Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сапарғали Бегалин — халықтың сүйікті жазушысы

ынан жарылып.
Көптеген қазақ балаларымен қатар көптеген елдердің балаларының сүйікті кітабына айналған «Сәтжан» повесі дүниеге былай келген екен. Аягөз өңіріне жолсапармен барған жазушы ителгі асырап, құсбегілікпен әуестеніп жүрген Сәтжан деген баламен танысады. Оның тыныс-тіршілігі, сабақты жақсы оқитындығы, бұзау бағушылық жұмысына сондай тыңғылықты баланың тыныс-тіршілігі Сапарғали атаны қатты ойланырады. Бұрын өлең жазып жүрген адамның енді көз алдына көрген оқиғасы повесть болып елестейді. Көрген, зерттеп зердесіне түйген жайлар толғанысы арқылы «Сәтжан» атты повесть жазып шығады.
«Түз қырандарын ұстап баулуға Сәтжан аса құмар болатын. Ол Серікбай атасының бүркітін қолына алып жем бергенін, аңға алып кеткенін көргенде, мен де құс салсам, деп аса құмарланатын. Ителгі балапанының дауысы шыққан жерін аңдып көп отырды. Жанай көлеңкеге жантайып жатып әндетіп құстың дауысын елең де қылған жоқ. Сонша болмады, жартастың сайға үңілген қия бетіне екі ителгі ұшып келіп қонды. Біреуі жартастың басына әлден уақытта қайта ұшып шықты. Ителгі ұясы бар деген ойын Сәтжан әбден анықтады…». Міне, жазушының бала ойымен, көркем суреттеп жазған повесі осылай басталады. Құсбегілікті жанындай жақсы көретін Сәтжан анасының көмекшісі, мықты аңшы, жақсы дос. Сапарғали Бегалиннің әдебиеттің қызықты, абыройлы саласына машықтандырып балалар жазушысы болып қалыптасуына ықпал еткен осы шығармасы екен.
Балалар әдебиетінің қиын талабы мен абыройлы тәрбиелік сипатын ойлағанда, жазушының өзіне тоқ санайтын ендігі бір шығармасы-«Көксегеннің көргендері». Жазушы жасынан табиғатты сүйіп өсті. Ешкімге тіс жарып айтпайтын жан сырын табиғатқа айтып, сонымен ғана қуанышты да, қайғыны да бөліссем дейтін. Жазушы қиялындағы қызық өлкенің бірі—Алтай. Жазушы Алтайдағы «Рахман қайнарлары» санаторийінде демалып жатқан шағында бау-бақшаны баптап күтетін қарттың Көксеген деген баласымен танысады. Ол саяткер бала болып шығады. Аюдың паң жүрісі, қызық мінездері жайлы көрген-білгендеін жыр ғып айтып береді. Осы әңгіме желісі бойынша «Көксегеннің көргендері» деген атпен жаңа повесть өмірге келеді. «Көксегеннің көргендері» повесінің міндеті-табиғат, жан-жануарлар тіршілігінің сырларын ашу, бала бойына сіңіру. Шығармада «Жаратылыс ғажап, бір аңның қасиеті мүйізінде, мысалы, бұғының мүйізіндегі қан сан ауруға дәрі. Мына күдірдің кіндігіндегі жұпар да сондай қымбат. Ал аюдың өті сан жараға ем. Міне ғажаптар» деп табиғаттың сан қырлы құпиясын ашып, өзі білетін аңдардың сырларын ашумен болатын Көксегеннің табиғатқа, жан-жауарға деген ерекше ықыласы жақсы суреттелген. Жазушы сомдаған маралшы бала Көксеген өзінің туып өскен даласының еркесі десе де болады. Ол сол даланы қалай сүйсе, оның сырын да сондай жақсы біледі. Оның сол далада көргендерінің өзі-замандастары үшін тамаша, таңғажайып хикая. Сапарғали Бегалиннің мұндай шығармалары бүгінде де мән-мазмұнынын жоғалпайтын туындылар қатарына жатады. Сәтжан, Көксеген сияқты балалар образы арқылы жазушы жас ұрпақ бойына ел сүю, жер сүюдің жақсы сезімдерін егеді, оларды халық дәстүрін үйренуге, оны сыйлауға үйретеді
Жазушының балалар әдебиетіне қосқан елеулі еңбегінің бірі – «Бала Шоқан». Жазушы Семейдегі «Приходская школасында» оқып жүрген кезінде Шоқан оның аса талантты ғалым, жиһанкез екенін туралы кейбір кітаптардан, Потанин мен Домбровскийдің тебірене жазғандарынан оқып-білген. Осыдан барып жазушының көкірегіне ұлы дарын иесі туралы, оның балалық шағы туралы жазуға құмарта бастайды. Бірақ, ол бұл жұмыстың оңай еместігін, үзбей дайындық жасау керектігін түсінеді. Көп жылғы ізденістен, Шоқанның туыстарының естеліктері, мұрахат құжаттарының сұрыпталуынан «Бала шоқан» повесі дүниеге келеді.
«Ауыл күзектен көшер алдында Шоқан Мысықты еркіне қоймай үйіне ертіп келді. Онысының екі түрлі себебі бар еді. Бірі-күзекке келгелі үйір болып өнеріне сүйсінген шебер бала, бөлініп өзінің үйінде қалады. Екіншісі-күздің аяғында етігі жоқ, үстіндегі шапаны далбаланған Мысық жағынан боздағы шығып тоңып жүр екен. Жаны ашып кетті. Апасына еркелене: Мына Мысыққа менің ана қоңыр шапанымды, жеңіл етігімді беріңізші, кисін, -деді. …Екі жағының сөзін де, әке кесімін де тыңдап отырған Шоқан қайта-қайта Әбіл қартқа жалтаңдап қарап, әкесіне наразылана көз тастады. Бірақ, әке үкіміне қарсы келудің, көпе-көрнеу Әбілдердің, анау жаяу-жалпылы шұбап келген кедейлердің көріп отырған теңсіздігіне ара түсудің есебін таба алмады. Оның бар ойы» мынау жерсіз, сусыз, қоныссыз кедейлер қайда барып күн көреді, бұларға кім көмектеседі?!»- деу болды». Повестегі Шоқанның кеңсе күзетшісі, кедей баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы эпизод жазушыға өте ұнап повесть жазуға жұмылдырған еді.
Сапарғали Бегалиннің қазақ халқының ұлы дарынды ұлдарының бірі Шоқан Уәлиханов жайлы жазған повесі беймезгіл заманда туып, заманның қыспағына түскен, жарқын талантымен, алғырлығымен қараңғы түнекті жарып өтуге ұмтылған адамның өмірін, балалық, жастық шағын нанымды әңгімелейді. Жазушы ұлы Шоқанның адамгершілік, көпшіл, қайырымды мінездері арқылы тарих белестеріне көз жібереді, тарих пен адамның қарым-қатынасына, адам және оның өзін қоршаған ортадағы күресіне назар аударады. Шоқан бойындағы отаншылдық сезімнің туу, қалыптасу жолдарын бейнелейді.
Жалпы, Сапарғали Бегалиннің балаларға арналған шығармашылығына шолу жасай отырып оны бірнеше топқа бөлуге болады. Бірінші топқа аң аулауды, мергендерді суреттейтін: «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген» деген әңгімелерін жатқызуға болады. Екінші топтағы: «Будан», «Қозышы Нұрман», «Жылқышы» атты поэмалары мал шаруашылығында жұмыс істейтін еңбекшілерді қиын да қажырлы өмірін паш етеді. Ал табиғатты қорғау, балалардың жан-жануарларға деген қамқорлығы, қоршаған ортаға деген жақсы көзқарас қалыптастыратын «Жас бұтақ», «Қант бұршақ», «Мектеп бағында», «Хат», «Есеннің кірпісі» деген әңгімелері тағы бір топқа жинақталған. Жазушының көтерген күрделі тақырыбы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан қорғаудағы қаһармандық күреске арналған. Бұған автордың «Тағы кездесті», «Машинист», «Жеткіншектер», «Киіксор» атты әңгімелері енген. Жазушы Бегалиннің тағы бір үлкен тақырыбы жас жеткіншектердің кейбір ұнамсыз мінез-қылықтарын, есірткен еркелердің олпы-солпы ұрыншақ мінездерін әшкере етеді, өмірге икемсіздікті мінейді, соларды түзу жолға, жөнге салуға, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Бұған автордың «Ойламаған жүріс», «Ұрыншақ», «Жершіл шымшық», «Бес батыр», «Сымбатты Сима» әңгімелері жатады. Жазушының шығармаларынан өмірді терең таныған мол тәжірибесі көрініп отырады және бұның өзі жасөспірім жеткіншектерге үлгі-өнеге болатыны сөзсіз. Сонымен қатар жазушы өз әңгімелерінде мектеп жұмысын өндірістік оқу жұмысымен тығыз байланыстырып, балаларды болашаққа, дұрыс бағытқа меңзейді.
Өзінің бүкіл саналы өмірін, еңбегін, шығармашылық қызметін адал қызмет ету жолына жұмсаған Сапарғали ата, өзінің туған өлкесін перзенттік ұлы махабатпен, ыстық жүрекпен сүйетін еді. Оның жер-су, орман-тоғай, өз өлкесінің барша табиғатын соншалық жетік білетін жіті көз Сапарғалиды үлкенді-кішілі қазақ жазушыларының ақылгөйі, «қасындағы жазып қойған хаттай» айрықша зерек, дарынды адам ретінде сыйлаған.
Мұхтар Әуезов мұхит тектес дарын, телегей-теңіз білім иесі, атақ-даңқы жер жарған, әлемге мәшһүр жазушы, ғалым бола тұра Сапарғали Бегалинді зият тұтып, төрге шығарып, құрмет көрсетіп отырған. Сапарғали Бегалиннің ауызекі әңгімесін, айрықша зеректігін Мұхтар Омарханұлы ерекше бағалаған. «Абай» романын жазған кезде қасынан шығармай, Шығыс өңірінің, Абыралы, Шұбартау, Қарқаралы өлкесінің керек деген тарихи адамдары, жер-су аттары туралы анықтап, үнемі сұрап отырған.
Міржақып пен Ахметтің кітаптарын жастығының ішіне тығып сақтап келген Сапарғали жазушы ұлтының рухани мұрасына адалдығын көрсеткен тағы бір сүйсінерлік мінезі осы болса керек. Ол өзінің «Сырым» деген өлеңінде былай дейді:
Өмірге түзде туып, қырда өскенмін,
Күңгірт күн күңіренген жылда өскенмін.
Еңбектеп ес білгенше балапандай
Тұңғиық тұман басқан күн кешкенмін.
Қарманып, қараңғыда күнді іздегем,
Сырымды сұрапыл жел білгізбеген,
Өкпені өрде өшіріп алқынғанмен,
Тар заман күнгейіне кіргізбеген.
…Тозаңға топтан қалмай ілескенмін.
Бәйгесін бостандықтың құрбылармен
Бірге алып, бірге бөліп үлескенмін.
Сол бәйгем алтын шоқты айдарымдай,
Заманда адамдықтың майданындай,
Желпілдеп жел естіртіп айдарымнан
Міне, мен жеттім заман айғағындай.
Бұл өлеңде суреткер өз өмірінің негізгі кезеңдерін, ізденісін тап басып тауып айтқан, қысқа айтқан нанымды айтқан. Сапарғали Бегалин өз өмір жолында өзі білген жақсы мінезін, сырын, ақылын, даналығын бойына жинай беріпті, өзін де өзгені де байытар рухани мол күш жинапты. Міне, шежіре адамның өмірі қандай қызық болса, шығармашылығы да сондай қызық.
Сапарғали Бегалин 1983 жылы дүниеден өтті.
Қазақ балалар әдебиетіне сіңірген ересен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен және бірнеше медальдармен мараппатталған.

Бала жанының бағбаны
Бүлдіршіндерге арналған ертеңгілік

Кітапханашы алдын-ала бүлдіршіндермен Сапарғали Бегалин өмірімен және балаларға арналған шығармашылығымен таныстырып өтеді. Балаларға оның өлеңдерін оқып, жаттап келуді тапсырады. Және де оқырмандарға жазушының шығармаларына байланысты сурет салып келу тапсырылады.
Ертеңгілік болатын күні тақ

12345След.
скачать работу

Сапарғали Бегалин — халықтың сүйікті жазушысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ