Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Радиохабар таратудың рөлі мен орны, міндеттері

да ақпараттық міндетпен ұқсас, тек өзіндік ерекшелігі бар.  Жарнаманың міндеті айқындау, ол — белгілі бір тауар, болмаса кәсіпорын туралы құлағдар ету, оның жағымды имиджін қалыптастыру және тұтынушы ретінде назарын аудару болып табылады. Жарнама қажет емес деп ешкім айта алмайды. Өйткені, қазіргі тауарлар мен қызметтердің сан алуан түрі ұсынылатын жағдайда дұрыс ақпарат беру, түсіндіру, сендірудің еш артықтығы жоқ. Жарнама жасауға радиожурналист те белсенді араласады, оның өзі кәсіби біліктілікті, сауаттылықты, тыңдарман көңілін дөп басуды қажет етеді. Қысқа уақытта тартымды сөзбен тыңдарманды баурап алу, айтқан уәжіңе сендіру, тұтынуға итермелеу айрықша әдіс-тәсілдерді, ыждаһатты еңбекті қажет етеді.

Радиожарнама соңғы 10-15 жылда ғана қалыптасты деген пікір айтылып қалады. Радиожарнаманың да тарихы тереңде жатыр, оның элементтері қай кезде де болған. Тек кеңестік идеология салтанат құрған дәуірде оны жасанды шектеді, онсыз да хабарлардың үгіт-насихаттық сипаты басым болды, барлық іс-әрекет бір арнаға жұмылдырылды. Кеңестер одағының күш-куаты мен болашағына еш күмән келмеуі тиіс еді. Бұқаралық қуатты құралдардың бірі ретінде радио тікелей мемлекет тара-пынан қаржыландырылды, мүмкіндігінше дамуына қамқорлық жасалды, соған сәйкес қалтқысыз қызмет ету талап етілді.

Жарнамадан түсетін қаражат радиоарналардың бірден-бір табыс көзі болып отыр. Радиостанцияның өмір сүруі, барлық техникалық тарату шығындарын өтеуі, қызметкерлеріне еңбекақы төлеуі, уақыт талабына сәйкес материалды-техникалық жарақтануы – бәрінің көзі жарнама, одан түсетін қаражат. Соңғы жылдары Қазақстанда радиожарнама ісі жедел дамыды, тұрақтылыққа қол жеткізді. Бұл көбіне орталық республикалық радиостанцияларға қатысты, енді жергілікті радиостанциялар да осындай дәрежеге көтерілсе, тыңдармандарға берілетін ақпараттың мазмұнына да оң ықпал ететіні күмәнсіз. Сондықтан, радиожарнаманың болашағы зор деп есептеледі.

II. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті. Тұрғындарга қолайлы ақпараттық қызмет көрсететін радио сол қоғам мүшелерін әлеуметтік басқарудың тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр, тұр деген ұрандармен мыңдаған адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы емес, таратылған ақпарат арқылы белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру, жігерлендіруде болып тұр. Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, радио ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге көпшілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс. Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін радиожурналист те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп радионың интеграциялық міндеті туындайды.

Радио қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты арқылы жаңа межелерге жігерлендіруші. Радио қарым-қатынас құралы, ол эфир арқылы миллиондарды бір мезгілде байланыстырады, радиожурналист үйінде отырған жалғызілікті зейнеткердің әңгімеге деген сұранысын қанағаттандырады, эмоциясына әсер етеді, ренжітеді, қуантады, музыкамен әлдилейді, күймен тербетеді, көңіл хошын табады. Сол сияқты радиокоммуникацияның қырлары да көп, адам мен адам, жас пен кәрі, жаяу мен көлікті жаяу, бай мен кедей арасында қарым-қатынас бір мезілде орнайды және олардың радио ақпаратқа ревкциясы да әр түрлі болатыны заңдылық. Дегенмен, қоғам оның болашағы бәріне де ортақ, осы арадан ортақ құндылықтар шығады.

Радиохабар таратудың басты мақсат-мұраты – аудиторияның ортақ құндылықтарын қалыптастыру, жалпы адамзаттық, ұлттық, жалпы қалалық немесе аймақтық құндылықтарға баса назар аудару, ортақ тауқыметтерді бірлесіп шашуге үндеу, кертартпа күштер мен ықпалды

Радионың аудиториясы үлкен болған сайын, оның жауапкершілігі де өседі. Тыңдармандардың ақпараттық сұранысы дегенде жас ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын, психологиялык көңіл-күйін, ұлттық және діни ұстанымдарын ескеру оңай шаруа емес. Радионың интегративті міндеті кез келген хабардан көрінеді. Публицистика болсын, өнер тақырыбы қозғалсын, спорт жаңалықтары сөз болсын бәрінде топтастыру, адамдарды жақындастыру идеясы тұрады. Кеңестік идеология заманында бізде бәрі жақсы, оларды бәрі нашар, кертартпа деген ұстаным басым еді. Қоғамның дамуы қандай дәрежеде болмасын журналист объективті сараптама жасап, дұрыс тұжырымдар жасағаны абзал, мүмкіндігінше көңіл-күйге берілуге болмайды.

Радионың қоғамдық пікірді білдіру мен қалыптастыру міндеті көбіне саяси науқандар кезінде айқынырақ көрінеді. Сайлау мен референдум сияқты шараларда радио маңызды рөл атқарады және пәрменді құрал болып бағаланады. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы маңызды буын — ақпараттандыру, ақпарат неғұрлым көп болса, жиі берілсе және әр қырынан қамтылса, соған қызығушылық туындайды және ықпалды болады. Бірақ оның үгіт-насихаттық сипаты күшейіп, біржақты болғанын қолдау да журналистика ұстанымдарына қайшы келеді. Журналист мүмкіндігінше бейтарап ақпарат таратуға, деректі нақты беруге, әсірелеп, бояламауға міндетті. Ал, оны тыңдаушы қалай қабылдайды, кандай түйін жасайды ол басқа мәселе.

Әлемдік тәжірибе ақпараттың мүмкіндігінше жақын болғандығын қолдап келеді. Мысалы, республикалық арналардан гөрі жергілікті радиога деген сенім жоғары болатын көрінеді. Осы арада аймақтық қамтылу мәселесіне назар аударған дұрыс болар. Қазақ радиосының өзі көбіне Астана мен Алматы жаңалықтарына көп көңіл бөледі де, аймақтық хабарлар өте аз қамтылады. Көп жерлерде арнаулы тілшілер жұмыс істемейді. Бұл, тыңдарман сеніміне тікелей әсер ететіи факторлардың бірі.

Қоғамдық пікір өзгермелі құбылыс, өйткені өмірде шешіміи таппаған жағдайлар көп, әркім өз көзкарасын білдіруге құқылы. Соңғы уақытта радиоарналар сол мәселелерді тікелей эфирде талқылау, оған телефон арқылы тыңдармандарды да қатыстыру тәжірибесін дамытып келеді. Бұл құптарлық жай. Осыған байланысты радиохабар берудің пішіндері мен жанрлары да жетілдірілуде. Радио сұхбат, әңгімелесу енді сырласу пішініне ұласты, «дөңгелек столдан» ток-шоуға дейінгі спектр қамтылып жүр. Бұл радионың табиғатына жақын болғандықтан тек құптаған орынды. Дегенмен, сол көпжақты қоғамдық талқылаулардың деңгейі әркез мазмұнды бола бермейді, хабар үдесінен шықпайтын жағдайлар да көп. Кейбір арналар боссөздікке ерік беріп, эфирді жеңіл сөзбен, әзіл-қылжақпен толтырады, тіпті адамның арына тиетін, интимді қырларын жалаңаштайтын жайлар да кездеседі. Өркениетті елдерде БАҚ-тың бұлжытпас ережелерінің бірі — кикілжіңді пікірталас жолымен шешу, кез келген дауда ортақ мүддеге қарай жақындасу болып қалыптасқан. Эфирдегі ашық пікірталас белгілі бір ұстанымды танып білуге, жан-жақты ақпарат алуға, мәселенің күшті және әлсіз тұстарын айқындауға көмектеседі. Дегенмен, ол жүргізуші журналистің кәсіби шеберлігі мен біліктілігіне де сын, көп жағдайларда дау айтылған күйінде қалып, оны шешу жолдары белгіленбейтін, ортақ тұжырым жасалмайтын жағдайлар кездеседі. Яғни, хабардың бас-аягы жинақталып, айтар түйіні, ойы қорытылмай қалады.

Соңғы уақытта ақпарат арқылы қоғамдық сананы басқару туралы жиі айтылып жүр. Рас, белгілі бір күштер БАҚ арқылы белгілі бір көзқарасты таңуға бейім тұрады, мақсатты жұмыс жүргізеді. Журналист соның түпкі мақсатына терең үңіліп, жат пиғылдың жетегінде кетпеудің жолдарын білуге тиісті.

Радионың ендігі бір маңыздыміндеттерінің бірі — ол адам мен адам арасында қарым-қатынас орнатуы, қарапайым әңгімелесу, шүйіркелесу. Адамның күні адаммен және сәт сайын табиғатымыздан біреумен сөйлесуге, жауап алуға, пікір білдіруге, ой таластыруға бейім тұрамыз, осындай қарым-қатынасқа мұқтажбыз. Қоғамдағы осындай қажеттілікті қанағаттандырудағы радионың орны орасан. Әсіресе, өтпелі қоғамда, жаңа ортада, саяси, болмаса экономикалық күйзелістер кезеңінде адамдар бір-бірімен әңгімелесуге, тұмшалаған ойы мен күдігін сыртқа шығаруға, өзгелермен бөлісуге, жоспарларын ортаға салуға бейім. Мұндай қарым-қатынас эмоциональдық көңіл-күйіне әсер етеді, жеңілдегендей сезіндіреді, қолдау мен демеу қанат бітіреді, жігерлендіреді.

Радио бұл бағытта да өсу үстінде, соңғы жылдары авторлық бағдарламалардың қатары көбейді, тіпті журналистер бір арнаның келбетін, имиджін айқындайтын жағдайлар да кездеседі. Радио осындай тұлғалар арқылы тыңдарманына жақындай түсті. Журналистің сөйлеу мәнері мен эмоциональдығына үйренген тыңдарман енді оған бүйрегі бұрып, ыждаһатпен тыңдайтын болған, немесе, ұнатпаса бірден радиосын өшіре қояды. Яғни, автор мен тыңдарман арасында эфир арқылы жылы қарым-қатынастың орнауының өзі қажеттіліктен туындап отыр. Радиожурналистке еліктейтін, пір тұтатын жағдайлар да кездеседі. Бұл оның кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жоғары екендігін, мәдениетті де әдептілігін дәлелдейді. Өкінішке орай, керісінше жағдайлар да көп. Соңғы уақытта эфирде сөйлеу мәдениеті төмендеп кетті, кім болса соның тікелей эфиргс шығуына жол ашылды, боссөздік, дөрекілік кебейді, тіпті жаргондар мен жүліктер лексикасына тосқауыл қойылмайтыи болды. Ал, бір кездері радио сөйлеу мен мәдениеттіліктің эталоны саналатын, талап өте жоғары қойылушы еді. Аты аңызғи айналған дикторларымызды тыңдап, соларға еліктеп мыңдаған адамдар тәрбие, өнеге алды. Өткеннің бәрін мансұқтай берудің кажеті жоқ. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», — деген халық даналығын естен шығармаған абзал.

Міне, осыдан келіп, радионың келесі бір — тәрбиелік міндеті туындайды. Радио пәрменді тәрбие құралы екендігін айтып жатудың өзі артық. Тәрбие ісі табиғатынан күрделі, әрі сан қырлы міндет, радиода да бұл процесс өз ерекшелігіне байланысты жүзеге асады. Көптеген хабарлар мен ақпараттар өздігінен тәрбиелік мәнге ие бола

1234
скачать работу

Радиохабар таратудың рөлі мен орны, міндеттері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ