Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құрама Патшалық

з. театрын құрушы 17 ғ-дың аса көрнекті сазгері Г.Перселл (“Дидона мен Эней” операсы) болды. 18 ғ-дың соңында Лондонда И.К. Бах (“Лондондық Бах” — И.С. Бахтың ұлы), Й.Гайдн (ол мұнда 12 “Лондон симфонияларын” жазды, 100-ге жуық шотланд әндерін өңдеп, нотаға түсірді), италия сазгері, педагог, ағылшын пианистер мектебінің басшысы болған М.Клементи тұрып, жұмыс істеді. Көптеген муз. мекемелер, хор бірлестіктері мен қоғамдар құрылды: көп дауысты ән айтушылықтың әуесқойларынан тұратын “Кэтч-клуб” (1761), Корольдік муз. қоғам (1762), муз. баспа ұйымдастырылды (1778), дүние жүзіндегі пернелі аспаптар шығаратын фирмалардың ең алғашқыларының бірі — “Дж. Бродвудтың” (1773, рояльдар шығарады) негізі қаланды.
  • 19 ғасырдың ортасында Ұ. сазгерлері негізінен опера жанрын (Г.Бишон, М.Балф) дамытты.
  • 19 ғасырда Лондон еур. музыка мәдениетінің ірі орт-на айналды. Мұнда сол кездің аса танымал сазгерлері мен орындаушылары өнер көрсетті, 1855 жылдан муз. фестивальдар өткізіле бастады. Ұлттық сазгерлік мектептің орнығуын Э.Элгар бастады (“Геронтиустың түс көруі” ораториясы — 1900).
  • 20 ғ-дың бас кезіндегі сазгерлер ұлттық дәстүрлерді дамыту арқылы Ұ. музыкасының мазмұны мен стилін жаңғыртуға ұмтылды (Дж.Айрленд, А.Бакс, Р.Боутон, т.б.).
  • 20 ғасырда Ұлыбританияның муз. өмірі қауырт дами бастады, көптеген қалаларда муз. мектептер, оркестрлер, хор қоғамдары құрылды, музыкалық фестивальдар мен байқаулар өткізілетін болды (Бирмингем, Лидс, Норидж, Шеффилд, т.б.).
  • 1934 жылдан бастап Глайндборнда жазғы дәстүрлі опера фестивалі өткізіліп тұрады.
  • 20 ғ-дың 60-жылдары “поп музыка” атанған эстрада музыкасы қауырт дамыды. Әсіресе, негр джазы мен блюзінің белгілерін ұштастыра орындалатын әуендерге ән айтатын жас әншілердің “Битлз” (The Beatls) вокалды-аспаптық квартеті дүние жүзі жастарына аса танымал болды.
  • Киносы

    Ұлыбритания киносы 1889 жылдан бастау алады. Алғашқы фильм бар-жоғы бірнеше секундқа созылды.

    • 1896 ж. У.Пол ұлт-тық кино өндірісінің негізін қалаған бірінші ағылшын фильмін көрсетуді ұйымдастырды.
    • 1929 ж. бірінші дыбысты фильм “Бопсалау” (реж. А.Хичкок, Ч.Бентонның пьесасы бойынша) түсірілді.
    • 1932 ж. реж. А.Корда “Лондон филмс” фирмасының негізін қалады. Мұнда көптеген шетелдік кино қайраткерлері (Р.Клер, Ж.Фейдер, К.Фейдт, Р.Мате, Ж.Периналь), талантты ағылшын актерлері (Й.Лотон, Р.Донат, В.Ли, Л.Ходард, Л.Оливье) жұмыс істеді. “Лондон филмстің” үздік туындылары “Елес Батысқа кетіп барады” (1935, реж. Клер) комедиясы, тарихи-өмірбаяндық “Рембрандт” (1936, реж. Корда), т.б.

    Хичкоктың шым-шытырық оқиғаларға негізделген фильмдері (“Өте көп білген адам”, 1933, “39 қадам”, 1935, “Ханым жоғалып кетеді”, 1938) көпшілікке танымал болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Ұ-да деректі фильм түсіру дамыды.

    Лондонда 1933 жылдан бастап кино саласындағы ғылылми-зерттеу және насихат жұмысының орталығы — Британ кино институты жұмыс істейді. Жыл сайын Эдинбург пен Лондонда кинофестивальдар өткізіліп тұрады.

    Пайдаланылған әдебиеттер

    1. ↑ https://www.cia.gov/cia/publications/factbook/geos/uk.html#Econ

    «Қазақ Энциклопедиясы», 9 том

    1234
    скачать работу

    Құрама Патшалық

     

    Отправка СМС бесплатно

    На правах рекламы


    ZERO.kz
     
    Модератор сайта RESURS.KZ