Құрама Патшалық
Другие рефераты
Ұлыбританияны Атлант мұхитының Солтүстік және Ирланд теңіздері, Ла-Манш, Па-де-Кале, Солтүстік және Қасиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген (солт-нде фьордтар, оңт-нде эстуарийлер). Неғұрлым үлкен түбектері — Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып, батысында Уэльс түбегіндегі Кембрий тауларына (ең биік жері — Сноудон, 1085 м), Англияның солт-нде Пеннин (ең биік жері — Кроссфелл, 893 м) және Камберленд (ең биік жері — Скофелл, 978 м) тауларымен жалғасады. Елдің ең биік нүктесі — Бен-Невис тауы (1343 м). Ұлыбританияның солтүстік бөлігіндегі таулар мен көрікті көлдер өлкесі мұздықтар әсерінен тілімделіп, әр түрлі формаларға ие болған. Геология тұрғыдан алғанда жері түгел дерлік (тек ең қиыр оңт. бөлігі герцин қатпарлығы) каледон қатпарлығы алабында жатыр. Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы, т.б. түсті металдар сияқты қазба байлықтары мол. Елдің шығысында, Солтүстік т-дің жағалауларынан мұнай мен газдың ірі кен орындары табылған.
Ұлыбритания климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ.
-
Қаңтардағы орташа температура қиыр солт.-шығыстың өзінде 3,5°С-тан төмен түспесе, ал оңт.-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт.-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп-раны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт.-шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын.
-
Шілдедегі орташа температура оңт.-батыста 16°С-қа, ал қиыр солт.-батыста 12°С-қа тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұ-ның батыс аудандарына жауын-шашын мол түседі. Бұл аймақта оның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-ге жетсе, шығыс Англияда 600 мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады.
-
Ұ. су ресурстарына бай. Түсетін жауын-шашын мөлшерінің буланудан басым болуы себепті оңт.-батыстағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері — алаптары бір-бірімен шектесетін Северн (310 км) мен Темза (334 км) өзендері. Темза өз-нің Ұ. экономикасындағы маңызы зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 1/5 бөлігі тұрады. Үлкен Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылған. Солт.-батыс Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ мол сулы өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60-тан аса СЭС салынған.
Ұлыбританияның ең ірі өзендері:
-
Клайдтың (170 км) эстуарийлері жасанды жолмен тереңдетілген, түзетілген, кең мойнақтар.
Оларда ірі теңіз порттары мен өнеркәсіп тораптары орналасқан. Ең ірі көлдері — Солт. Ирландиядағы Лох-Ней (аум. 396 км2, тереңд. 31 м-ге дейін) мен Шотландиядағы Лох-Ломонд пен Лох-Несс (аум. 56 км2, тереңд. 230 м-ге дейін). Таулы Шотландия мен Көлдер шеңберіндегі көлдердің табиғаты өте әсем, туристер демалатын орталықтар. Жазық бөлігінде ірі көлдер жоқ. Бірақ мұнда бұрын шымтезек өндірілген, құм, құмтас кеніштері болған жерлерде көптеген жасанды су қоймалары жасалған. Өсімдік жамылғысы кедей. Адамдардың ормандарды түп-тамырымен жоюы, батпақтарды құрғатуы мен кен орындарын игеруі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түр құрамын өзгертті. Қазіргі уақытта ормандар ел аумағының тек 10%-ын ғана алып жатыр. Олар негізінен өзендердегі жазықтар мен тау беткейлерінің төм. белдеулерінде сақталған. Англия мен Уэльстегі тау баурайларында емен, қызыл қайың, шегіршін, шамшат өседі. Шотландияның солт-ндегі Грампиан тауларында және солт.-батыс таулы өлкесінде емен, шырша, қарағай аралас өскен ормандар, биігірек жерлерінде қарағай және қайың ормандары сақталған. Жазықтарды егін алқаптары мен шалғындар алып жатыр. Аң аулаудың қызу жүргізілуіне байланысты Британ аралдарында баяғыдан аю, жабайы шошқа мен ирланд маралы тәрізді көптеген ірі сүтқоректі аңдар қырғынға ұшырап, қасқыр зиянкес ретінде жойылды. Қазіргі кезде сүтқоректі жануарлардың тек 56 түрі ғана тіркелген. Оңт. Англияда еліктер, таулы аудандарда жабайы ешкілер кездеседі. Биік таулардан басқа жерлердегі ормандарды түлкілер мен борсықтар, қояндар, кірпі, жертесерлер мекендейді. Кәмшат кең тараған, оны кәсіптік жолмен аулайды. Ұсақ жыртқыштардан ақтышқан мен ақкіс көп. Уэльсте сасықкүзендер, Шотландия тауларында жабайы еур. мысықтар мен америка сусарлары өмір сүреді. Британ аралдарын құстардың 130 түрі мекендейді. Өзендері мен көлдері балықтардың көптеген түрлеріне бай. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін қорғауға арналған 131 резерват ұйымдастырылған. Англия мен Уэльсте жалпы аум. 12 мың км2-дей болатын 10 ұлттық бақ бар (ірілері Лейк-Дистрикт, Сноудония, Дартмур, Брекон-Биконе, т.б.).
Тарихы
Ұлыбритания аум-ндағы адамзат тіршілігінің ежелгі іздері ерте және орта палеолит дәуірлеріне саяды. Соңғы қола және ерте темір дәуірінде (б.з.б. 800 — 700 ж.) Ұлыбританияға құрлықтан кельттердің қоныс аударуы басталды. Кельттер өздерімен бірге темір ғасыры мәдениетінің белгілерін ала келді. Британиядағы кельттер мен кельттердің ықпалына ұшыраған халық шартты түрде бриттер деп аталады. Болашақ Рим императоры Ю.Цезарь Галлияны жаулап алған соң Британияға екі жорық жасады (б.з.б. 55 — 54 ж.). Б.з. 60-жылдардың соңында Британия Рим империясының ең шеткі провинцияларының біріне айналды. 3 ғ-дың соңында Ұлыбританияға солт. герман тайпаларының (англдар, сакстер, юталар, фриздер) шапқыншылығы басталды. 5 ғ-дың бас кезінде Рим үстемдігі жойылып, Британия қайтадан тәуелсіз кельт аймақтарына бөлініп кетті. 8 ғ-да Даниядан келген нормандар елдің солт.-батыс бөлігін басып алды. Король Эгберт 9 ғ-да елдің үлкен бөлігін бір мемлекетке біріктіріп, ол Англия деп аталды. 1066 ж. Британияның ұсақ корольдіктерін нормандық қолбасшы Вильгельм басып алып, біртұтас мемлекетке біріктірді.
-
1265 ж. ағылшын парламенті құрылды. 1337 ж. Англия Франциямен Жүз жылдық соғысқа кірісті (1453жылға дейін).
-
Бұл соғыс біте салысымен ағылшын тағы үшін соғыс (“Алқызыл” және “Ақ раушан соғысы”) басталып, ол Тюдор әулетінің жеңісімен аяқталды.
-
1588 ж. “Жеңілмейтін армаданы” (Испан флотын) талқандау Англияны дүние жүзіндегі аса ірі теңіз державаларының біріне айналдырды.
-
17 ғасырдың бас кезінде Ұ. жаңа құрлықтан өзінің алғашқы отарларын иемденді.
-
1603 ж. Шотландия королі ағылшын тағына Яков Қ отырып, Шотландия мен Англия бір мемлекетке бірікті.
-
1640 — 1649 ж. корольдік Стюарттар әулеті мен парламент арасындағы қақтығыс азамат соғысына ұласып, нәтижесінде Оливер Кромвель бастаған республика жарияланды. Кромвель қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Монархия тез арада қалпына келтірілгенімен, король құқығы біршама шектеліп, билік тұтастай парламент жағында болды.
-
1651 ж. Ирландия,
-
1652 Шотландия басып алынды.
-
1707 ж. Ұлыбританияна корольдігіне бірігу жөніндегі актіге қол қойылғаннан кейін Лондон біртұтас мемлекеттің астанасына айналды.
-
18 ғасырдада Британдық отарлық жүйе қалыптасты.
-
18 ғасырдың соңында Ұлыбритания 13 америкалық отарынан айрылғанымен (АҚШ-тың жариялануы), Канада мен Үндістандағы жағдайын күшейте түсті.
-
1805 ж. Трафальгар мүйісінде адмирал Нельсон испан-француз флотын талқандап, Ұлыбритания “теңіз әміршісіне” айналды.
-
1793 — 1815 ж. респ. және Наполеондық Францияға қарсы соғысқа қатысқан Ұлыбритания 1818 ж. Пруссия армиясымен одақтаса отырып, Наполеон Қ-ні түпкілікті жеңді. Осыдан кейін Ұлыбритания жүз жылдай бейбіт жағдайда өмір сүріп, өзінің отарлық иеліктерін кеңейте түсті.
-
1899 — 1902 ж. ағылшындар Оңт. Африкада бурларға қарсы соғыс жүргізді. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания Антанта жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін Африка мен Азиядағы неміс отарларының біраз бөлігін иемденді. 1-дүниежүз
| | скачать работу |
Другие рефераты
|