Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттің экономикалық рөлі



 Другие рефераты
Мотивацияның мазмұндық теориясы Туристік іс-әрекет мотивациясы Сыртқы әсерлер теориясы Асимметриялық ақпарат нарықтары

Қоғамның көптеген тұтыну қажеттіліктері қоғамдық игіліктердің көмегімен қанағаттандырылады. Қоғамдық игіліктерді өндіру және олардың көмегімен тұтыну қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру әрбір мемлекеттің мүддесіне сәйкес келеді. Нарықтық экономика жағдайында сыртқы әсерлердің салдарынан қоғамдық игіліктер тиімді деңгейден аз өндіріледі. Сондықтан қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну нарықтық механизм жағдайында мемлекеттік реттеуді қажет етеді.

                Әрқайсысы жеке – жеке бағаланатын және сатылатын экономикалық игіліктерді таза жеке игіліктер деп атайды. Олар тек қана сатып алған тұтынушыларға пайда әкеледі. Таза жеке игіліктерді өндіру мен тұтыну нарықтық келісімге қатыспайтын үшінші тұлғалар үшін жағымды немесе жағымсыз сыртқы әсерлер туғызбайды. Мысалы, дүкеннен нан сатып алынса, онда оның пайдалылығын тек сатып алған адам ғана көреді. Сондықтанда таза жеке игіліктер тек нарық жағдайында ғана өндіріледі және тұтынылады.

                Барлық тұтынушылар бірге тұтынатын экономикалық игіліктерді таза қоғамдық игіліктер деп атайды. Оларды бағалау мүмкін болғанымен, жеке адамдарға сату мүмкін емес. Себебі таза қоғамдық игіліктерді жеке бір тұтынушы сатып алса, онда сол игіліктің пайдалылығын басқа да тұтынушылар көреді. Мысалы, көп қабатты үйде тұратын адам сол үйдің кіре берісіне өзі үшін шам ілсе, онда ол шамның пайдалылығын сол дәлізде тұратын басқа адамдар және оларға кешкісін келетін қонақтар да тегін көреді. Демек, таза қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну жағымды сыртқы әсерлерді туғызады. Мысалы, таза қоғамдық игіліктердің мысалына ұлттық қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және басқа да барлық адамдарға ортақ игіліктерді жатқыза аламыз.

                Таза қоғамдық игіліктердің бірқатар ерекшеліктері бар:

                1) қоғамдық игіліктер бәріне ортақ болғандықтан, оларды тұтынудан ешкімді ажыратып тастау мүмкін емес. Таза қоғамдық игіліктерді тұтынғаны үшін ақы төлегісі келмеген адамдарды тұтынушылардың қатарынан шығарып жіберуге болмайды. Таза қоғамдық игіліктерді жеке-жеке бағалап сату мүмкін болмағандықтан, оларды тегін тұтынатын адамдарды анықтау және тұтынудан ажырату өте қымбатқа түседі;

                2) таза қоғамдық игіліктерді тұтынуда бәсекенің болмауы. Таза қоғамдық игіліктер барлық тұтынушыларға ортақ болып табылады. Оларды тұтынудың деңгейі тұтынушылардың санына байланысты болмайды. Қосымша тұтынушылардың пайда болуы сол игіліктерді тұтынудың деңгейін төмендетпейді. Қосымша тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірілген таза қоғамдық игіліктердің шекті шығындары нөлге тең болады. Таза жеке игіліктерге қарағанда таза қоғамдық игіліктерді тұтыну кезінде тұтынушылар арасында бәсекелестік туындамайды;

                3) таза қоғамдық игіліктерді өндіру және тұтыну жағымды сыртқы әсерлерді туғызады. Егер таза қоғамдық игіліктер бір адам үшін өндірілсе, онда оның пайдалылығын басқа да адамдар көреді. Сондықтанда алдыңғы тақырыптарда аталғандай, таза қоғамдық игіліктердің ұсынысы тиімді деңгейден төмен болады.

Көптеген игіліктер барлық тұтынушыларға ортақ болғанымен оларды таза қоғамдық игіліктерге жатқызуға болмайды. Мысалы, тұрғындар зейнетақылар алады, жұмыссыздар жәрдемақы алады, балалар мектепке тегін барады, қаланың көшесіндегі жолдармен барлық халық жүреді. Соған қарамастан, оларды көп жағдайда жеке бағалай отырып, тұтынушылардан ақы алуға болады. Кейбір жағдайларда тұтынушылар санының өсуі олардың арасында бәсеке де туғызады. Мысалы, жолда жүретін көліктердің саны өскен сайын жол қатынасы қиындайды, жолдарды кеңейту мәселесі пайда болады, көптеген балалар ақылы мектептерге барады, жол салығы, көлік салығы арқылы үшінші адамдардың тегін пайдалылық алуына кедергі қюға болады. Осындай игіліктерді үкімет ұсынатын игіліктер деп атайды.

Үімет ұсынатын игіліктер бір нақты тұтыну деңгейіне дейін тұтынушыны таңдамайды, бірақ, жаңа тұтынушыардың саны көбейген сайын бұрынғы тұтынушылардың тұтыну деңгейлері төмендей бастайды. Мұндай игіліктерді шегінен шыққан игіліктер деп атайды. Кейбір игіліктерді тұтынудан ешкімді ажырата алмағанмен, қосымша тұтынушыларды анықтау және оларды ақы төлеуге мәжбүр ету немесе тұтыну мүмкіншілігінен ажырату қиын болмайды. Осындай игіліктерді жеке фирмалар да өндіріп, нарықта сата алады. Демек, үкімет ұсынатын игіліктерді аралық игіліктер деп атауға болады. Оларға таза қоғамдық игіліктер мен таза жеке игіліктердің ерекшеліктері ортақ болып табылады.

Таза жеке игіліктерге қарағанда таза қоғамдық игіліктерді жеке – жеке бағалап, сатуға мүмкіндік болмайды. Олардың сұраныс көлемі баға деңгейіне байланысты болмайды. Таза қоғамдық игіліктердің жекелеген бірліктеріне баға белгілеу мүмкін болмағандықтан оларға деген жалпы сұраныс ерекше түрде болады. (сурет15.1). Бұл жағдайда баға өзгермелі шама болып табылмайды. Сондықтанда таза қоғамдық игіліктерге деген сұраныс қисығы сол таза қоғамдық игіліктердің қолдағы барлық көлемінің шекті пайдалылығын бейнелейді. Барлық тұтынушылар (мысалы, олардың санын үшеу деп аламыз, А, Б, В тұтынушылары — төмендегі суретті қараңыз) шығарылған игіліктердің көлемін тұтастай тұтынуы қажет. Таза жеке игіліктерге деген жалпы сұранысқа қарағанда (ол жеке сұраныс қисықтарын көлденең қосу арқылы алынады) таза қоғамдық игіліктерге деген жалпы сұраныс жеке шекті пайдалылықтарды тігінен қосу жолымен анықталады.

 

Сурет12.1Таза жеке игіліктерге және таза қоғамдық игіліктерге

деген жалпы сұранысты анықтау

 

                Таза қоғамдық игіліктің бағасы әрбір тұтынушының төлейтін бағаларының қосындысымен анықталады. Экономикалық ресурстарды тиімді қолдану үшін таза қоғамдық игіліктерді тұтынудан алатын шекті пайдалылық оларды өндіруге кететін шекті шығынға тең болу қажет.

«Билетсіздер» мәселесі.Таза қоғамдық игіліктерді тұтыну ұжымдық тұрғыдан жүзеге асады, бірақ бұл тұтынудан алынатын жеке пайдалылықтар әртүрлі болып табылады. Біздің мысалымызда (жоғарыдағы суретті қараңыз) индивидтер әртүрлі пайдалылыққа ие: тұтынушы А ең аз пайдалылыққа, ал тұтынушы В ең жоғарғы пайдалылыққа ие болып отыр. Мұндай жағдай әрбір адамның шекті пайдалылықтары туралы нақты ақпараттың бар екендігін сипаттайды. Бірақ, нақты өмірде мұндай нақты ақпараттар болмайды, болғанмен де сирек құбылыс болып табылады.

Егер таза қоғамдық игіліктерді бір мезгілде барлық адамдар толығымен тұтынатын болса, онда оны тұтынғанына ақы төлемеген адамдарды ажырату мүмкін емес. Ақы төлемеген адамдарды анықтау өте қиын болғандықтан, көптеген адамдар таза қоғамдық игіліктерді тегін тұтынуға ынталы болады. Орын алатын осындай жағдайларды «билетсіздер» немесе «қояндар» мәселесі  (free-rider problem) деп атайды. Билетсіздік мәселесі көп жағдайда тұтынушылардың аз топтарынан гөрі үлкен топтарда пайда болды. Яғни, тұтынушылардың саны өскен сайын ақы төлеу туралы қажетті ақпарат алу мүмкіндігі қиындайды. Билетсіздік мәселесінің туындауы нәтижесінде таза қоғамдық игіліктерді өндіру тиімділігі төмендейді. Нарық мұндай мәселені шеше алмайды, яғни нарық бұл жерде «фиаскоға» (сәтсіздікке) ұшырайды. Нарықтың «сәтсіздіктерін» жоюға мемлекет көмектеседі.

Нарықтың «сәтсіздіктері» (фиаскосы)  —бұл нарықтың ресурстарды тиімді бөлуді және пайдалануды қамтамасыз ете алмауы жағдайындағы туындайтын мәселелері.

Әдетте, нарықтың «сәтсіздіктерін» сипаттайтын тиімсіз жағдайлардың төрт типі ерекше қарастырылады:

1)монополиялық іс - әрекеттер;

2)асимметриялық (жетілмеген) ақпараттар;

3)сыртқы әсерлер;

4)қоғамдық игіліктер.

 

Енді осындай мәселелерді шешудегі мемлекеттің рөлі мен мүмкіндіктерін, үкіметтің саяси шешім қабылдау механизмдерін қоғамдық таңдау теориясы тұрғысынан толық қарастыруға тырысамыз.

         Қоғамдық таңдау теориясы. Мемлекет нарық сәтсіздікке (фиаскоға) ұшыраған салаларға көмекке келеді. Бірақ үкіметтің шешім қабылдау механизмі қандай? Қоғамның қалауы мен ұжымның таңдауы қалай жүзеге асырылады? Міне, осындай сұрақтарға қоғамдық таңдау теориясы жауап береді.

         Қоғамдық таңдау теориясы жеке экономикалық бағыт ретінде 1960 жылдардың аяғында қалыптасты. Бұл теорияның пайда болуына көбінесе американдық экономист, Нобель сыйлығының иегері Кеннет Эрроу мен шотландтық экономист Дункан Блэк атсалысты. Олар экономикалық талдаудың принциптерін (шығындар мен табыстар прнициптері) үкіметтің саяси және экономикалық шешімдер қабылдау үрдісіне қолдануды мақсат етіп қойды. Бұл бағыт әріқарай неоклассикалық және неоинституционалистік модельдермен бірге тығыз байланыста дамыды.

         Қоғамдық таңдау теориясының негізгі пәні – саяси және экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығын зерттеу. Бұл теорияның шеңберінде саясаткерлердің экономикалық шешімдер қабылдау механизмі зерттеледі. Қоғамдық таңда

12345
скачать работу


 Другие рефераты
Классическая социология.
Химическое загрязнение среды промышлененостью
Акционерлік қоғамдар
Ольстер дағдарысы және ұлттық мәселелер


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ