Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Нығмет Сауранбаев



 Другие рефераты
Пайғамбар аттас ақын — Жүсіп Қыдыров Олжас Сүлейменов Нәзір Төреқұлов Дулатов Міржақып (1885-1935)

 Академик Нығмет Сауранбаев – қазақ тілі білімінің барлық салаларында қалам тартып, оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, іргетасын қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымның бірі. Бүгінгі таңда ғалымның есімі тарих қойнауында. Ал Н.Сауранбаевтың зерттеулері қазақ тілінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуге әлі де ғылыми-теориялық құндылығын жоймаған, жолбасшы ретінде пайдаланылып келеді. Бұл – ғалымның теориялық білімінің тереңдігінің, өміршілдігінің, өрістілігінің куәсі.

 Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің өткені мен бүгінгі жай күйін, көкейтесті мәселелерін танып білуде академик Н.Сауранбаевтың теориялық тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. Н.Сауранбаевтың ғылыми зерттеулері — құрмалас сөйлемдердің негізгі теориялық бағыт-бағдарын, негізін анықтауда бағдарламалық мәні бар, қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлем синтаксисінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуде баға жетпес мұра. Бүгінде ғалымның еңбектері, соның ішінде құрмалас сөйлемдер жөніндегі зерттеулері ғылыми бағасын әлі де толық алған жоқ. Сондықтан ғалым тұжырымдарының қалыптасуының теориялық негіздерін анықтау, бүгінгі күнгі тұжырымдармен салыстырып, жан-жақты талдауды қажет етеді.

Н.Т.Сауранбаев өз шығармашылығының нағыз шарықтау кезеңінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Ғалым құрмалас сөйлемдердің табиғатын танып, тарихына көз жүгіртумен бірге, ішкі-сыртқы заңдылықтары мен ерекшеліктерін, жасалу жолдары мен жұмсалуын қарастырып, синтаксистік қызметін саралады.

Құрмалас сөйлемдерді зерттеуде даулы мәселелердің бірі – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді айырудың критерийлері қандай деген мәселе. Бұл мәселе жөнінде ғалым «жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы айырмашылық: жай сөйлем жеке сөздерден, сөз тіркестерінен құралса, құрмалас сөйлемдер бірнеше жай сөйлемдерден (синтаксистік компоненттер- ден) құралады. Яғни, әрқайсысының өзіне тән дербес бастауышы, баяндауышы және тұрлаусыз мүшелері бар, әр сөйлем бөлек тұрған қалпында бөлек-бөлек ойды білдіре алады».[18;251-бет] Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері ретінде мыналарды береді:

1)                Құрмаластағы синтаксистік компоненттерде айтылатын ойдың дербестігі;

2)                Компонентте дербес бастауышпен баяндауыштың болуы;

3) Құрмаластағы әрбір компоненттердің интонациялық жігі айқын болуы;

Құрмалас сөйлемде берілген ой бірнеше оқиға, құбылыстар көлемінде құрылып, олар бір-бірімен ұштасып, логикалық жағынан бір-біріне ұласа айтылады. Ғалымның пікірінше, компоненттердегі бірнеше ойдың дербестігін компоненттің тұлғалық дербестігімен шатастырмау керек. Құрмаластағы жай сөйлемдер өзінің тұлғалық дербестігін сақтауы да, сақтамауы да мүмкін. Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралатындықтан, ондағы синтаксистік компоненттерде бастауыш пен баяндауыштың болуы құрмалас сөйлем деп танудың басты критерийі деп таниды. Бірақ бұл жерде бастауыш пен баяндауыш құрмалас сөйлемнің негізгі критерийі болғанымен, ғалым бұл екі мүшенің синтаксистік рөлі бірдей еместігін, бастауыштан баяндауыштың рөлі басым екендігін, сондықтан құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыштары кейде ортақ болып, тіпті болмауы мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, ғалым «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» деген сөйлемінің мағыналық жағын басшылыққа алған болу керек. Өйткені берілген сөйлем себептік қатынасқа құралған.

Көптеген түркітанушылар (Н.Дмитриев, Ш.Ширалиев,т.б.) құрмалас сөйлемнің компоненттерінің баяндауыштары жақтасуын басты шарт деп есептесе, ал Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттерін-де баяндауышпен жақтасып, тиянақты қалыпта тұруы, қазақ тілі үшін де, жалпы түркі тілдері үшін де шартты емес. Ғалымның бұл пікірімен келіспеуге болмайды.

Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдегі синтаксистік компоненттердің ара жігі бірнеше тәсілдерімен ажыратылады деген қорытындыға келеді. Олар: интонация, баяндауыштың тиянақты формасы, жалғаулықтар, септеуліктер немесе солардың қызметін атқаратын жалғаулық сөздер. Сондықтан «сабақтастарда компоненттердің жігін көрсетуші көбінесе интонация болады да, ал салаластарда үш тәсіл (баяндауыштың тиянақты формасы, жалғаулық, демеулік, интонация) бірдей қолданылады» деп, әрқайсысына талдау жасаған.[18;510-бет] Бұл – түркологияда бұрын-соңды айтылмаған пікір.

Ғалым тұжырымдарын 1939 жылы С.Аманжоловпен бірігіп жариялаған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімінде толықтырып, жетілдіре түседі. Құрмалас сөйлемдер жөнінде осы күні айтылып жүрген негізгі ұғымдар осы еңбекте берілген. Құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас және аралас деп үш топқа бөліп, аралас құрмалас сөйлемдер жеке зерттеу нысанасы ретінде алынған. Салалас жалғаулықты және жалғаулықсыз салаластар деп екіге бөлінгенде, жалғаулықты салалас жеті түрге жіктелген: тіркесті, қарсылықты, үдетпелі, талғаулы, себепті, кезектес, бейтарап салалас сөйлемдер. Ал сабақтас құрмалас сөйлемдер: себеп-салдар, мезгіл мәнді, шартты мәнді, салыстырмалы, мақсатты, қарсылықты, нұсқаулы, іргелес, аяулы, сілтеулі сабақтастар деп бөлінген. Қазіргі грамматикада «үдетпелі салалас» пен «тіркесті салалас» — ыңғайлас салалас, «бейтарап салалас» — талғаулы салалас деген атаулармен бірлесе, «іргелес салалас» сабақтас құрмалас сөйлемдер қатарынан «үлектес сабақтас» деп танылған. Ал сабақтастардың ішінде «нұсқаулы сабақтас», «аяулы сабақтас», «сілтеулі сабақтас» дегендерден басқасының барлығы қолданылып жүр.

Жай сөйлемдердің құрамына енген сөздер бір-бірімен қандай граммати– калық тығыз байланыста болса, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер де сондай тығыз байланыста тұрады. Құрмалас сөйлемдер арасындағы теңдік қатынасқа негізделген салаласа байланысу не біріне-бірі меңгеріле бағыну негізіндегі сабақтаса байланысу болады. Құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдердің байланысының әр түрлі болуы – оларды байланыстыру дәнекерлердің, амал-тәсілдердің әр алуандығы.

Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдерді ұйымдастырудың амалдары ретінде интонация, компоненттердің орын тәртібі, шылаулар, етістіктің есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары, изафеттік тіркестер қатыса алады дейді.Бұнда ғалымның жаңалығы – құрмалас сөйлемнің компоненттерінің изафеттік тіркестер арқылы құрмаласуы.

Қай тілде болмасын, адамның айтайын деген ойының аяқталғанын немесе аяқталмағанын білдіруде интонацияның атқарар қызметі өте зор. Тіл-тілде интонация тиянақты және тиянақсыз болып екіге бөлінеді. Тиянақты интонация сөйлемнің соңында келеді де, айтылған ойдың аяқталғанын білдіреді. Бұл қағида – тек жай сөйлемге ғана тән емес, сонымен қатар құрмалас сөйлемдерге де ортақ қасиет. Н.Сауранбаевтың айтуынша, интонация – құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғатының негізгі крите- рийлерінің бірі. Құрмалас сөйлем тиянақты ойды білдіретін екі я одан да көп жай сөйлемдерден емес, біршама аяқталған ойды білдіріп, өзара предикативтік қатынаста тұратын жеке компоненттерден жасалады. Құрмалас сөйлемнің әрбір компоненті тиянақсыз немесе біршама тиянақсыз үнмен айтылады да, тиянақты интонация сөйлемнің соңында келеді. Сондықтан ол — тек құрмалас сөйлемге ғана емес, жай сөйлемге де тән құбылыс. Құрмалас сөйлемдердегі интонацияның бұл түрінің қызметі сол, құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің басын біріктіріп, оларды синтаксистік бір бүтін етіп тұрады. Н.Сауранбаев: «интонация имеет различные ритмика- мелодические разновидности, которые используется в почеркивании эмоциональной окраски стилистических и смысловых оттенков предложений» [16;362-бет] Бұл үстеме мағына жалғаулықтарды қолдану арқылы жүзеге асатынын ғалым дұрыс көрсеткен.

Құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің тіліміздегі қалыптасқан орын тәртібі бұзылса, жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысы, сөйлемдердің құрмаластық қасиеті жойылады. Сондықтан құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орын тәртібі жай сөйлемдерді құрмаластырудың елеулі бір тәсілінің бірі болып есептелінеді. Құрмалас сөйлем компоненттерінің орындалуында мынадай заңдылықтар болады:

1) салалас құрмалас сөйлемде, сабақтас құрмаласта да мағына және тұлғалары жағынан тиянақсыз компоненті тиянақты компоненттің алдынан келеді;

2) поэзияда құрмаластардың тиянақты компоненттерімен тиянақсыз компоненттерінің орын тәртібін өзгертіп, өлең үйлесіне қарай түрленіп айтылады. Бұлай болып келу — тілімізде қалыптасқан заңдылық;

3) сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненті тиянақты компоненттің ішінде келеді. Бірақ бұл тілімізде кең жайылған құбылыс емес, өте сирек кездеседі. Бұнда сөйлемнің интонациялық жағынан ғана өзгермесе, оның компоненттерінің байланысы мен мағынасына ешқандай нұқсан келмейді.

Н.Сауранбаевтың көрсетуінше, анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы және мезгіл, себеп , шартты бағыныңқылы сөйлемдер басыңқы сөйлемнің алдында тұрады.

Сондай-ақ құрмалас сөйлемдерде байланыстырушы элементтердің де белгілі орын тәртібі бар. Мысалы, септеуліктер бағыныңқы сөйлем, ал жалғаулықтар басыңқы сөйлем құрамында келеді де: «в сложном иредложе- нии твердый порядок расположения простые предложений используется как один из способов связи» деп қорытады.[16;365-бет]

Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластырып, құрмалас сөйлем жасауда жалғаулықтардың атқарар ролі зор. Әрбір грамматикалық категориялар мен морфологиялық тұлғаларға, синтаксистік қатынастар мен қалыптасқан сөздердің формасына тарихи өлшем тұрғысынан қарайтын ғалым, әрбір жалғаулық

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Молодежь на рынке труда
Мистика как культурная традиция
Парламент Великобритании
Модемы и коммуникационные протоколы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ