Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Радиохабар таратудың рөлі мен орны, міндеттері

жарнамалау болсын — БАҚ ортақ міндет – аққпараттық қамтамасыз етуге бір кісідей жұмылады. Әрқайсысы бір-бірін толықтырып, ортақ мүддеге қызмет етеді, тиісінше, қаражаттық үлесін де алады.

Осы тұжырымдар БАҚ түрі дербес өмір сүре алатындығын, ал өзара ынтымақтасудан тек нәтиже жақсаратындығын дәлелдейді. БАҚ жүйесіндегі әріптестікті дамыту, ортақ корпоративтік мүддеге қызмет ету әрбір кәсіби журналистің де міндеті саналады.

Радиохабар таратудың рөлі мен орны деп — ақпараттық қамтамасыз етуге бір кісідей жұмылады. Әрқайсысы бір-бірін толықтырып, ортақ мүддеге қызмет етеді, тиісінше, қаражаттық үлесін де алады.

Радиохабар таратудың міндеттері:

Радиохабарларын таратудың міндеттері (функциясы) дегенде бүқаралық ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөзболады. «Функция» сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. Осы ұғымды басшылыққа  ала отырып радиохабарын  таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне    назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі әр түрлі жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді мүшесі ретінде көпшлік мүддесіне кызмет етеді, солардың ақпараттық және рухани сұраныстарын ескереді. Оның қоғамдық санаға керні ықпал етуге жалған ақпарат таратуға, немесе бұрмалауға еш құқы жоқ. Түптеп келгенде радиожурналистика да өзінің мақсаттары мен мұраттарын қоғамдық қатынастармен байланыстырады. Соған қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін ортақ мына бір 3 факторга назар аударамыз.

1. Радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар атқарады.   яғни ол коп функционалды.

2. хабар тарату тәжірибесінде алға қойған мақсаттарына кері нәтиже беретін іс-әрекет орын алуы да мүмкін. Мысалы, тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету орнына жалған ақпарат тарап кетуі немесе тексерілмеген жайды эфирге таратуы кездесіп қалады. Демалыстық мақсатта талғамсыз берілген музыка тыңдармандардың дегбірін алып, көңіл-күйін бұзуы ғажап емес. Болмаса, таңертеңгісін қайғылы оқиғаны қатқыл формада таратса, оны тыңдаған адам күні бойы депрессиялық күй кешуі мүмкін.

3. Кез келген бүқаралық ақпарат құралы, соның ішінде радиохабар таратушылар да, әр түрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларга баға беруде, деректерді екшеуде, жаңалықтар топтамасын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. Көп жағдайда журналистердің өзі де қоғамдық процестерге араласып, соған ат салысып кетеді, соның жетегінде әр түрлі хабарларды әуе толқынына шығарады. Кей хабарлар еш өңдеусіз, тікелей эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар ойды шектеу мүмкін де болмайды.

Жекеменшіктік қатынастың орнығуы кейбір радиостанцияларда қожайындарға жалтақтық психологиясының орын алуына әкеліп соқтырды. Ақпараттарды іріктегенде оларға жақпайды-ау дегендер эфирден түсіп қалады, керісінше, жарнама сипатындағы жағымды хабарларға көбірек орын беріледі. Журналистикаға жат жағымпаздық, жағынушылық қасиеттер өтпелі кезең тәжірибесінде кеңінен орьш алды.

Сонымен бірге, мемлекеттік ұстанымдар мен әлеуметтік, адамгершілік ахуал да белгілі бір мақсатты алға шығарады да, кейбір жақсы мүдденің өзі екінші қатарда қалып қояды. Оның бәріне уақыт төреші, радио да уақыт ағымында қызмет атқарады. Мысалы, күні кешегі кеңестік кезеңде радионың дамуына айрықша мән берілді, ол ұжымдық насихатшы, үгітші және ұйымдастырушы деп бағаланып, ақпараттық саясаты осы мүдде тұрғысынан екшелді, цензура болды, сөз еркіндігі шектелді. Сөйтіп, идеологиялық қуатты қару радио мемлекеттік биліктің қатаң бақылауында болды, қызметі жоғарыдан реттеліп отырды.

Қоғамдық дамудың демократиялық жолын таңдаған егемен Қазақстан жағдайында радиостанциялар шынайы сөз бостандығын алды, цензура жойылды, жекеменшіктік қатынас орнықты, бәсекелестік күшейді, ақпараттық саясаты көбіне тыңдарман ықыласына қарай өзгерді. Енді радионың ақпараттық, демалыстық міндеттері алдыңғы қатарға шығып, ағартушылық қыры бәсеңсігендей болды. Адамның еркін ойлауы мен еркін жүріп тұруына, өз іс-әрекетіне толық жауап беретін қоғамдық қарым-қатынастар орнықты және соны жетілдірудің жолдары қарастырылуда.

Радиохабар таратудың сан қырлы міндеттерін үшке топтастыруға болады.

І. Ақпараттық: тыңдарманды құлақтандыру міндетінен туындайды, радиожарнаманы да осы топқа жатқызамыз.

ІІ. Қоғамды  әлеуметтік  топтастыру міндеті: интеграциялық міндет, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру, қарым-қатынас, тәрбие, үгіт-насихаттық және
ұйымдастырушылық функциялары.

ІІІ. Мәдени-ағартушылық міндеттері: эстетикалық, ағартушылық       және демалдыру — ойын-сауықтық функциялары.

Радиохабарларының міндеттерін білу хабар тарату кестесін сауатты жасау, станцияның бағыт-бағдарын, форматын анықтау  бағдарламалардың ішкі мазмұнын айқындауға және тыңдарман аудиториясының талап-тілектерін ескеру үшін қажет. Енді аталгам міндеттерді тарқатып берейік.

I. Ақпараттық міндеті. Барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты міидеті жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Радио басқалармен  салыстырғанда ақпаратты жедел, нақты және эмоциялық бояумен жеткізе алады. Осы артықшылығына сай ақпараттық міндетіне баса назар аударуы заңды. Дегенмен, кейбір радиостанциялар осы басымдықты тасада қалдырады, өздерін музыкалық форматпен шектеп, эфирді тек әуенмен толтырады, толыққанды ақпараттық қызметі жұмыс істемейді, жаңалықтар жжүйелі берілмейді. Бір жылдары штатында радиожурналисі жоқ арналар даэфирге хабар таратын мемлекеттік лицензияға ие болған келеңсіздіктер орын алды.

«Ақпарат» сөзінің бірнеше баламасы бар, біз тар және нақты мағынасында қолданып отырмыз. Адамдарды әлемде және елімізде болып жатқан оқиғалар және жаңалықтармен таныстыруды ақпараттық қызмет деп танимыз. Ол арқылы тыңдарман өмірде болып жатқан құбылыстармен танысып, баға береді, білімін толықтырады, кеңестер алады, бағдар жасайды, түйсіктейді, қуанады, болмаса ренжиді. Радиобағдарламалар ішкі элементтері арқылы бірін-бірі толықтырып сол күннің оқиғаларынан толыққанды ақпарат береді. Мысалы, таңертеңгілік сол күні жүзеге асуға тиісті маңызды оқиғаларға назар аударады, түске қарай оның барысынан ақпарат таратады, әдетте, кешкісін қорытындыларын шығарып, түйіндейді.

Кез келген адам үшін әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұдайы естіп отыру қазіргі өмірдің қажеттілігіне айналған, сол арқылы қоғамдық процестерге де араласады. Сондықтан радиостанциялар жаңалықтар топтамасына баса назар аударады, олар хабар тарату кестесінде тұрақты уақытқа ие болып, жүйелі тарап отырады. Бірақ, ішкі ақпарат әр түрлі орналасуы мүмкін. Мысалы, бір топтамада шетел, екіншісінде ел жаңалықтарына назар аударылса, таңертеңгісін ауа райына, жұлдыз жорамалға, ақша бағамдарына ықылас ауады, мәдениет, спорт жаңалықтары да тұрақты сұранысқа ие болады. Соңғы уақытта жетекші радиостанциялар тәжірибесінде оқиғалар ортасынан тікелей репортаж жүргізу кең қолданыс табуда. Қазақстанда бұл тәжірибені жандандыратын уақыт келді. Қазір радиоарналар қаржылық жағынан аяғынан түрды, енді шығармашылық өсудің жолдарының бірі ретінде тікелей репортаждарды жиірек қолдануға болады. Одан радиостанция да, тыңдарман да ұтады. Радиоақпараттың жеделдігі артады, имиджі жақсарады, тыңдарман еш боямасыз оқиға ортасынан берілген хабарға құлақ түріп, қиялымен жаһанды кезеді.

Халықтың ақпаратты еркін алуы, оның мазмұнының әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағалануы, әр түрлі көздердің қамтылуы қоғамның дамығандығынан, өркениеттілік дәрежесінен хабардар етеді. Әсіресе, төтенше оқиғалар жағдайында, саяси науқандар кезінде дәл және сенімді ақпарат берудің маңызы артып отыр. Адамдар табиғатынан күмәншіл, бір ақпаратты бірнеше көзден естіген соң ғана барып, сенім ұялайды. Мысалы, жапондықтар жиі болып тұратын жер сілкіністері жағдайында ең алдымен NНК (Ен-ейч-кей) телерадиокорпорациясының хабарларына назар аударып, соған байланысты өз іс-әрекеттерін жоспарлап отыратын көрінеді. Жапондықтарда бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім мықты. Қазақстан жағдайында оны айтуға ертерек. Мысалы, Алматы қаласы жер сілкіну мүмкіндігі жоғары аймақта орналасқан және осыған байланысты түрлі қауесеттер жиі естіліп қалады. Жергілікті БАҚ көп жағдайда кешігіп, ақпаратты кеш түсіндіреді, көбіне материалдық жағдайы мәз емес болжау мекемелерімен сұхбат ұйымдастырады. Ал, тұрғыидар оған аса сене қоймайды. Мәселенің екінші қыры, балама ақпарат көздері көп жағдайда назардан тыс қалады.

Нарықтық  экономика жағдайында Қазақстанда осыған байланысты  ақпаратқа сұраныс артты. Көп адамдар шағын және орта бизнес саласында істейді, бәрі де тұтынушы болып табылады.  Қазақ радиосынан басқа радиостанциялар экономикалық саясатты түсіндіру, көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеуге аса көңіл бөлмейді. Мұндай ақпараттың қажеттігі сезіледі. Екінің бірінің телехабарларды ертеден кешке дейін көруге мүмкіндігі жоқ. Ал, радиоақпаратты басқа тірлікпен айналысып отырып та қағып алуға болады. Радиоақпараттың мақсат-мұраты — бағдар беру, жаңа істерге жігерлендіру, кеңесші, көмекші болу. Солай екен деп, ақпаратқа үгіт-насихаттық сипат  беруге, міндеттеуге, үндеуге болмайды. Радиожурналистің басты мақсаты – ақпаратты сол күйінде боямасыз, нақты жеткізу, ал оны тыңдарман өз білімі мен парасаты, тәжірибесіне сай қорытуы тиіс.

Осыдан келіп радиоиың жарнамалық міндеті шығады. Жарнама

1234
скачать работу

Радиохабар таратудың рөлі мен орны, міндеттері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ