Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Нығмет Сауранбаев

н ғалымдар арасында күдік тудырса, шартты рай тұлғасында келген бағыныңқының баяндауышы еш күмән тудырмайды. Өйткені, баяндауыш пен бастауыш бір-бірімен жақ жағынан қиысады. Бағыныңқы сөйлемдер көбінесе шартты рай және оның басқа көмекші формалары арқылы байланысатыны анық. Кейбір ғалымдар шартты бағыныңқы сөйлемді есімше, көсемше арқылы байланысқан бағыныңқыларға қарсы қояды. Есімшелі, көсемшелі бағыныңқыларда баяндауыш өз бастауышымен жақтаспайды дейді. Н.Т.Сауранбаевтың пікірінше, бұндай формашылдық жүйе түркі тілдеріндегі сабақтас сөйлемдердің сырын ашуға кілт бола алмайды. Олай болмаса, есімше, көсемше баяндауышы бағыныңқыда екі тұрлаулы мүшенің жақтасу, жақтаспауы сабақтас құрмалас сөйлемге негіз бола алмайды.

Шартты рай тұлғасы арқылы байланысқан сабақтас құрмаласта жеке сөйлемдердің бір-бірімен өзара жалғастырыла, үйлестіріле айтылуында қатыстық сөздердің де атқаратын қызметі елеулі. Мұндай қатыстық сөздер сілтеу, сұрау есімдіктерінен тұрады да, бір сөйлемнің құрылысына қарай екінші сөйлемді де іліктес айтылуына мүмкіндік жасап тұрады. Профессор М.З.Закиев құрамында осындай қатыстық сөздер бар сабақтас құрмалас сөйлемдердің байланысуын айқындауыштық қатынас деп қарайды. Академик Н.Сауранбаев осы тәріздес сөйлемдерді ұялас сөйлемдер (Кім де кім мұның мүйізін кесіп алса, ол күшсіз болып дұшпандарын жеңе алмайды) деп берсе, С.Аманжолов егіспелі сөйлемдер дейді.

Қазақ тіл білімінде, жалпы түркологияда «деп» — тің синтаксистік қызметін, оның құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырушы амал ретінде қолданылуын алғаш айтқан Н.Сауранбаев. Бұл ғалымның пікірінше, әсіресе, аударма ісінің дамуымен тығыз байланысты. Сонымен қатар ғалымның тұжырымдауынша, қазіргі заманғы тілдік практикада «деп» өзінің лексикалық мағынасымен қатар грамматикалық мағына да береді. Бірақ кезінде ғалымның бұл тұжырымымен келіспейді. Бұған автордың сөзімен айтқанда: «Этому, видимо, способствовала некоторая самостоятельность семантике этого слова. Именно основа «деп» (говорит так) имеет конкретно – абстрактное значение, которое делает возможным образование от него еще других форм. Например: деп, деген, дейтін и т.п.» [16;244-бет] Бұнда «деп» — тің жалғаулық шылаулар ретіндегі грамматикалық мағына -п көсемшесі арқылы беріліп отыр: «деепричастный аффикс -п блогодаря своей связующей функции, превратил глагол «де» в союз. Аффикс -п выражает связь глагола «де» с последущим предложением… В форме «деп» можно обнаружить две стороны. Первая – эта связь целого предложения с глаголом «де». Эту связь можно назвать семантической связью – эта связь глагола «де» вместе со своей семантической группой с последующим предложением. Эта связь выражает-ся аффиксом -п. Последнюю можно назвать синтаксической связью. Поэтому форма «деп» в современном языке функциально стала союзом».[16,245-бет]

Жоғарыда көрсетілген байланысу түрімен қатар, Н.Сауранбаевтың зерттеуінше, қазақ тілінде байланыстың ерекше бір түрі бар. Бұл байланыстың түрінде құрмалас сөйлемнің компоненттері тәуелдік жалғауы- ның 3- жағында изафеттік құрылымда тұрып құрмаласады, яғни, 3-жақта тұрған изафетті құрылымдар жеке сөйлемнің бір мүшесі болып қатысады. Мысалы: Мал дегендегі жалғыз шолақ торы аттың жұмысы ауыр болып, арқасы жауыр болып,мойнына жал бітпеді. Бірақ ғалымның бұл ғылыми тұжырымы ғалымдар арасынан қолдау таппай, тіл білімінде орныға алмаған. Автор кейінгі еңбектерінде бұл тәсілді алып тастаған.

Бағыныңқы сөйлемдерді өзара саралауда тіл білімінде әр түрлі принцип басшылыққа алынып келді, соның салдарынан әр еңбекте бағыныңқылар әр түрліше жіктелді. Бағыныңқыларды жіктеуде ең алғашында олардың сөйлем ішінде атқаратын қызметі (функциональды принцип) басшылыққа алынды. Бұл тәсілді қолдаушылар Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев және Н.Сауранбаев (анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы, пысықтауыш бағын –ыңқылы, мезгіл, себеп, амал, мақсат пысықтауыш бағыныңқылы, шарт бағыныңқылы, қарсы бағыныңқылы, салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас) болады.

Берілген сабақтастардың грамматикалық табиғатына тоқталсақ, ғалымның пікірінше:

1)                анықтауыш бағыныңқы мен үйірлі анықтауыш мүшенің арасындағы шек тек бастауыштың бар, жоғында ғана емес, есімшенің қандай сөзді анықтауында: «есімше сөз субъектісін анықтаса, онда ол өзіне қарасты сөздерімен есімше анықтауыш үйірлі мүше болады. Ал егер есімше өз субъектісінен басқа сөзді анықтаса, онда ол етістіктің бастауышы айтылмаса да, анықтауыш бағыныңқы болады».[15,79-бет] Анықтауыш бағыныңқы сөйлемнің өзгешелігі — өзі анықтайтын сөзден ешбір ажырамай бір интонациямен қабылдап айтылуында.

2)                 Ғалым толықтауыш бағыныңқылы мен пысықтауыш бағыныңқылы сөйлемдердің бағыныңқы компоненттің жай сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің қызметімен тең қарастырады. Бұнда сөйлем мүшелері мен бағыныңқы сөйлемдердің арасындағы айырмашылық – бағыныңқы сөйлемнің дербес бастауышының болуында деп есептейді ғалым.

3)                 «Егер баяндауышы шартты райда тұрған бағыныңқы сөйлемде «егер» (егер де) сөзін қосып айтуға болса, ол шартты мәнді бағыныңқы, ал бұл үстеуді оған қосып айтуға болмаса, ол бағыныңқы (баяндауыш шартты райда тұрғанымен) шарт мәнді болмайды, не мезгіл мәнді, не басқа мәнді болады. Шартты райлы баяндауыштан кейін «да», «де» қосалқысы тұрса, ол бағыныңқы шарт мәнде де, мезгіл мәнде болмайды, қарсы мәнде болады.

4)                 Қарсылықты сабақтас ерекшелігі – олар тұрақты интонациямен айтыла –ды. Олардың өзара құрмаласу тәсілдері әр түрлі болғанымен, интонациясы бірдей. Қарсылықты сабақтастың алдыңғы сөйлемі соңғы сөйлемінен бөлек айтылып, баяндауышына «-мен» қосымшасы мен «да» қосымшасы тіркескен жағдайда олар ерекше екпінмен айтылады.

Академик Н.Сауранбаев соңғы зерттеулерінде сабақтас құрмалас сөйлем– дердің жеті түрі берілген: мезгіл пысықтауыш бағыныңқы, себеп пысықтауыш бағыныңқы, амал пысықтауыш бағыныңқы, мақсат пысықтауыш бағыныңқы, шарт бағыныңқы сабақтас, қарсылықты сабақтас, салыстырмалы бағыныңқы сабақтас. Бұрынғы «анықтауыш бағыныңқы сабақтас» пен «толықтауыш бағыныңқы» сөйлемдер біріктіріліп, «үйірлі мүшелі сабақтастар» деп берілген

Н.Сауранбаевтың құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты, ұйымдастыру заңдылықтары, даму жолдары мен құрмалас сөйлемдерді топтастыру, т.б. мәселелерде танымының кеңдігі, теориялық тұжырымдары-ның тереңдігі салыстыру, талдау барысында анықталып, ғалымның құрмалас сөйлемнің жүйесін зерттеудегі еңбектері қазақ тілі біліміндегі ғана емес, жалпы түркологияда орны ерекше. Н.Сауранбаевты қазақ тіл білімінде алғашқы рет психолигвистиканың ғылыми негізін салдырушылардың бірі деуге негіз бар. Ғалымның пікірінше, құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса құрмаласуы – адамның айналадағы қоршаған ортаны, ондағы құбылыстарды аңдауының нәтижесі. Қазақ тіл білімінде алғаш рет жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдерді құрмалас сөйлемнің ерекше түрінің бірі ретінде қарастырған. Ғалымның тұжырымынша, іргелес құрмалас сөйлемдер өзіндік құрылымдық-семантикалық табиғаты бар құрмалас сөйлемнің бір түрі. Ғалымның бұл пікірі уақыт елегінен өтіп, араға біраз уақыт салып қайта ғылымда жаңғырып, өз жалғасын тапты.

Қазақ тіл білімінде Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемдер табиғатын танудағы, оның негізгі белгілерін, құрмаласу тәсілдерін көрсетудегі пікірлері өз құндылығымен ерекшеленеді. Н.Сауранбаевтың құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттерінің сипаты мен олардың құрмаласу жүйесі туралы ұсынған критерийлері мен шарттарын кей ғалымдар қабылдамады, кей ғалымдардан қолдау тапты. Бұл – ғылымның дамуында болатын заңды құбылыс. Ғылымда пікір үйлесімділігімен қатар ой алалығы әрдайым қатар жүретіндігі сөзсіз. Кезінде ғалымға өз айтқанынан тез «айнитын» ғалым деген баға берілген. Меніңше, бұл – ғалымның ғылымдағы тұрақсыздығы емес, ғалымның ізденімпаздығының белгісі. Н.Сауранбаевтың ғылыми мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін ғылыми мәнін жоймаған, керісінше, ғылыми еңбектерге бағыт-бағдар беретін, методологиялық қайнар көзі болатын құнды еңбектер деп танимыз.

1234
скачать работу

Нығмет Сауранбаев

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ