Питомник және орман екпелерінің зиянкестері
Другие рефераты
Орман питомниктерінде, дақылдарындағы сүрек және бұта таужыныстарына зиян келтіретін зиян жәндіктер құрамы, сонымен қатар табиғи өскіншектер әр түрлілігімен және бір текті еместігімен ерекшеленеді. Зиян келтіруіне және өмір сүру ерекшелігіне қарап олар мынадай 2 топқа бөлуге болады: топырақта өмір сүретін зянды жәндіктер (тамырларға зиянын келтіретін) және өсімдіктердің жер үсті бөліктеріне зиянын келтіретін жәндіктер.
Бірінші топты құрайтын жәндіктер едәуір қауіпті болып табылады, өйткені олар жер астындағы жаңа ғана сепкен питомник дәндерімен, жаңа ғана шыққан тамырлармен қоректенеді. Осы жәндіктер өсімдіктің басқа да жерлеріне, сонымен қатар табиғи жаңаруынсыз дақылдарға зиянын тигізеді. Өсімдіктің жер үсті бөліктеріне зиян келтіретін қылқанжапырақпен, жапырақтармен, шырынмен, қабықпен және дің мен өркен жейтін жәндіктер тәлімдақтар мен дақылдардағы жатырлық, дендрологиялық бөлімдерде байқалады. Олар табиғи жанданғандарға да зиянын тигізеді.
Бірінші жылдары отырғызылғаннан кейін питомниктермен мен орман дақылдары осы жерде ертеректе немесе қоршауға тараған, сонымен қатар арамшөптердегі көпулы зиянкестердің жабылуына килігеді. Орманның массивтерінің ішінде немесе жанында орналасқан питомниктермен мен орман дақылдарын орман өсімімен байланысты жәндіктері зиян келтіруі мүмкін. Бұрын ауылшаруышылық қолданысындағы немесе ауыл шаруашылығының жанында өскен питомниктер мен орман дақылдарын далалық, көкөкністік, бақшалық, бақ дақылдарының зиянкестері шабуыл жасауы мүмкін. Бұл құбылыс, көбінесе қоршаған питомниктер мен дақыл территориясындағы зиянкестердің тез арада көбею жылдарында көптеп кездеседі.
Өсімдіктердің тамырын, сонымен қатар жаңа отырғызылған дәндер мен өскіншектерді бұзатын жәндіктерге шартылдақ қоңыз дернәсілдері мен басқа да тақташамұртты қоңыздар, шыртылдақтар дернәсілдері (сымқұрттар), қараденелілер мен тозаңжеушілерді (жалған сымқұрттар), бұзаубастар, ұзынсирақ-масалар, кейбір ұзынтұмсықтар және т.б.
Тамырбұзушылардың экологиялық ортасы зиянды жәндітер тобына қарсы көптеген әмбебап шараларды – жер жыртуды, культивацияны, инсектицидтерді топыраққа енгізу және т.б. ұсынады.
2-кесте – Ағаш және бұта өсімдіктерінің бірінші жылдарындағы қауіп келтіретін тамыр зиянкестерлердің шамамен минималды санының көрсеткіштері.
Дернәсілдер түрі |
Әр түрлі жастардағы дернәсілдердің бастарының ені, мм |
1 кв м саны |
І |
ІІ |
ІІІ |
Май шартылдауығы |
2,5 |
4,0 |
6,5 |
2,5 |
Маусым шартылдауығы |
1,5 |
2,5 |
4,2 |
4,2 |
| | скачать работу |
Другие рефераты
|