Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттің экономикалық рөлі

у теориясының қарастыратын сипатты мәселелері – мемлекеттік қаржылар, сайлау процедуралары, үкіметтік шешім қабылдау үрдістері, әртүрлі қысым жасау топтарының іс-әрекеттері және т.б. Бұл теорияның негізгі көрнекті өкілдері – Нобель сыйлығының лауреаты, американдық экономист Джеймс Бьюкенен, қазіргі институционализм бағытының өкілдері Дуглас Норт,  Манкур Олсон және басқалары. АҚШ-та «Қоғамдық таңдау» («Public Choice») деген арнайы журнал шығады, бұл елде осы теорияның кең етек жайғанын айтуға болады.

         Дж. Бьюкенен ұтымды экономикалық шешім қабылдау принципі саяси процесстерді зерттеу кезінде де қолданылатындығы туралы болжам айтады. Саяси сфераның өзі нарықтың бір түрі ретінде, яғни саяси нарық ретінде қарастырылады. Бұл яғни, мемлекеттік лауазымға ие адамның қоғамның мүдесі мен әл-ауқаттылығы туралы мәселелерді басшылыққа алмайтындығын және оған дауыс беріп сайлаған азаматтардың мүдделері туралы шешімдерді өмірге келтіре қоймайтындығын білдіреді. Егер қарапайым тұтынушы өз пайдалылығын арттыруды көздесе, ал бизнесмен өз пайдасын максималдауға тырысса, онда мемлекеттік органның қызметкері де өзінің жеке пайдасын максималдауға тырысады. Ал бұл пайда сайлауда көбірек дауыс жинау үшін қайта сайлану мақсатын жүзеге асыру деген сөз. Неолиберализмнің белгілі өкілі Людвиг фон Мизестің айтуынша «... мемлекеттік мекемелерді басқаруда пайда табу жүйесінен де артық принциптерді қолдануға тура келеді... Бюрокатиялық басқару - әкімшіліктік іс-шараларды жүргізу кезінде қолданылатын әдіс, мұндай шаралардың нәтижелері нарықта ақшалай құндылыққа болмайды». Бұл жағдайда мемлекеттік органдардың, мысалы, заң шығарушылардың қабылдайтын шешімдері экономикалық көзқарас әрқашанда тиімді түрде жүзеге асырыла бермейді. Бірақ заң шығарушылар – тірі адамдар, және олардың саяси шешімдер қабылдау кезінде жеке мүдделері міндетті түрде есепке алынады. Мемлекеттік лауазымды тұлға, нарықтың басқа да субъектілері сияқты, өзінің жеке шекті шығындарын шекті табыстарымен теңестіруге ұмтылады, немесе МС МR-ге тең болу керек. Бірақ бұл жерде қоғамның мүдделері міндетті түрде назарға алына бермейді.

         Қоғамдық таңдау теориясының саяси процесстерге деген көзқарасының ерекшелігі мынада, яғни адамның жеке мүддесі күнделікті өмірде де, бизнесте де, және қоғамдық өмірде де негізге мотив ретінде қарастырылады. Қоғамның қабылдайтын кез-келген шешімдері дауыс берушілердің экономикалық бағалауына байланысты болып келеді. Үкіметтік ұйымдардың қабылдайтын маңызды шешімдері қоғамдық игіліктерді өндірумен байланысты. Саяси жүйе жағдайында қабылданатын шешімдер демократиялық мемлекеттерде тікелей және уәкілетті демократия түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

         Тікелей демократия әрбір адам заңға сәйкес кез-келген мәселе бойынша дауыс беру мүмкіндігіне ие деген болжамға негізделеді. Қазіргі заманғы нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде тікелей демократияның емес, уәкілетті демократияның тәжірибесі жүзеге асырылады: дауыс беру құқығына ие барлық тұлғалар өз өкілдіктерін (партияларды) заң органдарына сайлай алады, ал сайланған заң шығарушылар қоғам мүддесіне байланысты шешімдерді, соның ішінде қоғамдық игіліктерді қаржыландырумен, субсидиялар берумен, кеден тарифтерін еңгізумен және тағы басқаларымен байланысты шешімдерді өмірге келтіреді.

         Қоғамдық таңдау теориясының өкілдері осындай демократиялық үрдіс жағдайында да көпшілікпен дауыс берудегі шешім қабылдаудың өзі қоғамдық көзқарас тұрғысынан таңдау нәтижелері тиімсіз болуы мүмкін деген болжамға көңіл аударады.

         Ұжымдық тұтыну тауарын, яғни қоғамдық игіліктерді – жол белгілерін өндіру туралы шешім қабылдаудың мысалын қарастырайық. Тікелей басқару кезінде келесі жағдай орын алуы мүмкін.

         Айталық, тұрғындар мынадай А, В, С топтарына бөлінеді (15.1 кестесін қараңыз). А тобына кіретін тұлғалар жанағы қоғамдық игіліктен ең жоғарғы шекті пайдалылыққа ие болады, яғни олар автомобильді көп қолданатындықтан осындай жоғары пайдалылыққа ие, содан кейінгі кезекте пайдалылыққа ие болатындар, В тобына жататын адамдар, және соңғысы, автокөліктері жоқ немесе оны қолданбайтын, көшедегі қозғалыста жаяу жүргінші ретінде қатысатын С тобына жататындар бұл қоғамдық игіліктен өте аз шекті пайдалылық көреді. Бұл жерде қоғамдық шекті пайдалылық жеке шекті пайдалылықтардың сомасы ретінде анықталады (4-ші бағандағы барлық жолдардың цифрларын қосу, оның нәтижесі 3-ші бағанның цифрларына сәйкес келеді). Әрбір қосымша жол белгісі бойынша шекті шығындар бір мәнге тең – 50 бірлікке тең.

 

         Қоғам үшін өндірістің тиімді көлемі  - төрт жол белгісін өндіру (сурет 15.1). Бірақ тұрғындар жол белгілерінің қандай көлеміне дауыс береді немесе таңдайды?

 

         Бұл шығындар мен пайдалылықтардың айырмашылығына байланысты. Мұндай жағдайда үш жағдайды (І, ІІ, ІІІ) қарастыруға болады.

         І. Егер шығындар пайдалылықтар сияқты бірдей пропорцияда бөлінсе, онда дауыс беру ең жақсы нәтижеге әкеледі. Барлық топтар төрт белгі қоюға дауыс береді, бұл жағдайда олардың шекті пайдалылықтары шекті шығындарға тең болады. Бірақ, мұндай жақсы жағдайдың орын алуы мүмкін емес. Екі түрлі ауытқу болуы мүмкін.

         ІІ. Егер шығындар әрбір топтардың арасында тең (әрбір топ 50 бірліктің 1/3-н төлейді, яғни 16,6 бірліктен, ал пайдалылықтар – берілген пропорцияда, яғни тең емес) бөлінсе, онда жағдай басқаша болады. Мұнда шығындар С тобындағылардың шекті пайдалылықтарынан асып кетеді, яғни екінші белгіні орнатқаннан-ақ асып кетеді (16,6>15), бірақ таңдау, яғни дауыс беру А+В көпшілігінің жағында болады. Мұндай жағдай үшінші белгіні орнатқанда да орын алады. Бірақ енді төрт жол белгісі қойылмайды, өйткені В және С топтары өз дауыстарының 2/3-н «қарсымын» деп береді (В тобы үшін: 10<16,6 және ол С тобына қосылады). Сонымен шығындар тең бөлінгенде және тұтыну тауарының пайдалылықтары тең болмаған жағдайда аз қаржы жұмсалады.

         ІІІ. Екінші ауытқу кезінде шығындар тең бөлінбейді (А тобы шығындарының 90%-н, немесе 45 бірлікті төлейді, В және С топтары – 5%-дан, немесе 2,5 бірліктен төлейді), ал пайдалылықтар тең бөлінеді. А тобы үшінші белгіні орнатудан-ақ қарсы болады, өйткені бұл топтың шекті пайдалылығы (100/3 = 33,3) шекті шығындарынан аз (45), бірақ В және С топтары «жақтаймын» деп дауыс береді. Төртінші және бесінші белгілерді қою туралы шешімдер болса да В және С топтарының шекті пайдалылықтары (25/3 = 8,3) олардың шекті шығындарынан (2,5 бірліктен) үлкен болады. Бұл жағдайда, тең бөлінбеген шығындар мен тең бөлінген пайдалылықтар жағдайында тиімді бөлінуге тиіс ақшадан гөрі үлкен қаржылар жұмсалады.

         Бұл мысалдар келесі қорытындыға әкеледі: қоғамдық өмірде адамдар өздерінің жеке мүдделері бойынша шешім қабылдайды, нәтижесінде бұл қоғам тұтас мүддесіне жауап беретін нәтижеге әкеле бермейді.

         Жол белгілерін салу мысалын тікелей демократияның тәжірибесіне жатқызуға болады. Ал уәкілетті демократия жағдайында ресми тұлға арқылы өздерінің экономикалық мүдделерін жақсы ұйымдастырылған қысым көрсету топтарының, немесе лоббилердің жүзеге асыруына жақсы мүмкіндіктері бар. Бұлар фермерлер ұйымы, күшті салалық кәсіподақтар, әскери-өнеркәсіптік кешендер және т.б. болуы мүмкін. Мұндай жағдайда лоббизм құбылысы туындайды – белгілі бір топтардың белгілі бір мүдделері бойынша үкіметке қысым жасау әрекеттері. Қоғамдық таңдау теориясында уәкілетті демократия жағдайында шешім қабылдау үрдісі нарықтық келісімнің немесе сауда – саттықтың бір түрі ретінде қарастырылады: «Сіз маған сайлауда дауыс жинайсыз – мен сіздің мүдделеріңізді қанағаттандыратын нақты үкіметтік бағдарламаларды орындауға уәде беремін». Лоббистер ерекше нәрсе, саяси рентаны іздеу дегенмен айналысады. Саяси рента – бұл саяси институттар арқылы экономикалық рента алудың жолы. Жанағы айтылған мүдделерді орындау туралы заң шығарушылар үкіметтік шешімдер қабылдағанда ғана сол қысым көрсету топтары саяси рентаға ие болады.

         Уәкілетті демократия жағдайында «логроллинг» деген ұғым кең тараған. Логроллинг – бұл дауыс берумен саудаласу, яғни бір индивид (топ, партия) өз мүддесіне байланысты белгілі бір мәселе бойынша басқа бір индивидті (басқа топты, партияны) қолдаймын деп уәде беруі.

         Қоғамдық таңдау теориясында саяси шешімдер қабылдау үрдісін түсіндіру үшін микроэкономикалық талдау кеңінен қолданылады. Бұл бағыттық қазіргі американдық өкілі Э. Даунс өзінің «Экономическая теория демократии» деген еңбегінде ұтымды сайлаушының тәртібін зерттейді және мынадай формуланы ұсынады:

мұндағы, t+1 - өткен және қазіргі сайлаудың арасындағы уақыт мерзімі;

А – билік басындағы партия;

В – оппозиция;

U - t+1 уақыт мерзіміндегі үкімет қызметінің беретін пайдалылығы;

Е – күтілетін пайдалылық.

         Бұл жағдайда, егер нәтижесінде оң сан шықса, онда сайлаушы А партиясына дауыс береді, егер теріс сан шықса, онда оппозицияғ

12345
скачать работу

Мемлекеттің экономикалық рөлі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ