Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Нығмет Сауранбаев

н біріне – бірі сыйпаттап, бір – біріне тәуелді болып байланысады».[15;27-бет]

Кейінгі еңбектерінде ғалым бұл пікірінен қайтып, іргелес құрмалас сөйлемдерді салалас құрмаластың бір түрі деп қарастырғанымен, «жалғаулықсыз» деген термин ыңғайсыз, іргелес деп аталатын болсын деген пікірінен қайтқан жоқ. Ғалымның пікірінше, жалғаулықсыз атаудың мынадай ыңғайсыздықтары бар: «жалғаулықсыз деген атау жай сөйлемдердің іргелесіп құрмаласу тәсілін көрсетпейді. «Іргелесу» термині лайықты сияқты. Біріншіден бұл құрмаласқа енген жай сөйлемдердің қалай құрмаласатынын білдіреді. Екіншіден, іргелес ғылыми әдебиетте орныққан «примыкание, замыкание» ұғымдарға адекватты түрде сай келмесе де, жақын келеді».[15; 32-33-бет] Бұндай ғылыми тұжырым профессор Р.Әмірдің зерттеулерінде өз жалғасын тапты. Ғалымның тұжырымдауынша, қазақ тіл білімінде жалғаусыз байланысқан салалас сөйлемдерді өз алдына бөлек конструктивтік тип ретінде қарау орнықты. Өйткені, іргелес құрмаластардың өзіне тән ұйымдасу заңдылықтары мен сол заңдылықты іске асыратын амалдары бар. Біз ғалымның пікірін құптаймыз. Өйткені, «жалғаулықсыз» термині «жалғаулықты» сөзіне антоним ретінде қолданылғанымен құрмалас сөйлемнің компоненттері арасындағы құрмаласу тәсілін, қарым-қатынасын білдіре алмайды.

Іргелес құрмалас сөйлемдердің негізгі белгісі – компоненттер құрамында жалғаулықтардың жоқтығы. Яғни, іргелес құрмаластардың басты ерекшелігі – олардың құрылысында. Бұндай құрмалас сөйлемдердің синтаксистік тұтастығы компоненттердің мағына жағынан байланыстылығы мен олардың ерекше құрылымдық ұйымдасуына негізделген, ритмико-интонациялық құралдар арқылы көрінеді. Ғалымның айтуынша, интонация – іргелес құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстырушы негізгі амалдың бірі. Бұнда бірінші компоненттен кейінгі интонация сәл төмендеп бәсеңдейді, бірақ аяқталмайды, екінші компонент көтеріңкі дауыстан басталады.

Іргелес құрмалас сөйлем мен жай сөйлемдер тізбесі арасындағы айырмашылық: «ол жалғаулықсыз құрмаласқан жай сөйлемдердің бір–бірімен ішкі мағына жағынан байланысты болатындығы, яғни, мезгілдес, амалдас, себептес, шарттас болатындығы, сондықтан да олар бір фонациямен ұштасып, ұласып айтылады.[15;27-бет]

Н.Сауранбаев белгілі жалғаулықтар арқылы жалғаулықты салаласқа айналдыруға болатындығын (Осымен сөз бітті, Алшынбай біраз отырып үйіне қайтты. Осымен сөз бітті де, Алшынбай біраз отырып үйіне қайтты), ал алдыңғы сөйлемнің баяндауышы «е», «еді», «емес» көмекшілеріне бітсе, ондай жалғаулықсыз сөйлем жалғаулықты салаласқа айнала бермейтіндігін кезінде айтып кеткен. Бұның алдыңғысын профессор Р.Әмір ауыспалы іргелес, ал кейінгісін тұрақты іргелес деп қарастырып, салалас сөйлемдердің жалғаулықсызын қамтамасыз ететін мынадай екі жағдай бар дейді. Олар:

1) Салалас құрмаласқа қатысатын бірінші компоненттің құрамына арнаулы формада («жедел өткен шақ етістік + бар ғой», «жедел өткен шақ + ма», «бастауыш тұйық рай етістік – баяндауышы сол (осы) еді», «бастауышы тұйық етістік – баяндауышы мұң еді», «бастауышы өткен шақ есімше – баяндауышы осы еді», «бастауышы өткен шақ есімше – баяндауышы мұң еді») баяндауышының қатысуы.

2) Бұлардан бөлек жалғаулықты қатыстырып та, қатыстырмай да құрала беретін сөйлемдер.

Іргелес құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер бірлігі жай сөйлемдердің мағыналық жағынан өзара байланыстылығынан, шарттастылығынан, интонация тұтастығынан және компоненттер құрылысындағы кейбір ортақ сипаттардан білінеді. Мағыналық жағынан алғанда, іргелес құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір – біріне жақын, өзара іліктес, шарттас, мезгілдес, себептес болып келеді. Қазақ тілі оқулықтарында жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер мағынасына қарай әр түрлі топтастырылды. Мәселен, жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер туралы алғаш 1939 жылы шыққан еңбекте қатыстырылған. Бұнда жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдердің өзара жіктері ашылмай, тек іргелес деп қарастырылған. Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиевтің педучилищелерге арналған «Қазақ тілі грамматикасында» жалғаулықсыз салалас сөйлемдер іргелес деп танылып: «іргелесіп құрмаласқан жай сөйлемдер де ыңғайлас, мезгілдес, қарсылықты, шарттас, амалдас болып құрылады.

Академик Н.Сауранбаев сабақтас құрмалас жөніндегі баяндауларын сабақтас құрамындағы жай сөйлемдердің арасында болатын қарым-қатынас жолдарынан ашудан бастайды. Одан әрі бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлемдермен байланысу жолдарын көрсетеді де, өз еңбегін сабақтастардың жіктелуі, яғни, олардың түрлері туралы мәселелерді талдаудан аяқтайды. Ғалым өз еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентін басыңқының бір мүшесі ретінде қарастырады. Бірақ бұл екеуі – семантикасы жағынан да, құрылыстары жағынан да екі түрлі категория. Мағынасы жағынан тұрлаусыз мүшелер жеке бір ғана ұғымды білдірсе, бағыныңқы сөйлем тиянақсыз болғанымен бүтін ойды білдіреді. Ал құрылысы жағынан бағыныңқы сөйлемдер предикативтік қатынасқа ие, ал тұрлаусыз мүшелерде ондай сөйлемдік қасиет жоқ.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі грамматикалық сипатын айқындаған-да бағыныңқы сөйлем басшылыққа алынады. Өйткені, бағыныңқы сөйлем – сабақтас құрмалас сөйлемді ұйымдастырушы. Н.Сауранбаевтың анықтамасы бойынша, бағыныңқы сөйлем – басыңқы сөйлемде берілген тұтас ойды, не ондағы бір мүшені сипаттау, толықтыру үшін сол басыңқы мен өзінің дербес бастауышы бар баяндауыш арқылы құрмаласқан жай сөйлем.

Дәстүрлі грамматикада бағыныңқы сөйлемнің басты белгілері ретінде:

1)              Өзіне тән ой дербестігі болу.

2)              Предикативтік қатынас негізінде құралу.

3)              Ұластырушы интонациямен айтылуы беріледі.

Бұнда бағыныңқы сөйлемнің ой дербестігі мен ұластырушы интонациямен айтылуы еш дау тудырмайды. Себебі жеке дербес ойға ие болмаған сөйлем сөйлем болмайды. Бағыныңқы сөйлемде берілетін ой жеке алдында дараланған ой емес, басыңқы сыңарға байланысты айтылған, соны толықтырып, мазмұнын айқындайтын қасиетке ие. Бағыныңқы сөйлемдер ұластырушы интонациямен айтылады. Кез-келген сөйлемде, синтагмалық топтарда интонациялық жік болатыны белгілі. Бірақ бұларда интонация ритмикалық кідіріс ретінде көрінсе, бағыныңқыларда бұл интонация айтылу жағынан басыңқы сөйлеммен ұласқан болып келеді. Интонациялық толқынның басыңқы компоненттің соңында жоғарылауы сөйлемнің аяқталмағандығын, жалғасы бар екендігін, ұласа айтылуындағы паузалық байланыстың барлығын көрсетеді.

Бағыныңқы сөйлемнің грамматикалық безендірілуі – барлық тілдерде сөйлемнің екі ажырамас құрылымдық әлементтері ретінде бастауыш пен баяндауыштың болуы. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңарында бастауышы, баяндауышы болуының жалпы сөйлемдік шарты. Бірақ грамматикалық бастауыш барлық сөйлемде бола бермейді, сабақтас үшін оның орнына мағыналық бастауыштың барлығы да жеткілікті.

Құрмалас сөйлемнің тарихында ең алдымен көп жылдар бойы үйірлі мүшенің табиғатын айқындау өзіндік орын алды. Кейбір ғалымдар «үйірлі мүшені» жай сөйлем құрамында қарастырса, кейбірі оларды бағыныңқы сөйлемге жатқызады. Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшесі бар сөйлемдерді құрмаластардың қатарында қарау Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев – тардың еңбектерінен орын алған. Академик Н. Сауранбаев пікірінше, үйірлі мүше құрамында өзіндік бастауыш болмайды. Ал егер бола қалса, ол үйірлі мүше емес, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының ішіндегі жай сөйлем есебінде қарастырады.

Ендігі кезекте сабақтас құрмалас сөйлемдер компоненттерінің құрмаласу жолдарына келер болсақ, Н.Сауранбаевтың пікірінше, сабақтас құрмалас сөйлемдер 1) көсемшелер; 2) есімшелер; 3) шартты рай; 4) изафет арқылы құрмаласады. Көсемшенің ішінде (-ып, -іп, -п; -а, -е, -й; -ғалы, -гелі, -қалы, -келі) бағыныңқыны басыңқымен байланыстыруда көп қолданылатыны және қызмет жағынан әр түрлі – п көсемше түрі. Н.Сауранбаев бұл түрін үнемді түр, ал –а және –қалы көсемше түрін көсемшенің үнемсіз, мақсатты түрі деп берген. Ғалымның айтуынша, –а және –қалы формалары көсемшенің үнемді түрі сияқты әмбебап емес, біркелкі бағыныңқылықты беріледі.

Септік жалғауларындағы есімшенің синтаксистік қызметтерінің сараланбауы соңғы кезеңдерге дейін қазақ тіл білімінен де орын алып келді. Бұл жайды да қазақ ғалымдары тарапынан (С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев) қолдау тапқандығымен түсіндіруге болады.Соның салдарынан 1950 жылдар – ға дейін сөйлем ішіндегі есімшенің септік жалғауларда қолданылған түрлерінің барлығы да дерлік бірдей дәрежеде мектеп оқушыларына бағыныңқының баяндауышы ретінде түсіндіріліп келді. Н.Сауранбаев есімшелі сөйлемдерге байланысты осындай пікірінен (арнайы бастауышы болуына байланысты барлық септіктегі есімшелі сөйлемдер бағыныңқы болады) соңғы зерттеулерінде де арыла алмады. Ғалымның пікірінше, қазақ тілінде сабақтас сөйлемдердің құрмаластыратын арнаулы жалғаулықтары- ның болмауы есімшелерінің әр түрлі септіктерде келуімен орны толтырады. Осы жөнінде Н.Сауранбаев сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауышы есімшенің атау түрінде немесе басқа септікте тұруы бағыныңқы сөйлемнің атқарар қызметінен көрінетіндігін атап көрсеткен. Бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойды қысқартып, оның мезгілін, мекенін, амалын, себебін, мақсатын білдіретін болса, бағыныңқыдағы есімше баяндауыштың атау түрін, я тиісті септеу түрін белгілі демеуліктер, я сол мағынадағы көмекші сөздер меңгеріп тұрады.

Есімше, көсемше тұлғасында келген бағыныңқының баяндауыштары көптеге

1234
скачать работу

Нығмет Сауранбаев

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ