Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұқан Әбуғалиев (1927-2002 жж.) — журналист



 Другие рефераты
Әміренов Тәңірберген (1907-1985)- ақын Сапарғали Әлімбетов (1888-1956ж.ж.) Тұрсынхан Әбдірахманова, ақын (1921-2004 ж.ж.) Әбенов Шәкір, ақын (1901-1994 )

Мұқан Әбуғалиев 1927 жылы 27 наурызда Семей қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген.
Балалар үйін­де өскен балаң жігіт 16 жасында Шығыс Қазақстан облыстық “Ал­тай большевигі” газетіне курьер болып қызметке кіріседі.
Курьер бола жүріп қолына қалам алып, газетке мақалалар жаза бастайды. Аз уақытта корректор, әдеби қызметкер, бөлім басты­ғына дейін көтеріледі.
Мұқан Әбуғалиев облыстық “Коммунизм туы” газетінде 12 жыл жауапты хатшы, 5 жыл редактордың орынбасары, 15 жыл бойы редактор қызметін атқарыпты.

1952-55 жж. Қазақстан БКП(б) ОК –нің Жоғарғы партия мектебін,
1961 ж. КПСС ОК-нің Жоғарғы Партия мектебін бітірген.
1964-1974 жж. Облыстық «Коммунизм туы» газетіне редактор болып тағайындалады.
1976-90 жж. республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі.
Редактор, меншікті тілші болған жылда­ры Алтайдың әйгілі азаматтары, өндіріс алыптары, қарапайым жандар туралы очерктер жинағын шығарды. Алтайдың Мересьеві атанған, екі аяғы, бір қолы жоқ атақты ұстаз, халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев туралы жазған өмірбаяндық “Өлімді жеңген өмір” деген кітабы лезде тарап кетті. Н.Зверев пен әзірбайжан жазушысы Эльчиннің “Қыстама”, “Күміс күйме” кітапта­рын қазақша сөйлетті.
ҚССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері.

Зейнеткерлікке шыққан соң да қарап отырмай Мұқан Әбуғалиев облыстық әкімдіктің аударма секторына басшылық жасады. Құжаттарды, тұрғындар­ға жолдайтын хаттарды жетік аударып, аппарат басшысының алғысына сан мәрте ие болды. Аппарат жетекшісі Төлеген Ибраев Мұқан ағаның тәжірибесін жастарға үйрете бастады. Сөйтіп, 13 жыл бойы аудармашы болып, тек 77 жасында зейнеткер ретінде демалысқа кетті.

Шығармалары:

Әбуғалиев М. Өлімді жеңген өмір [Мәтін] / Әбуғалиев М. — Алматы : Мектеп, 1984. — 78 б.
Әбуғалиев М. Қисыны қашқан іс [Мәтін] : [Шығыс Қазақстан облысында су қорларын пайдалану мәселелері] / М. Әбуғалиев // Социалистік Қазақстан. — 1976. — 4 қараша

Әбуғалиев М. Бір мың күн, бір мың түн [Мәтін] / М. Әбуғалиев // Коммунизм туы . — 1966. — 10 Март.

Әбуғалиев М. Ынтымақ жемісі [Мәтін] : Очерк / М. Әбуғалиев // Социалистік Қазақстан. — 1977. — 27 янв.

Әбуғалиев М. Еміне ел риза [Мәтін] : [гинеколог Қ. Бақтыбаева жайлы] / М. Әбуғалиев // Қазақстан әйелдері. — 1976. — № 10.- Б.22-23.

Әбуғалиев М. Алғысқа бөленген үшеу [Мәтін] :  [Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасынаң бас хирургі Б. Э. Рейш жайлы] / М. Әбуғалиев // Социалистік Қазақстан. — 1980. — 12 март

Әбуғалиев М. Рахман қайнары [Мәтін] :  [шипажай тарихынан] / М. Әбуғалиев // Мәдениет және тұрмыс. — 1972. — № 2.- Б.10-11.

Әбуғалиев М. Шахта шамшырағы [Мәтін] : Очерк / Әбуғалиев М. // Социалистік Қазақстан. — 1981. -  21 январь

Әбуғалиев М. Тұғыры биік тұлға. [Мәтін] : [А.К.Протазановтың туғанына 85 жыл] / Әбуғалиев М. // Дидар. — 1999. -  14 тамыз.- Б.

Әбуғалиев М. Партия солдаты [Мәтін] : Очерк / Әбуғалиев М. // Коммунизм туы. — 1971. -  14 апрель

Әбуғалиев М. Өркені өскен Өскемен [Мәтін] / Әбуғалиев М. // Социалистік Қазақстан. — 1984. -  4 июнь

Әбуғалиев М. Құлпырған, көркейген Лениногор [Мәтін] / Әбуғалиев М. // Социалистік Қазақстан. — 1983. -  20 март

Әбуғалиев М. Димекеңнен алғыс алған қаламгер [Мәтін] : [Қарымды қаламгер Шығысқазақстандық Кенжебаев Т туралы бір үзік сыр ] / Әбуғалиев М. // Дидар. — 1999. – 25 желтоқсан

Әбуғалиев М. Бір мың күн, бір мың түн [Мәтін] / Әбуғалиев М. // Коммунизм туы. — 1966. -  10 март

Әбуғалиев М. Бұғы бағу оңай ма ? [Мәтін] / Әбуғалиев М. // Социалистік Қазақстан. — 1987. -  9 декабрь

Әбуғалиев М. Балық қорын қорғаушы [Мәтін] / Әбуғалиев М. // Коммунизм туы. — 1979. -  12 янв.- Б.

Әбуғалиев М. Асыл азамат еді [Мәтін] : [Зәріпхан Дәукеевтің туғанына -70 жыл толуына орай] / Әбуғалиев М. // Дидар. — 2002. — 20 тамыз.- Б.2

Әбуғалиев М. Алты қыз [Мәтін] / Әбуғалиев М. // Социалистік Қазақстан. — 1979. -  26 дек.- Б.

Мұқан Әбуғалиев туралы:

Әміренов М. Қаламы Мұқалмаған Мұқан аға [Мәтін] : [Облыс журналистерінің көшбасшысы Мұқан Әбуғалиұлы туралы] / Әміренов М. // Дидар. — 2002. — 26 наурыз.- Б.2

Басылым басшылары [Мәтін] // Дидар. — 2006. -  26 желтоқсан.- Б.1-4

Қасымұлы А. Курьерліктен бас редакторлыққа дейінгі жол [Мәтін] / Қасымұлы А. // Дидар. — 2003. -  2 тамыз.- Б.2

Мұхамадиев А. Өмірі өнеге еді [Мәтін] / Мұхамадиев А. // Дидар. — 2008. -  6 мамыр.- Б.4.

скачать работу


 Другие рефераты
Социальные коммуникации
Общая психология (контрольная)
Творчество Андрея Рублева
Педагогтың топпен жұмыс істеуі


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ