Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ШЕТЕЛДІК МЕДИАБІЛІМ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДА

мерикалық педагогтар Л.Мастерманның, К.Бэзэлгэттің және басқа да
ағылшынтілді еуропалықтар мен канадалықтардың теориялық тұжырымдамаларына сүйенеді.
Медиабілім әдістемесі мектептегі әртүрлі пәндерді (тарих, өнер, ағылшын тілі мен әдебиеті,
экология және басқалар) оқып-үйренумен тығыз байланысты; медиабілімнің шешуші түсініктерін
(категория, тіл, агенттік, технология, аудитория, репрезентация) үйренуге сүйенеді; сондай-ақ
медиамәтіндерді құрастыру процесімен байланысты белгілі бір тақырыпты игеруге, олардың түрі
мен жанрлық ерекшеліктерін, құрылымы мен сипаттамасын, идеясын үйренуге бағытталады.
Америкалық медиабілімде маңызды аспектіні – мұғалімдер мен болашақ мұғалімдердің
медиабілімі дайындау деңгейінің тиімділігіне тәуелді.
Бұқаралық ақпарат құралдарын оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне ендіруге байланысты
мәселені қарастырғанда қазіргі кездегі Францияның медиабілім беру жағдайын атап өту керек.
Өйткені, Франциядағы медиабілім дәстүрі баспасөз, кино өнері және телевидение материалдарына
негізделген. Медиабілім беру мәселесі алғашқы кезде (ХХ ғасырдың 20-жылдары) сыни,
бұқаралық ақпарат құралдарын «кинематограф және баспасөз материалдарында) белсенді түрде
ойластыруға бағытталған. Кино өнері мен журналистика бойынша курстар барлық дерлік француз
университеттерінде оқытылды, мектептік медиабілім факультативтік сабақ ретінде жүргізілді.
60-жылдардың ортасында Францияның 200 бастауыш және 100-ден астам орта мектебінде алғаш
рет медианы оқыту оқу жоспарына енгізілді. 1979 жылдан бастап Франциядағы медиабілімді
бірден бірнеше министрлік қолдады: «Белсенді жас телекөрермен» жобасы (Білім министрлігі)
қоғамының басым бөлігін ата-аналар, мұғалімдер, жастар клубтарының ұйымдастырушылары
қамтыды. Жоба шеңберінде телевидениенің балалар мен жастар аудиториясына ықпалын
анықтау бойынша зерттеу жүргізілді, жастар өміріндегі телевидениенің ролі түсіндірілді.
«Коммуникация мен медиаға кіріспе» жобасы оқушылар тарапынан әртүрлі ақпарат құралдарын
зерттеуді (баспасөз, жарнама, оқу әдебиеті және т.б.) шығармашылық тапсырмаларды орындауды
және т.б. қамтыды. 1982 жылы Парижде Франция Білім министрлігінің қолдауымен Білім және
ақпарат құралдары байланыс орталығы ашылды. Орталықтың басты мақсаты жастардың ақпарат
құралдарына қатысты сыни көзқарасты дамыту болып табылады. Орталық жұмысының негізгі
бағыттары: медиабілім проблемаларын қарастыратын газет және журналдарды, кітаптарды
шығару; медиамәдениет және медиапедагогика проблемалары бойынша құжатнамалық ресурстар
базасын жинақтау сияқты мәселелер қарастырылды.
Білім және ақпарат байланыс орталығы басшыларының пікірінше, медиабілім ең алдымен
азаматтық тәрбие, медиабілім жастардың белсенді және жауапкершілігі жоғары азамат болып 68 69
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (80) 2011
қалыптасуына, ел ғана емес, басқа әлемде не болып жатқанын жақсы түсінуіне көмектеседі.
Медиабілім мен азаматтық тәрбие арасындағы тығыз байланыс осылай қалыптасады.
Сонымен алдыңғы қатарлы бірнеше елдердің білім беру жүйесіндегі бұқаралық ақпарат
құралдарының мүмкіндіктерін пайдалануға байланысты талдаудың нәтижесінде қазіргі кезде
бұл мәселеге кеңінен мән беріліп отырғандығын көреміз. Біздің елімізде алғашқы негізін 1960
жылдары салған бұқаралық ақпарат құралдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану идеясы бүгінгі
күні одан әрі жетілдіріліп, жаңа технология ретінде пайдаланыла бастады. Бұл мәселені жолға қою
мақсатында арнайы лабораториялар зерттеулер жүргізуде, әсіресе мұндай ауқымды іс-шараларды
жүзеге асыруда ресейлік ғалымдардың ізденістері негізге аларлық деңгейде. Олар бүгінгі күні
бұқаралық ақпарат құралдарының ролін терең сезініп, олардың теріс әрекетінен жастар мен
жасөспірімдерді қорғау және керісінше оның кең мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды жүзеге
асыруға байланысты зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде және олардың нәтижелері
тәжірибеде кеңінен пайдаланылуда. Оның бір дәлелін медиабілім беруге байланысты, оның
әртүрлі аспектілерін қамтыған жүздеген зерттеу жұмыстарының орындалуынан көруге болады.
Нәтижесінде бұқаралық ақпарат құралдарының дидактикалық, тәрбие берушілік, дамытушылық
мүмкіндіктерін пайдалануға байланысты ұсыныстар пайда болып ол тәжірибеде пайдаланылуда,
әсіресе болашақ мұғалімдерді оқу-тәрбие үрдісіне дайындауда БАҚ мүмкіндіктерін пайдалануға
байланысты жұмыстар ол зерттеулердің практикалық мәнділігінің жоғары екендігін көрсетеді.
Қорыта айтқанда, медиапедагог ғалымдар Я.Н.Засурский мен Е.Л.Вартанованың ресейлік
медиабілім беру моделін дайындау негізінде медиабілім = БАҚ-тан қорғану + БАҚ –ты талдай
білуге дайындау + БАҚ-тың мәні мен функцияларын түсіне білу + медиамәдениетті дамытуға
саналы түрде қатысу деп ұсынған анықтамалары бүгінгі күні медиабілім берудің толық мән
мағынасын ашып береді және оларды жүзеге асыру үшін болашақ мұғалімдердің бұқаралық
ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізе алуға жан-жақты дайындығы болуы тиіс деген тұжырым
жасауға негіз болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Федоров А.В., Новикова А.А. Медиа и медиаобразование //Alma Mater: Вестник высшей школы.
– А., 2001. – №11. – С. 15-23.
2. Засурский Я.Н. Информационная безопасность: развитие доступа к информации //Вестник
Московского университета. – М., 1998. – №1. – С.34-57.
3. Рыжих Н.П. Развитие медиакомпетентности студентов педагогического вуза на материале
экранных исскуств. – Таганрог: Центр развития личности, 2008. – 298 с.
4. Шариков А.В. Медиаобразование: мировой и отечественный опыт. – Москва, 1990. – 66 с.
5. Пьер Э. Подготовка юных зрителей во Франции //Перспективы. Вопросы образования. – М., 1984.
– №2. – С. 91-99.
6. Дал А.Г. Изучение средств массовой информации в школе //Перспективы. Вопросы образования.
– М., 1984. – №2. – С. 19-23.

1234
скачать работу

ШЕТЕЛДІК МЕДИАБІЛІМ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДА

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ