Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махамбет шығармаларының жанрлық ерекшелігі



 Другие рефераты
Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету Махамбет шығармаларының көркемдік ерекшеліктері Қылқобыздың қос қыраны Қазанғап күйші

Махамбет өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері

 

             Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.

            Лирикалық сезінуге бөлене отырып оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тән нәрсе екендігі кімге де болса мәлім.

            Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің "Соғыс", "Мінкен ер", "Баймағамбет сұлтанға айтқаны", "Исатай сөзі" деген өлеңдерінде айқын сезіледі.

            "Соғыс" деген өлеңінде Махамбет көтерілістің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның  ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністері баяндау, суреттеулері тарихи фактылармен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда осы "Соғыс" пен өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жар өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені, ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдерімен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ - әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан, оны басы ашық қалдырамыз.

            Ал біздің бұл жерде айтпағымыз, ақынның тарихи уақиғаларды тамаша шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда оның өлеңдерінің тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады.

            Қырғыз халқының (сонымен қатар қазақтың да) ертегілері мен аңыз, өлеңдерінің тарихи мәні туралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: "Егер жұрттың айтуымен Гередот жинаған Гомердің көркем ертегілері мен аңыздарының аз да болса, тарихи мәні бар десек, егер де өзгеріліп,, мысал тәрізді болып кеткен аңыздардың негізінде оқиға шындыққа жататын болса, қырғыздың аталарының өмір тұрмысын, әдет - ғұрпын әр жағынан қамтып, белгілі бір жүйеде суреттеген, сол елдің өткен кездегі өмірінің сәулесі болған аңыздарын алып, ол халықтың осы күнгі мінез-құлықтарымен және олар жөніндегі тарихи сілтеулермен салыстырсақ, ол аңыздардың тарихи мәні болуы мүмкіндігіне күдіктенбеуіміз керек". Шоқан Уәлихановтың эпостық ертегі-аңыздардың тарихи мәні бар деген бұл пікірін негізді десек, тарихи мәліметпен мидай араласып жатқан тарихи уақиғалардың нақтылы сәулесі болған Махамбет поэзиясының тарихи мәні зор, ол тарихи документ екендігіне шек келтіруге болмайтыны ашық, талассыз.

            Біз жоғарыда Махамбеттің біркелкі өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады дедік. Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы керек. Лиро-эпикалық деген сөздің өзінде сол түсінік бар. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек - мақсаттарын өздерінің хан - сұлтандарға қарым - қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде, не лирикалық шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған лирикалық шумақтарда аз кездеспейді. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбеттің бірқатар өлеңдернде эпостық баяндау сарыны  жалынды лирикамен аралас келеді:

                                                Кешегі Исатайдың барында,

                                                Алақандай Нарынды

                                                Басушы едік құлаштай!

                                                Жәбір беріп, жапа етсең,

                                                Былғанған басым ласқа-ай!

                                                Мен бір шарға ұстаған

                                                қара балта едім,

                                                Шабуын таппай кетілдім.

                                                Қайраса, тағы жетілдім…

                                                Көрмес, келмес деп едім,               

                                                Өз еркіммен бетіңді-ай!.

 

            Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе лирика. Махамбет өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар, Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі де бар. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты.. Сондықтан, оның лирикасын - әлеуметтік сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді.                                                                                                                  Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық күрес саяси-таптық жырларды туғызады. Бірақ бұл жаңа мотивтегі поэзия, көркем лирикаларға өзінен бұрынғы поэзияның әсері болуы да мүмкін. Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктерін де байқау қиын емес. Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек Махамбеттің саяси лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор  дәстүрімен байланысты. Жалпы саяси лириканың өзіне тән ерекшелігі - үгіт насихат істерді көпшілікке үндеу, белгілі бір топтың, не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркем сөз арқылы көпшіліктің сана - сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.                                          &n

12345
скачать работу


 Другие рефераты
Загрязнение атмосферы Кемеровской области
И.С. Шмелев
Ердің бақытын келтіретін де, кетіретін де – әйел
Производство метанола


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ