Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ресей философиясы ежелден бүгінгіге дейін

>  

§ 4. Ғарыш философиясы

Ғарыш философиясы деген кезде, біз екі нәрсені айтуымызға болады. Біріншіден, ол - дүниенің біртұтастығы және соның шеңберіндегі адамзаттың, яғни рухтың алатын орны: екіншіден, адамзат мәңгі осы жер бетінде қала ма, я болмаса басқа ғарыштағы объектілерді игеріп, өзінің ықпалын бүкіл ғарышқа тарата ала ма ?

Бірінші сұраққа қайсыбір ұлттық философия жауап беруге тырысады, ал екінші сұрақты қойып, соған жауап беруге тырысқан, негізінен алғанда, орыс философиясы болды. Сондықтан бұл ағымды орыс философиясының ерекшеліктерінің біреуіне жатқызуға болар еді деп ойлаймыз. Ал енді оның өзінін де себебі бар шығар.

Алтын Орда мемлекстінің кысымынан кейінгі Ресей қоғамының Шығыска қарай садақтан атқан оқтай серпілуі (бірнеше ғасырдыңшеңберінде Еділ өзенінің ар жағынан сонау қиыр Шығысқа дейін жетуі), өлшемсіз кең-байтақ жерде мемлекеттігін кұруы, ұлттық ой-өрісті де кеңейтіп, оған ғарыштық өлшем берсе керек. Мүмкін, басқа себептер де болған болар.

Еуропа ой-өрісінде ғарыш жөнінде христиандық антропоцентрлік көзқарас ғасырлар бойы өмір сүрді. Оның негізгі кағидасы: адам - жаратылған дүниенің ең биік шыңы, жер болса - ғарыштың ортасы.

Коперник мұндай көзқарасқа төңкеріс жасайды: ғарыштың ортасы  -  жер   емес,   күн.   Ғарышта  тек  жерде   ғана   өмір  бар. Дж.Бруноның шексіз ғарыш пен өмір жөніндегі ойлары кең тараған жоқ.Жана дәуірдегі ғылымда ғарыш механикалық-физикалық объект, сансыз атомдардың өрісі деген пікір қалыптасты.

Енді, міне, орыс философиясында 18 ғ. бастап, антропокосмизм идеялары пайда болыпдамиды. Яғни адамның жер бетіндегі орны емес, оның ғарыштағы рөлі зерттеле бастайды.

Орыс философиясындағы бұл мәселеге қатысты негізгі идеялар:

а) ғарыштағы адамзаттың өлместігі (К.Э.Циолковский);

в) биосфераның ноосфераға өтуі (В.И.Вернадский);

с) табиғатты зерттеп, өткен ұрпақтарды тірілту (Н.Ф.Федоров);

д)  күн мен биосфераның ажырамас байланысы (А.Л.Чижевский);

е) сананың ғарыштык дамуы (Н.К.Рерих); т.с.с.

К.Э.Циолковский оқырмандарға орыс космонавтикасының әкесі ретінде кеңінен таныс. Сондықтан біз оның ғылыми-техникалық идеяларын қарастырмай, тікелей оның философиялық көзқарастарына көшеміз. Оның ойынша, адам ғарыш өмірінің бір бөлігі, сондықтан адамзат цивилизациясы Ғарыштағы өзгерістермен тығыз байланысты. Әрине, мәңгілік Ғарышқа қарағанда, жер бетіндегі адамзат әлі өте жас, Дегенмен болмыста пайда болып, белгілі бір уақыт келгенде жер бетіндегі байлықты сарқып, адамзат заңды түрде бұл өмірден кетуі мүмкін. Бірақ, сонымсн қатар, егер ғылымның дамуының негізінде адам Ғарышпен байланысқа түсіп, зат пен күш-қуаттың жаңа түрлерін игерсе, ол тоқталмайтын өрлеуге ие болып, өлместік дәрежесіне көтеріледі, - деген батыл пікір айтады.

К.Э.Циолковский адамзаттың жерлік және космостық өмір сүруін бір-бірінен айырады. Жер бетіндегі өмір сүру - адамзаттың «сәбилік шағы», сондықтан ол кемеліне келмеген, зардабы мен қиянаты мол. Адамзаттың ғарыштық болмысы келген уақытта өмірдің теріс жақтарының бәрі жойылып, қуаныш пен жетілгендік, шығармашылық - өмірдің негізгі жақтарына айналады. Оның ойынша, ғарышқа шығу - көп уақытты талап етеді, сатыларға бөлінеді:

а) адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында жер бетін толығынан қайта өзгерту;

в) жер айналасындағы кеңістікті игеру;

с) басқа планеталарды, содан кейін алыс Ғарышты игеру;

д) адамның өз биологиялық табиғатын өзгертіп, ашықҒарышта өмір сүре алатын дәрежеге келуі.

Сонымен егер Н.Коперник өз уақытында жердің Ғарыштағы ерекше орны жөніндегі көзқарасқа соққы берген болса, XXғ. К.Э.Циолковский адамзатты жер тартуынан шығарып, ғарышқа жол ашты деп көркемдеп айтуға болар еді.

В.И.Вернадскийдің негізгі ойлары жер бетіндегі өмір мен адамзатқа арналды. Нәтижесінде, ол биосфера мен ноосфера жөнінде тереңде тамаша ойларын адамзатқа ұсынды. Бүгінгі қалыптасқанбиосфера жөніндегі «Үлкен жүйе» теориясы, тіршіліктің ғарышпен заттық және энергиялық алмасуға түсуі т.с.с. идеялар В.И.Вернадскийдіңшығармашылық еңбектерінде үлкен орын алды. Жер бетіндегі тіршілікті ол жердің ерекше қалыптасқан геологиялық қабаты ретінде қарайды. Тіршілік биогеохимиялық зат пен энергияның айналысын тудырып, жер бетін толығынан өзгертеді. Осы тұрғыдан  қарағанда,  адамзат тіршілік әлемінің ерекше еңжоғарғы бөлігі. Ол ерекше бір - басқа энергия формаларына ұқсамайтын- күш-қуатты тудырады. Оның аты - ақыл-ой, зерде. Адамзат акыл-ойы мен еңбегінің арқасында жаңа геологиялық күшке айналып, биосфера жаңа ахуалға - ноосфера (ақыл-ой арқылы ретке келтірілген жер беті) сатысына көтеріледі. Сонымен В.И.Вернадскийдің ойынша, адамзат зердесі - ғарыштық кұбылыс.

Н.Ф. Федоров адамзат зердесін ғарыш эволюциясыныңзаңды нәтижесі ретінде қарайды. Әрі қарай Ғарышты адамзат саналы түрде өзгертеді. «Ғарыш хаос емес, нағыз Ғарышқа айналуы үшін зердені талап етеді». Болашақта ғылымныңорасан зор дамуының негізінде адамзат өлместік дәрежесіне көтеріліп, сонымен қатар жер бетінде бұрын-соңды өмір сүрген барлык ұрпактарды кайтадан тірілтеді, - деген ойда болды.

А.Л. Чижевский жер бетіндегі тіршілікті тудырған - жердің

өзі   емес,   күн  деген   пікірге   келіп,   күннің   жердегі   биосферағатигізетін ықпалын егжей-тегжейлі зерттейді. Табиғаттағы геофизикалық аномалиялар, жер бетіндегі оқтын-оқтын болатын эпидемиялар, куаңшылык т.с.с. құбылыстар Күндегі болып жатқан процестермен тығыз байланысты екенін дәлелдеп, А.Л.Чижевский бүгінгі

ғылымдағы астрогеология, ғарыштық медицина, гелиобиология бағыттарының негізін қалады.

Адамзат ғарыштың әрі қарай дамуындағы саналы күш болғаннан кейін, халықтар бір-бірімен жақындасып, бірігіп, мемлекеттер арасындағы жасанды кедергілерді алып тастауы керек деген идея көп ойшылдардың еңбектерінде кездеседі.

«Адамзатты біріктіретін негізгі күш мәдениет, ғарыштық этика» деген пікірді орыс ғалымы, суреткері, діни философы Н.К. Рерих айтқан болатын. Оның ойынша, бүкіл ғарышта, кеңістік пен уақытта, адамның жан дүниесінде екі ғарыштық күш - Ізгілік пен Зұлымдық бір-бірімен күресте. Олар болмыстық жағынан кселгенде тең емес. Дүние Ақикат, Ізгілік пен Әсемдік жолында өзгертіледі. Тек Жарык сәулесі ғана ғарыштағы қараңғы тұңғиық Хаосты тәртіпке келтіре алады.

Н.К. Рерих адамның ізгілігі, жасампаз белсенділігі Ғарыштың дамуындағы негізгі күш екенін паш етеді. Нәтижесінде, адам Жаратушы-Құдайға ұқсайды. Тек оның ерекшелігі - ол айнала қоршаған ортаны өзгертіп қана қоймай, сонымсн бірге өзін де жетілдіре алады. Надандықтан кейін цивилизация келеді, содан кейін ғылымның дамуының негізінде адамдардың білімі өсіп, нәзіктене келе, биік мәдениеттің есігін ашады, - деп қорытады Н.К.Рерих.

Н.К.Рерихтың ойынша, адамдардың арасындағы барлық ұлттық, нәсілдік, діни, әлеуметтік т.с.с. айырмашылықтар болмауы керек. Адамдардың арасындағы айырмашылық тек қана оның мәдени дамуының негізінде қаралуы керек. Адам - Ғарыштың бір бөлігі, олай болса, ол - мәңгілік, барлығымен байланысты, бәріне де тәуелді, сонымен қатар бәрі де оған тәуелді.

Адамның жасампаздық-шығармашылық істері әсемдіктің негізінде жүреді. Әсемдік - рухтың мәдениеті, дүниенің зерделі тәртібі. Әсемдік дегеніміз - Ғарыштың өзі. Жалпы алғанда, ойшылдың эстетикалық, гуманистік-өнегелік идеялары осы уақытқа шейін өзінің өзектілігімен танылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Серік Мырзалы. Философия.- Алматы: «Бастау», 2008.- 644 б.

1234
скачать работу

Ресей философиясы ежелден бүгінгіге дейін

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ