Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау

йы күшін сақтайды, патент иесінінетініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек.

  Патент — раtent: — мына мән-жайларды:

1) аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;

2)Авторы болып белгілі бір түлға екендігін;

3)Аталған түлға немесе оның мүрагері осы өнертабысқа ай-рықша қүқық иеленетіндігін куәландыратын қүжат. Патент оны берген ведомство мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел қүқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе оның еркі бойынша белгілі бір үйымның қол-данылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдер-де көзделген патент иесінің қүқықтарын қорғау шараларының бірі үқсас өнертабыс көрінетін бүйымдарды енгізуге жаза кол-дану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою тура-лы талап арыз қою т.б.). Патент беру әр елде оның патент қүқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар қойылады: «өнертапқыштықдеңгей», «прогрессивтілігі», «қолданылуға жарамдылығы» және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаңалығын бүл жағдайлардың кайда болғанына байла-ныссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бүзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жа-риялау мен колдану бүзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемле-кетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу колданылады1.

  Патенттеу мақсаты — сәйкес саладағы маман патент мазмү-нын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.

Патенттің негізгі қызметі — жаңалықты енгізетін түлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.

Патенттік қорғау келесі аспектілермен сипатталады:

-    қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;

—патенттік қүқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне қүкықтар кешенінің және объектіні пайдалануғаайрықша қүқықтың берілуі;

-    айрықша күқық (қорғау қүжаты) әрекетінің мерзімдік
және аумақтық сипаты;

—айрықша құқыктардың заңды шектелу мүмкіндігі.
Аталған объектілердің барлығы біздің мемлекетімізде қолданылады.

        Патентке негізделген қүқықтар мемлекеттің берген кұқықта-ры болып есептеледі. Бұндай қатынастар өзаралықпен анықта-лады. Мемлекет беріп отырған құқықтарға жауап ретінде па-тент иесі мемлекет пен қоғамға танылмай калуы мүмкін болған өнертабыс ашады. Осындай өзаралық патентті шарт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның талаптары қорғау құжа-тында емес, патент заңнамасында сипатталғандай болады.

   Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде түсінігі аса кең тараған. Патент иеленуші өзінің өнер-табысын пайдалануына айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұқсастық меншік иесінің өз құқықтарымен си-патталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі.

 

2. Патент берілетін интелектуалдық меншіктің негізгі обьектілері

Өнертабыстар

  Өнертабыс тусінігімен объектілері.

  Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан, Қазақ-стан Республикасының Патент Заңында бүл түсініктің анықта-масы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген:

—жаңалығы;

—онертапқыштық деңгейдің болуы;

—әнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімнің болуы.

Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысты мәселенің шығармашылық-техникалық шешімі ретінде анықталатын құбылыс ретінде карастыру занды. «Техникалық шешім» термині техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтама-сыз ету құралы ретінде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыка-лық аспап жасау арқылы онер; спорт көмекші кұралдарын жа-сау арқылы спорт; жаңа емдеу әдістерін, дәрі-дәрмектерді жа-сау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада қолда-нылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудің терапиялықәдістері емдеу құралдарын нақты белгіленген мөлшерде, белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір кезектілікпен және т.б. колдануды меңзейтіндіктен, бұл арқылы емдеу техникасы анықталады. Бұл мағыңада емдеу тәсілдері техникалық шешім ретінде қарасты-рылады. Осылай, өнертабыс аркылы техника, ауыл шаруашы-лық, мәдениет, білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл жерде өзге (экономикалық, әкім-шілік, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс.

  Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құрадды сипат-тайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген құралдарға тәуелді анықталады.

  Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткаларының тегі, соңдай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті жаңа мақсатта қоддану өнертабыс объектілері бола алады.

 Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтар көлемін анықтау заңмен қорғалатын онертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі үшін құқықтық маңызы зор.

Қүрылгы өнертабыс объектісіретінде. Өнертабыс объекті-лері ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жа-тады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі қүрылғы болып танылады. Бұл машиналар — мысалы, «Қар жинаушы машина»; құрылғылар — «Магнит өрісі датчигі»; механизмдер — «Шарниро-рычажный механизм».

Жетілдірілген инструмент, мысалы, «Геологиялық балға», «Қозғалмалы пышақ» немесе қандай болмасын құрал, мысалы, «Тормозное устройство для железнодорожного вагона», «Гид-равлическое устройство для удержания руля относительно рамы мотоцикла» объект — құрылғы категориясына жатқызылуы мүмкін.

Құрылғы болып колік құралдары, жабдық, құрылыстар, со-нымен қатар, әр түрлі бұйымдар танылады — мысалы, «Әмбе-бап оқу партасы». Электр схемалары да құрылғының бір түрі болып табылады.

Патенттік қорғалуға құрылғының езі ғана емес, олардың бөлек элементтері де: түйіндері, бөлшектері т.б. жатады.

        Құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструктивтік белгілермен сипатталады:

-    конструктивтік элементтердің болуы;

—элементтер арасында байланыстың болуы;

—элементтердің өзара орналасуы;

-    құрылғының немесе оның элементтерінің орындалу ны-
саны, атап айтқанда, геометриялық нысанда жасалуы;

—элементтер арасындағы байланыстың орындалу нысаны;

—элементтер параметрлері мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы;

 

-    құрылғы немесе оның элементтері жасалған материал;

-    құрылғының кез келген элементінің қызметін орындай-тын аясы;

-    техникалық шешімнің басқа түрлерімен салыстырғанда құрылғы — өнертабыс олардың фактілі түрде қолданылуына бақылануды қамтамасыз етеді. Бұл олардың кең таралуын анық-тайды.

Тәсіл өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде тәсіддерге материалдық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет ету процестері жатады. Тәсіл — белгілі бір тәртіппен немесе белгілі бір ережелерде сақтау арқылы орын-далатын әдістер жиынтығы.

Материалдық объектілерге әрекет ету процестері ретінде тәсіддерді былай бөлуге болады:

—онім (бұйымдар, заттар т.б.) ендіруге бағытталған әдістер, мысалы, «Құрылыс материалын жасау тәсілі», «Ацетилен алу әдісі»;

—белгілі бір өнім алмай материаддық заттардың жағдайы-ның өзгеруіне бағытталған әдістер (тасымалдау, реттеу, ондеу т.б.). Мысалы, «Жер өндеу тәсілі», «Электромагниттік клапан-ды басқару әдісі»;

-    нәтижесінде материалдық дүние заттарының жағдайы
анықталатын әдістер (бақылау, өлшеу, диагностика т.б.). Мысалы, «Аса таза кварцтың шыққан жерін іздеу әдісі».

  Өнімдер алу әдісіне берілген қорғау құжаттарының күші тікелей осы әдіспен алынған өнімге де таралады.

   Патенттер аурудың алдын алу, диагностика және емдеу әдістеріне де беріледі, мысалы, «Тістер кариесін алдын алу әдісі», «Артериальді гипертония диагностикасының әдісі».

        Өнертабыс объектісі «Әдіс» келесі белгілермен сипатталады:

-    белгілі бір әрекеттің немесе әрекеттер жиынтығының бо-
луы: «...тұзды ерітеді...»;

—осындай әрекеттерді уақыт бойынша орындау тәртібі (ке-
зекпен, бір уақытта, әр түрлі жолдармен т.б.). «...қышқылмен
өндегеннен кейін пленканы дистилденген сумен шаяды...»;

-   әрекеттерді жүзеге асырудың режимдері мен шарттары (температура, қысым, қуаттылығы, жылдамдығы т.б.). «...40°С-ға дейін қыздыру кезінде ерітеді...»;

-   заттар немесе материалдарды пайдалану

12345
скачать работу

Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ