Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ (1465-1560 жж.)



 Другие рефераты
МАРҒАСҚА ЖЫРАУ (ХVІІ ғ.) ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ (1598-1645 жж.) ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (ХVІ ғ.) АСАН ҚАЙҒЫ СӘБИТҰЛЫ (1380-1450 ж; ХҮ ғ.).

Лекция мақсаты: Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету.

Жоспар:

  1. Шалкиіз (Шалгез) жырау Тіленшіұлы (1965-1560) өмірінен мәлімет.
  2. Мұрасының зерттелуі.
  3. Шалкиіздің өзінен кейінгі ой мен сөз шеберлеріне әсері.

Қазақ поэзиясының атасы — Шалкиіз жырау 1465 жылдар шамасында Жайық бойында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылса да, арабша оқып, хат таныған. Өзге түркі тілдес халықтарға қарағанда шығармалары қазақ арасында ең көп сақталған жырау есімі «Шалгез» аталып кеткен. (Сал — кез, Шәлі — киіз аталуы туралы аңыздар). Шын аты Телағыс екен. Қазір бізге белгілі Шалкездің мұрасы 760 жолдай. Оның 500 жолдайы қазақ арасынан, 260 жолдайы ноғайлар арасынан жиналған. Жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаларға жатады. Шалкиіздің бір шоғыр жыры Темір биге арналады. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Тор балаң құсты қолға алып», «Арық хан», «Боз үстінде от жаққан»,  «Мен иемнің күнінде» т.б.

Оның барлық толғаулары – заман, өмір, мораль туралы дидактикалық шешендік туындылар. Шалкиіз шығармаларынан айқын аңғарылатын сыр —оның логикалық жағынан жүйелі келуі. Жырау туындыларына ұйытқы болған оқиғалар аса көп емес, әйтсе де оның өмір кезеңдерін, дәуірге көзқарасын өлең-толғауларына қарап мол сезінуге болады. Шалкиіз жырларында суреттелетін адамдар —Темір, Азике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық «мені» арқылы танимыз. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермеген, турашылдығынан танбаған. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерек-шеленеді. Шалкиіз — көбі мақалға айналып кеткен талай афористік сөздердің авторы.

(Жаман туған бар болса, жаман жолдас көп болса, жазаны содан көрерсің т.б.)

Ел әңгімелерінің айтуынша, Шалгез батыр болған. Жауынгер, жорықшы жырау болғандығы оның өз шығармаларынан да көрінеді. Шалгез поэзиясы белгілі дәрежеде жаугершілік поэзиясы. Мұның куәсі жыраудың ескілік қаруы имек садақ пен қайқы қылыштан тым аулақ тұрмағанын көрсететін өлеңдерінен-ақ байқауға болады. («Аспанды бұлт құрсайды», «Балпаң-балпаң басқан күн», «Асқар, асқар, асқар тау» т.б.).

Қазақ батырларының өзіндік орын-үлесін, белгі-ерекшеліктерін көрсететін «Ер Шобан» жырында Шалкиіз елдік, ерлік мәселелерін көтереді. Шын мәнісіндегі жыраулық поэзияны жасаушы болған Шалгез дидактикасын кейінгі жыршылар да азық етті.

Сондықтан да жыраулық поэзияның гүлдену дәуірі Шалгезбен байланысты, өйткені ол — қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

  1. Шалкиіздің арнау толғауларына талдау жаса.
  2. Би Темірге айтқан шығармаларының мәні.
  3. Шығармаларындағы жауынгерлік рух, шешендік нақыл сөздер, афоризмдер.
  4. Жырау есіміне байланысты ақиқат пен аңыз.

Әдебиет:   

  1. Ай, заман-ай, заман-ай. А., 1991.

2. Бектуров Ж.  Художественно-композиционные особенности   поэзии

жырау и акынов. (Автореферат дисс.) А., 1990.

3. Бес ғасыр жырлайды. (екі томдық). А., 1989.

4. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973.

5. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 1968;  Ғасырлар бедері. А., 1991;

Қазақ тарихының әліппесі.  А., 1994.

6. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті.  А., 1996.

7. Сүйіншәлиев Х.  Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А.,1967

Қазақ әдебиетінің тарихы.  А., 1997.

8. Сыдықов Қ.  Көркемдік өрнектер.  А., 1992.

9. Тұрысбек Р.  Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (Оқу бағдарламасы).

А., 1998; ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ әдебиеті (әдістемелік нұсқау)  А., 1998.

скачать работу


 Другие рефераты
Өскемен қаласы
Теория парникового эффекта
Роль языка в жизни людей
Қобыланды батыр жыры


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ