Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ресей философиясы ежелден бүгінгіге дейін

ды. Адамның құпиясын танып-білу болмыстың құпиясын танып-білумен тең».

Адам абсолюттік болмыстыңалдында тұрып, оны танып-білгісі келеді. Бұл мақсатка жеткізетін екі-ақ жол бар. Ол өзіндүниеніңбір бөлігі ретінде сезініп, оған терең шомылуы мүмкін. Бірақ ол жол нәтиже бермейді, өйткені бөлшек біртұтастыққа жетеалмайды.

Екінші жол - өзіңнің дүниеге деген маңыздылығыңды сезініп, өз болмысынды бүкіл дүниенің өзегі ретінде қарасаң, онда өз тереңдігіңеүңілу, оны танып-білу - бүкіл болмысты танып-білумен тең болады. Мұндай көзқарас көне замандағы гректердің«макро-косм» мсн «микрокосм» идеяларына кетеді. Адам «кіші ғарыш» ретінде «үлкен ғарышқа» сай келеді. Сондықган сыртқы болмысты тану үшін ӨЗІҢНІҢ ішкі болмысыңды білуің қажет.

Н.А.Бердяевтің философиясының негізгі категориясы - еркіндік. Оның ешкандай өлшемі, шегі, түбі жок, оны ештеңемен теңеуге болмайды. Оның оқшаулығын түсіну оның болмысқа дейін өмір сүргенін мойындаумен тең. Бұл арада Н.А.Бердяев Орта ғасырда өмір сүргсн Я.Беменің: «Құдайдың өзі түбі жоқ тұңғиықтан пайда болды» деген пікірін қолдап, сол алғашкы «түбі жоқты» ерікпен теңейді. Сол алғашқы тұңғиықтан шыққан Құдай дүниені жаратады.

Осы арада Н.А.Бердяевтің философиясының ғажап қызықты жағын көреміз. Ол - алғашқы Еріктік пен Жаратушы-Құдайдың арасындағы дуализм, қайшылық. Құдай дүниедегі зұлымдыққа жауапты емес, өйткені оның өзініңнегізі жоқ, Ол өзі шыққан түбі жоқ еріктікке ештеңе жасай алмайды. Керісінше, Құдайдың өзінің болмысына, содан кейін оның дүниені жаратуына жол ашқан сол алғашқы Еріктік емес пе? Олай болса, адамнын өзі, бір жағынан, Құдайдын жаратқан пендесі болса, екінші жағынан, түбі жок еріктіктің нәрестесі. Сондықтан еріктік бүкіл адамның іс-әрекетін баурайды. Еріктік дегеніміз - еш нәрсеге тәуелсіз таза сана, күш-қуат.

Белгілі бір «метафизикалық ессіз кезеңде» еріктік өзін Құдайға қарсы қойып, онымен күресебастады. Ол барлық жаратылғандүниеге, адамның өзіне де тарады. Сондықтан дүние мен адам зұлымдыққа белшесінен батты, ал Құдай болса, оған еш нәрсе жасай алмайды, өйткені Ол еріктікті жаратқан жоқ. Міне, осы сәттедүниеге Христос келіп, бүкіл дүние мен адамдардың күнәларын өзмойнына алып, тұңғиыққа тереңдеп, оны өз сәулесімен жарқыратады. Сонымен Н.А.Бердяев Құдайдың ессіз еріктікті жеңетінінесенгенмен, бірақ, оған үзілді-кесілді кепіл беруден бас тартады.

Н.А.Бердяевтің философиясындағы негізгі болмыстық категория - ол адамның өзі, өйткені ол дүниенің ортасында, оныңтағдыры дүниенің тағдырын анықтайды. Адам мен Дүние Құдайдың өмірін байытады, өйткені адам - рухани пенде, ол ізгілік пен кемдікті сүйеді. Екінші жағынан, ол - ең жоғарғы материалды құрылым, бүкіл дүниенің барлық элементтері оның бойында бар сондықтанҒарыш оның шығармашылық іс-әрекетін қабылдайды.

Сонымен адам – қайшылықты пенде, ол «табиғаттық дүниедегіүзіліс», оны түсіну үшін одан да жоғары - Құдайға деген оның қарым-қатынасын білу қажет. Оның ойынша, осы уақытқа дейін адам өзін Құдайға тәуелді пенде ретінде түсініп келді. Ал тәуелділік бар жерде шынайы махаббат жоқ. Сондықтан Құдай мен адамның арақатынасы нағыз еріктікке негізделген, махаббаттың құпиясы, міне, осында. Адам Құдайды қажет етсе, Құдай да адамды қажет етеді, өйткені оның өзінің негізі жоқ (безосновность), ол адамсыз өзінің жалғыздығын сезінеді... Сонымен біз адамның Құдайлығын, Құдайдың адамдығын көрсетуіміз керек. Тарихи Христостың өзі алғашқы рет осыны паш етті.

Құдай - рух, сонымен қатар адам да - рух. Олай болса, екеуінің шығармашылық жолда кездесуі ғана объективацияланған дүниеден адамды құтқарады (объективация - Бердяевтің философиясындағы ұғым, идеяның, жалпы сананың мазмұнының, адамдардың  қарым-қатынастарының  заттануын, адамнан  жаттануын көрсетеді).

Енді Н.А.Бердяевтің тарих философиясына келер болсақ, онда «уақыт» категориясы үлкен орын алады. Егер дүниедегінің бәрі шектелген, олай болса, соңы бар болатын болса, тек шығармашылық арқылы ғана оның ар жағына өтіп кетуге болады. Шығармашылық – мәңгілікке әкеледі, бірақ ол - шексіз уақыт емес, уақытты аттап өтетін жаңа сапа. Осы себепті тарихтағы шексіз жоғары өрлеуді (прогресті) қабылдауға болмайды. Тарихтағы соңғы «жұмақта» өмір суретін буындар өткен шексіз санды адамдардың өмірін сол мақсатқа жетудің құралына айналдырады. Мұндай жағдайда  адамзат  тарихының  мән-мағынасы   жойылатыны   хақ.

Өткен дәуірді, оның мәдениетін толыққанды қабылдамай, дұрыс болашақты да орнату мүмкін емес. Шіркін, осындай Н.А.Бердяевтің терең тарих жөніндегі ойларын саясаткерлер жете білсе ғой!!! Сонда реформа барысындағы қателіктер де аз болар еді.

Жалпы алғанда, Н.А.Бердяевтің тарихи көзқарасын өміршеңді деп атауға болады: адамзат рухани жаңарудың негізінде қайта өрлеуге мүмкіндік алады. Болашақ қоғам екі принципке негізделеді: - аристократиялық - тұлғаның толыққанды шығармашылық дамуын көрсетеді, ал демократиялық - әділеттілік пен достықка шақырады.

Тарих философиясындағы Н.А.Бердяевтің талдап, өзінің шешімін берген екі категориясын көрсетпей болмайды - олар мәдениет пен цивилизация.

Мәдениет - қоғамның рухани дамуының шыңы, дін, философия, өнер құндылықтары, терең де нәзік ойлар, шығармашылық туындылары. Уақыт өткен сайын шығармашылықтың орнына күнбе-күнгі қажеттіліктер деп шығатын карапайым өмірді көтеруге бағытталған істер келіп, «өзімшіл цивилизация» мәдениетті тұрпайылата бастайды.

Цивилизация дегенімізөмірдің әлеуметтік, материалдық

жағының дамуы, экономикалықмүдделердің басымдығы, пайдақорлықка тырысу, құралдың мақсатты жеңуі. Цивилизация өз табиғатына сәйкес техникаға жақын, ол жеке адамның шығармашылығын ұжымдық еңбекке ауыстырады. Цивилизация машиналардың өмірге енуімен бірге келеді. Адам техниканы пайдаланып, табиғатты өз еркіне көндіруге тырысады, соныннәтижесінде адамның толыққанды органикалық табиғатка сәйкес өмірі жойылып, оның орнына мамандандырылған, біржақты адам пайда болады. Цивилизация техниканың үстемдігіне әкеліп, рухты тоқыратады.

Капиталистік, я болмаса социалистік цивилизация болмасын, ол өз табиғатына сәйкес әрқашанда «буржуазиялық». Ол дегеніміз - рухтың тоқырауы, материалдықбайлыққа, өмірден ләззат алуға тырысу.

Дегенмен цивилизация мәдениетті толығынан құрта алмайды, ол ұсақталынғанмен аяғына шейін цивилизацияның пайда-қорлығына карсы тұрады. Жалпы алғанда, Н.А.Бердяев адамзат тарихының төрт логикалықсатысын көрсетеді, олар тағылык, мәдениет, цивилизация және «діни қайта өрлеу». Социалистік өзгерістер Ресейді цивилизация шеңберіне кіргізіп, мәдениетті тоқыратты. Мәдениетті қайта жаңартуда дін шешуші қызмет атқаруы керек.

Орыс философиясындағы діни антропология бағытының өкілдері ретіндеС.Н.Булгаков, С.Л.Франк және Н.О.Лосскийді атап өтуге болады.

С.Н.Булгаковтың айтуына қарағанда, адам Құдайсыз өмір сүреалмайды, егер ішкі дүниеңде Құдай болмаса, онда көңіл құлазиды. Құдайға қарсы күрес, бір дінді тарату қажетті түрде екінші дінді тудырады (мысалы, Кеңес заманында марксизм жаңа ағарған дінге айналған болатын. - С.М.) Алайда адамға Құдай сырттан келмейді, оны ол өз ішінен табуы керек.

С.Н. Булгаковтың ойынша, шығармашылық дегеніміз - ол

«антроподицея» (адамды ақтау). Оның негізгі себебі - дүние уақыттыңшеңберінде өмір сүруде, олай болса, ол әлі соңына жеткен жоқ,

дәл қазір жаратылу жалғасып жатыр. Ал адам болса, ол Құдаймен

бірге   осы   дүниені   жарату   ісіне,   оны   әрі   қарай   жетілдіругеатсалысуда. Адам - Құдайға ұксаған, Мәңгіліктің ұлы, Құдайдың рухын жалғастырушы. Ол - микротеос, оның ішінде бүкіл дүниенің күш-куаты бар, ол - болмыстың ең жоғары ортасы.

С.Л.Франк адамды өзін-өзі анықтайтын және өзгерте алатын пенде ретінде қарайды. Өзіндік сана арқылы адам заттардан ғана емес, сонымен қатар өзінен де алшақтап, өз-өзіне басқа адамның көзімен қараған сияқты дәрежеге келеді. Нәтижесінде екі ахуал -танушы мен танылатын, бағалайтын мен бағаланатын, сот пен сотталатын - пайда болады. Міне, адам өзіндік санасы арқылы өзінің денелік эмпириялық табиғатынан бөлініп, өз-өзін бағалайтын, сынайтын дәрежеге көтеріледі.

Адам - әрқашанда өзінің күнделікті болмысына қанағаттанбай, оны аттап өтіп, басқа өмірге, өнегелікке қарай ұмтылатын пенде.

Н.О.Лосский түлғаларды шынайы және потенциалды деп екіге бөледі. Тұлға өзінің дамуында құдайдың бейнесіне ұқсауданбастап, соңында тіпті кұдайдың өзіне тартуға тырысады. Ал соңғы -ол тұлғаның негізгі мақсаты, ол үшін адам неше түрлі қиындықтар мен зардаптардан өтуі керек.

Руханияттық - адамның негізгі қасиеті. Рухани адамның ішкі өнегелілігі қандай да болмасын сыртқы жағдайлардың қысымына қарсы тұра алады.

Қорыта келе, біз орыс философиясының адам мәселесіне қомақты үлес қосқанын байқаймыз. Олардың айтқан көп идеялары қазіргі өтпелі дәуірдегі қалыптасқан көп ахуалдарды талдауға өз көмегін береді. Сіз де ол жөнінде ойланып көріңіз.

 

 

1234
скачать работу

Ресей философиясы ежелден бүгінгіге дейін

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ