Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сапарғали Бегалин — халықтың сүйікті жазушысы

ың шығармашылығына да қуат берген сол күш.»
С.Қирабаев
3. «…Өзінің бүкіл саналы өмірін, еңбегін, шығармашылығын адал қызмет ету жолына жұмсаған Сапекең, өзінің туған өлкесін перзенттік ұлы махаббатпен, ыстық жүрекпен сүйетін еді…» Н.Ғабдуллин

Ойынның мақсаты: Ойын түрін пайдалана отырып, балалардың жазушы туралы білімдерін бекіту. Жазушы шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру.
Керекті құралдар: «С.Бегалин шығармашылығының білгірі» медалі, 7 секторға бөлінген ойын алаңы. тілі бар зырылдауық ойыншық, сұрақтары бар жеті конверт (әрбір секторға бір конверттен), 21 жетон.
Ойынның шарты: Ойынға 7-10 адамнан құралған 2 топ қатысады. Ойын басталмас бұрын топ мүшелеріне өздерінің көшбасшыларын сайлауына уақыт беріледі. Содан кейін көшбасшылар блиц-турнирі өтеді. Жеңген көшбасшының тобы ойынды бірінші болып бастау құқығына ие болады.
Зырылдауықтың көмегімен сұрақтар таңдалады.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдерме, балалар! Біз бүгін тамаша балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің шығармашылығына шолу жасап, білгендерімізді еске түсіреміз. Бүгінгі ойынның мақсаты: С.Бегалин шығармашылығын жете білетін білгір топты анықтау. Жеңген команда аранайы медальмен мараппатталады.
Сонымен ойынның шартымен мұқият танысып алыңдар. Сендердің алдарыңды 7 секторға бөлінген ойын алаңы тұр. Және әрбір сектордың жанында сұрақтары бар жеті конверт тұр.
Ойынды бастамас бұрын көшбасшылар блиц-турнирін өткіземіз. Жеңген көшбасшының тобы ойынды бірінші болып бастау құқығына ие болады.
Сұраққа ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Уақыт өткен соң сұрақтың жауабы тыңдалады.
Қарсы команда сұрақты толықтыруға немесе дұрыс жауабын берулеріне болады. «әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Әділқазы мүшелері әрбір топтың жауабын мұқият тыңдап, оларға тиісінше ұпай санын бөліп береді. Сонымен… Турнирімізді бастаймыз.
Көшбасшылар блиц-турниріне арналған сұрақтар:
1. Сәтжанның досының аты-Жанай
2. Уәш аулаған ешкі- елік
3. Кірпі тауып алған бала- Есен
4. Жас аңшы Уәштің итінің аты- Арлан
5. Сәтжан ұстап алған қыранның түрі- ителгі
6. Уәш өлтірген мысық-сілеусін
7. Табыншы қыздың аты-Халиман
8. Жұмақан кімнің немересі болған- Жамбыл Жабаевтың

Турнирге арналған сұрақтар:
1. Ермек баптаған «ғажайып ағашта» қандай жеміс өседі? Баланың күтіміне ағаш қандай жауап қайырды? Ермек қандай сәлемдеме жіберді?
«Ағаштың бірнеше түбінде түйіні үлкен қызғылты ақтаңлақ тартқан апорт, шырынын әлі сыртына теппеген көкшіл антоновка. Тағы бір түбінде ерте пісетін лимоновка, сталовка, тағы басқа біртүсті алмалар өседі.
… Ертеңіне машинаға тиелген көп алманың ішінде айрықша жолдамасы бар бірнеше жәшік алма орын алды. «Ермек өсіріскен, көп сортты алманың жемісі»-деген жазу әр жәшікте бар еді. («Ермектің алмасы»)

2. Сәтжан бұзауларын өргізетін жер қалай аталады? Сәтжанның итінің аты?
Жанай екеуі күндегісінше ертемен бұзауын өргізіп «Таңбалы тастың» бір үлкен саласына алып барады. Сәтжанның қасынан екі елі қалмайтын «Бөрібасары» бұзаулардың алдын шолып сайдың қабағына шықты.

3. «Бала мерген» повесіндегі бас кейіпкердің аты кім? Ол қандай кәсіпке құмар болып өсті? Ол атып алған өте жыртқыш, азулы аң?
…Нұрқасым баласының тырнақ алды атысына сүйсініп қалды. Бұл Уаштың алғашқы тиін атуы …Бұл елік емес, басқа азулы аңның біреуі. –Жаным-ау, мынауың сілеусін ғой. Бұл өте қатерлі аң ғой, жазым етпей жақсы түсіргенсің, Егер қапы болса бұл кісіге де жазым.Аңның ашулы тырнағынан шошына қаңсылап шыққан итін аяп Уаш жүгіріп барып құшақтай алды.

4. «Көксегеннің көргендері» повесінде Көксеген ағасы Жәнгүдей екеуі елік тектес қандай аңды атып алады? Оның қандай ерекше қасиеті бар еді?
-Міне күдіріңіз, (елік тектес аң) жануар аңқау болады, шошынып тұрса да орындарынан ұзамапты, ұзамай-ақ алдымнан кез бола кеткені. Жаңа саған көрсетіп едім ғой, күдірдің сарыған жерін, сол иіс осы үріптен шығады. Бұл күдір тек осы Алтай кенересінде ғана бар. Мына жұпары өте қадірлі, бұдан дәрі де жасайды. Етін жеуге болады. Әйтпесе мен бауыздаймын ба, бұл айыр бақайлы қоңыр аң, шөптен басқа жері жоқ. Ешкі тұқымдас.»
5. «Алданған жолбарыс» әңгімесіндегі бас кейіпкердің аты кім? Ол өзінің батылдығын қалай көрсетеді?
«Осы жердің тәңірісіндей болған Бозанбайдың қалың түйесінің қонысы осы Құйған болатын. Сол түйенің көптен бергі бабын білер бақташысы Ғайни Бозанбайдың босағасында өмір кешірген малшысы еді. Өткен жыл Бозанбай конфискеленгенде, оның түйесі тобымен колхозға алынды. Түйе күтіміне жетік Ғайни осы түйе түлігін басқарып, жеткіншегі Сейітті бағып, әкесінің жоқтығын елетпей өсіруге талпынды.
…Жоқ, аға, мен мерген атамның жанында болам. Қорықпаймын. Атамдар атқанда, мен мына пышақпен жарам, деп Сейіт жырта қарыс пышақты жеңінің ішінен суырып алды. Сейіттің мына түнде қорықпай әрі жаяу келуі мергендерді таңдандырса, онан да бір сүйсінерлік жағы қаруын сайлап, алған бетінен қайтпай, қатерді елемеуі еді…»

6. Ерден өзінің кер жабағы құлынын неліктен «Керкиік» деп атады?
«… Жылқылар да күйленіп, оңалып кетті. Ерден қораға келгенде алдымен кер жабағыны ұстайды, оның өне бойын тарақтап, тазалап, оттығына шөбін жаңалап, қадағалай күтті…Жем мен шөптен жұнттай болып семірген Ерденнің күтіміндегі кер жабағы аз уақытта көзге түсе өскен, сүйегі де тамаша түзелген. Әкесі келген күні Ерден өзі ерекше күткен, құлын күнінен тәрбиелеген жабағыны далаға шығарып ойнақтатты, жемін беріп, суарып, бұлақ басынан үйге өзі мініп келді.
-Ерденжан, мынау «Керкиік деген тұлпар болмаса не қылсын. Осының ене жағында ахалтекеден қалған ұшпалақ мінез бар екен,-деп Әби кер жабағыны біраз айналдырып көрді.
Сол күннен бастап кер жабағысын Ерден «Керкиік» деп атап кетті.

7.«Сымбатты Сима» әңімесіндегі Симаға (Гүлсімге) мінездеме бер.
«Ол кезде оның бөлмесіне не жұмысшы әйел, не шешесі, не кішкене інісі аяқ басып кірмейді. Ол қандай сабақ әзірлейді, нені әзірлейді ешкімнің байқауында болмайды. Сима ол кезде бөлмедегі үлкен айнаның алдында бет-аузын тырмалаумен әуре болады… Келесі күні Сима кешегі жұмыстан екі қолының қары, жұлын тұтасы ауырып, жөнді жұмыс істей алмады… Оның үстіне бұрын ешнәрсе ұстап көрмеген нәзік саусақтар барбиып ісініп, икемге келмеді… Сима сол созылған бойында төсекте жата берді. Оның бұрын күн шалып, су тимеген балбыр нәзік денесі бет-бетімен бытырап кеткендей, өзіне билетер емес… Айдар бөгелместен жолына түсіп кетті. Оның көз алдына көрікті ерке Сима емес, листовкадағы олақ сөлекет, жалқау, коллективті артқа сүйреген болбыр Сима елестеді…

Шоқан асулары
Оқырманар конференциясы

Жазушы С. Бегалиннің жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Шоқан асулары» атты кітабы бойынша оқырмандар конференциясын өткізуді ұсынамыз. Конференцияға дайындық үстінде «Ұлы Даланың, Ұлы ұлдары» атты кітап көрмесін ұйымдастыруды ұсынамыз.
Кітап көрмесінің бірінші бөлімі «Қазақ балалар әдебиетінің шебері» атпен С.Бегалиннің өмірі мен шығармашылығына арнаймыз. Көрменің екінші бөлімін «Аққан жұлдыз» немесе «Қазақ халқының кемеңгер ұлы» деп Шоқан Уәлихановтың өміріне арналады. Бұл бөлімге Шоқан Уәлихановтың балалық шағына арналған С.Бегалиннің «Шоқан асулары» кітабынан басқа С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз», А. Нұрқатовтың «Ғасыр перзенті», И.Стрелкованың «Шоқан», С.Бақбергенов «Қоянкөзге құлаған жұлдыз» және тағы басқа Шоқан өмірінің қырларын ашатын кітаптарды қоюларыңызға болады. Жазушының ұлы, белгілі режиссер Мәжит Бегалиннің Шоқан өміріне байланысты қойған «Оның уақыты келеді» атты көркем фильмінен үзінді көруге болады.

Конференцияға арналған сұрақтар жобасы:

1. Шоқанның кедей баласымен дос болуының сыры неде, және оған қандай көмектер көрсетті?
2. Болашақ ғалым сурет салуды кімнен үйренді?
3. Жас талаптың өмірінде хисса- дастандарды жинап оқуы қандай орын алды?
4. Шоқан күнделік жазуды кімнен өнеге алды, және оның пайдасы неде?
5. Даңқты ғалым – саяхатшы кадет корпусында оқығанда сабақты, кітаптарды қалай оқыды, және кімдермен жолдас болды?
6. Повесте табиғат қалай суреттелген?
7. Шоқанның өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, халқының болашағына деген қобалжуы қалай суреттелген?

Ақын Сапарғали Бегалин — 110 жаста
Әдеби кеш

Әдеби кеш өткізілер алдында кітапханашы оқырман залына «Ақын Сапарғали Бегалин — 110 жаста» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, С.Бегалиннің үлкейтілген суретін көрнекті жерге безендіріп қою керек. Әдеби кешті өткізер мезгілінде жергілікті жерден әдебиет пәнінің мұғалімін, немесе жазушының шығармашылығын жақсы білетін ақын, жазушылардың бірін кешке шақыру керек. Келген қонақ өз сөзінде ақын-жазушының шығармашылығына, оның ішінде ақындығына тоқталып, оқырмандар сұрағына жауап бергені жөн.

Әдеби кештің жобасы:

Кітапханашының кіріспе сөзі.
(Кітапханашы оқырмандарға С.Бегалиннің өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасап, кешке келген қонаққа сөз береді).
Кешке келген қонақтың сөзі.
Әдеби бөлім. (Бұл бөлімде оқырмандар ақын-жазушының өлеңдерінен, поэмаларынан үзінді оқиды.
Кешті қорытындылау ( Кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу өткізу).
Сапарғали Бегалинді ақын ретінде танытқан тамаша поэмаларымен қатар, өлеңдері де бар. Өкінішке орай ақынның өлеңдері кейінгі кезде шыққан шығармалар жинағына енбей қалған. Ақынның өлеңдер мен поэмаларының толық жинағы 1966 ж

12345След.
скачать работу

Сапарғали Бегалин — халықтың сүйікті жазушысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ