Радиохабар таратудың рөлі мен орны, міндеттері
ды, әрі тыңдарманға жағымды әсер етеді. Дегенмен, кейбір хабарлар тікелей осы міндеттің жүгін қалайды. Мысалы, радиоарналарда қүқықтық тақырыпты қамтитын хабарлар жиі эфирге тарайды. Олардың мақсаты тек құқық саласында ақпарат беріп қана қою емес, сонымен бірге құқықтық сананы қалыптастыру, заң бұзу жағдайларының алдын алу, сауатты кеңес беру, көкейдегі сұрақтарына жауап қайтару болып табылады. Сонымен бірге, саяси, немесе экологиялық сауаттандыруды мақсат еткен хабарлар қатары да көп. Ождан бостандығы жағдайында діни тақырыпты қамтитын хабарлардың да орны бөлек, тыңдарман сұранысына сай келеді. Оның үстіне қазіргі Қазақстан жағдайында бұл айрықша мәнге ие болды. Өйткені, діни ағымдар мен ұйымдар саны өсті де, халықтың бағдар жасауына, ақ-қарасын ажыратуына қиындық туғызды, осыдан адасқандар қатары көбейді, тіпті діни экстремизм нышандары да байқалып қалып жатады. Тіпті белгілі бір дінді ғана уағыздайтын радиостанциялар ашылуда. Сонымен бірге, батыстық құндылықтарды басым қоятын, жергілікті және ұлттық ерекшелік пен салт-дәстүрлерді мансұқ ететін біржақты радиостанциялар да жұмыс істеп жатыр. Мұның барлығы халықтың діни сауатын және мәдениетін көтерудің пәрменді шараларын қарастыруға итермелейді. Бұл істе радионың мәні арта түседі.
III. Мәдени-ағартушылық міндеттері. Радиохабар тарату көп қырлы мәдени-ағартушылық мақсатты жүзеге асыруда бірнеше кешенді міндеттерді қатар орындайды. Соның негізгілеріне жеке тоқталайық.
Эстетикалық міндеті. Қазіргі заманғы хабар тарату ісіндегі оның 3 қыры назар аударуға тұрарлық.
1. Радиожурналистиканың үздік үлгілері эстетикалық талапқа жауап беріп, мәдениеттіліктің бір қыры болып табылады. Яғни, жүргізушінің жалынды сөзі, диалогтардыц психологиялық ширығуы, жанды пікірталас, тосын қисын мен жаңа идеялардың айтылуы, тыңдарманның қиялыи қозғап, оқиғаны көз алдына елестететін дыбыстық бояулар, өзін оқиға ортасында сезінуі, хабардың ішкі байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай құрастырылуы, сөз, саз бен табиғи шулардың өзара үйлесімділігі — осының бәрі эстетикалық талғамды қалыптастыратын, сананы өсіретін әдіс-тәсілдер. Журналист неғұрлым радионың бейнелеуші құралдарын дұрыс қолданып, тыңдарман санасына күшті әсер ете алса, соғұрлым эмоциясын күшті тітіркендіреді және әдетте көңіл аудара бермейтін деректің өзі қатты тебірентеді. Қазіргі радионың көркемдік және құрылымдық мүмкіндіктері шексіз. Ол белгілі әдіс-тәсілдерді құбылта пайдалану арқылы деректі, оқиғаны соншалықты жанды, әрі әсерлі тыңдарманына жеткіэуге қабілетті. Оның үстіне, қазір тікелей эфир тәсілі, яғни «жанды» эфир тәжірибеде кең қолданыс табуда. Мұның өзі журналистке көп артықшылық береді, әсіресе интерактивті режимде диалогтар құрып, шексіз импровизация жасауға, сөзді тауып айтуға, тыңдарманды қызықтыруға, бірге қуанып, күйінуге, сөйтіп, эмоциялық ахуалды күшейтуге ешкім шектеу жасай алмайды. Эфир уақытын дұрыс пайдалансаң, өзіңнің бағың, танымалдығың артып, рейтингің өседі, кәсіби білігің мен эмоциялық күйің нашар болса, уақытты зая кетіргенің, тыңдарманды жоғалтқаның. Эфир заңы, осындай қатал.
2. Радио өмірге келген кезден бастап өнердің әр саласын: музыка, театр, әдебиетті насихаттап, танытып келеді. Көркем шығармаларды радиоэфирге шығаруда көптеген ізденістер жасалынып, небір пішіндер мен жанрлар дүниеге келді және олар шығарманың әрін кіргізіп, эстетикалық талғамын көтеруге тікелей ықпал етті. Сонымен бірге, радионың өзі де басқа өнер салаларынан көп жайды үйреніп, әдіс-тәсілдерін байытты, рухани, мәдени және эстетикалық құндылықтарды бірге меңгерді. Радио арқылы небір үздік спектакльдер, актер үндері жазылып, «Алтын қорда» сақталды. Қазір де радиода жиі әні естілген сайын әншілердің танымалдығы арта түсуде. Бұдан шығатын қорытынды, радио өзінің эстетикалық дамуында басқа өнер салаларымен бірге өсті, осындай бірлікте аудиториясы кеңейді және биік талғамы қалыптасты.
Аудиомәдениеттің үздік үлгілері жылдар бойы қалыптасты және оның өіндік дәстүрі бар. Әдебиет пен театрдағы барлық түрлер меи жанрлар дерлік түрленген радиоэфирге жолдама алып жатты, сөйтіп, бірін-бірі байытты. Радиопоэмалар, фельетондар мен очерктер, трагедиялар, психологиялық драмалар, комедиялар, фарс пен радиоцирк, тіпті радиобалет әр жылдары эфирге тарап тыңдарман қиялын шарпығанын қалай ұмытармыз. Қазір де «ауызша радио естеліктер», «дыбыстық кітап» дегендер кездесіп қалады.
Сөйтіп, радио өзінің көп жылғы тәжірибесінде басқа өнер салаларын насихаттап қана қойған жоқ, сонымен бірге жеке дара өмір сүре алатын қабілеттілігін, өзгелермен тең екендігін, шығармашылық әдіс-тәсілдерінің сан қырлы екендігін дәлелдеді.
Радио қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды. Ал, радионың таралу ауқымы әлдеқайда кең.
Радионың демалдыру-ойын-сауықтық міндеттері қазір алдыңғы қатарға шығып отыр. Көп радиостанциялар музыкалы, ойын-сауықтық форматта жұмыс істейді және ол заңды да. Радио көбіне жеңіл ақпаратпен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, сөйтіп, тыңдармандардың демалуға деген сұранысын қанағаттандырады. Осы мақсатта түрлі ойындар ойналады, жүлделер үшін сұраққа жауап береді, музыкалық жұмбақгар шешіледі, бірін-бірі құттықтап, қуаныш сыйлайды, күлдіргі әңгімелер айтып, жарысады, өмірдегі қызықты жайларлы әңгімелейді. Сол сияқты түрлі музыкалық кештер мен концерттерден жазылып алынған хабарлар әуе толқынына да жолдама алады. Хабарлардың ендігі бір тобы әзіл-қалжыңға құрылады, түрлі әңгімелер мен актерлік көріністер сөз арқылы сомдалады.
| | скачать работу |
Радиохабар таратудың рөлі мен орны, міндеттері |