Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ШЕТЕЛДІК МЕДИАБІЛІМ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДА

педагогтар ұсынып отырған медиа білім берудегі үлгіде іске асырылады.
Оны педагогикалық үлгіден айыру қажет. Бұл үлгілерді айыру үшін негіз болып медиаға қатысты
медиабілім беру қызметіне қатысушылардың кеңістіктегі рөлінің орналасуы табылады.
Педагогикалық үлгідегі құрылымда педагог пен білім алушы медиа бойынша қарым-қатынаста
болады. Олар оны зерттеп, медиа жөнінде қосымша мәліметтер алып, бағалайды. Медиабілім
беру кезінде мұғалім педагогикалық әсер етудің элементтерімен қатар интерактивті оқыту
әдістерін (жобалау әдісі, дебат өткізу) қолданады. Білім алушы өзінің маңызды рөлі яғни білім
алушы болып табылады. Бұл ретте, журналистика, аудитория педагогикалық үлгіде зерделеу пәні
немесе оқыту тәжірибесі ретінде болады.
Интерактивті үлгі медиабілім алу іс-әрекетіне қатысушылардың медиалық кеңістікте
сатылық жүйе негізінде қалыптасады. БАҚ-та медиа білім берумен айналысатын мамандар түрлі
медиабілім беру технологиясын пайдалана отырып өздеріне педагогтардың міндеттерін алады.
Бұл ретте, журналист адресатпен тікелей аудитория өкілі ретінде жұмыс жасайды, мамандыққа
тартады, кәсіби журналистің жекелеген міндеттерін орындауын қалыптастырады. Бұл жерде
«білім алушы» аудитория болып табылады. «Педагог» және «оқушы» рөлдері толығымен
«журналист» және «аудитория» рөлдерімен біріктіріледі.
Журналистік үлгіде интерактивтік медиа іс-әрекеттің құралы болып табылады, кәсіби
журналистер және жас аудитория журналистік модельде медиақызметтің құралы болады
және серіктестер ретінде қабылданады. Бұл қызметтің нәтижесінде дайын өнім яғни, БАҚ-тың
медиақұзіретті аудиториясы пайда болады.
Қоғамдағы соңғы жылдардағы ақпараттық-техникалық өзгерістерге орай адамзаттың бұл
өзгерістердің тиімді тұстарына мән беруі аса маңызды болып отыр. Жасөспірімдердің өмірінде
бұқаралық ақпарат құралдарының ролі артқан заманда оның мүмкіндіктерін пайдалануға
шетелдік ғалымдар да жүйелі түрде мән бере бастады. Бұл мәселе оларда біршама ертерек қолға
алынғанын басылымдарда сол уақыттарда шыққан мақалалардан көруге болады. Қазіргі кезде
олардың жүріп өткен жолы бізге де қажет бола бастағаны анық. Өйткені бұқаралық ақпарат
құралдарына мол мүмкіндік берілген заманда, олардың өнімін талғаммен пайдалана алуы үшін
балалар мұндай іс-әрекетке үйретілуі тиіс. Дегенмен, теледидардан берілетін бағдарламаларға
ата-аналардың да көңілі тола бермейді, бірақ балалардың бұл мәселедегі талғамын тәрбиелеуде
олардың, яғни ата-аналардың да біліктері жете бермейтіні белгілі. Балаларға арналған 64 65
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (80) 2011
бағдарламалар маңыздылығын, ерекшеліктерін талдаудың шебері Б.Споктың пікіріне сүйенсек,
әртүрлі қатыгездікке барған балалардың психологтарға берген жауаптарында теледидардан
көргендерін жасағандарын айтады. Психолгтар интернет пен теледидардың, компьютерлік
ойындардың бала санасына тигізетін зияндылықтарын былайша жіктеп көрсетеді. Біріншіден,
замануи құндылықтар деп көріп жүрген дүниелеріміздің көпшілігі балалардың санасында қиялға
ғана сиятын, тіршіліктің тек жағымсыз тұстарын көрсететін ақпаратты үйіп-төгіп, өмірге деген
шынайы көзқарасының қалыптасуын тежейді. Компьютер мен көгілдір экран алдында бірнеше
сағат бойы тапжылмай отыру физиологиялық дамуды шектейтіндігін айтпағанда, баланың
санасына түрлі қауіпті қиялдарды ұялатады. Батыстан ағылған өнімдердегі бірінен-бірі асып
түсетін қантөгіс көріністер, жаншошырлық садизм бала түгілі, ересектердің де психологиясын
бұзып, жүйкесін тоздыратындығы белгілі. Осылардың салдарынан бара-бара балалардың
санасында жақсылық, әділеттілік сияқты құндылықтар тек қантөгіспен байланысты деген
түсініктердің қалыптасу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, вертуалды кеңістікте адам өлтіруді «кәсіп
еткен» бала саналы түрде барлық адамгершілік нормалардан аттап өту қаупі бар деп көрсетеді
психолгтар. Адам баласына тән аяушылық, жақсы көру сияқты сезімдерді жоғалтып, санасы
уланған бала үшін қатыгездік қалыпты жайтқа айналу сияқты проблемалардың бүгінгі күні бар
екендігі шындық.
Танымал психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ отыру
адамның ерік-жігерін әлсіретеді. Көгілдір экраннан көз алмай ұзақ қарау көз жанары арқылы
миды гипноздайды екен. Баланың отбасы мүшелеріне, қатарлас құрбыларына деген назарының
төмендеуінің бір себебі осыған да байланысты көрінеді. Экраннан тамашалаған оқиғаларды ол
белгілі дәрежеде шынайы деп қабылдайды, солар қуанса қуанып, мұңайса ол да мұңайып жүреді.
Зерттеулер нәтижелері көрсетіп отырғанындай күні бойы әке-шешесімен емес, экрандағы
«ертегі» кейіпкерлермен болатын бала олардың жалған екендігін біліп тұрса да түсінгісі
келмейтіндігі анықталып отыр. Экранда көргендерінің бәрін өмірмен шатастырған балалар қазіргі
кезде таңғаларлық нәрсе болмай қалды. Сондықтан теледидардың ықпалына түскен балалардың
депрессияға ұшырауы, өз-өзіне қол жұмсау уақиғалары жиілеуі осының нышаны.
Психологтар баланың психологиялық және физиологиялық тұрғыда зиян шекпеуі үшін мына
жайттарды есте ұстауға кеңес береді:
Біріншіден, 3 жасқа дейінгі балаларды экран алдына мүлде жақындатпаған дұрыс. Ал бала
кішкентайында жүйке ауруымен ауырса, ұйқысы нашар болса, басынан жарақат алса, онда 5-6
жасқа дейін теледидар алдына жолатпаған жөн. Екіншіден, 5-6 жастаға балалар теледидар алдында
тәулігіне жарты сағаттан артық отырмауға тиіс. Бастауыш сынып оқушылары аптасына екі-үш
мәрте 1-1,5 сағаттан отырса жеткілікті екен. Үшіншіден, балаларға арналған мультфильмдер мен
фильмдерді алдымен ересектердің өзі тамашалауы керек. Себебі, кейбір өнімдер жарқ-жұрқ етіп
көзді қызықтыратын арнайы эффектілер арқылы баланың жүйке жүйесін зақымдайды. Мұндай
өнімдер құлақ тұндыратын дыбыстар, мың құбылған виртуалды бейнелер, өте шапшаң жүретін
оқиғалар арқылы баланы өзіне тәуелді етеді. Төртіншіден, виртуалды кеңістік пен шынайы
өмірді ажырату қабілеті 12 жастан кейін ғана толық қалыптасады. Сондықтан баланы ешқашан
теледидар мен компьютердің алдында жалғыз қалдыруға болмайды.
Бесіншіден, компьютердің экранынан таралатын электр магниттік толқындар баланың
денсаулығына айтарлықтай қауіпті. Қазіргі замануи мониторлардың да қорғаныштық қабілеті
100 пайыз жетілдірілмеген. Бұл айтылған пікірлерді талдайтын болсақ, балалар теледидардан
көргендерін ғана жасайды екен және қазіргі технологиялық заманның ең басты жетістіктерінің
бірі компьтердің пайдасынан гөрі зияндылығы басым болып отыр. Әйтсе де, бұл пікірмен
кейбір мамандар келіспейді. Олардың пікірінше, балалар теледидардан көргендерінің бірді-
екілі әрекеттерін ғана пайдалануы мүмкін. Өз отбасында қалыпты жағдайда тәрбиеленген бала
бұзықтық пен қатыгездік туралы қаншама кітап оқып, теледидардан қаншама қан төгіске толы
кино көргенімен, оны тәжірибеде қолданбайды екен. Қайта жат әрекеттен бойын аулақ салуға
тырысатын көрінеді. Сондай-ақ, балаларға тиісті бақылау болса, отбасындағы оң тәрбиені
ешқандай телебағдарламадағы жат әрекеттер өзгерте алмайтынын айтқан пікірлер де кездеседі.
Дегенмен, ата-аналар балаларының теледидар бағдарламаларын көру режимін үнемі бақылап
отыруы талас тудыратын өте күрделі мәселе. Бұл жерде проблеманың негізгі бір шешімі ретінде
ұсынылып жүрген – балаларды телебағдарламаларды көру мәдениетіне үйрету керек деген пікір
көңілге қонымды деп ойлаймыз. Осы мәселеге байланысты шетелдік тәжірибеге сүйенер болсақ,
үйренуге болатын әдіс-тәсілдер аз емес екендігі байқалады. Мысалы, француз педагогтарының
тәжірибесі көңіл аударуға тұрарлық. Ең алдымен француз педагогтарының іс-әрекеті өздерін
толғандыратын басты мәселенің бірі балалардың теледидар туралы түсінігі қандай, олар өз
көргендерін өмірде қалай пайдалана алады, екінші біреумен әңгімелескенде, ойын барысында
көргендерін пайдалана ма деген сұрақтарға жауап іздеуден басталған. Бұл сұрақтарға жауап алу
үшін жүргізілген сауалнамалардың нәтижесіне қарағанда, балалар күнделікті өмірде орташа
есеппен алғанда теледидар көруге 2 сағат уақытын жұмсайтын болса, кейбір балалар күні бойы
теледидар көруден жалықпайды екен. Ол сауалнамалардан анықталғанындай көпшілік жағдайда
балалар үйде ешкім болмағасын, жалғызсырамау үшін де теледидар көріп уақыт өткізеді. Олар
көрген әртүрлі бағдарламалардан, жарнамалардан өзіне көптеген жаңалықтар ашады, содан
жанына рахат табады. Бірақ ескеретін нәрсе, баланың теледидарды жалғыз көруі мен ата-ананың
қатысуымен көргеннің арасында үлкен айырмашылық бар. Бұл жерде де бала мен ата-ананың
өзара қарым-қатынасының ролі үлкен. Айталық, өзара қарым-қатынасы жақсы отбасы болса,
теледидар көру барысында қандай да бір бағдарламаны талдай, пікірлесе отырып көреді, ал
кейбір ата-аналар бұл істе немқұрайлы күйінде қалады. Француз зерттеушісі Э.Пьер сауалнама
жүргізудің нәтижесінде, балалардың барлығы бірдей теледидарды көруден пайдалы мағлұмат ала
алмайтындығын анықтаған. Бала теледидардан пайдалы мағлұматты ата-анасының, араласатын
ортасының көмегімен алады екен. Онда да алдыңғылары үнемі оны қолдап отырса, көңіл күйін
қадағаласа, түсінбеген сұрақтарын түсіндірсе, сонымен қатар көргеннен түйгенін тыңдаған
жағдайда ғана пайдасын тигізеді [5].
Әртүрлі әдебиеттерге талдау жасаудың негізінде анықтағанымыздай, француз педагогтары
«Белсенді жас т
1234
скачать работу

ШЕТЕЛДІК МЕДИАБІЛІМ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДА

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ