Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне 90 жыл



 Другие рефераты
Маркетинг функциялары мен ұғымы Маркетинг және қоғам ұғымы Инвестицияның қызметі мен операциялары Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы

2008 жылдың 28 қазан айында Мәсімхан Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің құрылғанына 90 жыл толғалы отыр. Оқу орны Жетісу жұмысшы және солдат депутаттарының 1918 жылы 12 қыркүйектегі Қаулысымен Верный төменгі ауылшаруашылық мектебі негізінде Жетісу ауылшаруашылық училищесі болып құрылған. 1936 жылдан бастап Талғар ауылшаруашылық техникумы болып аталынды. 1997 жылы 3 қарашадағы Қазакстан Республикасы Өкіметінің №1485 Үкімімен Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне Мәсімхан Бейсебаевтың есімі берілді.

 

Колледж тарихы өте бай және қызықты. Бұл тарихтың ішіне Ұлы отан соғысы жылдарының беттері де жазылған. Атап айтсақ, сұрапыл 1942 жылы осы техникум қабырғасында Бауыржан Момышұлы соғысқан 8- гвардиялық Панфилов двизиясының 1073 Талғар полкы жасақталған. 1942 жылы Бауыржан Момышұлы басқарған полк Мәскеуге 31 шақырым қалғанда, неміс басқыншыларын талқандап, кері қайтарғандардың алғашқылары болған. Соғыстың соңына қарай Бауыржан Момышұлы Гвардия дивизиясын басқарды. Осы дивизия құрамында біздің түлектеріміздің бірі техникум директоры А. Н. Нүсіпбеков соғысқан .Ұлы Отан соғысы жылдары техникумнан 150-ден астам  оқушылар және оқытушылар мен қызметкерлер арасынан 23 адам майданға аттанған. Бұлардың барлығы Ұлы Отан майдандарында ерлікпен соғысып тың және тыңайтқан жерлерді игеруге өз үлестерін қосты.

Ірі мемлекеттік қызметтерге, ғылым саласына, ел басқару ісіне белсенді араласқан және алдыңғы қатарлы ауылшаруашылығы өндіріс орындарында аянбай еңбек етіп жүрген колледжіміздің түлектерін әрқашан да мақтан тұтамыз.

Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

  • Мәсімхан Бейсебаев -  Ұлы Отан Соғысының ардагері, 2 Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерінің, Ұлы Отан соғысы және СССР – дің көптеген медальдарының иегері. 1933 – 1936 жылдары осы техникумның директоры. 1964 жылдан бастап, зейнетке шыққанға дейін Қазақ КСР – і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
  • Ақай Нүсіпбеков — Ұлы Отан Соғысының ардагері, тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, Ғылым Академиясының вице – президенті.

1932 – 1933 жж. Алматы ауылшаруашылық техникумында оқытушы, директорлық қызметін атқарған. Ақай Нүсіпбековтың соғыстан кейінгі барлық қызметі тарихпен байланысты болған.

  • Заманбек Батталханов – Жетісу өңіріндегі ауылшаруашылық аудандарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ұйымдастырушылардың бірі (1954- 1994 жж.) ал, 1994 жылдан облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы.
  • Қ. А. Қалдыбаев — Ұлы Отан Соғысының ардагері, 3 – дәрежелі Даңқ орденінің иегері.
  • К. А. Асанов – ВАСХНИИЛ академигі, Социалистік Еңбек Ері.
  • Қ. А. Әбдіғұлов, Ж. Молдасанов, Ы. Әбдіғұлов және С.К. Бурдин – Социалистік Еңбек Ерлері.
  • И. С. Сүлейменов – Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы.
  • С. Қ. Қасымов – Алматы облыстық қаржы басқармасының бастығы.
  • Т. Ж. Қалмақбаев – «Республикалық әдістемелік санитарлық диагностикасы мен Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Болжау орталығының » Алматы филиалы мекемесінің директоры, т.б.

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі еліміздің ең байырғы оқу орны ретінде Қазақстанның Гиннес кітабына енгізілді. Бір ғасырға жуық ғұмыры бар оқу орнының негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Бәсекеге қабілетті дегеніміз – бүгінгі күн сұранысына сай болу, ал бүгінгі күні сұранысты – компьютерлік сауаттылығы жоғары, өз кәсібінің шебері, бірнеше шетелдер тілін меңгерген, бірнеше мамандықтың тізгінін ұстаған, ата – анасының аялап, үмітін ақтайтын, еліміздің кетігіне жарайтын білімді де білікті азамат.

Бүгінгі күндері елуліктің көкжиегін аңсаған колледж ұжымы келесі 11 мамандықтар бойынша мамандар даярлауда.

-         4409002 – Өсімдікті қорғау және агроэкология

-         4406012 – Агрономия

-         4405002 – Жерге орналастырушы

-         4832002 – Жемістер мен көкеністерді сақтау және қайта өңдеу

-         4412002 – Фермер шарушылығын құру және жүргізу

-         4402002 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру

-         3706002 – Есептеуіш техниканы және автоматтық жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету.

-         3002002 – Автомобиль транспортының техникалық қызметі және жөндеу

-         4432002 – “Ауылшаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру”

-         0705002 – Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит.

Оқыту мемлекетік және орыс тілдерінде жүргізілді.

Нарық талабын  меңгере отырып, колледж базасыда 25 әр түрлі қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. Алматы облысы бойынша осы оқу орнында алғаш рет өз қаражатына компьютерлік класс ашылып, 1989 жылдан бастап жоғары сұраныстағы бағдарламашы мамандары мемлекеттік тілде дайындалып, өңірдегі ауыл мектептерінде информатика сабағынан дәріс беріп, компьютерлік сауаттылықты арттыруға үлкен үлес қосуда. Оқу орнында компьютерлерімен жабдықталған  7 компьютер класы, жалпы 110 компьютер, оның ішінде екі класс пен бухгалтерияның әлемдік «Интернет» компьютер желісінде істеуге мүмкіндіктері бар. Колледждің өз слайды бар және қазақ және орыс тілдерінде жабдықталған екі лингофон кабинеттері, акт залы, үйірме жұмыстарына арналған қосалқы бөлмелері, 360 орындықты клуб, тренажерлік класс және спорт залымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Колледж тарихына тоқтала отырып Мәсімхан Бейсебаевтің туғанына 100 жыл толу қарсаңында, өмірі – ұрпаққа өнеге болған тұлға туралы ерекше баяндауды жөн көрдім.

Мәсімхан Бейсебайұлы 1908 жылы, 22 желтоқсанда, Алматы облысы, Қаскелен ауданы (қазіргі Қарасай), Елтай ауылында қарапайым шаруа жанұясыда дүниге келген. 1915 жылы ауыл молдасынан, 1917 жылы Елтай ауылында ашылған 4 жылдық мектепке оқуға кіріп сауатын ашады. 1921 жылы колхозда жұмыс істеп, 1925 жылы ауылшаруашылық техникумының агрономия бөліміне түсіп, ірі қоғам қайраткері, тарихшы Ақай Нүсіпбековпен бір топта оқыған екен. Атамыз оқу орнын 1931 10-шы бітіруші түлектердің арасында үздік бағамен бітіріп, агроном мамандығымен бірге жан жақты терең білім алып шыққан. Техникумда бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болып, өзін білімді және ұйымдастырушылық қабілетімен таныта білген. Еңбек жолын жерді ұйымдастыру органдарында бастап, 1933 – 1936 жылдар аралығында Талғар ауылшаруашылық техникумының директорлық қызметін атқарған. М. Бейсебаев ел басқару тізгінінің қай жерінде жүрсе де, білім нәрімен сусындаған біздің колледжді бір сәтте де назардан тыс қалдырмай, қалыптасып, дамуына өте үлкен үлес қосып, қолдап жүрген екен.

Осы істердің нәтижесінде – 1997 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1485 Қаулысынның негізінде атамыздың өзі оқып бітірген, директоры болған -1918 жылы құрылған Талғар  ауылшаруашылық техникумына есімі берілді.

Осы жылдың күзінде 90 –жылдық мерейтойын атағалы отырған қасиетті қара шаңырақ – Талғар қаласының төрінде, Қазакстанның Конституциясын тұңғыш жазған Тұрар Рысқұлов пен елімізді 40 жылдай басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев аталарымыздың атындағы көшелердің қиылысында орналасқан.

Ал сұрапыл 1942 жылы осы техникум қабырғасында Бауыржан Момышұлы соғысқан  8 гвардиялық Панфилов дивизиясының 1073 Талгар полкы жасақталған. Бұл туралы аты аңызға айналған Бауыржан бабамыз өзінің «Артымызда Москва» кітабында жазған. 1942 жылы Бауыржан Момышұлы  басқарған полк Мәскеуге 31 шақырым қалғанда, неміс басқыншыларын талқандап, кеі қайтарғандардың алғашқылары болған. Ұлы жеңіс -осы жеңістен басталған екен.

Колледж құрылғаннан бергі уақытта ауылшаруашылығының ең маңызды салаларына 25 мыңнан астам білімді де, білікті мамандар, өз елінің патриоттарын тәрбиелеп, атамыздың атына сай еңбек етіп келеді.

Осы орайда, аталарымыздың өмірбаяндарымен, еңбек жолдарымен танысып, рухтанып, үлкен істерінен біліктілік және тәрбие алу біздің басты мақсатымыз.

скачать работу


 Другие рефераты
Мария Складовская-Кюри
Современная социокультурная ситуация в России XX века
Картины природы в Слове о полку Игореве
ЭЕМ-нің құрамы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ