Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махатма Ганди

еңбегім зая кетті деп ойлаймын. Және тіпті төгілген маңдай терім еш болып шықса да, оқырман біле жүрсін, бұған ұлы принцип емес, таңдап алған жолым кінәлі. Өйткені ахимсаға, сатьяграхаға, брахмачанға деген талпыныстарым неше жерден шынайы болғанымен, олар әлі де жетілмеген, жеткіліксіз. Сондықтан көзім шалып қалған Ақиқаттың жылт еткен болмашы сәулелері күн сайын көріп жүрген күн шапағынан миллион есе күшті, айтып жеткізгісіз Ақиқат шұғыласын ашатын ойды білдіре алар ма екен. Менің көріп, білгенім бар болғаны осы бір орасан зор жұлдыздың көмескі жыпылықтағаны ғана. Бірақ кәміл сеніммен айта аламын, бұл да менің ізденістерімнің жемісі, тек ахимсаны толық танығанда ғана Ақиқатты әбден анық көруге болады" деп ұлы ойшыл, ғұлама, данышпан, ұлы тұлға, Үндістан тәуелсіздігінің жарық жұлдызы Махатма Ганди "Менің өмірім" атты кітабының соңғы тарауында өзі айтқандай Ақиқаттың ақ жолын тапқан адам.

Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін билік басына кім келуі сөз болғанда - Махатма Ганди биік лауазымнан өзі бас тартады, орнына Үндістанның тағы бір ұлы перзенті Джавхарлар Неруді тағайындауды өтінеді. Өйткені бұл екі азамат та Үндістанның тәуелсіздігі жолында кристалдай таза адамдар еді. Джавахарлал Неру да - Махатма Гандиді жанындай сүйген, оның принциптеріне адал берілген, өмірінің ақырына дейін оған адал болған асыл азамат. Үндістанның осы бір қос перзенті - барша үнді халқы үшін аяулы бейнелер. Екеуін бөліп қарау мүмкін емес сияқты. Бірақ Махатма Гандидің орны ерекше!

Ағылшын отарлаушылары Үндістанға амалсыз бостандық берсе де, Кашмирді, Пәкстанды екіге бөліп, будда мен исламның ортасына от жағып кетті. Бұл от бүгінге дейін басылатын емес. Сол бір қауіпті жылдары Махатма Ганди екі діннің ортасына арашашы ретін жатып алып, аштық жариялап, екі жақ амалсыз келісімге келетін болған соң ғана аштығын тоқтатқаны белгілі. Бірақ үндістанның будда дініндегі бір жауыздың үндінің ұлы перзентін қастандықпен өлтіруі - ешбір ақтауға жатпайтын қастандық екені даусыз.

Міне қадірлі оқырман, Үндістаннның ұлы перзенті Махатма Ганди жөніндегі қысқаша әңгімемізді осымен аяқтаймыз.

 

ТҮЙІН

 

Үндістанның азаттығы жолында Махатма Ганди жалғыз күресті десек қателескен болар едік. М.Гандидей рухы биік ұлы тұлғаны жебеп, желеп жүрген Үндістан халқының небір тамаша перзенттері тарихта аты өшпес кітапқа өз есімдерін алтын әріптермен қалдырды. Есімдерін атайтын болсақ олар мыналар:

Ең алдымен М.Гандидің күрескер серігі, Үндістанның тұңғыш Премьер-Министрі Джавахарлал Неру, халық Конгресінің белгілі көшбасшылары - Бепин Чандра Лал, Л.Л. Рай, Гопал Кришна Гөкхале, Балангадхар Тилак, Рабиндранат Тагор, Патель, Раджендра Прасад, Сарат Чандра Бос, С.Раджагопалачария, Асаф Али, Джагдживан Рам, Джон Маттхай, Мтилал Неру, Аббас тьябджи, М.Р. Джайякар, т.б. есімдерін зор құрметпен ауызға алуға болады (бұл деректер "ЖЗЛ" сериясы бойынша А.Горев, В. Зимяниннің Неру, Москва, "Молодоя гвардия", 1980 г. жарық көрген кітабынан алынды).

Тәуелсіз Үндістанның бүгінгі халқының саны ол тұста 300 миллионның о жақ, бұ жағында еді және халқының 90 пайызы ауылды жерде тұратын (бұл да сонда). Сол соңғы көрсеткіштегі халық тұтастай Махатма Гандидің соңынан ерген және оны әулие тұтқанының өзінен көп нәрсені аңғаруға болады. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұрғыны қазақтардың да дені бүгінге дейін ауылды жерде тұратыны қай-қайсысымызды ойлантқаны жөн сияқты.

"Үндістан мен Пәкстан арасындағы алғашқы дау-жанжал кезінде 1947 жылдың 31 наурызында Делиге вице-королі Маутбэттеннің арнайы шақыруымен келген М.Ганди:

- Егер Халық Конгресі Үндістанның екіге бөлінуіне дауыс беретін болса, онда олар менің өлігімнің үстінен аттап барып қана ондай қадам жасай алады. Тірі кезімде Үндістанның екіге бөлінуіне өліп бара жатсам да жол бермеймін!" - деген ( 307-6.).

Махатма Гандиді аса құрметтеген Джавахарлал Неру ол туралы 1926 жылы былай деген: "Ганди - крестьяндық көзқарасы бар, дүние-мүлік, киім-кешегі де содан аумаған ұлы крестьянин... Ганди көсем ретінде аспаннан түсе қалған жоқ. Миллиондаған аш-жалаңаш қарапайым халықтың арасынан шықты, солардың мұңын мұңдады, жоғын жоқтады. Оның өзі айтқандай "басты арманы - барлық адамдардың көз жасын құрғату" еді (121-бет).

"Махатма Ганди 1948 жылдың 30 қаңтары күні немерелері Ава мен Мануды қасына алып, қашанғысындай тап-таза ақ киімін үстіне іліп, бақ ішіндегі Жаратқанға жалбарыну орнына ақырын басып келе жатады. Сағат тілі тура 17 сағат 17 минутты көрсетіп тұр еді. Үстіне хаки киген бейтаныс бір адам топтан суырылып алға шығып М.Гандиге:

- Бүгін сіз кешігіп қалдыңыз.

- Иә, - деп ақырын дауысымен асықпай жауап бере берген көсемге қатарынан екі рет оқ атылады. Ол оқтың бірі - дәл жүрекке, екіншісі - ішін көктей өткен еді.

- Құдайым-ай!.. - деген жалғыз ауыз сөзге ғана келген Махатма Гандидің шыттай таза ақ киімі қызыл қанға боялып, ұлы тұлға мәңгілікке көз жұмады..." (бұл да сонда, 322-бет).

 

Жұмаш Кенебай

12345
скачать работу

Махатма Ганди

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ