Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ресей философиясы ежелден бүгінгіге дейін

ng>Ол оны славянофилдер сияқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық, яғни онтологиялықмән-мағына береді. Оның ойынша, болмыс, өмір сүргеннің бәрі - бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге, жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде Құдай жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ В.С. Соловьев Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды деген пікір айтады. Оның ойынша, Ол - «ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары», «дүниеде іс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш» т.с.с.

Бізді айнала қоршаған жағалай ортаны кемеліне келіп, еш мінсіз жаратылған дүние деп айтуға болмайды. Оның негізгі себебі – Құдай- Абсолюттің өзінің іштей қайшылығы. Дүниедегі барлығын қамту үшін көптік қажет. Сондықтан алғашқы «ғарыштық зерде» сан алуан мән-мағынаға бөлініп, Аристотельдің терминімен айтсақ, әртүрлі заттардың энтелехиясын, яғни ішкі мақсатка лайықтылық дамуын қамтамасыз етеді. Ал дүниедегінің бәрін біріктіріп, рухани күш-қуат беретін «дүниежүзілік жан-дүние», яғни София, ал оның өзі - Кұдайдың эманациясының туындысы. Сонымен Құдай, Дүние және Адамзат Софияның дәнекерлігі арқылы бірлікке негізделген қарым-қатынаста.

В.С.Соловьевтің дүниетаным тұжырымдары

Өзінің дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев «біртұтастық білім» алу жолын кұптады. Ол үшін сезімдік тәжірибе мен рационалдық ойлауды сеніммен ұштастыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, ақиқаттың үш түрі бар: материалдық, формальдық, абсолюттік. Олар ғылым, философия, діннің шеңберінде калыптасады. Акиқаттың ең жоғарғы түрі, абсолюттік білімді тек қана дін, теология бере алады. Оны ол мистицизм дейді.

Эмпиризм, яғни тәжірибелік жолмен ашылатын білім, материалдық дүниені танып-білуге бағышталған. Рационализм өзінің формальдық табиғатының арқасында барлық білімді біріктіретін дәнекерлік күшке айналады.

В.С.Соловьев таным процесінде тәжірибеге көп көңіл бөледі. Ал оның өзі екіге - ішкі және сыртқы тәжірибеге бөлінеді.

Сыртқы тәжірибеге келер болсақ, ол айнала қоршаған ортадағы заттардың біздің түйсіктерімізге тигізетін ықпалынан пайда болады.

Ішкі тәжірибені В.С.Соловьев екіге бөледі: олар психикалықжәне мистикалық. Психикалықтәжірибеге біз өз табиғатымыздың бой көрсетуінен шығатын құбылыстарды жатқызамыз.

Мистикалық тәжірибе деп біздіңжан-дүниеміздің ар жағында жатқан, өзініңбізге тигізетін ықпалымен бізді жоғарыға көтеретін, ішкі рухани еріктікті тудыратын құбылысты айтамыз.

Оларды бір-бірімен салыстыра келе, В.С.Соловьев бірінші орынға мистикалык, екіншіге - психикалық, соңына физикалық тәжірибені кояды.

Әрине, логикалык дүниетанымның өз орны бар, бірақ, ол танылатын құбылыстың идеясына жете алмайды. Ол үшін иителлектуалдық интуиция (ой аңлауы) қажет. Дегенмен логикалық таным менинтуиция бізді болмыстыңең терең құпия сырларына жеткізе алмайды. Ол үшін - шектелгеннің ар жағына, трансценденттікке өту - ерекше таным қабілетін қажет қылады. Оны ол шабыт, эрос, экстаз деген ұғымдармен береді, Сонымен өзінің танымдық көзқарастарында В.С.Соловьев ғылым, философия, діннің бірлігінің кажеттігін көрсеткісі келді.

Адам, қоғам, тарих мәселелері

В.С.Соловьев адамзат өмірінің мән-мағынасын жер бетінде «Құдайдың патшалығын» орнатуға бағытталған іс-әрекеттен көреді. Ал енді жеке адамға келер болсақ, ол - екіжақты пенде. Бір жағынан, ол дене ретінде айнала қоршаған дүниемен, екінші жағынан, рух ретінде Құдаймен байланысты. Соңғы адамды табиғаттағы ерекше пенде ретінде көрсетеді - ол мәңгі, өлместікке ие болған. Адам - Құдай мен материалдық дүниені бір-бірімен байланыстыратын, ғарышты тәртіпке келтіріп, ұйымдастыратын пенде.

Адам өзін тұлға ретінде тек қана коғам шеңберінде іске асыра алады. «Қоғам - толықтырылған, кеңейтілген тұлға болса, онда тұлға - нүктеленген, қысылған қоғам». Қоғамға бағынып, адам жоғарыға өрлейді, ал оның өзіндік ерікті іс-әрекеті қоғамды әрі қарай дамытады.

В.С.Соловьев қоғамның тарихи дамуын үш сатыға бөледі. Олар: рулық, ұлттық, рухани-ғарыштық. Соңғыға әлі жету кажет. Ол үшін тек отбасын ғана емес, сонымен қатар экономика мен саясатты да моральдық тұрғыдан қайта өзгерту қажет.

Адамның табиғатпен қарым-қатынасына келер болсақ, ол да үш сатыдан өтеді: бірінші сатысында адам табиғаттың күштеріне тәуелді, олардан зардап шегеді, екінші сатыда - неше түрлі іс-әрекет жасап, олармен күреседі, ақырында табиғатты игеріп, өз еркіне көндіреді. Үшінші, болашақ тарихта, адамзат табиғаттың идеалдық жағдайына өтуіне көмектесуі қажет.

Адамзат тарихына көз жіберіп, В.С.Соловьев халықтардың әртүрлі сатыда екенін, адамдардың бір-бірінен алшақтанып, жаттанғанын, шынайы өмірдегі материалдықтың басымдылығын байқайды. Олай болса, негізгі мақсат - адамзаттың басын рухани жағынан біріктіру кажет.

Адамның рухани жетілуі тек қана дінмен емес, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілікпен байланысты. Этиканың негізгі ұғымы ретінде ойшыл «ізгілік», «жақсылықты» келтіреді. Осымен қатар, ол моральдық «ұят», «аяу», «пір тұту» сезімдеріне көп көңіл бөледі. Бұл кісінің мынандай ғажап сөздерін келтірейік: «Мен ұяламын, олай болса, тек қана табиғи емес, сонымен қатар рухани өмір сүремін, өйткені мен өзімнің хайуандығымнан ұяламын, олай болса, мен адаммын». Аяу дегеніміз - басқа адамға деген адами қатынас,оның өзіндік кұндылығын мойындау, осы сезім әділеттілікті тудырады (өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама). Соңғы пір тұту адамның әке-шешесі алдындағы сезімін көрсетеді. В.С. Соловьевтің адам мәселесіндегі негізгі идеясы - ешқашанда адамға құрал ретінде қарамау, оны әрқашанда мақсат ретінде тұту.

 

 

 

§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология

Орыс философиясының антропологиялық бағыты, яғни адам мәселесіне басымырақ қарау - оның негізгі ерекшеліктеріне жатады. XIX ғ. ортасынан бастап адамның өмір сүруі, оның бостандығы мен құндылығы, тұлғаның нәзіктігі, болмыстың неше түрлі үрейлерге толылығы т.с.с. экзистенциалдық сұрақтар орыс философиясының негізгі мәселелеріне айналады. Осы бағыттағы ұлы философтар қатарына Лев Исаакович Шестовты (Шварцман) (1866-1938 жж.) жатқызуға болады. Н.А.Бердяевтің айтуына қарағанда, Л.Шестовтың философиясын экзистенциализм бағытына жаткызуға болады, «оның философиясының қайнар көзі ретінде адамның қайғы-қасіреті, үрейі мен зардабы, үмітсіздік сезімі болды». Ол рациоиализм, сциентизм бағытын алғашқылардың бірі болып қатты сынға алады. Оның ойынша, өмірдегі әсемдік, өнегелілік, сенім ешқандай рационалдық, логикалық танымға жеткізбейді. Ғылыми зерттеу -заттар мен құбылыстардың жалпы жақтарын тұжырымдайды, адамға келгенде оның қайталанбас, ерекше болмысын еске алмайды. Сонымен адам өмірінің мақсат-мұраты, мән-мағынасы, қайғысы мен қуанышы, махаббаты т.с.с. сыртта қалады. Олай болса, ғылым мен философия ымыраға келмейді. Философияның негізгі мәселесі - адам, оның өмірінің мән-мағынасы.

Л.Шестовтың ойынша, ғылым мен философия ақиқаты да екі түрлі. Ғылыми ақиқат дүниедегі қажеттілікті зерттеуден шығып, барлық адамдарға бірдей болып келеді. Ал философиялық ақикатқа келер болсақ, оған әрбір адам өзінше өзінің болмысында жетуі керек. Адамзаттың негізгі мақсаты - табиғаттың қажеттілігін жеңіп, адамға бостандық, алғашқы еріктікті қайтадан әперу.

Еріктік мәселесіне келгенде, Л.Шестов оны Библияның аңызына негіздеп қарайды. Алғашында дүние мен адамды Құдай өзіне ұқсатып, оларды құдіретті, ерікті, жетілген қылып, жоқтан жаратқан болатын. Бірақ Құдай адамға ескерту жасады: Эдем бақшасындағы өсіп тұрған таным ағашының жемісін жесең - өлесің!! Жыланның сөзіне еріп, өзін Кұдаймен   теңегісі келген адам тыйым салынған Жемістің дәмін татып, «Білімді» пендеге айналды. Біліммен бірге күнә өмірге келіп, зұлымдыққа жол ашты. Білім шындықты қажеттілікке айналдырып, еріктікті жойды. Мұндай жағдайдағы адамның алдындағы мақсат жойылған еріктікті қайтару, дүниені зұлымдықтан құтқару. Ол үшін моральдық нормалар, неше түрлі ережелерді орындау қажет емес, өйткені олардың бәрі де ғасырлар шеңберінде ақыл-ойдың таразысынан өтіп, қажеттікке айналды. Олай болса, адам моральдық нормалардың талаптарына қарсы шығып, өзін ерікті сезіну үшін ойына не келсе, соны жасауы керек, өйткені оны жаратқан Құдайдың өзі. Адам әрқашанда ішкі тебіреністе, алаңдауда болып, озінің еріктігін Құдайдан іздеп, онымен қайта кездесу жолында табуы керек. Ол үшін тек қана сенім керек деп корытады Л.Шестов. Тек қана сенім ештеңемен шектелмеген бостандықты береді. Адам таным ағашынан бас тартып, өмір ағашына кайта оралуы қажет.

Орыстың діни философиясына қомакты үлес қосқаи Николай Александрович Бердяев (1874-1948 жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Еріктік философиясы. Шығармашылық мағынасы», «Тарих мағынасы», «Өзіндік тану» т.с.с.

Онын ойынша,  философия рухты  зерттейтін  ілім,  яғни  адамның өмір  сүруіне,  сол  арқылы  болмыстың  мән-мағынасын ашуға бағытталған пән. Ғылым сыртқы дүниені зерттесе, философия адамның ішкі рухани өміріне үңіледі. Сондықтан философия объективті емес, ол - әрқашанда субъективті.

Н.А.Бердяевтің ойынша, экзистенциалдық философия адамның өмір сүру диалектикасынан, сол арқылы жалпы дүниенің өзінтаниды. «Таным дегеніміз субъектінің болмысты бейнелеуіндеемес. Таным әрқашанда шығармашылық жолмен жүріп, мән-мағынаға жетуге тырыса

1234
скачать работу

Ресей философиясы ежелден бүгінгіге дейін

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ