ПАТЕНТТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ТАУАР
ТАҢБАЛАРЫН ҚОРҒАУ
1. ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІМЕН МАЗМҰНЫ
Қазіргі танда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен енді-еңді баскөтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл-ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы кұрамында болып селген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының дамубағытын «нарықтық» деп 1993 жылғы, одан кейін 1995 жылғыКонституцияларыңдабекітті.
Жоғары деңгейдегі шетелдік инвестиииялар мен ішкі жи-ғаютары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалык всу «Қазақстан-2030» стратегиясының маңызды ұзақ мер»зімді басымдықтарынынбірі.
Бүгінгі тандағы білімге негізделген экономикада зияткерлік актэівтер негізгі валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық өсудің карқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық базасын құруға ыкпал ететін зияткерлік меншікті қоргаудың дамуынсыз мүмісін емес.
Бұл Елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмалары және «Казақстан Республикасының индустриалдық-инновациялык дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын» іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және саудада ең қолайлы жағдайларға қол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралык сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудың қажетті шарттары мен кепіл-діктерініңбірі.
Сондыктан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік құқық-тарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байла-нысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын корғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкіметі мен ДЗМҮ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият — бұл елдің маңызды және ешкашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек қана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте1.
Нарықтық экономикада кандай да бір кәсіпкердің алдыңда тұратын мәселе - тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлердің қазіргі танда «ұлттық өндірушіні қорғау және қолдау - өндірушінің өз қолымен» деген ұранды үстауы - ма-ңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай корғанудың бір жолы бо-лып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялык қызметті дамытуы табылады.
1992 жылы 24 шілдеде Қазакстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды.
Өнертабыстар мен өңдірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға моно-полиялык құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігіретінде алды. Монополиялык күкықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың кұкықтарын және заңнаманың нормала-рын бұзбай патенттік кұкық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Кұқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994 жылы экономикалық кұқықтық қатынастарды реттеудің негізі болып табылатын Казақстан Республикасының Азамат-тык кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы «интеллектуал-дық меншікті» құқықтың жеке объектісі ретінде қарастыру, теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс ар-қылы интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне «ерек-ше құқық» бекітілді.
Казақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге ыңғай-лы, тұтынушыға қолайлы, жаңалыкты дамытатындай, яғни ма-ғынасы жағынан жай, рәсімдеу төлемі арзан, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы, патенттік құқықты қорғаудың жеңіл жоддары бар, халықаралық патенттік жүйенің талаптарына сәйкес келетін ұлттык патенттік жүйесін қалып-тастыруға мемлекетіміздің кұрылуының алғашқы күндерінен-ақ жағдай жасауда.
Қазіргі танда жоғарыда көрсетілген жағдайлардың тек кей-біреуі ғана көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жыддан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992—2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Казіргі кезде ұлттық және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент пен патент бар1.
1. Патенттердің саны көбейген сайын пайда табуға талпын-ған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған.
Ендеше санаткерлік меншік дегеніміз не? Бүл сауалға халық-аралық, сонымен катар, еліміздің заңнамаларынан да толык қамтылған жауап алуға болады. Қазақтан Республикасы қаты-сушы болып табылатын Бүкілдүниежүзілік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы (БИМҮ) Конвециясының 2-бабында
«Интеллектуалдық меншіктін» әдеби, көркем және ғылыми шы-ғармаларға, әртістердіңорындаушылықкызметіне, дыбыс жазу, радио жөне теледидар хабарларына, адами қызметтің барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаңалыктарға, өнер-кәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар мен коммерциялык көрсеткіштерге, қара ниетті бәсекелестікке қарсы корғану, сондай-ақ өндірістік, ғылыми, әдеби және көркемөнер салаларыңдағы интеллектуал-дық кызметке қатысты өзге де барлык күкыктарды қамтитыны атап керсетілген. ҚР АК-нің 961-бабында жүйелендірілген тізілім берілген.
Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмыска «интеллектуалдық меншік», «онеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді.
Егер озгерістердің мәніне қысқашатоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына енеркәсіп меншігі объекті-лерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік онертабыс құқығының негізгі ерекшелігі — өнертабу-шы автор оз қүқығын, көбінесе, авторлык куәлікпен ресімдей-тін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша жал-ғыз Мемкомонертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы онерта-бысты оз иелігіне жаратып жататын.
Енді қүқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан онертабыс-ты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмай-ды. Құқық иеленушінің рүксаты, кебінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға қо-йылған. Бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК-нің 125,964-баптарымен бекітілген.
Сойтіп, онеркәсіптік меншік объектілерін қүқыктық қорғау принциптері түбірімен озгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті1.
1992 жылы Үлттық Патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырды (явочно-проверочную) және онын қүқыктык реттелуін Қазақстан Республикасының Патент За-ңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Закавказьенің көптеген тәуелсіз мемлекеттері және Украина да колдады.
Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сарап-тама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің келімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формалды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігінде көрінеді. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 22-бабы формалды сараптама кезінде қажетті дәлел-демелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақ-талуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық қорғау беріле-тін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді.
Патент мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін бері-леді. Оның жүргізілу барысында өтінім берілген шешімнің па-тентке қабілеттігі талаптарына сәйкестігі анықталады2.
Өнертабыс пен онеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен па-тент және пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсінігімен бірігеді.
Қазақстан бір әнертабысқа екі қорғау құжаты - занды са-рап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасады.
Бұл екі қорғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Респуб-ликасы) және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа ал-дын ала өтінімнің патент ведоствосына берілген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.
Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өті-ніші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірак үш жылдан аспауы керек.
Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патент етінімнің па-тент ведоствосына берілген күннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнеркәсіптік үлгіге патент — он жыл бо
| | скачать работу |
Другие рефераты