Ресей философиясы ежелден бүгінгіге дейін
Другие рефераты
Мазмұны
ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениеті аясындағыфилософия..........................................3
§ I. Славянофилдер мен батысшылар ағымы………………………………….3
§ 2. В.С.Соловьевтің «бәрінің бірліктегі» философиясы………………………4
§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология…………………………………..6
§ 4. Ғарыш философиясы………………………………………………………….9
Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................................14
ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы
философия
Философия тарихына жасаған көлемді саяхатымызда солтүстіктегі көршіміз- Ресей халқының рухани-философиялық мұрасын естен шығармауымыз керек. Қазақ халқы «Ұлы мәртебелі Тарихтың» шешімімсн ХІХ-ХХ ғғ. орыс мәдениетінің ықласында болып, қандай дегенде де, оларлың кең құндылықтарын Өз бойына сіңірді. Екінші жағынан алғанда, орыс руханиятының бүкіл дүниежүзілік философиядағы алатын өз орны қайталанбас құңдылықтары бар. Сондықтан оларды әрбір білімді азамат меңгеруі қажет. Үшінші жағынан, бүгінгі қазақ елі - көпұлтты ел, ал орыс халқының өкілдері негізгі ұлт- қазақтардан кейінгі екінші үлкен әлеуметтік-демографиялық топ, сондықтан қазақ-орыс мәдениеті және тағы басқа қатынастарының негізінде бір-бірінің дүниеге деген көзқарасын түсіну қажеттілігі жатыр, сонда ғана олар толыққанды болуы мүмкін.
Философиялық ой-пікірдің Ресейде дүниеге келуі XI ғ. басталып, негізінен, христиандық дінді қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдің ойшылдары өз мемлекеттерінің Құдай нұрының шапағатына қатысты екенін негіздей бастайды. Алғашында ойшылдардың ой өрісі адамның жүріс-тұрысын ретке келтіретін мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дінінің бүкіладамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негіздеуге бағытталды.
§ I. Славянофилдер мен батысшылар ағымы.
«Алтын Орда» мемлекетінен өз дербестігін алып, Мәскеу княздігінің Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезінде орыс халқының «ұлылығы», «артта қалған» Азия халықтарын православиелік дінге енгізу, орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негізделген «Мәскеу - үшінші Рим» деген философиялық көзқарас пайда болды. Осындай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс халқының ерекше өчзндік болмысы мен мәдениеті, философиялық ой-пікірі бар деген славянофильдік (славяндықты сүю) ағымды тудырды.
Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей моңғол-татар бодандығында екі ғасырдан артық болып, басқа Еуропа елдерінен қалып қойды, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тәлім-тәрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды «батысшылар» деп атай бастады. Осы екі ағым арасындағы күрес өзінің шиеленісіне XIX ғ. ортасында жетті. Ақырында, большевиктер бұл шиеленісті «батысшылардың» пайдасына шешті. Алайда бұл екі ағым арасындағы астыртын күрес әрі қарай жүре берді.
Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдің алдында «Біз кімбіз және қалай қарай дамуымыз керек?» деген сұрақ тағы да дүниеге келіп, аз уақытта тағы да «батысшылардың» пайдасына шешілді. Бірақ либерализм жолы әлеуметтік құрылымда аз өте бай топпен қатар, негізгі халықтың қайыршылауына әкеліп, XXI ғ. басында саяси элитаның ауысуына, «мемлекетшілдердің» билікке келуіне себеп болды. Бұлардың көзкарастарының «славянофилдерге» жақынырақ екенін, сонымен қатар олардың Батыс тәжірибесін (әсіресе жаңа технологияларды) де игеру қажеттігін білетінін айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына жасаған қысқаша экскурс осы елдегі философиялық ой-өрісті жете түсінуге мүмкіншілік бере ме деген ойдамыз.
Енді әңгімені нақтылай келе «батысшыларға» келер болсак, бұл ағымның негізін қалаған П.Я.Чаадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдері коғамның материалдық және рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тәртіпті. Еуропа кұндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, азаматтық еріктікті қорғауды т.с.с.жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негізделген күшке табыну, соның нәтижесінде барлық адамдардың кұлға айналуы, тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нәрселерді көреміз. Мұның негізгі себебін П.Я.Чаадасв Ресей халкыныц дінді «бишара Византиядан» алып, Еуропаның католиктік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын ағарған зерденің негізінде кұруы керек.
П.Я.Чаадаевтің көзқарасы Ресейдің біршама зиялыларына зор әсерін тигізіп, «батысшылар» тобының қалыптасуына әкелді. Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с. жатқызуға болады.
В.Г.Белинский Еуропаға сүйсіне табынғандай қарап, былай деп жазды: «Еуропаның бір жылы Азияға бір ғасыр, Еуропаның бір ғасыры Азияға мәңгіліктей. Барлық ұлылық, асылдық, адами-руханияттылық Еуропа топырағында бәйшешектей гүл жарып, өзінің тамаша жемістерін берді. Өмірдің көп келбеттілігі, ер мен әйел арасындағы тазалық, әдет-ғұрыптың нәзіктілігі, ғылым мен өнердің дамуы, табиғаттың бисаналық күштерін бағындырып игеруі, материяның жеңіліп, рухтың көкке карай өрлеуі, адамның кісілігін сыйлап, оның құқтарын бұлжытпай сақтауы... - бәрі де Еуропа өмірінің дамуының нәтижелері» - деп қорытады В.Г.Белинский. Әрине, ол бүгінгі Батыс руханиятын көрсе, мүмкін мұндай көзқарасқа түзету енгізер ме еді, кім біледі?
«Батысшылар» Ресейді «византиялык-православиелік» ноқтадан кұтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс-әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкіл адамзаттық құндылықтары мен нормаларын іске асырды деген жалған ойда болды.
Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, Орыс мәдениеті православиелік діннің шеңберінде дамуы керек. Олар «патшанікі патшаға, Құдайдікі - Құдайға» деген қағиданы ұстады. Яғни мемлекет тек қана коғамды сырттай өзгерте алады, ал ішкі жаңару - православиелік халықтық мәдениеттің ісі. Тек ішкі рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі қоғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадағы ағартушылық өзінің ішкі мүмкіншілігін сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүріп жатыр дегенкөзқараста болды.
Қоғамды реформалаудағы негізгі мәселелердің бірі Ресей қоғамы жекеліктің, я болмаса қауымдастықтьңнегізінде даму керек пе? - деген сұраққа жауап ретінде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмір сүру - Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. Қауымдастықтың шеңберінде ғана рухани бірлік бар. Қоғамның дамуының негізінде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керісінше, адамды сүю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. «Біз сүйіп сенеміз, олай болса, өмір сүреміз» деген нақыл сөздің астына әрбір славянофил өз қолын қойған болар еді.
§ 2. В.С.Соловьевтің«бәрініңбірліктегі» философиясы.
Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900 жж.) - асадарынды орыс діни философы. Адамның әлеуметтік-мәдени және діни қажеттіктерін өтей алатынфилософиялық жүйе жасауға тырысты. Христиандықдіндегі бағыттардың (католицизм, протестантизм, православие) басын біріктіріп, діни көзқарасты ең жаңа ғылымдағы ашылған деректермен толықтыру қажеттігін айтты.
В.С.Соловьевтің философиясының негізгі идеясы - дүниедегі бәрініңбірлігі.
| | скачать работу |
|