Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Оқушылардың денсаулығы басты назарда

лықтардың, әрекеттердің көптеген түрлері жасалады.
Адам үшін денсаулықты сақтап қалу — мақсат. Дәмді тамақтану — мақсат бірдеңені істеу — мақсат. Мақсаттар көп, ал уақьгг пен күш шектеулі. Таңдауға тура келеді. Мақсаттар бесекеге түседі. Қажеттісі қайсы: өкпе рагінен өлмеу ме, не болмаса қыздардың алдында сигарет тартып кербездену ме? Әрине, өлмеу екені сөзсіз.
Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен емістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі
— жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру (стимулдар) болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, айнайды.
Екішиі кемшілік — қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу — аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етгі қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.
Үшінші кемшілік — қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарьш да болжай біледі. Сондықтан оны тек өзінің аурулары ғана емес, басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе естігені де үрейлендіреді.
Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Табиғат оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп, рақаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер алғашқыда, яғни қанағат алуда асыра сілтесе, оның төлемі тым көбейіп кетуі ықтимал. Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық рақатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет: қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім-кімге болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске асыра алады.
Денсаулық — ауруларға қарама-қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі — бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі — сол мақсатқа «организмнің табиғи қорғаныс күштерін» жұмылдыру арқылы жету. Әрине, екі тәсілді бірдей қолданған дәрігерлер әрқашан да болды, бірақ, әдетте, іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылды. Өкінішке қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді: Енді осы мәселелерге келейік.
Ең алғашқы сөз — тамақтану мәдениеті жөнінде.
«Ас — адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. Әсіресе тамақ нормасын әркім өзі ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-жеу мақсат емес. Мешкейлікті ата-бабамыз о бастанақ жек көріп, ең жағымсыз қылықтардың біріне санағаны бәрімізге белгілі. Сол себепті, тамақты бойға мөлшерлеп ішіп-жеген дұрыс. «Ас десе, асты-үстіне түсіп, құлқыны құру — хайуандық болса, керісінше, кекірейіп тамақ татпау — ноқайлық, тым құнықпа және ас ішуді де ұмытпа», дейді белгілі академик, физиолог И.П. Павлов.
Жасыратын несі бар, қазір елдегі ересек адамдардың арасында екінің бірінің асқазаны ауырады және колитке (тоқ ішектің қабынуына) шалдыққан. Мұның сыры неде? Осы ауруларға әкеліп соқтыратын экономикалық-әлеуметтік факторлар көп, әрине. Бірақ соның бәрін емес, өзімді қынжылтатын бір жайды ғана айтайын. Демалысқа шығып, ел аралағанда көзіміз жетіп жүр — кейбір үйлерде жеңіл машинасы болғанымен отбасына күнделікті ең қажет тоңазытқыштары жоқ. Сондықтан асқазандары ауырып жүрсе де, ұнның ішінде сақталып, кептірілген немесе сүрленген еттермен тамақтанып отыр. Әсіресе оңтүстікте, жаздың аптап ыстығында ет сияқты асқа қажет тағамдарды тоңазытқышсыз бүлдірмей сақтау өте қиын. Тоңазытқыштың жоқтығынан тамақ бүлініп, улануға да әкеліп соқтыратынын естен шығармаған жөн.
Қарынды кере тамақ ішіп, орындарынан зорға көтерілетіндер де аз емес. Ол, әрине, өте зиян. Мөлшерден артық ішіп-жегендер түнді ұйқысыз өткізеді, мазасы қашады. Соның салдарынан кейде ауырып, хирург пышағына да ілігіп жүргендері аз емес. Диетологгардың айтуынша: «Кез келген ауру-сырқаттың әкесі белгісіз болғанымен, шешесі белгілі: ол — орынсыз, артық ішкен ас!». Сондықтан қанағат — табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы. «Батпайтын ас — жеген адамның өзін жейді. Сол себепті, жегенің бойға сіңсін десең, шамадан аспа», деп жазды Абдуль Фарадж.
Біздегі тағы бір жағымсыз жай — кейбір ата-аналар, әсіресе сәбидің әжелері сәбилерге жөнсіз, мөлшерден тыс күштеп тамақ ішкізеді. Соның салдарынан сәбилердің физиологиялық ас қорыту немесе тамақты бойға сіңіру үрдісі бұзылады. Және кейбір ата-аналар баласы толып, семіре бастаса ғана дені сауға санайды. Ол, әрине, дұрыс емес.
Қазіргі кезде белең алып отырған тағы бір жаман әдет — гиподинамия, адамдардың күнделікті өмірде аз қимылдауы. Ол, әрине, жалқаулық пен жатыпішерліктің салдарынан болады. Жаяу жүруге ерінеміз, жақын жер болса да, баратын жерімізге көлікпен барамыз. Қимыл азайған сайын дене ауырлай береді, жүрек пен қан тамырларының қызметі нашарлап, адам семіреді. Өз ықтиярымен семіздік дертіне шалдығады. Ал дана халқымыз: «Семіздікті қой ғана көтереді», — деп бекер айтпаса керек.
Семіздік әр түрлі ауруларға — қан қысымының көтерілуі (атересклероз) және тағы басқа күрделі, емделуі қиын жүрек пен қан тамырларының созылмалы сырқаттарына әкеліп соқтыратыны баршаға аян. Олардың (семіз адамдардың) өмірі сау адамдарың өмірімен салыстырғанда 10—15 жылдай қысқа болады. Өйткені семіздік, зат алмасу үрдістері бұзылғандықтан, адамдарды гипертония, қант диабеті, бауыр циррозы, өтте және бүйректе тас пайда болу сияқты сырқаттарға душар етеді. Буын-буындарында да тұз жиналып, сырқырап қақсайтын артриг сияқты әр түрлі буын ауруларына да әкеліп соқтырады. Денені май басқандықтан және асқазанды кере тойып тамақтанудан адамның кеуде мен іш қуысын бөліп тұратын диафрагма сияқты көк еті жоғары көтеріліп, әкпеге және жүрекке қысым түсіреді. Сол себепті ол организмдердің қан айналымы нашарлайды, өкпе мен жүректің қызметі нашарлағандықтан, адам организмін оттегімен қамтамасыз ету қабілеті төмендейді, оны гиповентиляция дейді. Жоғарыда айтылғандай, оттегі — адам денесіндегі жасушаға қажет «жанармай». Осындай қысым жиі қайталана берсе, ондай адам пневмония, бронхит және т.б. сияқты, әр түрлі созылмалы өкпе ауруларына шалдығады.
Семіздіктен адам бойындағы ет пен терінің арасындағы қан тамырлары қысылып, қан айналымына үлкен кедергі жасайды. Сол себепті, әсіресе қанды бойға тарататын «насос» қызметін атқаратын жүрекке үлкен күш түседі. Семіз адамның жүрегін де май басады, сондықтан да қысылып, қан айналымы нашарлайды, осыдан келіп, әр түрлі қысылмалы — стенокардия, инфаркт сияқты — жүрек аурулары пайда болады. Сондай-ақ ми жасушаларының да жұмысы нашарлайда, атеросклерозға шалдығып, адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды.
Кейінгі жылдары, адам организмі есейіп жетілген сайын, гипофиз «кәрілік гормонын» бөліп, оны қан арқылы денеге тарата бастайтыны анықталады. Алайда американдық ғалым Денкльдің дәлелдеуінше, тамақты мөлшерден асырмай тарта жеу арқылы да «кәрілік гормонының» организмге таралуын тежеуге болады екең. Демек, мұның, әсіресе, жасы ұлғайған адамдар үшін айрықша маңызы бар.
Осы жерде айта кететін бір жайт: соңғы 70—80 жылдың ішінде біздің тек менталитетіміз бен психологиямыз ғана өзгерген жоқ, сонымен қатар ішіп-жейтін тамағымыз да еуропашаланып, өзгерді. Зауыт-фабрикадан шыққан, рафинадтанған және қолдан жасалған, шайнамай, ауызға салып, қылғыта беретін тамақтар көбейді. Ас қорыту жолдарының медицинада дәлелденген екі негізгі жауы бар: тым бапталған (рафинадталған) тамақ және «кернеу жүйесі». Ұсақталған, жұмсақ тамақ ішек қабырғаларындағы ферменттердің бөлінуін нашарлатады және бұлшықеттерінің жаттығуын төмендетеді. Функциясын жоғалтқан кез-келген организм бірте-бірте әлсіреп, ауруға шалдығатыны физиологиядан белгілі. Сонымен қатар ұзаққа созылған жағымсыз эмоциотармен немесе стресстермен ұштасқан психикалық күш түсу, екі бөлімнің, көбінесе орталық жүйке жүйесімен байланысқан асқазан және тоқ ішектің жүйкелік реттеуіне кері әсерін тигізеді. Бұл фактор, әсіресе, өте балтаған ас ішкеннен кейін білінеді.
Ішектер атониясы деп аталатын бұлшықетгер жаттығуының нашарлауына байланысты, оның перистальтикасының (қимыяының) әлсіреуі тоқ ішекке жиналатын индол, скатол сияқты улы заттардың (токсиндермен) организмді уландырлғанына, зиянды микробты флораның дамуына әкеліп соқтырады.
Біздің асқазанымыз бен ішектеріміздің кез келген түрпілеу, қатты тамақтың бәрін қорытуға қабілеті бар. Сондықтан, егер «жоғарыдан» немесе жоғары жүйке жүйелерінен олардың реттеуі бұзылмаса, олар өз қызметін ойдағыдай атқара береді. Ішек-қарынның қызметін, негізінен, вегетативті жүйке жүйелері атқарады.
Қандай тағамдарды қалай пайдаланған жөн? Енді осыған тоқталайық. Осы уақытқа дейін тамақтар қуатына қарай топқа бөлінетін. Ал сонғы ғылыми жетістіктердің нәтижесіңде, тағамдарды оның құрамындағы адам организміне өте қажет зат алмасу үрдістерін жақсартатын биологиялық заттарына қарай бөлудің тиімділігі айқындалып отыр. Ондай биологиялық заттар биосинтез кезінде организмдегі қажетті химиялық қоздырғыш заттарды, атап айтқанда ферментгерді, гормондарды және жүйке жасушаларының бойымен жүретін жүйке тітіркенулерін өткізетін медиаторларды түзуге қатысады. Асқа пайдаланылатын тағамдардың химиялық құрамын осылай тексер
12345
скачать работу

Оқушылардың денсаулығы басты назарда

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ