Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махатма Ганди

әйелге деген төсек ләззатынан, тән құмарлығынан бас тарту деген сөз. Және анау-мынау емес еркектік қабілеттің әбден кемеліне келіп толысқан шағында нәпсі жағынан өзін-өзі құрбан ету әй ешкімнің қолынан келмейтін әрекет. Ал М.Ганди небары 37 жасында осындай көзсіз ерлікке барады.

"Ант берудің мәнін бұдан бұрынғыға қарағанда көбірек сезіне бастадым. Анттың нағыз бостандыққа барар жолды жаппайтыны былай тұрсын, қайта соған жол ашатынын ұқтым.

...Өзіме өзім сұрақ қойдым: мұндай жағдайда әйеліме мен қалай қарауым керек? Оған деген адалдығымның мәні нәпсі қанағатын тек содан ғана тауып жүргенім бе? Әзірге ындынның құлы болғандығымнан менің адалдығым түкке де тұрмайды. Әйеліме әділ қарауға тиіспін: ол ешқашан да әзәзіл болып көрген емес. Сондықтан егер қаласам, Брахмачария антын алу мен үшін ешқандай қиындық келтірмейтін. Нық шешімге 1906 жылы ғана келдім. Сатьяграха әлі басталмаған, оны бастала қояды деген ойымда да жоқ. ...Ұрпақ өрбіту және үнемі балалардың қамын ойлап жүру қоғамға қызмет етуге сыйспайтынына көзім жетті". Міне көріп отырсыздар, Махатма Гандидің қандай ерлікке барғанын. Өз басым мынандай көзсіз ерлікке барған адам баласын тұңғыш және соңғы рет көріп отырғандаймын. Ұлы тұлғаға таң қала отырып табынамын, адам тілі айтып жеткізе алмас бұл қасиетін қандай адамдық өлшеммен белгілеуге болатынын өз басым білмеймін. Ұлтқа, халыққа, адамзатқа қалтқысыз қызмет етудің мұндай ерекше түрін бағалау қиын. Қарапайым халық мұны түсіне қоймасына өз басым сенемін.

Сонымен Махатма Ганди: "1906 жылы 37 жасымда жан-жақты ақылға салып, ойланып ант бердім. Бұл сәтке дейін ойларымды әйеліме айтқан жоқ едім, онымен ант бергенннен кейін ғана ақылдастым. Ол қарсы болмады. Алайда маған түбегейлі тоқтамға келу өте қиынға соқты. Табандылығым жетіспеді. Құмарлығымды тыя алар ма екенмін. Күйеуінің әйелінің жыныстық қатынас жасаудан бас тартуы ол кезде оқыс құбылыс болатын. Дегенмен құдай өзі жар болар деп осындай қадам жасадым".

Брахмачария шартын орындау үшін - тамақтануды шектеу және ораза ұстау керек. Бұны жақсы білген Махатма Ганди: "Біздің құмарлығымыздың қарқындылығы соншалық - оны тек іштей де, сырттай да қатаң шектеп қана тыйып отыруға болады. Баршаға мәлім, егер мүлде нәр татпаса, құмарлықтың қуаты таяды, сөйтіп құмарлықты тыю үшін ораза ұстау, сөз жоқ, өте пайдалы.

Брахмачария шарты - ой, сөз және әрекетке байланысты сезімдерді бақылау... Брахмачарияның мүмкіндіктері қандай шексіз болса, баз кешудің мүмкіндіктері сондай шексіз".

Міне құрметті оқырман, Махатма Ганди қабылдаған Брахмачария анты дегеніміз осы. Бұл жөнінде әлі де көптеген қызықты деректерді келтіруге болар еді, өкінішке орай сіз оқып отырған сайттың көлемі оны көтермейді. Сондықтан бұл жөніндегі әңгімені осымен доғара тұрып, Сатьяграха дегеніміз не, енді соған тоқталайық...

 

САТЬЯГРАХА

 

Бұл ең алдымен - М.Ганди өзі бас болып өмірге әкелген ұлт азаттығы жолындағы қозғалыстың атауы. Және ұлы тұлғаның Брахмачария антынан кейінгі ұлы қадамы, тапқан термині және оның бүкіл өмірінің айнасы. Ол жөнінде М.Ганди тағыда өзінің аталмыш еңбегінде былайша толғайды:

"Сатьяграха" деп аталатын принцип термин ойлап табылмастан бұрын пайда болған... Бұл принципті гуджарати тілінде сипаттау үшін біз бастапқыда "бәсең қарсылық" деген ағылшын сөзін пайдаландық... Маганлал Ганди "сатаграха" ( ста - шындық, аграха - кәміл) деген сөз ойлап тапты... Мен оны "сатьяграха" деп өзгерттім".

Махатма Ганди өзі құрған Сатьяграха қозғалысының арқасында еш қандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз, асқан төзімділікпен Үндістан халқын тәуелсіздікке жеткізуге шындап бел буады.

Ол бүкіл Үндістанды жаяу аралап, будда, христиан, мұсылман дін орындарында болып, ешкімді ұлтына, дініне, әдет-ғұрпына алаламай ортақ күреске шақырады. Бірақ күрестің басты шарты - ешқандай күш көрсетпеу болып есептеледі. Бұл қозғалыс М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде дүниеге келіп, Үндістан халқы толық тәуелсіздік алғанға дейін жалғасын тапты. Мәңгілік тарихта қалды.

"Мен ойымда, сөзімде және іс-әрекетімде Брахмачария ұстауды да, сатьяграха қозғалысына бар уақытымды арнауды да бірдей аңсадым. Бұған мен тек қана өзімді өзім тазарту жолымен жете алатын едім. Сондықтан өміріме одан әрі де өзгерістер енгізе бастадым және тамақтануға байланысты қатаңдау шек қойдым. Ораза ұстау және тамақтан тартыну өмірімде анағұрлым елеулі роль атқара бастады. ...Денемді жетілдіргім әрі тәртіптегім келген, бірақ ендігі басты мақсат тежеле білу және талғамымды көндіктіру болғандықтан, мен алдымен бір тамақты, одан кейін екіншісін тандап ішіп, бірте-бірте оның азықтық құрамын кеміте бердім. Алайда тамақтануды жаным сүйе беретін болды. Өзіме ұнаған бір тамақтан бас тартып, басқасын ішсем, онда бұл соңғы тамақ мені жаңадан әрі анағұрлым артық тұшынтатын болды".

Тамақ ішуді шексіз шектеген М.Ганди аптаның екі-үш күнін ораза ұстап, қалған уақытында бірнеше тал таза жеміс-жидек жеп, таза су ғана ішіп, ауырғанда топырақпен емделіп, үй-ішінің барлық адамдарын осы әдіске көндіреді. Ата-бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық асыл заттарды, тіпті әйелі Кастурбайдың қанша жылап қарсыласқанына қарамай, үстіндегі асыл заттарды сыпырып алып, банкіге өткізіп, оның өсімін жетім-жесірлер мен қозғалыс мүддесіне жұмсап отыруы да былай қараған адамға ақылға сыймайтын әрекет.

М.Ганди Үндістан халық Конгресіне белсене араласып жүрген тұста, әр шеттен келген делегация мүшелерінің өздері тұрып жатқан жердегі тазалыққа мән бермейтініне назар аударады, тіпті аналар еш нәтиже шығармағанда, өзі қолына су мен шүберек алып зәр мен нәжісті еш қиналмастан тазалай бастайтын тұсы бар. Ол бұл әдісті Калькуттадағы бай адамдар тұратын махалладағы тазалықты тексергенде, аналардың қанша алтын мен күміске малынып отырса да адам баласы төзгісіз тазалықтарын көріп, оларды тазалауды өз мойнына алып, еш жиіркенбестен шешініп тастап, жұмысқа кірісіп кетуінен де байқайсыз.

Оңтүстік Африкада жұмыс істеп жүрген кезінде Махатма Ганди үйінде жатып жүрген қозғалыстың белсенді бір мүшесінің күнде астына жіберіп қоятынына қарамастан асқан төзімділік танытып, тіпті әйелі Кастурбайға сол бейтаныс еркектің астын тазалататыны, жарының қарсылық көрсеткенінен ештеңе өнбейтіні де адамды ойға салады.

"Көп ұзамай мен бірыңғай жеміс диетасымен күнелтейін әрі тамаққа мүмкіндігінше ең арзан жемістерді пайдаланайын деп ұйғардым. Тақыр кедей адамдар қалай өмір сүрсе, біздің де солай өмір сүргіміз келеді.

Жеміс диетасы аса қолайлы болып шықты. Тамақ дайындауды қойдық. Күнделікті дастархан мәзіріміз - шикі күйіндегі жер жаңғағы, банан, құрма, лимон және зәйтүн майы.

Мен дегенмен Брахмачария болуға тырысатын адамдарды сақтандыруға тиістімін. Диета мен Брахмачария арасындағы тығыз байланысты көре білгеніммен, сөз жоқ, негізгі нәрсе - ақыл-парасат. Рухтың толайым пасық пиғылдарын оразамен тазартуға болмайды.

...Дегенмен рух пен тән арасындағы тығыз байланыс бар және дененің жаны ылғи дәмді мен тоқтықты аңсайды. Диетаға шек қою мен ораза осыларға бейімделіп кетуден кұтылу үшін қажет. Сезімдерді қадағалап отырудың орнына, дененің жаны сол сезімдердің құлы болып кетеді, сондықтан да тән әрдайым да таза, қоздырмайтын тамақ пен мезгіл-мезгіл ораза ұстауды қажет етіп отырады". Адам миы жете бермейтін қадамдарға бару - М.Ганди үшін үйреншікті әдет. Адамның құлқынның құлы болмауы - Брахмачария мен Сатьяграханың басты шарты. Бүгіндері қоғамда орын алып отырған жаппай жемқорлық, ашкөздік, ешқандай тойымның болмауы, "алам берсем, жей берсем" деген көзқарас әсіресе билік тұтқасында отырғандардың арасында кеңінен белең алуы - біз қазақстандықтарды бір сәтке де ойлантуы тиіс. Махатма Гандидің біз тілге тиек етіп отырған батыл қадамдары - әне, сондайларды бір сәтке болса да ойлантар ма екен деген ойдан да өз басым аулақ емеспін. Бұл - қазіргі жағдайдағы мен үшін алыстағы суық жұлдыздай бір арман ғана. Үндістанның тәуелсіздігі жолында күрескен және осы мақсатта жауларының қолынан қаза тапқан Махатма Гандидің өмір жолы - тәуелсіздігін алғанына көп бола қоймаған Қазақстан сияқты жас мемлекеттің тізгінін ұстап отырғандарға үлгі болса - нұр үстіне нұр дер едім.

Сан миллиондаған халқы бар Үндістанды ешқандай қан төгіссіз, күш көрсетпеусіз азаттыққа алып барған Махатма Гандидің Сатьяграха қозғалысының тындырған ісі ұшан-теңіз.

Махатма Гандидің басшылығымен Сатьяграха қозғалысының мүшелері - ағылшындар тарапынан көрсетіліп жатқан барлық әділетсіздікке үн-түнсіз, күш-көрсетусіз қарсылық көрсету, ұрып жатса да, өлтіріп жатса да, абақтыларға қамап жатса да - тіс жармау, отырып алу сияқты әдістерді кеңінен қолданады.

Үндістанға сырттан басқыншылыр тарапынан әкелінген барлық тауарларды тұтынбау, керексіз ету, тек қана үндінің тауарларын тұтыну, үнді тілінде сөйлеу, т.б. Махатма Гандидің Сатьяграха қозғалысы қойған талаптар ағылшын отарлаушыларын тығырыққа тірегені анық. Ол отарлаушылардың сырттан әкелген тауарлары - мұндағыларға мүлдем керексіз болып, Англиядағы ірі алпауыттардың өзі шашетек шығынға батып, өз үкіметіне еріксіз наразылықтар көрсете бастайды. Билік пен халық арасындағы ұзаққа созылған текетірес - ағылшын отарлаушыларын отар елдерін тастап, еріксіз бассауғалауларына себеп болады. Міне қантөгіссіз, күш көрсетусіз бостандыққа жету деп осыны айтса керек. Бұл - сөзсіз Махатма Ганди бастаған Сатьяграха қозғалысының басты Жеңісі.

"Сатяграха-ашрамның негізі 1915 жылдың 25 мамырында салынған" (бұл да сонда) деп Махатма Гандидің өзі айтқандай бұл қозғалыстың тарихы бай еді. Қозғалыс түпкі нәтижеге қол жеткізді.

"Жан-жақтылы жүргізген тәжірибем Ақиқаттан өзге құдайдың жоқтығына көзімді жеткізді. Және егер бұл кітаптың әр беті оқырманға Ақиқатты түсінудің бірден-бір жолы ахимса екендігін көрсете алмаса, онда кітап жазған

12345
скачать работу

Махатма Ганди

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ