Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Оқушылардың денсаулығы басты назарда

удің нәтижесінде мамандар тағамдардың жалпы тағамдық (барлық пайдалы жақтарын ескеріп) құнына/қуаттық немесе калориялық құнына және биологиялық құндылығына байланысты үш топқа бөлетін болды. Мұндай топқа бөлу несімен тиімді? Осы арқылы соңғы жылдары организмге тек қана калория беретін, ал витаминдерден, микроэлементтерден және тағы басқа пайдалы заттардан жұрдай — қант және тағы басқа кондитерлік тағамдар сияқты «бос калориялы» заттар белгілі болды. Ал арақ пен шараптарда адам организмін уландыратын улы калория да болатыны анықталды.
Сондай-ақ үнемі бірыңғай тағамдармен тамақтану немесе астағы организмге керекті тағамдық (нәруыз, көмірсу, май, микроэлементтер мен витаминдер) заттардың кейбіреулерінің үнемі жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы әр түрлі тамақтан пайда болатын алиментарлық ауруларға шалдықтырады. Сол үшін асқа пайдаланатын тағамдардың құрамын үнемі өзгертіп отырған жөн.
Енді біздің қазақ халқының ең көп жейтін тамазғы — етке тоқтала кетейік. Ет туралы ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Натуропаттардың еттен жасалған тамаққа өте қарсы екені бәрімізге белгілі. Олар көкөністермен жасалған тағамдарды ғана асқа пайдалануды жөн көреді. Ал Ф. Энгельс: «адамның эволюциялық даму кезінде, әсіресе оның миының толықсып жетілуіне еттен жасалған тамақтардың көп пайдасы болды.,.», деп жазды.
Ғалым А.И. Андрианов мынадай тәжірибе жасады. Әр түрлі жәндіктерді екі топқа бөліп, бір тобын үнемі құрамына 46% , ал екінші тобын — 6% қана нәруыз бар тамақтармен қоректендіреді. Біраз уақыт өткен соң бірінші топтағы нәруызды көп қабылдаған жәндіктердің баяу қимылдайтындарын байқайды. Ал, керісінше, нәруызды аз қабылдаған екінші топтың жәндіктері жылдам қимылдайтын, сергек қалпында сақталған. Ғылым академиясы тамақ институтының тұжырымы бойынша, адам организміне күн сайын 80—100 грамм ғана нәруыз жеткілікті екен. Профессор Н.А. Капланский: «Әр организмге керекті нәруыздар сол организм қабылдаған тағамдардағы нәруыздардың арзымайтын бөлігінің аминқышқылдарынан ғана түзіледі. Ересек адамдарда бұл, әдетте, ішкен тамағымен келген аминқышқылдарының түкке тұрмайтын бір бөлігінен ғана құралады, ал қалған артық нәруыздар мен аминқышқылдарының көпшілігі сол адамның бауырында, буйрегінде және аздап болса да ішектерінде өз қасиетін жояды», деп жазды. Қорыта келгенде, тіршілік үшін адам организміне шамалы нәруыздың өзі ғана жеткілікті. Әрине, нәруыздың күнделікті мөлшері әрбір адамның жасына, істейтін қызметіне қарай өзгеріп отырады. Әлі де жетілмеген жас организмдерге және ауыр қол еңбегімен айналысатын адамдарға тамақтың құрамындағы нәруыздың мөлшері күнделікті мөлшерден (80—100 г) кем болмағаны жөн.
Нәруыздың биологиялық қасиеті оның құрамындағы аминқышқылдарына байланысты. Тағамдағы нәруыздардың құрамы, адамның өзінің бойындағы нәруыздарының құрамына неғұрлым ұқсас болса, олардың биологиялық қасиеті де соғұрлым жоғары болады. Ас арқылы келетін нәруыздардың құрамында аминқышқылы жетіспесе, организмде нәруыз синтезі бұзылады және басқа да кері үрдістер жүреді. Оның әркелкілігі сол аминқышқылдарының әрқайсының адам организміне тигізер әсеріне байланысты. Мысалы, сүттің не ірімшіктің құрамында мол болатын метионин аминқышқылы зат алмасу үрдісінде пайда болатын улы заттардың уын жойып, залалсыздандырып, адам организмінің қызметін жақсартады, бауыр циррозымен ауыруынан сақтайды.
Адам организмі етті тағамдарды шамадан тыс көп қабылдаса, әсіресе аз қимылдайтын адамдарда, зат алмасу үрдісі бүзылады. Оның организмінде зәр қышқылы сияқты улы заттар мөлшерден көп түзіліп, одан әр түрлі тұздар тізбегі құралады. Соның зардабынан өтте, бүйрекге тас қиыршықтары пайда болып, буын-буынға тұздар жиналады, яғни буын-буын сырқырап ауырады немесе бүйрегі не бауыры түйнеп ауыратын болады. Мұндай сырқаттар етті мөлшерден көп тұтынатын адамдардың арасында жиі кездеседі. Ал, керісінше, жеміс-жидекгерде және көкөністерде зәр қышқылын түзетін пурин негіздері болмайды.
Соңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың қорытындысы мынаған көз жеткізген шығар. Күнделікті тағамдардың құрамында май жетіспесе, организмдегі нәруыздың синтезі нашарлайды да, жас организмнің өсуі төмендеп, әр түрлі ауруларға қарсы күресу қабілеті төмендейді екен. Тамақтың құрамындағы майлардың адамның ми қыртыстарына да пайдалы әсері бар екені дәлелденді.
Бір күнде әр адам салмағының әр килограмына орта есеппен 0,6—1,0 –грамнан май жеуі керек екен. Мысалы, салмағы 70 кг тартатын адамның күнделікті тамағының құрамында 60—70 г май болуы тиіс. Мәскеудегі бір медицина институтының тамақ гагиенасы кафедрасының меңгерушісі, профессор К.С. Петровский былай деп жазады: «Әрине, тамақтагы майды тарта пайдаланган жөн, бірақ… осы уақытқа дейін «атеросклероз ауруына соқтырады» деп жүрген майларымыздың құрамында, керісінше, атеросклерозга қарсы тұратын ерекше заттар бар екені анықталды. Сол себепті, кәбірек пайдаланып, мал майы мен сары майды аз жеу керек дейтұғын «ақыл-кеңестердің» терістігі дәлелденіп отыр. Тамақ институтының ұйғарымы бойынша, күнделікті асқа пайдаланатын тағамдардың құрамында мал майы мен сары май көкөніс майымен салыстырғанда, екі еседей мөлшерде көбірек болғаны жөн. Өйткені тамақпен бірге майда жақсы еритін витаминдер организмге тез тарайды. Әсіресе зойтун майын тамаққа пайдаланған тиімді».
Енді тамаққа күнделікті пайдаланатын көмірсуларға көшейік. Оның ең басты рөлі — организмнің күш-қуатын сақтау. Сондықтан көмірсудың қажет мөлшері адамның күнделікгі қимыл-әрекеттеріне байланысты. Ауыр «қара жұмыс» істеп, көп қимылдаса, тамақтағы көмірсулардың мөлшерін көбейту керек те, керісінше, қимыл-әрекет аз болса, азайтқан дұрыс. Қазір ғалымдар бұған көп көңіл бөліп отыр. Себебі таза көмірсуға күнделікті өзіміз шайға салып ішіп жүрген қант жатады. Соңғы жылдардағы ғылыми деректерге қарағанда, қанттың адамға пайдасынан гөрі зияны көбірек екен.
Ағылшын ғалымы Дж. Юткиннің қант туралы: «Таза, аппақ және қатерлі» деген кітабы жарық көрді. Сол кітабында ғалым қанттың адам организміне тигізетін зияны, мөлшерлеп пайдаланбаған жағдайда жүрек пен қан тамырлары ауруларына әкеліп соқтыратыны туралы тәптіштеп жазған. Қанның құрамында қанттың көбейіп, адамның қант диабеті ауруына ұшырауының, шамадан тыс семіріп, салмағының өсіп кетуінің сыры да осында. Тамақ институты ғалымдары мұның тіпті миға немесе орталық жүйке жүйесіне де тигізетін кері әсерін анықтады.
Алайда бұдан қант мүлдем зиянды деген ұғым тумаса керек. Оның адамның бұлшықеттерін және бауыр, жүрек еттерін қоректендіретін гликоген түзу үшін қажет екенін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ қант орталық жүйке жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуі үшін де қажет. Егер біз бұрынғы ата-бабаларымыздың қалай тамақтанғанын зерттеп, ой жүгіртетін болсақ, сол кездегі адамдар мен қазіргі адамдардың тамақтануында жер мен көктей айырмашылықтың барын байқаймыз. Бұған соңғы кездері жарық қөрген диетолог-ғалымдар Г.П. Малаховтың «Здоровое питание», профессор Шаталованың «Правильное питание» және Э.А. Степановтың «Раздельное питание» деген ғылыми кітаптарымен танысқанда көзіміз жетті. Аталған авторлардың ұсынған диетасы бойынша, ағарғанды, мәселен сүтті, ешқашан басқа (шай және кофе сияқты) нәрсемен қосып ішуге болмайды. Сүтті сүт күйінде ішу керек. Сондай-ақ, айранға нан турап ішуге болмайды және құрттың да құр өзін жеу керек. Соңғы кездері біздің дастарқан мәзірінде бал қосып, әр түрлі тағам жасау орын алды. Ал температуралық өңдеуден өткен бал өзінің табиғи құндылығынан айырлатыны ғылыми түрде дәлелденген. Ондай балды жеген адамның организміне ол у сияқты әсер етіп, қорытылмайтын, керексіз және зиянды затқа айналады. Балды да бал күйінде нанмен қосып жегенде организмге пайдалы әсері зор болатыны белгілі болып отыр. Сондықтан дастарқан мәзіріндегі чак-чак, бал торттарының және басқа балдан жасалатын тағамдардың денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны басым екенін білген жөн.
Диетологгардың пікіріне жүгінсек, біз көбінесе тамақты оңды-солды араластырып ішіп-жеп, ауру-сырқауды өзіміз тудырып алатын сияқтымыз. Ал шыныңда, бір-бірімен сәйкес бола алмайтын тағамдар адам организмінде іру-шіру үрдістерін туғызып, ас қорыту жолдарында улы заттар (токсиндер) түзіп, ас қорыта алмайтын комплекстердің пайда болуына жағдай жасайды екен. Сол комплекстер қан тамырлары арқылы бүкіл денеге тарап, әр түрлі аурулардың келіп шығуына себепші болады, яғни организмді зақымдайды. Аурудың көпшілігі осыдан туындайды.
Тағамдардың бір-бірімен сәйкес келу-келмеуі деп нені айтамыз? Барлық тағамның құрамы, жоғарыда айтқанымыздай, нәруыз, көмірсу (крахмал) және майлардан тұратыны белгілі. Осылардың ішінде нәруызды заттар мен крахмалдық заттар ешқашан бір-біріне сәйкес келмейді. Сол себепті нәруызды тағамдарды крахмалмен бірге қабылдауға болмайды.
Осыған қатысты, ұлттық дастарқандағы басты тамағымыз туралы айтатын болсақ, етті қамырмен қосып жеуге болмайды екен. Өйткені қамыр — крахмал, ал ет — нәруызды тамақ. Сол себепті ас дұрыс қорытылмағандықтан, организмге өзінің ауырлығын түсіреді. Сонымен қатар қажетсіз нөрсеге айналып, организмді уландырады. «Батпайтын ас — жеген кісінің өзін жейді» дегенді шығыстың ғалымы Абдуль Фарадж осыны білгеннен жазса керек. Тағы да ата-баба салтына жүгінбеске амал жоқ. Ас дүрыс қорытылу үшін баяғы аталарымыз сияқты, ештеңе қоспай, еттің құр өзін жеу керек, қосқымыз келсе, сәбіз, капуста, помидорды (яғни крахмалсыз көкөністер мен жемістерді) қосып жеуге болады. Ал қамыр мен картопты араластыруға әсте болмайды. Өз тәртібімен желінген астың организмге пайдасы зор. Міне, ата-бабалар дәстүрі қайда жатыр.
Осы ретте тамақты қай кезде жеу керек деген мәселені де қарастыра кетсек дейміз. Қайтадан ата-бабамыздың тамақтану мәдениетінс зер салсақ, олар таңертеңгісін ауыр (күшті) тамақ жемеген. Жеңіл-желпі сүт, айран, кейінгі кездері шай ішіп, организмін
12345
скачать работу

Оқушылардың денсаулығы басты назарда

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ