Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау

а ұсыныс өнертапкыштық деңгей талабына жауап бермейді.

    Шығармашылық бастау болуы жағынан өнертабысты баға-лау «шығармашылық» түсінігінің субъективті болуынан қиын-ға соғады. Себебі, өнертабыстың патентке қабілеттігінің аясын-да туындайтын даулардың көбісі осы критерий бойынша туындайды.

   Өнеркәсіптік қолдануга жарамдыяыгы. Қазақстан Республи-касы Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер әнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтің басқа да салаларында пайдалануға болса, онертабыс өнеркәсіпте пай-далануға жарамды деп танылады.

Өнертабыстың өнеркәсіптік қолданылуын тану үшін келесі талаптардың жүзеге асуы қажет:

- өтініш материалдарында өтініш берілген өнертабыс объек-тілерінің мақсаты көрсетілуі тиіс;

 

—  өнертабыс формуласында сипатталған түріндегі өнерта-
быстың жүзеге асырылуы мүмкін болатын құралдар мен әдістер
өтініш материаддарында көрсетілуі тиіс (өтініш материалдарын-
да ондай мәліметтер болмаса, өнертабыс басымдық алған күнге
дейін дүние жүзіне жалпы жұртқа мәлім болған қайнар көзде
көрсетіле алады).

—  өтініш беруші көрсеткен онертабыс мақсаты шын мәнінде
жүзеге асырылуы мүмкін болуы.

   «Өнеркәсіпте қолдануға жарамдылық» түсінігі кең мағына-да қолданылу қажеттілігін атап өту қажет, ол қандай да бір тех-никалық шешімді пайдаланудың максимальді тиімділігін мең-земейді. Аталған критерий міндеті мен мәні онертапқыштық қызмет салаларының біреуінде қолданылудың қағидалық мүмкіндігін корсету.

    Өнеркәсіпте қоддану жарамдылығы талабының негізгі мәні белгілі бір материалдық құрал түрінде техникалық шешімді жүзеге асыру, сонымен қатар, аталған онертабыс арқылы өтінім беруші көрсеткен техникалық шешімге жету, жетпеуін анықтау мүмкіндіктерін тексеру болып табылады. Жаңашылдық және өнертапқыштық деңгей критерийлеріне қарағанда, енеркәсіпте қоддануға жарамдылығы техника деңгейі мен ба-сымдық күнімен тікелей байланысты болмаса да, қатысты.

   Заттың аса маңызды қасиеттерін көрсететін белгілер елеулі болып табылады. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне, атап айтканда, формуласы бойынша пайдалы модельді кұқықтық қорғау көлемін анықтау кезінде дара ақпараттың мәңдік маңызы бар және оның қажеттілігі пайдалы модельді қолдану кезінде техникалық нәтижеге жету үшін қалған елеулі белгілермен өзара байланыста жеткіліктігі туралы бір мәнді ақпарат беретін белгі елеулі болып табылады.

   Пайдалы модель елеулі белгілерінің жиынтығы техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса, оған кұқыктық қорғау беріледі.

   Өнертабыстар техника деңгейіне карағанда, пайдалы модель үшін техника деңгейін анықтауда екі ерекшелік бар.

   Бірінші ерекшелік — техника деңгейі туралы мәліметтер пай-далы модельге басымдық берілген күнге дейін жұртқа мәлім болған, арыз беріліп отырған пайдалы модель мақсаттас құрал-дар дүние жүзінде жарияланған мәліметтерді және Қазақстан Республикасында жарияланған пайдалы модельдер мен онер-табыстарды қамтиды. Пайдалы модель объектісі «Аэростат» болса, онда оны оған ұқсас объектілермен емес, аэростаттар-мен салыстыру қажет.

   Екінші ерекшелігі — техника деңгейіне мақсаттас құралдар-ды Қазақстан Республикасында қолдану туралы мәліметтер кіреді, яғни пайдалы модель жаңалығы абсолютті емес, өнерта-быстарға қарағанда әлемдік қатысты болып табылады.

Өнеркәсіптік үлгі

   Өнеркәсіптік улгі тусінігі. Өнеркәсіптік улгілер турлері.

  Қазақстан Республикасының 991-бабының 4-тармағы мен Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес бұйымның сыртқы түрін белгілейтін жаңа түпнұсқалық және өнеркәсіптік қолдануға болатын көркемдік-конструкторлық шешім кұқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады.

  Анықтамадан көріп отырғанымыздай, бұйымның сыртқы түріңде көркемдік және конструкторлық шешім болуы керек. Бір ғана құраддың қолданылуы бұйымның өнеркәсіптік үлгі болып танылуына жеткіліксіз. Бұйымның функционаддық мазмұны оның анық көркемдік нысанына сәйкес болуы тиіс, көркем және техникалық (конструкторлық) белгілерінің бір-тұтастығымен сипатталуы қажет. Сыртқы нысаны ретіңде оның пайдаланылуы мен қолданылуы процесінде тұтынушы көретін түрін түсіну керек. Оның сыртқы нысаны ішкі құрылымына және бұйымның функционалдық мақсатына сай болуы тиіс.

  Патент Заңының әрекеті өнеркәсіптік үлгінің көптеген түрлеріне тарайды. Оларға көлемді, жазық және аралас өнер-кәсіптік үлгілер жатады.

  Көлемді өнеркәсіп үлгі ретінде негізін дамыған өлшемді көлемді-кеңістіктік құрылым құрайтын композиция танылады. Мысалы: радиатордың сыртқы нысанын анықтайтын көркемдік-конструкторлық шешім.

  Жазық өнеркәсіптік үлгі екі өлшемді сызықтық түстендірілген элементтер байланысымен сипатталады. Мысалы: кілем, мата сыртқы нысанын анықтайтын шешімдер.

  Аралас өнеркәсіптік үлгі аталған екі шешімге тән белгілермен сипатталады. Мысалы: ыдыстың сыртқы түрін анықтайтын көркемдік-конструкторлықшешімдер.

 Өнеркәсіптік улгінің патентке қабілеттілік талаптары.

 Өнеркәсіптік үлгі патентке қабілеттігінің белгілі талаптарына немесе критерийлеріне жауап берсе, оған қорғау ұсынылады.

 

   Қазакетан Республикасы Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес ондай талаптарға мыналар жатқызылады: жаңашыл-дық, бірегейлік және өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы. Бұл критерийлер өтініш берілген мерзімге олардың болуын дәлел-деу және бүкіл мерзімге құқықтық қорғауды жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты тандалады. Сонымен қатар, олар әлем тәжірибесінде таралған өнеркәсіптік үлгілердің патентке қабілеттігі талаптарына сай.

  Жаңашылдық. Өнеркәсіптік үлгі бұйымның эстетикалық және эргономиялық ерекшеліктерін анықтайтын негізгі белгілерінің жиынтығы өнеркәсіптік үлгі басымдығының күніне дейін дүние жүзінде жалпыға мәлім мәліметтерде белгісіз бол-са, жаңа деп танылады. Яғни, абсолютті әлемдік жаңашылдыққа ие өнеркәсіптік үлгілер ғана құқықтық корғалады.

  Өнеркәсіптік үлгі жаңашылдығын бекіту кезінде жалпыға мәлім мәліметтермен қатар, басқа тұлғалармен берілген ерте-ректегі басымдықты өтінімдер және тіркелген өнеркәсіптік үлгі-лер есептеледі.

  Өтініш берілген көркемдік-конструкторлық шешімнің жа-ңашылдығы өтінім берілген және оның аналогтарымен таныл-ған белгілі үлгілердің, елеулі белгілерін салыстыру жолымен өнеркәсіптік үлгіні тіркеуге өтінімнің басымдық мерзіміне бекітіледі. Белгілі үлгілер функционалдық мақсаты мен елеулі белгілері жиынтығының белгілі көркемдік-конструкторлық шешімдермен толық сәйкес келуі әтінім берілген үлгінің жаңа-шыддық критерийіне сәйкес келмейтіндігін тануға және өтінім берілген үлгіні тіркеуден бас тартуға алып келеді.

  Өндірістік үлгіні тіркеуге өтініш оның ашылған мерзімінен 6 айдан кешіктірмей берілген болса, әтінім берілген үлгіге қатысты ақпаратты қоғамға ашу өтініш берілген үлгінің жаңашылды-ғына әсер ететін жағдай ретіңде танылмайды.

  Бірегейлік прототипіне қарағанда өтінім берілген үлгіге енгізілген өзгерістердің шығармашылық сипаты патентке қабілеттігінің маңызды талабы болып табылады. Өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілері бұйымның эстетикалық ерекшелік-терінің шығармашылық сипаты негіз болса, ол бірегей болып танылады. Өтініш берілген үлгіні неғұрлым жақын аналогтан айыратын елеулі белгілерін айқындау жүргізіледі. Бірегейлікті тексеру кезінде өтініш берілетін үлгінің ерекшелендіретін белгілердің шығармашылық өзіңдігі бекітіледі.

 

  Өнеркәсіптік қолдануга жарамдылыгы. Өнеркәсіптік үлгі, егер ол сәйкес бұйымды жасау жолымен бірнеше рет қайта өндіріле алса, өнеркәсіптік қолдануға жарамды деп танылады. Басқаша айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс жағдайларында шексіз мөлшер-де қайта өндірілетін үлгілер патенттік қорғау алады.

   Патенттік қорғау бірегей болып табылатын бұйымдарда қол-данылатын шешімдерге таралмайды, себебі олардың эстетика-лыққұндылығы таралымға түскен кезде жоғалады. Қайта өндіру қабілеті ерекше көркемдік-конструкторлық шешімнің патенттік-құқықтык қорғалуын қажет қылады. Бұйым қайта өндіріл-мейтін болса, оның патенттік қорғау қабілеттігі жойылады. Бұл жағдайда бұйымға авторлық құқық нормалары таралады. Өнеркәсіпте қоддануға жарамдылығын бағалау кезінде таралым-ға түсу қабілеті ғана емес, өтінімде көрстетілген немесе белгілі құралдар мен материалдар көмегімен өтінім берілген бұйым-ның жүзеге асырылуы да тексеріледі. Егер бүйымды кең масш-табта қайта өндіру мүмкін болмаса, оңда ол өнеркәсіптік қол-дануға жарамдылық критерийіне сәйкес болып танылмайды.

 Тауар таңбасы.

  Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы — бұл осы заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір занды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа занды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан ажырату үшін қызмет ететін белгі1.

 Бұл аныктамадан тауар таңбасынын басты міндеті — қандай болмасын өндірушінің (сапалық, бағалық немесе өзге сипаты бойынша) тауар немесе қызметін баска өңдірушілердің ұқсас бірыңғай тауарлары мен қызметтерінен бөлу, яғни тауар неме-се қызметті дараландыру болып табылады.

 Таңба неғұрлым көрнекті болса, соғұрлым оның иесінің оны қүқықтық қорғау, жарнама және өткізу салаларында сәттілігі үлкен болады.

 Тауар таңбасы тауарлар мен қызмет маркетингінде маңыз-ды орын алады, ол тауарлар мен қызметті көрнекті қылады.

12345
скачать работу

Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ