Салауатты өмір салтын ынталандыру
Другие рефераты
Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған.
Н. Ә. Назарбаев
Алғы сөз!
Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі оқушының денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі. Сондықтан, оқушылардың дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір сүрудің құндылығына, қажеттілігіне оқушының көзін жеткізіп, оны іске асыру жолдарын көрсетіп, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек.
«Оқушының саулығын сақтау» жөніндегі ақыл кеңестерді денсаулықты сақтауға үйрететін толық құрал ретінде қарауға болмайды. Әйткенмен, осында айтылған шараларды орындап тұрса, жас буынның тазалықты сақтап, бойларын күтуіне едәуір себеп болар еді деген ойдамын.
«Ауырып – ем іздегенша, ауырмайтын – жол іздейік.»
І. Денең cay болсын десең…
1. Сыныпқа таза aya молынан кірсін, күннің сәулесі (шуағы) кіріп тұрсын. Сау болу үшін таза aya, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа.
2. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді, аркаңды күнде салкын сумен жуып тұр. Көнбісті боласың. Денеңді таза ұста. Жұмасына бір рет жылы суға шомылып түр.
3. Жылы мезгілде таза суға көбірек шомыл. Ең артығы күннің шуағымен жылыған суға түссең тіпті жақсы.
Шомылуға қолайлы уакыт сәске мен намаздыгер (екінді) мезгілі. Тал түсте, күн қызьп тұрғанда суға түспе. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға шомылма. Қызынып яки терлеп тұрып суға түспе. Әуелі қызуыңды басып, теріңді кептір,
Шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Терлеген дене жылдам салқындайды, суық тез тиеді! Шешінісімен, басыңды сула да, суға түс.
Суға жүгіріп келіп,қарғып яки секіріп түспе, суға кетесің. Су ішінде бір орында түрма, отырма, жүзе бер, жүзе бер, көбірек қимылда. Су ішінде он-жиырма минуттан (көп дегенде шәй қайнатым уақыттан) артық болма. Дірілдей бастасаң, тезірек судан шық. Судан шығысымен әуелі денеңді сүртіп қүрғатып, киініп алған соң, жылынғанша серуенде. Жылы, тымық күні Судан шыққан соң, жалаңаш денеңе біраз күн тиіп түла бойыңды жел қақсын. Аурудан әбден айықпаған әлсіз адамға тымық, жылы. күні ғана суға түсуге болады. Суға түсу шарттарын әбден біліп ал. Осы шарттарды елемесең, түрлі бақытсыз оқиғаларға душар боласьң.
Жуынғанда тұла бойыңдағы кірің кетеді. Теріңдегі бітеліп қалған тесіктері ашылады. Терің көнбісті болып шынығады. Сондыктан жиірек жуын.
Жылы суда дене кірі тезірек ериді. Сабының жылдамырақ көпіреді. Сондықтан салқын судан гөрі жылы су денеңдегі кіріңді тез а лады.
Өте жылы су әсіресе күнде жуынғанда қаныңды тасытып, денеңді болбыр етіп, нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Жылы суға яки моншаға түскен соң, денеңді жәйімен бірте-бірте салқындат. Суықтан сақтан.
Шомылып шыққаннан кейін үстіңді таза орамалмен (сүлгімен) немесе дәкемен әбден сүртіп құрғат. Денеңді таза ұстау үшін жуынғаннан кейін іш киіміңді (көйлек-дамбалыңды) жиі ауыстырып түр. Ең болмағанда көйлек-дамбалыңды аптасына бір рет ауыстыр.
4. Қара жұмыс істегенде ауыстыратын екі киімің болсын.
Күндіз кигеніңді түнде шешіп жайып, түнде кигеніңді күндіз жайып ауыстыр.
Тер, түлеген тері, теріңнен шыққан май, басқа зиянды
нәрселердің бәрі ішкі киімге сіңеді. Бұл заттар шіри бастайды, шіріктің әсерінен колтықтарыңның, башайларыңньң арасы секілді жерлерде қолаңса, шуаш пайда болады. Шіріктің салдарынан тері жидіп түлейді, қызылшақа болады, түрлі жара түседі.
5. Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалап шайып отыр. Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді мәсуекпен (тіс тазалағышпен) жақсылап тазала.
Ең болмағанда тісіңді күнде кешкісін жатарда бір тазала. Мәсуегіңнің қылы тым қатты не өте жұмсақ болмасын. Күтеперіштен жасалған тіс тазалағышты колданба.
6. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (серуенде, ойна, жүгір, тағысын тағы).
7.Өте жылы киінбе, басың жеңілдеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста. Шаш қойма.
8. Дененді тар киіммен, белбеумен, түрлі баумен байлап қыспа.
9. Аяқ киіміңнің (етігіңнің) ұлтаны табаныңа лайық болсын. Өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше өте зиянды болады.
10. Киімің әсіресе шұлғауың байпашің (шұлығың) суланса шапшаң шешіп таста, құрғақ киім киіп ал.
11. Бөгделердің киімдерін, әсіресе бет орамалын, қол орамалын пайдаланба, бөркін, көйлек-дамбалын киме. Ауру адамның, өліктің киіміне жолама.
12. Өте көп ішіп-жеме. Бұзылған астан, сіңімсіз тамақтан, әсіресе тәттіден бойыңды аулақ сал. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты жөнімен ішіп-же, күніне үш мезгілден артық тамақтанба, уақыты асқан тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сияқты тағамдарды асқа көп салма. Қызыл бұрыш, хрен секілді нәрселерді асыңа салма. Ауырған, арам өлген малдың етін, шала піскен, иістенген, бұзылған етті, жемісті жеме. Ауруға шалдығасың.
13. Арақ, боза секілді есірткі ішімдіктерге жолама. Наша шекпе, көкнәр жеме! Диюана боласың. Шәйды, кофені қып-қызыл қыльш ішпе, сұйықтау етіп іш. Бүларды ұйқтардың алдында ішпе.
14. Тамаққа отырар алдында қолыңды жу. Тамақты қазақша, қолмен жесең, қолыңды сабындап жу.
15. Ауру, саулығы күмәнділеу адаммен табақтас болма. Ешкімнің де сарқытын ішіп-жеме.
16. Аяқ-табақ, қасық-аяқ, пышақ-шанышқы секілді ас ішетін аспаптарыңды таза ұста. Олардын өзіңе меншіктісі болғаны жөн.
17. Жуып-тазаламай тұрьш, басқалар колданған аяқ-табақты, шанышкы-пышақты, ожауды, кесені, тағы басқаларьн таза ыдыс-аяқтарға араластырмай, ыстық суға кайнат.
18. Ерте жат, ерте тұр, оянған соң төсекте еріншектеп жатып алма. Оянысымен төсектен тұрып кет. Төсекте керіліп жата берсең, еріншектігің ұстап, бүгінгі істейтін жұмысыңа зауқың болмайды.
19. Кешке ұйқтардын алдында ауыр жұмыс істеп өзіңді-өзің шаршатпа. Болдырсаң, дұрыстап ұйқтай алмайсың.
20. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалы ұйқы — түс көрмей қатты ұйқтау. Түнде ұзақ отырып істеген ми жұмысы адамның ұйқысьш бұзады, адамды ұмытшақ етеді. Сондықтан денсаулықты сақтау ережесі саған «ерте жат, ерте тұр, сонда ғана ұйқы сені тынықтырады» дегендей кеңес береді.
21. Ұйқының ұзақтығы жасқа карай түрліше болады. Тәулігіне емшектегі балаға 16-20 сағат, 10-12 жашр балаға — 9 сағат, бозбалаларға — 8 сағат, үлкен кісіге 6-7 сағат ұйқы жетіп жатыр.
22. Еш уақытта біреумен қойындасып жатпа, жеке жатып үйрен. Басқа кісінің төсегіне жатпа, төсек-орнын, жастығын, көрпе жаймасын қолданба.
ІІ. Сабақ үстінде денсаулығыңды ойласаң…
1. Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол
жағыңда бол сын.
2. Жазу үшін отырғаныңда астыңдағы орындығыңның алдыңғы шеті үстелдін астына 2-5 сантиметр (бір-екі елі) кіріп тұрсын.
Жазғанда тік отыр. Көкірегіңмен үстелдің шетін кидірмелеме.
3. Үстелге отырғанда екі білегіңді шынтағыңа дейін үстелдің үстіне салып отыр. Астыңдағы орындығың аласа болса, үстіне көпшік немесе басқа нәрсе салып, керегінше биіктет.
4. Үстелге отырғанда табаныңды жерге — еденге тегіс тигізіп тіреп отьір. Аяғың жерге (еденге) жетпесе, табаныңның астына тақтай (сандыкша, жәшік) қойып, басып отыр.
5. Үстелге отырғанда аяғыңды орындықтың астына қарай бүкпе, не болмаса бір аяғыңды екінші аяғыңнын үстіне салып айқастырма. Аяғыңның тізеңнен төменгі балтыр жағы тік тұрсын.
6. Орындықтың үстінде тік отыр. Арқаңды орындықтың арқалығына таяп, сүйеніп отыр. Басыңды төмен еңкейтпе.
7. Жазғанда екі білегің шынтаққа дейін тегіс үстелдің үстінде жатсын. Сол қолыңмен қағазды басып, керегінде ілгері жылжытып отыр.
8. Жазатын қағазыңды оң жаққа таман, қарсы алдыңа
қой.
9. Оқығанда орындығыңды үстелден аз-кем кейіндеу қойып, кітабыңды екі қолыңмен ұста. Кітаптың төменгі жағы үстелге тіреліп тұрсын, жоғарғы жағы үстелден көтеріңкі болсын.
Оқығанда көзің кітбыңның бетінен ең кем болғанда 32 сантиметрдей (2 сүйемдей) қашықта болсын.
10. Орындыққа отырғанда криімің астында бүктетіліп жатпасын. Сондықтан еркек балалар ықшамдау шалбар, қысқа бешпент кисін.
Қыз балалар орындыққа көйлектерін тегістеп, бүктесінсіз қылып отырсын. Отырып алған соң, астыңдағы көйлегіңді дұрыстаймын деп қолыңмен тартқыштама.
ІІІ. Жаттығу жасап жаттығайық
| | скачать работу |
Другие рефераты
|