Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Оқушылардың денсаулығы басты назарда

үлкен асқа дайындаған. Ал негізгі тамағын (қазіргіше кешкі асты) күн батпай тұрып (күн батардан бір-екі сағат бұрын) ішетін болған. Себебі, күн батқаннан кейін желінген ас жақсы қорытылмайды. Өйткені тәуліктің адам организміне әсер ететін уақыттары бар (биоритм қағидасы бойынша). Күн батқаннан кейін бүкіл табиғат мүлгіп, ұйқыға бет алған кезде адам организмі де табиғаттың ырғағымен демалуға талпынады. Мұны организмнің өзі де «айтып» отырады: тәбет болмайды, ас батпайды. Мұны табиғатпен біте қайнасқан көшпенділер жақсы білген. Біздің біріміз біліп, көбіміз біле бермейтін қарапайым қағидаларды ата-бабаларымыз бұрыннан білген, олар үшін қалыптасқан жайт — табиғи ілім ретінде келген. Осы кездері біз еуропалық «өркениеттің әсеріне беріліп, табиғилыққа қарсы шықтық, соның салдарынан организмді өзіміз уландырып жатырмыз.
Кейінгі жылдары байқасаңыздар, диетологтар да бұрынғыдай «кешкі асқа бір стақан айран немесе сүт қана іш» деп ақыл-кеңес бермейді. Ал иогтар «таңертең ұйқыдан ояна салып, бір стақан салқын су ішу керек» дейді. Қазір әсіресе шығыстың медицинасымен танысқан соң, көп нәрсеге көзіміз ашылды.
Ішкі организмдердің барлығы, соның ішінде ас қорыту ағзалары да орталық жүйке жүйесіне аса бағына бермейтін — вегетативтік жүйке жүйелері арқылы өз қызметгерін атқарады. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері арқылы барлық ішкі организмдердің (жүректің, қан тамырларының, асқазанның, ішектің, т.б.) қызметтері іске асырылады. Ішіп-жеген тамағымыздың қорытылу патогенезі бойынша түнде адам ұйықтаған кезінде барлық ішкі организмдер де дем алып, өзінің қызметін азайтады. Тек қана парасимпатикалық жүйке жүйесі немесе вагус жүйкесі (X пар жүйке) ғана өз жұмысын тоқтатпайды. Вагус жүйкесі ұйықтамайтын жүйке (блуждающий нерв) деп тегін аталмаса керек. Аурудың көпшілігінің түнде қозатыны да сондықтан. Симпатикалық жүйке жүйесі адам ұйықтағанда толық дем алады, бұл кезде асқазанның ас қорыту сөлі де бөлінбейді. Бірақ адам ұйықтағанда вагус жүйкесі жұмыс істейтіндіктен, ас қорыту үрдісі де баяу (жүректің баяу жұмыс істейтіні сияқты) жүре береді. Таңертең адам ұйқыдан оянып, жуынып — шайынып, дастарқанға отырғанда, әдетте, асқа тәбеті болмайды, кейін тіптен «жүрегі айнып», ас батпайды. Оның себебі — таңертең адам ұйқыдан ояна салысымен симпатикалық жүйке жүйесі де өз қызметіне толық кіріседі. Бірақ асқазан сөлінде болатын тұз қышқылы қорытатын зат болмағандықтан, асқазанның ішкі қабырғасын күйдіреді. Сондықтан асқазанның қабырғасының еттері жиырылып, адамның тәбеті болмай, ас батпайтындығы сондықтан. Сол себепті де кешке жақын, лажы болса күн батпай тұрып тамақ жеген дұрыс және таңертең ұйқыдан ояна салысымен бір стақан су ішкен жөн. Ішкен су асқазанның сөлін залалсыздандырып, асқазанды және ішектердің қызметін жақсартып, адамның төбетін ашады. Сонымен қатар ас қорыту сөлінің құрамында болатын тұз қышқылының әсерінен асқазанның ішкі қабырғасының күюін болдырмай, гастрит пен асқазан жарасынан алдын ала сақтайды.
Сондықтан біздің ата-бабаларымыздың негізгі асты кешке қарай, күн батпай тұрып ішкені де дұрыс екені дәлелденіп отыр. Бірақ, әсіресе ұйқыға жатар алдында асқазанға көп күш салмаған дұрыс. Сонымен қатар бір-біріне сәйкес келмейтін астарды араластырмай тамақтанған жөн. Сонда ғана шын мәнінде «ас — адамның арқауы» болады.
Балласты заттар. Не себепті етті тағамдарға қарағанда көкөністерді тамаққа көбірек пайдалану қажет? Себебі көкөністерді тамаққа пайдаланғаңда олардың құрамында асқазан мен ішектерде қорытылмай қалатын «балласты» заттар — клетчатка мен пептиндер мол болады. Ол заттардың адам организміне тигізер пайдасы орасан зор. Ішек-қарында ас қорытылу үрдісінде (әсіресе етті тағамдар мен көмірсулары көп, сәйкес келмейтін тағамдарды араластырып жегенде), ферменттер мен ас қорыту сөлдерінің әсерінен, әртүрлі улы заттар мен газдар бөлінеді. Осы улы заттар етті тағамдар мен көмірсулы тамақты жиі пайдаланатын адамдардың асқазандары мен ішектерінің жұмыстарын нашарлатады, гастрит және колит (тоқ ішектің қабынуы) сияқты ауруларға душар етеді. Сөйтіп, тоқ ішектің қызметі бұзылып, үлкен дәреті жүрмей қиналады. Ол бірте-бірте геморрой ауруына ұласады. Онымен қоймай, қанға сіңген ішектегі улы заттар адам организмін уландырып, бауырдың, мидың, жүректің және бүйректің жұмысын нашарлатып, әр түрлі кеселдерге душар етеді. Ал енді, керісінше, көкөністерді тағамда жиі пайдаланғанда, жоғарыда айтылған «балласты» заттар- ішек-қарында мол жинақталып, ондағы улы заттар мен газдарды өз бойларына сіңіреді де, ішек-қарынның ішек рецепторларын қоздырып олардың жиырылып-созылу (перстальтикалық) қабілеттерін жақсартады және қорытылмай қалған зиянды заттарды ішекпен тез жылжытып, сыртқа шығуын жылдамдатады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған ішектердегі улы заттар мен газдарды өз бойына сіңіріп, организмді уландырудан және ішектің шырышты қабын да уланып-бүлінуден сақтайды.

ДЕНСАУЛЫҚ МОНИТОРИНГІ
Денсаулық — адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін немесе орны толмас асыл қазынасы.
Біз, болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет. «Дені сау адам — табиғаттың ең бағалы туындысы» деп Т.Корлейль атап көрсеткендей табиғат төрінен жоғарғы сатыда орын алған біздерде тек күшті денсаулық болу керек. Егер 6-9 сынып оқушылары өз денсаулық деңгейлерін өздері анықтап, бағалап сол деңгейлеріне арналған жаттығулармен үнемі шұғылданып, емдік гимнастика, фитотерапиямен бірге жүргізсе, салауаттылық өмір саптын сақтаса жылма-жыл денсаулық деңгейлері жоғарылап, нағыз салауатты адам қатарына қосылады.
Елімізде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, экономикалық және саяси дағдарыстар мен қоғамда болып жатқан елеулі және табиғи өзгерістер, атом мен өндірістің дамуы адам ағзасына әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазіргі кездегі Адам-Табиғат-Қоғам тізбегі мәнінің өзгерісі мен бұзылуынан адам денсаулығының нашарлауы да байқалады. Барлығымызға ой салатын мәселелердің бірі — орта экологиясының бұзылуы, адам денсаулығына кейбір технологияның және басқа да факторлардың әсер етуі болып отыр, осындай салдар әсерінен адамның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік қасиеттері мен денсаулығының бұзылуына әкеп соғады. Көптеген жағдайда денсаулықтың бұзылуы осындай әсерлер көзінде адамның өзін-өзі дұрыс ұстай алмауы әсерінен туындайды. Атап айтсақ: ішімдіктерді қолдану, есірткі және таксикомандық заттарды пайдалану, темекі шегу, насыбай ату т.б. Сондай-ақ жасөспірім денсаулығына күнделікті күн режимін дұрыс құрмау, демалыс уақытын дұрыс пайдаланбау, таза ауамен демалмау, ой және дене еңбегінен кейін ағзаны дұрыс дем алдырмау, дұрыс тамақтанбау, психологиялық жүктеменің шектен тыс көбеюі немесе стресс жағдайынан шыға алмау т.б. барлығы кері әсерін тигізері сөзсіз. Адам денсаулығын дұрыс сақтау жолында тұрған ең басты мәселе, оларды салауатты өмір сүруге және денсаулық үшін күресу жолдарын үйрету, яғни өз денсаулығының нағыз қожасы болу, оны сақтау және нығайту жолдарын білу деп айту да қиын.
XXI ғасыр азаматы — білімді, яғни жоғарғы санатты, техниканы толық меңгерген, білікті, жан-жақты маман болуымен қатар, салауатты өмір салтын сақтайтын жоғары парасатты болуы тиіс.
Қазіргі кезде жас жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты бүкіл оқу-тәрбие жүйесін валеологизациялау қажеттілігі туындап отыр. Өйткені валеология — жас шәкірттің өз сана-сезімін, өз денсаулығын, өз психологиясын және өзінің ғана жан дүниесін зерттеуші ғылым. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығының 10% — дәрігерлік көмектен, 15% — тұқым қуалаушылықтан, 25% — қоршаған ортадан, ал 50% — адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.
Барлығымызға белгілі өткен ғасырдың 90-жылдарынан басталған еліміздегі экономикалық және экологиялық жағдайлардың құлдырау салдарынан, еліміздің әлеуметтік жағдайы, мәдени, адамгершілік қасиеттері күрт төмендеп кетті.
Ал бұл жағдайлар адамның денсаулығының да нашарлауына үлкен әсерін тигізді, соның нәтижесінде туылған балалардың 15% , ал мектеп бітірушілердің 4% -ның ғана денсаулығы жақсы болған, 2000-нан астам ауру түрлері пайда болған, азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмек сапасы күрт төмендеп кетті. Халықтың әлеуметтік жағдайы өзгерді. Жұмыссыздық өсті, ауылдар жаппай жабылу хапінде тұрды, мәдениет пен әдебиет ошақтары мен мектептер мен спорттық мекемелер жабылды. Ал, бұл жағдайлар жастар мен жасөспірімдер сондай-ақ ересектердің ерте ішімдікке, төмекі шегуге, нашақорлыққа, баруға тура жол салып, өз өміріне деген мағынасыз көзқарас тудырды. Қоғамда ұрлық, кісі тонау, сияқты кері жайттар тек жағдайы нашар отбасында ғана емес, жағдайлары жақсы отбасында да орын алды. Бұл өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан алынған мысалдар. Шүкір, қазір экономикалық, экологиялық қалыпқа келу, әлеуметтік жағдайдың да жақсарып қалғаны да шындық. Бірақ, денсаулыққа кері әсер етуші факторлар осылармен шектеле ме? Күнделікті теледидар компьютер алдында шектен тыс көп отыру жасөспірімнің тек психикасына ғана әсер етіп қана қоймайды, көз ауруына, күні кешке дейін құлақтарына іліп алып жүретін арзанқол магнитафон ызыңы — құлақ, бас ауруына, аз қозғалу немесе гиподинамия — жүрек, қантамыр, жүйке ауруына, дұрыс тамақтанбау — асқорыту жүйесінің түрлі ауруына т.б. әкеп соғып жатыр.
Осындай келеңсіз жағдайларды азайту немесе жою мақсатында жасапынған зерттеу жұмыстарында диагностика, компьютерлі диагностика, сауалнамалар, тест жұмыстары жүргізіліп алынған материалдар жүйелі түрде қорытындыланды.
Зерттеу жұмыстары интернат жағдайында аса қымбат құралдармен емес, күнделікті өмірде медициналық кабинеттерд

12345
скачать работу

Оқушылардың денсаулығы басты назарда

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ