Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Радиохабар таратудың рөлі мен орны, міндеттері



 Другие рефераты
Әл-Фараби (870—950 жылдары) Сәкен Сейфуллин шығармашылығы Ғабит Мүсірепов «Адамның анасы» (әңгіме) Ғабит Мүсірепов «Айгүл қойшының күндері» (әңгіме)

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сөйлеу мен естудің маңызы айрықша. Осы екі қабілеттің басын біріктіріп, ақпарат тасымалына жол салған, миллиондардың санасына бір мезгілде ықпал еткен радионың негізі де табиғаттан, жаратылыстан, қоршаған ортадан бастау алады. Жапырақ сыбдыры, құстың сайрағаны, су сылдыры мен шалпылы, адам дауысы, доңғалақ сықыры, қоңырау үні, мотор шуы, музыка — мұның барлығы ауадағы табиғи тербелістердің адам қүлағына жетуі, оны сана арқылы түйсіктеуіміз болып табылады. Дыбыс адамның өмір сүруін, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, соны-мен қоса көңіл-күй сыйлайды, рухани байытады, сана-сезімін өсіреді, жаңа межелерге жігерлендіреді, күш-қуат береді, немесе жұбатады, дем алдырады, бір күйден екіншісіне көшуге көмек береді. Адам өз еркінен тыс табиғи ырғақтар (биоритм) жетегін-де өмір сүреді, соған сәйкес жүрек соғысы, тыныстауы, қабілеті мен зейіні де құбылмалы болып келеді. Бүгінгі радио адамның биологиялық, физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да ескеретін бұқаралық ақпарат құралдарының бірі де бірегейі.

Бұқаралық ақпарат құралы ретінде де радионың табиғаты осы табиғи заңдылықтар мен қарым-қатынастарға негізделеді. Жүз жылда радиожурналистика ғылымы дамып, өзінің не-гізгі ұстанымдары мен қағидаларын қалыптастырып үлгерді. Радиоақпарат таратудың табиғатына келгенде, ғылымда оның басты 3 қасиеті бірінші айтылады жэне бірауыздан мойында-лады.

Радионың бірінші табиғи қасиеті — жеделдігі. Қалыптасқан БАҚ жүйесінде бірде-бір басқа құрал мұндай жеделдікті қамтамасыз ете алмайды. Газет ақпараты оқырманына жету жолында күрделі бірнеше процесті: деректі жинау, терім, беттеу, көбейту және тасымалдауды бастан өткеріп, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейінгі уақытты қамтуы мүмкін. Телевизияда соңғы жылдары ғарыштық байланыс құралдары арқылы оқиға ортасынан тікелей хабар беру үрдісі жолға қойылды. Бірақ ол көп шығынды, қымбат техникалық құралдарды қажет ететін-діктен екі телеарнаның бірінің шамасы жетпейді, сондықтан сирек, үлкен компаниялардың ғана тәжірибесінен орын алған. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында соңғы уақытта радио тәсілін қолдану етек алып келеді, яғни тікелей эфирде телефон арқылы ақпарат беру жиі кездесіп жүр. БАҚ катарына соңғы 10 жылда қосылған Интернеттің де өзіндік шектеулері бар. Дүниежүзілік компьютерлік желіде ақпарат сайтқа орналастырылған сәттен бастап, оны кез келген шартараптан оқуға мүмкіндік туады. Ол үшін де тұтынушының ақпарат таратушы сайтын тауып, ондағы дерекке жол табуы үшін кәсіби машығы болуымен қатар іздеуге уақыт жұмсауына тура келеді. Радиожурналист болса оқиға ортасында жүріп, көрген-білгенін тікелей эфирге шығып баяндай алады. Соңғы жылдары қауырт дамып, кең қолданысқа ие болған ұялы телефондар бұл үрдіске жаңа тыныс әперді, радионың мүмкіндігін бұрынғыдан да арттырды. Радиотілші төтенше жағдайлар болсын, тез өзгермелі спорт жарыстары болсын, ақпаратын жеткізу мақсатында орталық студия арқылы байланысқа қосылып, тікелей эфирде жұмыс істей алады. Қазіргі заманғы байланыс технологиясы радио ақпарат таратуды аз шығынмен тікелей эфир жагдайында жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Яғни, ақпаратты тұтынушысына жеткізу жеделдігі жағынан телеви-зия да, Интернет те радионың алдына шыға алмайды «Радио ісі жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық құрал болып қала береді.

Радио тыңдарман үшін аса қолайлы болып табылады  және бұл қасиетінің маңызы айрықша. Радионы тыңдау үшін арнайы уақыт бөлу, болмаса күш жұмсау міндетті емес. Үй шаруашылығындағы  тірлікпен айналысып жүріп те, жұмыс уақытында да, тамақтанып отырып та, автокөлікте келе жатып та сейіл құрып жүріп те радионы еш кедергісіз тыңдай бересіз.

Радио әмбебап ақпарат таратуымен де қолайлы. Ауа райынан бастап маңызды саяси оқиғалар, төтенше саны өте көп, сондықтан да соңғы жылдары радионың хабар тарату бағыт-бағдары да өзгеріп, ол тыңдармандардың сұранысына орай маманданып, белгілі бір аудиторияға, әлеуметтік топтарға бейімделе бастады. Бір радио жедел ақпарат пен музыкаға көңіл аударса, екіншісі ескі әуендерді қайта жаңғырту арқылы жағдайлардың барысы, экономикалық көрсеткіштер туралы, болмаса спорт әлеміндегі қызықты деректердің барлығы кезегімен әуе толқынында тарап жатады. Тыңдарман өзін қызықтырған хабарға зейінін күшейтеді, болмаса кейбір мағлұматтарға аса назар аудармай-ды. Сөйтіп, өзінің сол уақыттағы сұранысына орай кажетті ақпараттарды қолайлы жағдайда екшеп отырады. Бәсекелестік жағдайында радиостанциялар тыңдарманын тартады, үшіншісі белгілі бір музыкалық бағытты (попса, рок, джаз, т.т.) ғана қолдайды, тағы бірі жасөспірімдер үшін хабар тара-тады, соған орай сөйлеу стилі мен әдісін де сақтайды. Осыған байланысты әр түрлі радио форматтары көбейді, радионың аудиториясы да түрлене түсті. Міне, осының бәрінде радионың табиғатынан қолайлылығы басты рөл атқарады.

Радионың үшінші бір қасиеті — тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа БАҚ құралын еш қайталамайды. Адам табиғатынан естіген жағдайларды көрініс ретінде елестеткені белгілі. «Қиял жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе», дейтін қазақ үшін ой-санаға әсер етудің мәні айрықша. Оның үстіне, көбіне көшпенді-отырықшылықты кәсіп еткен қазақ үшін оның өзіндік тарихи жетілу эволюциясы мен дәстүр-салты бар, ол ұлттық гендік қорымызда сақталып, ұрпак арқылы атадан балаға беріліп келеді. Далалық қазақтың табиғат құбылыстарын жетік меңгергендігін, аса зерек және сезімтал болғандығын, физиологиялык мықты болғандығын күрделі қоршаған ортада табиғи сұрыптаудан өтіп, жетілгендігімен түсіндіруге болады. Дала абыздары том-том кітапқа пара-пар дастандарды жатқа окып, ауызша ұрпағына жеткізген,   жаңа ғана дүниеге суырып салу жолымен келген күйді екіншісі сол заматта қағып алып, қайта тартып беру үрдісі қалыптасқан. Күйшіден домбырашының абыройы биік болған деседі. Яғни, күйді шығарған адамнан, оны бұлжытпай орындап, ары қарай насихаттап, таратқан адамның жауапкершілігі жоғары дегенді аңғартса керек.

Жаһандану мен нарық жағдайында адамдар тұрмыста болсын, жұмыс орнында болсын күрделі мәселелермен бетпе-бет кездеседі, әр түрлі қайшылықтарды тез шешуіне тура келеді, Соның  қатарында стрестік жағдайларды бастан өткізеді. Яғни, бір адамның эмоционалды көңіл күйі мен күш-қайраты да өзгеріп отырады. Мысалы, жұмыстан шаршаған адам үйіне жеткен-Иіе, келік тауқыметін, жол нашарлығын, қала жағдайындағы мителмелерді, қызмет көрсету мәдениетінің төмендігін көрді дейік. Үйде де бәрі қолайлы болмауы мүмкін. Бір сәт көңілін аулау үшін, теледидар қараса, ондада тосын оқиғалар, бітпейтін тауқыметтер, бет жыртысқан адамдар, көлгірсіген саясаткер мен жүйкеге тиер жарнамалар, қантөгіс фильмдер мен бітпес көбікті ссриалдар. Мұндай жағдайда адамның жүйкесіне үлкен салмақ түседі, сезімі тежеледі, көңіл хошы төмендейді, өмірге құштарлығы бәсеңсиді. Міне, осы көңіл ахуалын өзгерте алатын, эмоциялық тепе-тсңдікке жеткізетін күштің бірі — радио. Радио табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды, жайлы. Радиоақпарат көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус қалдырады. Әлеуметтік психологтар тосын қайғылы оқиғаның телевизиямен салыстырғанда радиодан естілгенде жұмсақгау жететіндігіне назар аударған. Өйткені, телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан радиодан естілген жаман хабар психологиялық қорғаныс факторына тап келетін көрінеді. Мүның өзі радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.

1. Бірін бірі толықтырып отырады. Газет журналисті, теле болмаса радиожурналист деген мамандану өмірде таза күйінде сирек кездеседі, көбіне кадрлар ауысып, бірін екіншісі байытып, жалғастырып кете береді. Көбіне радиода микрофоноға төселген, сөйлеу машығын жетік меңгергендер кейіннен телеэкранда да жақсы хабарларымен танылады. Газет тілшісі телеарнаға ауысып, терең де салиқалы  сараптамалық бағдарламаларға ұйытқөы болады. Болмаса телевизиядан өзін таппағандар, радиоға не газетке ауысады. Мұның барлығы заңды құбылыс, кәсіби шыңдалу жолындағы ізденістер. Әрине, болашақ журналистің талантын ерте айқындап, кәсіби дұрыс бағдарлаудың маңызы бұдан кеми қоймас. Дегенмен, білікті журналист қай салада істемесін ортақ ұстанымдар мен қағидаларды басшылыққа алыл, қоғамдық дамуға, сананың өсуіне ықпал ететіндей тәрбиеленгені жөн.

2. Ҳдайы ақпараттық алмасу жүріп жатады, радиожурналист те баспасөздің, телеарна мен Интернеттің материалдарын тікелей немесе өңделген күйінде өз қызметінде пайдалануы мүмкін. Тіпті, радионың бастауында газет мәтінін оқу тұр емес пе? Радиоарналар қазір де баспасөзде жарияланған қызықты материалдарға шолу жасап, көпшіліктің назарын аударып отырады. Негізінен дереккөздері бір, мақсаты ортақ болғанымен, оны аудиторияға жеткізу технологиясы ғана бөлектеу. Мысалы, баспасөз маслихатына газет тілшісі, радиожурналист, тележурналист, веб-редактор да бірдей қатыса береді. Ал, олар жасаған өнім әр түрлі болып шығады. Бірінің материалын екіншісі тікелей қолдануы да кездесіп қалады. Мысалы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жүргізілетін «Үзеңгі жолдас» бағдарламасы Қазақ радиосының эфирінде де сол күйінде тарап жатады. Осы телеарнаның «Шынның жүзі» хабарының мәтіні «Айқын» газетінде жарияланып жүр.

3. БАҚ жүйесіне жанрлар мен пішіндер ортақ, бір-біріне ықпалдасып дамыған. Бүгінгі телевизиялық жанрлар бастауын газеттен алады. Радионың пішіндері мен жанрлары да үлкен эволюциялық жолдан өтіп барып, қалыптасты, ол өз кезегінде телевизиядан тікелей көрініс тапты. Яғни, осының өзінен журналистік ізденістер мен әдіс-тәсілдердің ортақтығы аңғарылады.

4. Жалпы қоғамдық, саяси науқандарды, жарнама мен мәдени шараларды өткізу тәжірибесі ортақ. Билік органдарын сайлау болсын, музыкалық туындыны насихаттау болсын, белгілі бір тауарды

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Организационные формы управления инновационной деятельностью
Екатерина Романовна Дашкова
Нестандартный анализ
Маркетинг услуг на рынке воздушных авиаперевозок


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ