Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ШЕТЕЛДІК МЕДИАБІЛІМ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДА



 Другие рефераты
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТӘРБИЕ БЕРУДЕ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ АРНАЙЫ ҒЫЛЫМИ, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТХАНАНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ СПОРТТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТӘРБИЕСІН БАСҚАРУДЫҢ ЖЕКЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕХАНИЗМДЕРІН АЙҚЫНДАУ 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫНЫҢ БЕЙІНДІК ҚАБІЛЕТІН ДИАГНОСТИКАЛАУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ

Заманауи қалаларда адамның бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы күніне 11 сағаттан
асады, теледидар үйлерде күн сайын орташа алғанда 7 сағат 38 минут қосылып тұрады, ал екі
жастан он екі жасқа дейінгі балалар орташа алғанда аптасына 25 сағат теледидар көреді екен.
Отбасы қауымдастығы Ұлттық одағының деректеріне сәйкес (UNAF – Union National des
Associations Familiales), кәмелетке толмаған аудитория жыл сайын орташа алғанда тиімді
уақытының 154 сағатын ата-аналарымен бірге және 850 сағатын мұғалімдерімен бірге өткізсе,
сонымен қатар балалар әр түрлі электрондық ақпарат құралдарымен байланысқа 1400 сағатын
жұмсайтын көрінеді.
Осылайша бұқаралық ақпарат құралдары жыл өткен сайын адамдардың өмірінде және
білім беру үрдісінде үлкен роль атқарып келеді. Осыдан келіп бүгінгі күні бұқаралық ақпарат
құралдарының негізі болып табылатын медиабілімнің жүйелі дамуының маңыздылығы
туындайды. Ресей педагогикалық энциклопедиясында оқушылар мен студенттердің «бұқаралық
коммуникацияның заңдылықтарын» (баспасөз, телевидение, радио, кино, видео және т.б.)
үйренуге бағытталған медиабілімді педагогиканың бір бағыты ретінде көрсетеді. Медиабілімнің
негізгі бағыттарына:
а) қазіргі ақпараттық жағдайда жаңа ұрпақты өмірге дайындау;
ә) әр түрлі ақпаратты қабылдауға, оны адамның түсіне білуіне;
б) зардабының жүйкеге әсерін түсіне білуне;
в) техника құралдарының көмегімен қарым-қатынас жасау қабілетін игеруге үйрету сияқты
мәселелер жатады [1].
Еуропа Одағының құжаттарында «медиабілім (media education) алынған ақпарат негізінде
өздерінің ой-пікірлерін айтуға қабілетті, ақпарат құралдарына сыни және өзіндік көзқарасы
бар отандық азаматтарды тәрбиелеу мақсатында медиақұзыреттілікті дамытуға бағытталған
оқу ретінде айқындалады. Бұл оларға қажетті ақпаратты пайдалануға, оны талдауға, сондай-
ақ ақпаратқа қатысты экономикалық, саяси, әлеуметтік немесе мәдени мүдделерді үйлестіруге
мүмкіндік береді. Медиабілім адамдарды хабарламаларды жасауға, коммуникацияға мейлінше
тиімді ақпарат құралын таңдауға оқытады. Медиабілім адамдарға өздерінің ойларын және
ақпаратты еркін білдіру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл олардың жеке дамуына
ғана әсер етіп қоймай, сондай-ақ, олардың әлеуметтік тұрғыда белсенді атсалысуын және
интербелсенділігін күшейтеді. Бұл тұрғыдан алғанда медиабілім демократиялық азаматтыққа
және саяси түсіністікке дайындайды. Демек, адам өмірінің барлық ағымында оқыту
тұжырымдамасының бір бөлігі ретінде медибілімді дамытқан тиімді болып табылады. 62 63
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (80) 2011
Ең беделді медиапедагогтардың және медиатеоретиктердің бірегейі Л.Мастерман
(L.Masterman) қазіргі әлемдегі медиабілімнің маңыздылығы мен басымдығын айқындайтын жеті
себебін негіздеп берді:
1. Медианы тұтынудың жоғары деңгейі және қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының
шектен тыс көптігі.
2. Медианың идеологиялық маңыздылығы, өнеркәсіптің саласы ретінде олардың аудиторияның
санасына ықпалы.
3. Медиаақпарат санының жылдам өсуі, оны басқару және тарату тетіктерінің күшеюі.
4. Негізгі демократиялық процестерге медианың ену интенсивтілігі.
5. Барлық салада визуалды коммуникация мен ақпарат маңыздылығының артуы.
6. Болашақ талаптарға сәйкес бағдарланған оқушыларды, студенттерді оқытудың қажеттілігі.
7. Ақпаратты жекешелендіруде ұлттық және халықаралық процестердің ұлғаюы.
«Медиабілім беру» түсінігі 1973 жылы ЮНЕСКО мен Кино және телеарнаның халықаралық
кеңесінің ақпарат секторының бірлескен кеңесінде тұжырымдалғанына қарамастан, ғалымдар
әлі де болса осы күрделі пәнаралық құбылыстың анықтамасын зерделеуде.
ЮНЕСКО-ның бастамаларына сәйкес, «Медиабілім беру (media education) астарында
педагогикалық теория мен практикада ерекшелік және автономдық білім беру салаларының
бір бөлігі ретінде қаралатын қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат ақпарат коммуникацияларын
меңгеруде теория мен практика дағдыларына оқыту деп түсіну керек.
Ресейдің медиапедагогика саласы бойынша өзіндік ғылыми мектебі қалыптасқан А.В.Федоров
қашанда заманауи шындыққа ұласатын ғылымдағы анықтамаларға сүйенуді ұсынады. Ол
медиабілім беруді – тұлғаның медиа, шығармашылық, қарым-қатынас, толықтай қабылдау
дағдыларын қалыптастыру, медиа мәтіндерді сараптау және талдау мақсатында бұқаралық ақпарат
байланыс көмегі арқылы дамыту процесі ретінде қарастырады. Осы процесс нәтижесінде алған
медиа сауаты адамға ақпараттық бағдар телеарна, радио, бейне, баспа, Интернет мүмкіндіктерін
белсенді түрде қолдануына көмек береді.
Я.Н. Засурский және Е.Л. Вартанова болса, ресейлік медиабілім беру үлгісінің аясында
«медиабілім беру = БАҚ-тан қорғау + БАҚ-ты талдауға дайындық + БАҚ-тың мәні мен
функциясын түсіну + медиа мәдениетке қатысу» түріндегі анықтаманы ұсынады [2].
«Медиабілім беру» түсінігінің көптеген тұжырымдамаларынан, сайып келгенде медиа білім
беру – бұл адамгершілік мұрағат пен құндылықтар негізінде бұқаралық ақпарат құралдарымен
мәдени қарым�қатынасы бар жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған медиабілім беру
қызметі субъектілерінің жүйелі іс�әрекетінің жиынтығы екенін көреміз.
Бұл орайда, медиабілім беру қызметінің астарында медиабілім беру міндеттерінің іске
асырылуын қамтамасыз ететін медиапедагогтардың, сондай-ақ журналистердің медиабірлестігінің
басқа да мүшелерінің мақсатты іс-әрекеттерін де түсіне білу керек.
Тиісінше, медиабілім беру міндеттері адамды медиа мәтінді сауатты «оқи білуге», ақпаратты
қабылдай білу дағдысын дамыту, шығармашылық іс-әрекеттің эстетикалық талғамы мен
мүмкіндіктерін дарыту болып табылады.
Медиа білім беру қызметінің субъектілері – бұл медиапедагогтар мен медиа бірлестіктердің
өкілдері. Бұл жерде білім алушылар немесе БАҚ аудиториясы – бұл медиа қызметінің адресаттары
екендігін нақтылау қажет.
Бұқаралық ақпарат коммуникациялармен мәдени қарым-қатынас (медиа мәдениет) – бұл
тұлғаның даму, оның медиа саласында жаңа білімді меңгеру қабілеті, медиа мәтінді қабылдау,
бағалау, сараптау, медиа шығармашылықпен айналысу деңгейінің көрсеткіші [3].
Анықтаулардағы адамгершілік мұралар мен құндылықтарға жүгінудің арнайы белгілері бар.
Медиабілім беру – жалпы білім берудің дәстүрлі және негізгі түрі ретінде тұлғаны тәрбиелеуді
қарастырады. Медиабілім беру мысалдарының көмегімен көптеген мақсаттарға қол жеткізуге
болады. Мәселе – қандай мақсаттарға. Өркениетті қоғамда медиабілім беру мақсаты тұлғаны
ізгілік, рухани сипатта тәрбиелеу болып табылады. Басқа түрде бұл білім беруге қарсы сипат.
Жастармен жасалған әртүрлі жұмыстар өнегелі тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, ал медиа
білім беру осыған себепкер болуы тиіс.
Медиабілім берудің ғылыми-теориялық бағамы медиа білім берудегі түрлі теориясын
ұсынады. Бүгінгі таңда ол онға дейін жеткен. Бұл ретте жаңа түрінің пайда болуы қолданыстағы
түрін қайталап отырады. «Теория» термині арқылы білім берудің түрлі салаларындағы медиабілім
беру қызметінің түрлерін белгілеу мүмкін емес. Бұл авторлық түсініспеушіліктер зерттеліп
отырған құбылыстың жаңа болуымен негізделген, сондай-ақ қазіргі заманғы медиабілім беруді
қалыптастырудың қиындығы мен аяқталмауына байланысты.
Орыс тілінде медиа білім берудің толық теориясы А.В.Федоровтың және оның ғылыми
мектебінің өкілдерінің еңбектерінде ұсынылған. Олардың ішіндегі маңыздысы: практикалық,
сыни, идеологиялық, мәдени, этикалық, эстетикалық, экологиялық, теологиялық қажеттіліктерді
қанағаттандыру сияқты мәселелер.
Медиабілім берудің барлық теориясы педагогикалық теорияға емес медиа теориясына келіп
сүйенетіндігін айта кету керек. Осы заңдылыққа медиабілімді зерттеуші И.А.Фатеева көп көңіл
бөлгендігін көреміз, ғалымның пікірінше: «…Олардың барлығы басты назарға оқыту мәселесін
емес, бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникация мәселелерін алып отыр. Олардың көп
бөлігі медиа мен аудиторияның өзара әрекет ету мәселелеріне арналған». Бұл пікір медиа білім
беру теориясын жаңа зерттеу кеңістігі болып табылатын – бұқаралық ақпарат коммуникация
проблемасын белгілейді.
Педагогтар медиабілім беру проблемаларын медиа бірлестіктерінен бөлек қарастырып,
шешуде. Өз кезегінде, медиа бірлестіктер медиа білім беруге өз көзқарастарын әлі де пысықтауда.
Медиабілім беру мәселелерін қозғаған көптеген мақалалар мен диссертация жұмыстары
педагогика саласына жатады және де медиа феноменіне қатысты медиабілім беру функциясын
мүлдем зерттемейді. 1990 жылы Тулуз қаласында болып өткен «Медиабілім берудегі жаңа
үрдістер» атты конференцияда жасаған ғалым А.В. Шариковтың сараптамасы біршама мәселені
анықтауға мүмкіндік береді. Онда зерттеуші сұрақтар тізбесіне сарапшылардың медиабілім
берумен жалпы медианың дамуына қатысты идея жөнінде мәселе енгізген [4]. Мұнымен
қатар, медиабілім беру теориясында журналистика және жастар аудиториясы саласындағы
жаңалықтар арқылы өмірге келген жаңа тұжырымдама туындап отыр. Бұл тұжырымдамада
жастар аудиториясы БАҚ ұсынатын ақпаратты түсіне және бағалайтын тұтынушы ретінде ғана
емес БАҚ-тың саясатына елеулі әсер ететін ақпаратты өндірушінің белсенді қатысушы ретінде
де болуы тиіс.
Осы тұжырым медиа

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Еліміздің бас құжаты
Государственная политика в рыночной экономике
Немецкий менталитет и происхождение двух мировых войн (Райнер Бендик)
Гражданская оборона НАТО


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ