котмен, Д.Кокс, Д.Уилки көпке танылды. Ұ-дағы музыканың қайнар көзі кельт тайпаларының музыка мәдениетінен басталады.

Музыкалық өнері

Ежелгі халықтық ауызша ән-жыр дәстүрлерін жалғастырушылар халық жыршылары мен батырлық дастандарды шығаратын — бардтар болды. Англияда христиан діні орныққаннан кейін (7 ғ-дың 2-жартысы) кәсіпқой саз өнері дами бастады. Орта ғасырларда ағылшын шіркеулік музыкасында католиктік хорал басым болды.

  • 14 ғ-дың соңы — 15 ғ-дың бас кезінде қала мәдениетінің өсуі музыканттарды кәсіпқой шеберлерге айналдырды. Король сарайы мен ірі шонжарлардың қамалдарында вокалдық және аспаптық капеллалар пайда болды. Қайта өркендеу дәуірінде қалалықтар мен ақсүйектердің қоғамдық өмірі мен тұрмысында музыка маңызды орын ала бастады. Үй ішінде әр түрлі әуендер орындалатын консорттар (әр түрлі аспаптарда ойнайтындардың бірлескен тобы) қою дәстүрге айналды. Консорттың құрамына кірген орындаушылардың саны біртіндеп ұлғайып, 30 — 40-қа дейін жетті. Осылайша оркестрлердің бастапқы формасы пайда болды. Махаббат тақырыбына арналған өлең-мадригалдарға музыка шығарып, аспаптарда орындау, халық әндерін вариациялау, би пьесаларын жазу, драмалық шығармаларға музыка жазу пайда болды (16 ғ-дың соңы). Ағылшын ұлттық мадригал мектебінің негізін қалаушы — У.Берд, оның ізбасарлары — Дж.Булл, О.Гиббонс, кейінірек Дж.Блоу батыс еур. клавесинге арналған музыканың негізін қалаушылар болды. 1672 ж. скрипкашы Дж. Банистер Лондонда бірінші рет көпшілікке арналған концерт берді. Ағылшын ұлттық му
    1234
    скачать работу

    Құрама Патшалық

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ