Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттің экономикалық рөлі

на жету үшін экономикалық тиімділікке сәйкес келмейтін шешімдер қабылдайды. Бұдан басқа, саяси қызметкерлер барлық адамдар сияқты өзінің жеке мүдделерін ойлайды, және осы мүдделері белгілі бір уақытта мемлекеттік лауазым сезімінен де асып түсуі мүмкін.

         Кез-келген шешімдер арасындағы уақыттың сәйкессіздігін де мемлекеттің сәтсіздігіне апаратын жол деп айтуға болады. Мысалы, сайлау алдында саясаткер әлеуметтік шығындарды көбейтуге, салықтарды төмендетуге және басқа да қоғамның мүддесіне сай шараларды орындауға уәдесін береді де, дауыс берушілердің арқасында қолдау табады да сайлаудан кейін жанағы айтқан уәделері кейінге қалдырылып жатады немесе халықтың әл-ауқатын төмендетуге әкелетін мүлдем қарама-қарсы шешімдер қабылдауы мүмкін. Сонымен, уақыттың сәйкессіздігі деп біз үкіметтік көзқарас тұрғысынан бүгінгі тиімді шаралар болашақта тиімсіз болып қалуы мүмкін деп түсінеміз, әсіресе экономикалық агенттер өз мақсаттарына жеткеннен кейін айтылған сайлауалды уәделерінің ізі суығаннан кейін бұл шаралар тиімсіз болып қала береді.

         Уақыт интервалдарына байланысты мемлекет фиаскосына әкеліп соқтыратын ішкі және сыртқы кешіулер (лаги) мәселесі туындайды. Бұл жерде кешігушілік әсері туралы сөз болып отыр, яғни мәселені анықтау және оны мемлекеттік шешім ретінде қабылдау, содан кейін ол үкіметтік бағдарламаның өмірлік беретін нәтижелері арасындағы уақыттың алшақтығы.

         Ішкі кешігушілік (лаг) деп  белгілі бір экономикалық құбылыстың пайда болу сәті мен оны орындау сәті арасындағы өтетін уақыт аралығын түсіндіреміз. Ішкі кешігушіліктер мойындау кешігушілігі және шешім қабылдау немесе орындау кешігушілігі деп бөлінеді: 1) мойындау (тану, ұғыну) кешігушілігінің пайда болуы белгілі бір саланың экономикалық өмірін реттеудің мәселесін танып білу үшін уақыт қажет дегенді білдіреді. Мысалы, инфляциямен күресуге бағытталған шараны қабылдау үшін ең алдымен, оның көзін, инфляцияа қарсы саясаттың мүмкін варианттарын бағалап алу қажет, ал үшін уақыт қажет екендігі белгілі. Бұл жағдайда бұл кешігушіліктің ұзақтылығына үкіметтің, эксперттердің тереңділігі мен хабардарлығы сияқты факторлар әсер етеді.

                2) Шешім қабылдаудың кешігушілігі. Бұл мәселені анықтау мен нақты шешім қабылдау арасындағы орын алатын уақыт. Бұл кезең ұзаққа созылуы мүмкін. Мысалы, салық заңдарын өзгертумен байланысты белгілі бір шешімдер қабылдау үшін жағдайды мұқият анықтап алып талдау қажет және дұрыс шешім қабылдау жобасын бекіту керек.

                Сыртқы кешігушілік (лаг) – бұл белгілі бір шараны қабылдау сәті мен оның беретін нәтижесі арасындағы өтетін уақыт аралығы. Сыртқы кешігушілікке әсер ету кешігушілігін жатқызуға болады.

                Әсер етудің кешігушілігі. Бұл үкіметтің белгілі бір қабылдайтын шарасының әсерінен мемлекеттік реттеу объектісінің өзгере бастайтындығын сипаттайтын кезең. Мысалы, үкімет салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешім қабылдады, бірақ бұл шешімнің әсерінен экономиканың нақты жандануы бірден орын алмайды, оған белгілі бір уақыт кетеді.

                Мемлекеттің фиаскосымен байланысты күтпеген жағдайлардың орын алу заңы туралы да айтқан жөн. Оның мәні мынада, яғни белгілі бір шараны жүзеге асырғанда күтілген нәтиже болмай қалуы мүмкін. Нарықтың әрекетін жақсартуға ұмтылудың қарама-қарсы біз күтпеген нәтижелерге әкелуі мүмкін. Мысалы, мемлекет спекуляциямен күресу мақсатында азық-түлік тауарларына тұрақты баға бекітеді. Бірақ, бұл шараның нәтижесінде тауар тапшылығы, көлеңкелі экономика шарықтауы, күтім және басқа да сияқты проблемалар орын алуы мүмкін.

                Осындай мәселелерді шешуде қоғамдық таңдау теориясын жақтаушылар нарықтық үрдістердің еркін дамығанын қалайды, бірақ олар нарықтық механизмнің кемшіліктерін жоюға қабілетті мемлекеттің де оң рөлін жасырмайды.

 

                Қорытынды.

  1. Әрқайсысы жеке – жеке бағаланатын және сатылатын экономикалық игіліктерді таза жеке игіліктер деп атайды. Барлық тұтынушылар бірге тұтынатын экономикалық игіліктерді таза қоғамдық игіліктер деп атайды. Таза қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну жағымды сыртқы әсерлерді туғызады. Мысалы, ұлттық қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және басқа да барлық адамдарға ортақ игіліктер -  таза қоғамдық игіліктер болып табылады.
  2. Таза қоғамдық игіліктердің бірқатар ерекшеліктері бар:
  3. қоғамдық игіліктер бәріне ортақ болғандықтан, оларды тұтынудан ешкімді ажыратып тастау мүмкін емес. Таза қоғамдық игіліктерді тұтынғаны үшін ақы төлегісі келмеген адамдарды тұтынушылардың қатарынан шығарып жіберуге болмайды;
  4. таза қоғамдық игіліктерді тұтынуда бәсекенің болмауы. Таза қоғамдық игіліктер барлық тұтынушыларға ортақ болып табылады. Оларды тұтынудың деңгейі тұтынушылардың санына байланысты болмайды. Қосымша тұтынушылардың пайда болуы сол игіліктерді тұтынудың деңгейін төмендетпейді. Таза жеке игіліктерге қарағанда таза қоғамдық игіліктерді тұтыну кезінде тұтынушылар арасында бәсекелестік туындамайды;
  5. таза қоғамдық игіліктерді өндіру және тұтыну жағымды сыртқы әсерлерді туғызады. Егер таза қоғамдық игіліктер бір адам үшін өндірілсе, онда оның пайдалылығын басқа да адамдар көреді. Таза қоғамдық игіліктердің ұсынысы тиімді деңгейден төмен болады.
  6. Таза қоғамдық игіліктерге деген сұраныс қисығы сол таза қоғамдық игіліктердің қолдағы барлық көлемінің шекті пайдалылығын бейнелейді. Таза жеке игіліктерге деген жалпы сұранысқа қарағанда (ол жеке сұраныс қисықтарын көлденең қосу арқылы алынады) таза қоғамдық игіліктерге деген жалпы сұраныс жеке шекті пайдалылықтарды тігінен қосу жолымен анықталады.
  7. Таза қоғамдық игіліктің бағасы әрбір тұтынушының төлейтін бағаларының қосындысымен анықталады. Экономикалық ресурстарды тиімді қолдану үшін таза қоғамдық игіліктерді тұтынудан алатын шекті пайдалылық оларды өндіруге кететін шекті шығынға тең болу қажет.
  8. Таза қоғамдық игіліктерді тегін тұтынудан «билетсіздер» немесе «қояндар» мәселесі  туындайды. Билетсіздік мәселесінің туындауы нәтижесінде таза қоғамдық игіліктерді өндіру тиімділігі төмендейді. Мұндай жағдайда нарық «фиаскоға» (сәтсіздікке) ұшырайды. Нарықтың сәтсіздіктерін сипаттайтын мынадай типтері бар: 1) монополиялық іс - әрекеттер; 2) асимметриялық (жетілмеген) ақпараттар; 3) сыртқы әсерлер; 4) қоғамдық игіліктер.
  9. Қоғамдық таңдау теориясы – саяси және экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығын зерттеу. Бұл теорияның шеңберінде саясаткерлердің экономикалық шешімдер қабылдау механизмі зерттеледі. Қоғамдық таңдау теориясының қарастыратын сипатты мәселелері – мемлекеттік қаржылар, сайлау процедуралары, үкіметтік шешім қабылдау үрдістері, әртүрлі қысым жасау топтарының іс-әрекеттері және т.б.
  10. Үкіметтік ұйымдардың қабылдайтын маңызды шешімдері қоғамдық игіліктерді өндірумен байланысты. Саяси шешімдер қабылдау үрдісі тікелей және уәкілетті демократия тұрғысынан жүзеге асырылады. Тікелей демократия әрбір адам заңға сәйкес кез-келген мәселе бойынша дауыс беру мүмкіндігіне ие деген болжамға негізделеді. Бірақ, қазіргі уақытта, тікелей демократиядан гөрі, уәкілетті демократияның маңызы зор болып табылады: дауыс беру құқығына ие барлық тұлғалар өз өкілдіктерін (партияларды) заң органдарына сайлай алады, ал сайланған заң шығарушылар қоғам мүддесіне байланысты шешімдерді өмірге келтіреді.
  11. Уәкілетті демократия жағдайында ресми тұлға арқылы ұйымдастырылған қысым көрсету топтары, немесе лоббилер (фермерлер ұйымы, күшті салалық кәсіподақтар, әскери-өнеркәсіптік кешендер және т.б.) өз көздеген экономикалық мақсаттарын жүзеге асыра алады. Лоббизм – бұл белгілі бір топтардың өздерінің мүдделері бойынша үкіметке қысым жасау әрекеттері. Осыған баланысты, лоббистер саяси рентаны іздеумен айналысады. Саяси рента – бұл саяси институттар арқылы экономикалық рента алудың жолы. Уәкілетті демократия жағдайында «логроллинг» деген ұғым кең тараған. Логроллинг – бұл дауыс берумен саудаласу, яғни бір индивид (топ, партия) өз мүддесіне байланысты белгілі бір мәселе бойынша басқа бір индивидті (басқа топты, партияны) қолдаймын деп уәде беруі.
  12. Саяси шешімдер қабылдаудың ерекше модельдері ретінде Кондорсе парадоксы мен Эрроудың мүмкін еместік теоремасын қарастыруға болады. Егерде қоғамда кез-келген альтернативтік бағдарламаларды қабылдау бойынша бірауыздылық немесе бірдауыстылық болмаса, онда қоғамның таңдауын анықтауда сайлаудағы көпшілікпен дауыс берудің сәйкессіздігі мен тиянақсыздығы орын алады – бұл Кондорсе парадоксы деп аталады. Кондорсе парадоксын басқаша дауыс беру парадоксы деп те атайды. Сәйкесінше, көпшілікпен дауыс беру мәселесі әрқашанда дұрыс және әділ таңдауға апара бермейді. Эрроудың мүмкін еместік теоремасы: егер мүмкін альтернативтік таңдаулардың саны екіден асса, онда дұрыс қоғамдық таңдау болмайды.
  13.  Мемлекет нарықтың сәтсіздіктерін жою кезінде барлық мәселелер өз шешімін таппауы мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттің фиаскосы (мемлекеттік реттеудің сәтсіздіктері) орын алады - мемлекеттік ре
    12345
    скачать работу

    Мемлекеттің экономикалық рөлі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ