Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махатма Ганди

талпынып жүргеніме қарамастан мен осы бір үш жақты тазалыққа - ойдағы, сөз бен істегі тазалыққа әлі де болса жете алмағанымды білемін. Міне сондықтанда адамдардың мақтағаны мені қуанта қоймайды. Керісінше, ол көбіне арыма тиеді. Пендешілік құлқынды жеңу қалың қолмен дүниені жаулап алудан анағұрлым қиын іс болып көрінеді маған. Үндістанға қайтып оралғаннан бері көңілімнің қойнауында бұғып жатқан құмарлықтарымды танып білгендеймін. Мұны мойындауым жеңілісімді сездірмегенімен, өзімді өзім қорсынуыма мәжбүр етеді. Тәжірибелерім мен ізденістерім мені шабыттандырып, зор қуанышқа кенелтеді. Бірақ өзімді өзім қорсыну жолында әлі де болса алдымда көп қиындық тұрғанын білемін. Адам өз еркімен жақындарының ішінде өзін ең соңғы орынға қоймайынша оған райыс жоқ. Ахимса - ізеттіліктің ең соңғы шегі." Бұл үзінді Махатма Гандидің өз қолымен жазған "Менің өмірім" ("Жалын" баспасы, 1989 ж., аударған Мейрам Асылғазин) атты кітабынан алынып отыр.

Қайтадан бір зер салып, осы сөздерді оқып көріңізші, қадірлі оқырман, Құран сөрелеріндей ұлағатты ойлар емес пе расында! Ұлы Махатма Ганди қаламынан шыққан осынау қарапайым да қасиетті бұл ойлардан буддизм мен ислам дінінің арасындағы ұқсастықтарды көріп таң қалмасқа тағы да шараң жоқ! Сіз бен бізге ұқсайтын Құдайдың бір пендесінің аузынан шыққан бұл сөздер жай ғана айтыла салмаған. Жетпіс сегіз жылдық ғұмырының ішінде Махатма Гандидің өзі тұла бойымен сезініп, бар болмысымен шындап жүзеге асырған адам баласы таң қаларлық ғажайып ерліктің бір ұшқыны ғана бұл.

Жер басып жүрген бұл пенденің екісінің бірінің қолынан келе бермейтін ұлы ерлікке барған Махатма Гандиге таң қалмасқа шараң жоқ. Сөзі мен ісінің арасында алшақтық болып көрмеген Махатма Гандидің өмір жолы бұрын-соңды адамзат баласы басынан кешіп көрмеген теңдесі жоқ үлгі-өнеге!

"Ақиқат іздеген жан тозаңнан да төмен тұруға тиісті. Тозаңды бәрі таптайды, ал Ақиқат іздеген жан тозаң тұтып, шаң басқандай, көмпіс болуы керек. Тек сонда ғана болмаса, оған дейін ол Ақиқаттың ұшығын да көре алмайды. Бұл Васишта мен Вишмамитраның сөйлескен сөздерінен айдан анық көрінеді. Христиан мен ислам діндері де мұны толық қуаттайды. Егер оқырманға менің сөздерім асылық айтқандай болып көрінсе, онда эксперименттерімнен бір қате кеткені және менің көргенім Ақиқаттың нышаны емес, сағым ғана болғаны. Мендейлердің жүзі құрбан болса да мейлі, тек Ақиқат үстем бола берсін. Мен сияқты адасқан пенделердің ісіне баға бергенде, Ақиқаттан қылдай да таюға болмайды" деген Махатма Гандидің әр сөзінен ең алдымен қарапайымдылық көрініп тұрса, сол қарапайымдылық арқылы ұлылықтың ұлы тұлғасы мен мұндалап алыстан көзге шалынады.

Барша адамзат баласы ес біліп, етек жапқалы бері іздеп келе жатқан асыл заты - осы емеспе! "Қолда барда алтынның қадірі жоқ" деп қазақ мақалында айтылғандай, сол бір барша адамзаттың асыл перзенті Махатма Гандиді көзінің тірісінде барша әлем мойындамады. Тіпті өзінің діндес, қандас бауырының қолынан қастандықпен өлтірілген де осы Махатма Ганди болғаны қандай өкінішті еді десеңізші!

Мынау қамшының сабындай қысқа ғұмырда тіршіліктің мәні мен мағынасына шындап көз жібермей, аз күнгі қызық дәуренді малданып жүрген біз - пенделердің осы бір бейшаралықтарымыздың өзіне Махатма Ганди асқан түсіністікпен, кешірімдікпен, төзімділікпен қарады. Ұлылықтың өзінде де сірә шек жоқ-ау. Махатма Гандиді оқып отырғанда алдымен байқалатыны - Адам баласының қандай дінде де, қандай елде де, қандай ұлтта да бір-біріне өте ұқсас қарапайым ғана пенде екендігінде. Олардың қайғысы мен қуанышы, жеңісі мен жеңілісі, өкініші мен жетістігі, кемшілігі мен кемелдігі, жақсылығы мен жамандығы, адамгершілігі мен жауыздығы, адалдығы мен арамдығы, қулығы мен ақкөңілділігі, бары мен жоғы - бір-бірімен өте ұқсас. Бүгін жер бетінде қанша адам болса, соншалықты түр-түс, мінез-құлық бар. Былай қарағанда барлығы да - Ақиқаттың ақ жолын іздеп жүргендер сияқты көрінеді немесе сондай болып көрінуге тырысады. Ал шындап тереңдеп үңілсең - мәселенің барлығы ондай емес. Неге?..

Адамдардың бірін-бірі көре алмауы, бір-біріне ор қазуы, табан астында бірін-бірі алдап кетуге немесе бір-біріне қастық жасауға даяр тұратыны неліктен? Небір алтынмен аптап, күміспен күптеп сарайлар салдырған, әлемнің түгелін болмаса да жартысынан астамын жаулап алған, сан миллион жазықсыз жандарды қырып жойған әміршілер де бұл Жалғаннан өтті. Солардың бірде бірі көзі тірісінде жиған тау-тау алтынын, атақ-даңқын ана жаққа өзімен бірге алып кете алған жоқ. Сонда олар не үшін жанталасты, не үшін әлемдік өркениетті жермен жексен етті, не үшін асып-толды?

Осы XXI ғасырға дейін жер бетінде небір сойқан қырғындар болыпты, қисапсыз адам қандары судай ағыпты. Жеңіпті, жеңіліпті. Сонда осы екі жақтың қайсысы түптің-түбі аңсаған арманына жетіпті?

Ол қандай әмірші болсын мейлі, қанішердің аты - қанішер, жауыздың аты - жауыз. Адам қанын судай шашқан, далаларды шаңға бөктіріп, қалаларды өртеп-қиратқан, Александрия мен Отырар сияқты қалалардың кітапханаларын өртеп күлге айналдырып, тіпті кейбірін мүлдем жойып жіберген Цезарьдан, Македонскийден, Шыңғыс ханнан, Наполеоннан, Гитлерден, Сталиннен соңдарында не қалды?

Алғыс па, қарғыс па? Цезарын, Македонскийін, Наполеонын... мақтаныш еткен қазіргі заманғы батыстық центристік тарихшыларды, басқа да қанішерлерді ұлы бабасына балаған әдебиетшілерді не деп түсінуге болады?

Сан мыңдаған жылдар бойы адамзаттың небір кемеңгер ақыл-ойлары іздеген - Шындық пен Ақиқат осы ма?

"Мен", "Мен" деп кеуде соққан пенденің не ойлағаны бар, сонда? Пенделіктен асып, қайда барамын дейді екен? Менмендіктің түбі - құрдым немесе бейшаралық екенін ұғып түсінуге шама-шарқы мен өресі жетпеген жанды кім бағалайды? Тарих па, тобыр ма?.. Сұрақ көп, жауап жоқ!

Міне біз өмір сүрген Өмірдің қатал заңы осындай. Түптің-түбі адамзат баласы ақылына келіп, барлығы бірдей бір кісінің баласындай асқан төзімділікпен, қамқорлықпен, қайырымдылықпен, кешірімділікпен тату-тәтті өмір сүретін күн туар ма? Ақиқаттың ақ туы салтанат құрып, жер бетінде желбірейтін шақ тым алыста жатыр ма?..

Махатма Гандиді оқып отырғанда басыңа келетін алғашқы ойлар осындай... Ешкімді ешқашанда іренжіткісі, біреуге зәбір көрсеткісі келмеген, бар ауыртпалықты бір өзі ғана мойнымен көтерген, басқалар үшін не азапты да басынан кешкен, сонысымен замандастарына үлгі болған, адам баласының кез келгенінің қолынан келе бермейтін шыдамдық пен төзімділікке барған, Ақиқаттың ақ жолын таңдап алған, өмірінде бір рет те өтірік айтпаған, жан баласын іренжітпеген, тіршілік атаулыға аялай қараған, қолынан Жақсылықтан басқа келмеген, жеке басының бақытын, қуанышын, ләззатын тәрк еткен, ешкімді ешқандай ұлтқа, ұлысқа, мемлекетке, хандыққа, патшалыққа, сұлтандыққа, сектаға, дінге, сословияға бөлмеген, осы жолда қандай азап болса да қаймықпаған, Ақиқаттың ақ жолы үшін өлімнен де қорықпаған жер бетінде бір ғана адам болса, соның бірегейі азат Үндістанның ұлы перзенті - Махатма Ганди.

 

 БРАХМАЧАРИЯ

 

 Мохандас Карамчанд Ганди (Махатма - туған халқы құдайдай көріп, құрметтеп қойған ұлы есімі) - үнді халқының оның көзі тірі кезінде-ақ аты аңызға айналған көсемі екендігі турасында жоғарыдағы тарауларда азды-көпті әңгімелеп беруге талпындық. Енді ұлы адамның бейнесі жан-жақтылы толық ашылуы үшін оның басынан кешкен кейбір оқиғаларды ғана баяндап бермекпіз. Үндістанның ұлы перзентінің басынан кешкен барлық оқиғаларды баяндап шығу мүмкін емес. Тек қалың оқырманды еріксіз ойға қалдыратын, Ақиқатқа жетелейтін оның өмірінің кейбір тұстарын ғана тілге тиек етпекпіз.

Жалпы Гандилер әулеті үндінің Бания кастасына жатады. Олардың соңғы үш ұрпағы Катхиавар княздіктерінің бірсыпырасында бас министр қызметтерін атқарған. Өздері көп ағайынды, өсіп-өнген ұрпақ. Соңғы ағайынды екеуі бірінен-кейін бірі Порбандардың бас министрі қызметін атқарады. Мохандас Гандидің өз әкесінің аты - Каба Ганди. Ол төрт рет үйленген. Бұрынғы үш әйелі жастай қайтыс болады. Екі әйелінен екі қыз қалған. Төртінші әйелі - Путлибай бір қыз, үш ұл көтереді. Мохандас - солардың кенжесі.

Әкесі Каба ешқандай байлыққа ұмтылмаған, өз әулетіне берілген, шыншыл, ержүрек және мәрт адам болған (бұл екі қасиеті Мохандасқа дарыған сияқты. Авт. Ж.К.), бірақ қызба еді. Сезім ләззатын мейілінше татпайынша жүре алмайтын. Ешқандай білімі жоқ, бірақ тәжірибесі мол адам еді.

Шешесі Путлибай - құдайға құлшылық етіп алмай, тамақ туралы ойламайтын аса діндар адам болатын.

"Шешем парасатты жан еді. Мемлекет ісінен жап-жақсы хабардар болатын, сарайдағы әйелдер де оның ақылдылығын құрметпен ауыздарына алатын. Бала кездегі еркіндіктің арқасында шешемнің соңынан еріп, сарайға жиі баратынмын, оның такор-сахибтің жесір қалған шешесімен қызу әңгімелесетіні осы уақытқа дейін есімде" деп өз өмірбаянында жазғандай туған анасын қатты құрметтегені көрініп тұр. Сонымен Порбандарда немесе Судампуриде 1869 жылы 2 қазанда Мохандас деген бала дүниеге келеді.

Мохандас барлық балар сияқты жеті жасында мектепке барады. Оның өзі айтқандай "бастауыш мектепте өте нашар оқиды" (сонда). Жасы он екіге қарағанда орта мектепке ауысады. Мохандастың өзі айтқандай "мұғалімдерге немесе мектептегі жолдастарыма бір рет те болса өтірік айтқаным есімде жоқ. Тым именшек едім және балалардан қашқақтап жүретінмін".

Бірде халық ағарту инспекторы Джайлс деген шенеунік балалардың білімін тексеруге келгенде Мохандас класс жетекшісі қанша көмектескісі келсе де, алған бетінен қайтпай "қазан" деген сөзді толып жатқан емілелік қатемен жазып, жазықты болғаны бар. "Мұғалім айтып жібергісі келіп, мені аяғымен түртті. Білмеген сөзді қасындағы баладан көшіріп алсын дегендегісі" деп осы оқиғаны М.Ганди естелігінде ауызына алады (сонда). Өйткені ол өзінің ұстазы үйреткендей, қанша мүмкіндік туып тұрса да ешкімнен көшірі

12345
скачать работу

Махатма Ганди

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ