Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Нығмет Сауранбаев

ты бір кезде толық мағыналы жеке сөздер болған, олардың «жалғаулыққа (демеулікке) айналуының негізгі себебі — сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы синтаксистік қатынас» деген пікір айтады (бірақ – бір + ақ, дегенмен – де + ген + мен, алайда – алай + да, сөйтіп – солай + етіп, сондықтан – солай + болғандықтан, біресе – бір + есе, сөйтсе – солай + етсе).

Н.Сауранбаевтың пікірінше, кейбір жалғаулық мәнде қолданылатын сөздер толығымен жалғаулыққа айналмаған. Мәселен, болмаса сөзі екі мағынада қолданылады: негізгі және жалғаулық мағынасында. Мысал ретінде Бұл үйді салып бітіру керек, болмаса тіпті қою керек. Олай болмаса қайтесің деген сөйлемдерді келтіріп, болмаса жалғаулығы бірінші сөйлемде жалғаулық мәнде, екінші сөйлемде өзінің негізгі мағынасында қолданылған деп түсіндіреді. Осыған орай қазақ тіліндегі жалғаулықтарды екі топқа бөледі. Бірінші топқа таза жалғаулықтар, яғни үстеме мағына беретін жалғаулықтарды жатқызса, екінші топқа лексико-семантикалық және грамматикалық мағынада жұмсалатын жалғаулық мәнді сөздер: болмаса, себептен, болғандықтан, дегенмен жатқызылған.

Жалғаулықтардың тілімізде пайда болу дәуірі де, жазба ескерткіштер тілінде кездесу дәрежесі де, қызметтері де біркелкі емес. Ғалым 8–17- ғасыр- лар арасында жазба ескерткіш тілінде осы күні қолданылып жүрген жалғаулықтардың болмағандығын айтып, тек «үшін» шылауының қолданылғандығын айтады. Зерттеушілердің жалғаулықтардың бір кезде пайда болмағандығын, олардың бірте-бірте жеке сөздерден, тіпті сөйлемдерден пайда болып, олардың жаңа синтаксистік мәнге ие болғандығын жоққа шығармайды. Профессор Р.Әміровтың пікірінше, болмаса, әйтпесе, немесе ерте кезде шартты бағыныңқы сабақтас қызметін атқарып, осының нәтижесінде талғаулықты және қарсылықты жалғаулықтар пайда болған.

Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерде жалғаулықтардың қолдану дәрежесі біркелкі емес. Салаласа құрмаласқан сөйлемдердің көбінде жалғаулықтар сөйлемдерді құрмаластырушы негізгі тұлға емес, бұнда байланысты күшейте түсетін, көмекші тұлға ретінде жұмсалады. Н.Сауранбаев бұл жөнінде: «По сравнению с послелогами союзные слова имеют особую сферу употребления. Союзы выражают не влияние синтаксические отношения и следовательно, связывают составные части сложного предложения не всех типов. Сфера действия союзов распространяется преимущественно в пределах одного отношения именно в тех случаях, когда отношение одного слова к другому и одного предложения у другому предложению является равным или независимым. В том случае, когда отношение между сочетающимся синтаксическими еденицами или компонентами бывают неравное или зависимое, союзы вообще по своим функциям преимущественно являются соченительными. Они определяют специфические особенности сложносочиненного предложения в отличии от сложноподчиненного». [16;366-бет]

Салалас құрмалас пен сабақтас құрмаласты ажыратуда қазақ тілі білімінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан: бірінші көзқарас бойынша, оларды ажыратудың критерийі компоненттердің мағыналық қарым-қатынасы, егер компоненттер мағыналық жағынан бірі екіншісіне тәуелді болса, сабақтас құрмалас сөйлем болады. Ал өзара теңдік қатынаста жұмсалса, компоненттерінің баяндауыштары тиянақты тиянақсыз тұлғаларда тұрғанымен салалас құрмалас сөйлем деп танылады. Екінші көзқарас бойынша, салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық белгілеріне қарай емес, тұлғаларына қарай ажыратуды критерийі етіп алу. Егер алдыңғы компоненттің баяндауышы тұлғалық жағынан тиянақсыз болып, екінші компонентке бағына байланысса, сабақтас құрмалас деп, ал баяндауыштары тиянақты тұлғада тұрса салалас құрмалас деп танылады.

Қазақ тіл білімінде салаластың қатарында көсемшенің – п тұлғасымен келген сөйлемдердің де танылғаны белгілі.(Ғ.Бегалиев, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев) Бұл ғалымдар сөйлем табиғатын түсінуде мағыналық тиянақтылықты басшылыққа алып, тиянақсыз байланысу жолын екінші қатарға қойған. Мұндай сөйлемдерді Н.Сауранбаев «іргелес сабақтас» сөйлем деп, С.Аманжолов «үлектес сабақтас» сөйлем деп атауды ұсынған.

Қазақ тіл білімінде жалпы түркологияда құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғатын психолингвистика тұрғысынан алғаш рет Н.Сауранбаев түсіндірген. Ғалымның түсіндіруінше, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасында қатынастың мәнін, түрін психолингвистикасыз түсіндіруге болмады. Ғалым өз тұжырымын дәлелдеу мақсатында: Жазды күні томпайған бір төбелер бар еді, енді олар қарға батып кетіпті де, жалтыр төбелері (қар тұрмайтын) сырғанақ болып қалыпты сөйлемінде талдау жасайды: бірінші сөйлем — жазды күні томпайған бір төбелер бар еді, екіншісі — енді олар қарға батып кетіпті де, үшіншісі — жалтыр төбелері (қар тұрмайтын) сырғанақ болып қалыпты. Мұнда төбе туралы бірнеше ой ұласқан. Бірінші төбенің бір мезгілде барлығы, екіншіде олардың қарға батуы, үшіншісі тақыр төбелердің сырғанақ болып қалуы туралы. Жоғарыда келтірілген үш сөйлем форма жағынан да тығыз байланысты. Үш сөйлемдегі ойдың да түпқазығы – төбе. Бірінші сөйлеммен (жазды күні томпайған бір төбелер бар еді), екінші сөйлем (енді олар қарға батып кетіпті де) мезгіл жағынан байланысты, яғни біріншіде төбенің өткен уақыттағы қалпы (көрінбей қарға батып кеткені) туралы салыстырылып айтылған. Ғалымның айтуынша, бұрыннан белгілі бір ой (томпайған төбенің барлығы) арқылы жаңа ой (олардың қарға батуы, төбелердің жылтыр болуы) айтылған. Психологияда мұндай процесс апперцепция деп аталады. Апперцепция дегеніміз білуге тиісті нәрсені бұрын білінген нәрсе арқылы білу болады. Сондықтан апперцепцияның нәтижесінде жаңадан ой құрастырылады. Апперцепция екі түрлі ұғымнан құралады: бірінші апперцепциялаушы (яғни бұрыннан белгілі) ұғым, екіншісі апперцепцияланушы (яғни білінуге тиісті) ұғым. Сондықтан ғалым мынадай қорытындыға келеді: «жай сөйлемдердің бірде тең дәрежеде салалас болып, бірде бір – біріне бағынып сабақтасып құрмаласуының ең негізгі себебі – адамның айналадағы табиғи, қоғамдық өмірдегі оқиғалардың, құбылыстардың арасындағы байланысты аңдауы.(восприятие) Салаласып құрмаласқан жай сөйлемдердің арасындағы ішкі байланыс құбылыстардың, оқиғалардың арасындағы байланысты айқын, дәл ажырату емес, ассоциация аналогия, апперцепция принциптерімен жинақталып ұласуға негізделген».[15;35-бет] Автордың түсіндіруінше, сөйлемдердің сабақтасып құрмаласуының психологиялық негізі – талдау (анализ). Ал сөйлемдердің салаласып құрмаласуының психологиялық негізі керісінше болады. Сөйлемдердің салаласып құрмаласуының психологиялық негізі – жинақтау (синтез).

Салалас құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдер өздерінің сөйлемдік қасиеттерінен аз да болса айырылып, бір бүтіннің органикалық бөлшектеріне айналады. Салалас құрмаласта басқа компоненттеріне қарағанда бірінші компоненттің интонациясы тиянақсыздау болады. Осыдан болу керек Н.Сауранбаев интонациясы құрмалас сөйлем – дерді танудың басты критерийі деп таниды. Салалас сөйлемдегі жай сөйлемдер әркашан белгілі жалғаулық арқылы, я жалғаулық мағынада қолданылатын көмекші сөздер арқылы құрмаласады. Сондықтан әр сөйлемнің баяндауыштары тиянақты қалыпта тұра алады. Осыған орай, Н.Сауранбаев салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің тиянақты қалыпта тұруының үлкен бір себебі – олардың арасындағы синтаксистік қатынастар (сабақтастағы сияқты; құрмаласқа енген жай сөйлемдердің баяндауыштары арқылы емес) арнаулы жеке формалар, жалғаулықтар арқылы білінеді деп есептейді. Бұл – бұрын – соңды айтылмаған пікір. Ғалым салалас құрмалас сөйлемдердің өзара байланысу тәсілдерін баяндай отырып, бүгінде айтылып жүрген құрмаласу жолдарын (аналитикалық) тәсіл, жалғаулықтар немесе жалғаулықтар орнына жүретін көмекші сөздер арқылы айтып кеткен.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің байланысу жолдары мен топтастыру мәселелерінде шартты болса да бірізділік болса, салаластарды топтастыру –да, олардың байланысу тұлғаларын айқындауда мұндай бірізділік болмады. Салалас құрмаластар тобына құрмаластағы жай сөйлемдердің байланыс формалары да, белгілі бір ойды білдірудегі дербестілік дәрежесі де әр түрлі құрмалас сөйлемдер жатқызылып жүрді. Ал «Қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер жүйесінде» салалас сөйлемдерді жіктеуде Н.Сауранбаев өзіне дейін жіктеліп келгендей мезгілдес, себептес, қарсылықты деп үш түрге ғана бөліп, олардың өзіндік белгілерін, мәнін түсіндірген. Бұл саладағы автордың табысы – салалас сөйлемдердің аталған түрлерін кеңірек баяндауында. Бірақ қазақ тіліндегі талғаулы, кезектес салаластар құрмалас сөйлем дәрежесіне көтеріле қойған жоқ деп есептеген. Ғалымның пікірінше, сөйлемдерді құрмаластардың басқа түрлерінен (іргелес, сабақтас) ажырататын шек – жалғаулық, яғни, салаластардың жалғаулықтар арқылы құрмаласатындығы.

Іргелес құрмаластарды құрмалас сөйлемдердің ерекше құрылымдық- семантикалық түрі ретінде қарастыру көптеген түрколог ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Қазақ тіл білімінде іргелес құрмалас сөйлемдерді алғаш рет құрмалас сөйлемнің жеке түрі ретінде Н.Сауранбаев қарастырған. Н.Сауранбаев еңбегінде «іргелес» деген термин бұған дейінгі лингвистикалық әдебиеттерде «жалғаулықсыз» деп аталатын терминнің орнына қолданылған. Бірақ онымен тепе-тең мағынада емес, бірақ басқаша мағынада жұмсалған. Бұған дейінгі әдебиеттерде жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер салалас құрмаластың бір түрі ретінде қарастырылса, Н.Сауранбаев оны салаласқа да, сабақтасқа да қоспай, құрмалас сөйлемнің бір жеке түрі ретінде қарастырады. Өйткені, «Іргелес құрмаласта салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі – ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір – бірімен тең дәрежеде құрмаласатындығы және сөйлемнің баяндауышы тиянақты қалыпта болатындығы. Ал іргелестерді сабақтастармен жақындастыратын белгі – іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағына

1234
скачать работу

Нығмет Сауранбаев

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ