Мемлекеттің экономикалық рөлі
а дауыс береді, ал егер нөл саны шықса, онда дауыс беруден қалыс қалады, бірақ, рационалды субъект t уақыт мерзімі өткен әлі билік басындағы үкіметтің қызметін мынадай формула бойынша бағалайды:
Мұндағы, Utі - өткен t уақыт аралығында алынуға тиіс мүмкін максималды пайдалылық, идеалды пайдалылық (і - ideal);
Utа - өткен t уақыт аралығында алынған нақты пайдалылық (а - асtual).
Жақсы рейтингісі болған кезде сайлаушы бәрібір билік басындағы партияға дауыс береді, ал жаман рейтингісі бар билік басындағы партияға қарсы дауыс береді.
Қоғамдық таңдау теориясында негізгі бағыттың бірі ретінде экономикалық талдаудың әдістерін қолдану арқылы саяси таңдаулардың модельдерін қарастыру болып табылады.
Саяси сайлаулардың, яғни таңдаулардың әртүрлі модельдері бар: екіпартиялы, көппартиялы, демократиялық, тоталитарлық және т.б. Бұл жерде біз Кондорсе парадоксы мен Эрроудың мүмкін еместік теоремасын қарастырамыз, бұлар өз авторларының аттарымен, яғни 18-ші ғасырдың француз философы, қоғам қайраткері және экономисі Жан Антуан Кондорсенің және қазіргі американдық экономист Кеннет Эрроудың атымен аталады. Біз енді қоғамның қалауларын және дауыс беру процедураларын талдауды анықтауға тырысамыз.
Кондорсе парадоксының басты мәселесі келесідей жағдайда қарастырылады: егер қоғамда кез-келген альтернативтік бағдарламаларды қабылдау бойынша бірауыздылық немесе бірдауыстылық болмаса, онда қоғамның таңдауын қалай анықтауға болады? Сайлаудағы көпшіліктің принципі бойынша ма? Бұл принцип орындалуы мүмкін, бірақ біз бір ғана бағдарлама ұсынылады деп қарастырамыз. Ал егер бірнеше бағдарламалардың ішінен таңдау керек болса ше? Мысалы: А) инфляциямен күресу; Б) қылмыспен күресу; В) жұмыссыздықпен күрес, және бұл жерде дауыс беретін барлығы 3 топ қана бар деп ұйғарамыз. Олар өз таңдауларын (А, Б, В) өз беттерінше бірінші, екінші немесе үшінші орын беру арқылы бағалайды. Бұл жағдайдағы шешім қабылдау үрдісін қарастыру үшін дауыс берушілердің қалауларын кесте түрінде көрсетейік:
Сонымен, сайлау процесі басталады.
Алдымен, сайлаушыларға А және Б бағдарламаларының арасында таңдау жүргізіледі. Бірінші топ А бағдарламасын таңдайды (бұл топ А бағдарламасын бірінші орынға, Б бағдарламасын екінші орынға қояды), Екінші топ Б бағдарламасын таңдайды (бұл топ А бағдарламасын үшінші орынға, Б бағдарламасын бірінші орынға қояды), үшінші топ та А бағдарламасын таңдайды (бұл топтың қалауында А бағдарламасы еікнші орын алады, ал Б бағдарламасы болса үшінші орынға ие).
Содан кейін Б және В бағдарламаларының арасында таңдау жүргізіледі. Б бағдарламасы таңдалады, өйткені бірінші және екінші топтар осыны қалайды.
Соңынан, А және В бағдарламаларының арасында таңдау жүргізілгенде, В бағдарламасы таңдалады, өйткені үшінші және екінші топтар В – ға дауыс береді.
Егер транзитивтілік принципі сақталса, онда Б бағдарламасынан гөрі А бағдарламасын, В бағдарламасынан гөрі Б бағдарламасын қалай отырып, қоғам В бағдарламасынан гөрі А бағдарламасын таңдауы тиіс еді. Бірақ, жоғарыда көрсетілгендей, қоғам В бағдарламасын таңдай отырып қарсы таңдау жасайды.
Бұл кесте қарапайым көпшілікпен дауыс берудің сәйкессіздігін, яғни тиянақсыздығын көрсететін Кондорсе парадоксын сипаттайды. Басқаша, Кондорсе парадоксын дауыс беру парадоксы деп те атайды. Сәйкесінше, көпшілікпен дауыс беру мәселесі бұл процедураның демократиялылығына қарамастан, әрқашанда дұрыс және әділ таңдауға апара бермейді.
1952 жылы К. Эрроу «Общественный выбор и индивидуальные ценности» деген еңбегінде өзінің танымал мүмкін еместік теормасын жасады: егер мүмкін альтернативтік таңдаулардың саны екіден асса, онда дұрыс қоғамдық таңдау болмайды.
Мүмкін еместік теоремасы басқаша былай сипатталады: қоғам бір-біріне қарсы келмейтін келісілген шешімдерді қабылдаудың жолын таба алмайды, егер бұл шешімдерді бір ғана тұлға қарастырмаса, онда бұл теорема осылай тұжырымдалады.
Бірақ, дұрыс таңдау, яғни дұрыс қоғамдық таңдау дегеніміз не?
Ол үшін Эрроу ұсынған мына бес аксиоманы (шартты) сақтау қажет:
-
Қоғамдық таңдау дауыс берушілердің қалауларының кез-келген комбинациясы үшін жүзеге асырылу керек (универсалды қолданушылық, немесе қоғамдық ұтымдылық аксиомасы).
-
Транзитивтілік шарты, немесе аксиомасы. Егер қоғам Б баламасынан гөрі А баламасын, және С баламасынан гөрі Б баламасын қаласа, онда қоғам А және С баламасы арасындағы таңдау кезінде С баламасын қалауы керек.
-
Сыртқы альтернативтермен байланыссыз болу шарты (яғни, егер индивидтер А және Б баламаларының арасында таңдау жүргізсе, онда бұл олардың С баламасы бойынша пікірлеріне байланысты емес).
-
Азаматтардың суверенитеттілік шарты, яғни әр азаматтың билігі өз қолында болу керек, бұл қоғам азаматтардың таңдауынсыз Б баламасынан гөрі А баламасын қалай алмайды дегенді білдіреді, әсіресе, бірдауыстылық таңдау болса. Бұл шартты басқаша Парето принципі деп те атайды.
-
Диктаторлық емес таңдаулардың шарты (ешқандай индивид өз қалаулары бойынша қоғамды көндіре алмайды деген сөз).
К. Эрроудың мүмкін еместік теоремасын өздігінше екіпартиялы режимнің пайдасын шешеді деп айтуға болады, яғни дауыс берудің ешқандай демократиялық жүйесі (1 – 5 аксиомалар) кем дегенде екі партия болмайынша мүмкін болмайды.
Белгілі бір дәрежеде логроллинг дауыс берудің парадоксын болдырмауға көмектеседі. Кондорсе парадоксын сипаттайтын біздің мысалымызда, егер үш топтың екеуі екі бағдарламаны таңдау туралы және оларды қанағаттандыратын бағдарламалар қабылдансын деген үмітпен өз қалаулары туралы өзара келіссе, онда олар соңғы шешімге келуі мүмкін.
Сонымен, мемлекеттік реттеуді белгілі бір шеңберлерде ғана жүзеге асыру қажет. Ал ол шеңберлер тұтастай нарық фиаскосының масштабтарымен және нақты экономикалық жағдайлармен өлшенеді. Әділ мемлекеттік реттеу нарықтық механизм мүлдем орындай алмайтын «сәтсіздіктерді» жоюға мүмкіндік береді.
Бірақ мынаны атап өткен маңызды, яғни, мемлекет нарықтың сәтсіздіктерін жойған кезде барлық мәселелер өз шешімін табады деп ешкім де айта алмайды. Мұндайда мемлекеттің фиаскосы (мемлекеттік реттеудің сәтсіздіктері) да орын алады, яғни бұл жағдайды біз мемлекеттік реттеудің нәтижесінде ресурстардың тиімсіз бөлінуі деп түсінеміз және бұл құбылысты біз әріқарай толығырақ қарастыруға тырысамыз.
Мемлекеттің фиаскосы. Қоғамдық таңдау теориясын жақтаушылар экономикалық себептерге байланысты халықтың жекелеген топтары арасында саяси теңсіздіктердің бар екендігі туралы, яғни мемлекет фиаскосы туралы қорытындыға келеді. Мемлекеттік реттеудің сәтсіздіктерінің аса маңызды себептерін талдайтын болсақ, ең алдымен, шекті шығындар мен шекті табыстардың арасындағы пропорциялардың бұзылуы туралы айтқан жөн, яғни бұл бұзылыс қоғамдық көзқарас тұрғысынан тиімсіз экономикалық шешім қабылдауға немесе мемлекеттің сәтсіздігіне алып келуі мүмкін.
Ақпарат алудағы теңсіздік те сол жағымсыз құбылысқа апарып соқтырады. Табысы жоғары адамдарды, жақсы ұйымдастырылған лоббисттік топтарды жақсы ақпараттандырылған тұлғаларға жатқызуға болады. Сәйкесінше, олар саяси рентаны таба отырып өз пайдаларын максималдайды. Ақпарат алудағы теңсіздік уәкілетті демократия жүйесіндегі феноменмен де байланысты және ол рационалды хабарсыздық немесе мағлұматсыздық (рациональное неведение) деген атқа ие болды. Бұл термин индивидтердің сайлауларға және дауыс берулерге қатысудан шет қалу дегенді білдіреді, бұл алшақтау олардың табыстарының сайлауға қатысумен байланысты шығындарынан төмен болғанда орын алады. Айталық, үкіметтің шешімін бағалау қажет, ол шешімді өмірге келтіруден тұтас қоғам пайда көреді, бұл жерде тұрғындардың жекелеген топтары бұл шешімнен ұтылулары мүмкін (мысалы, белгілі бір салаға субсидия беруді жою). Бірақ бұл шарадан әрбір жеке сайлаушы аз пайда көреді (жалпы пайда барлық тұрғындардың арасында бөлінеді). Мұндай жағдайларда дауыс берушілер немқұрайдылық танытады, мұны, көпшілікке - рационалды ескермеушілік деп атайды, бірақ өзара бірікпеген адамдар үшін осы жоба туралы жиналудың және ақпараттарды бағалаудың, титімдей пайда үшін лоббисттік топтар құрудың мәнісі жоқ. Ал субсидияны жоюдан зардап шегетін басқа топтар керісінше, бірігіп, қысым көрсету топтарын (аграрлық лобби, қорғаныстық лобби, т.б.) құра бастайды.
Мемлекет фиаскосының тағы бір себебі – мемлекеттік шенеуніктердің (мемлекеттік бюрократияның) әділетсіздіктері, олар өз мүддесін жақтай отырып, келесі сайлауларда неғұрлым көп жинауға тырысады және олар осы мақсаттары
| | скачать работу |
Мемлекеттің экономикалық рөлі |