Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ШЕТЕЛДІК МЕДИАБІЛІМ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДА

елекөрермен» атты эксперимент аясындағы жұмыстарыны арқылы ғылыми
тұрғыда БАҚ-тың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, балаларға тәрбие беруі арқылы бір жағынан
оларды теріс ақпарат ықпалдарынан сақтануды үйретіп, екінші жағынан алынған ақпаратқа сыни
тұрғыдан қарауға және оған зерттеушілік талдау жасай алуды қалыптастыруға болатындығын
дәлелдеуге тырысқан.
Ал норвегиялық педагогтар болса бұл мәселені шешу үшін, яғни мұғалімдерге арнап білім
беру саларында әртүрлі курстар ұйымдастыруды ойластырған. Бұқаралық ақпарат құралдарын
игеру норвегиялық білім беру саласының барлық деңгейінде дерлік жүргізіледі. Әсіресе, 12 жас
пен 18 жас аралығындағыларға айрықша көңіл бөлінеді. Осы санаттағы оқушыларға екі оқу
курсы ұсынылады: интеграцияланған міндетті оқыту, одан соң арнайы курстар. Интеграциялық
оқыту барысында барлық пәндерді қамтитын интеграция принципі материалды берудің тереңдігі
мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Оқытылатын тақырыптардың аясы «Коммуникация және
бұқаралық ақпарат құралдары», «Жазу пайда болғаннан заманауи коммуникацияға дейін»,
«Бұқаралық ақпараттың ықпалы» сияқты мәселелерді құрайды. Интеграциялық оқытуда
негізінен бастауыш сыныптар (үшінші сыныптан алтыншы сыныпқа дейін) қамтылады. Ал
арнайы курстар төртінші сыныптан басталып мектепті бітіргенге дейінгі оқушылар құрамын
қамтып, олар бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты әртүрлі курстарды таңдауларына
мүмкіндіктер беріледі. Сабақ аптасына екі рет (жылына орташа есеппен 60 сағат) өтеді. Егер
медиабілім беруде бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде теледидар, газет, радиоға көп көңіл
бөлінсе, олардың қатарында техникалық жақтарды ескеру мәселесі де болу заңды. «Газет»
курсында оқушылар мұғалімдермен бірлесіп мектепішілік газетті шығаруды игереді. Мектеп
газеті жергілікті басылымға ұқсас етіп шығарылады. Бар айырмашылығы таралымы шектеулі,
ақпараттық тұрғыдан гөрі юмаристік сипаты басым. Ал теледидар курсының мазмұнындағы
шаралардың нәтижесінде оқушыларды телебағдарламаларға баға бере алу мәселелері жүзеге
асырылады, яғни аталған іс-әрекетке баулиды. Кейбір сыныптарда қысқа сюжеттер түсіру үшін
видеоаппаратуралар да пайдаланылады [6].
Ал бұл мәселеде фин педагогтары басқа мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, жалпы
білім беретін мектептерінде бұқаралық ақпарат құралдарын оқып-білу мақсатында төмендегі үш
пунктті бөліп қарайды және олардың әрқайсына жеке тұрғыда мақсат қойылған:
Оқушыларды бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұнына интерпритация және талдауға
дайындау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін оларды бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана
алуға үйрету қажеттігі туады:
а) ақпаратты қабылдаумен бірге бос уақытты өткізуге де дайындау;
ә) оқи білу, тыңдау, көру сияқты мәселелерде дұрыс және тұрақты дағдыларды қалыптастыру;
б) әр түрлі ақпарат құралдарының тілін, оның эстетикалық сапасы мен маңызын түсінуге
үйрету.66 67
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (80) 2011
Оқушыларды ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдауға дайындау. Ол үшін оқушылар келесі
мәселелерге үйретілуі тиіс:
а) өз қажеттіліктерін жетекшілікке ала отырып ақпарат құралдарының хабарларына талғаммен
және түсінікпен қарау;
б) алған ақпаратты тексеріп және толықтырып отыру;
в) бұқаралық ақпаратты және оның нақты өмірмен байланысын талдау;
г) бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны және олардың әлеуметтік-саяси
байланысын түсіну;
д) ақпараттың өзімен, оны беруші және интерпритацияның арасындағы шекараны анықтай
білу;
е) олардың өмірге деген көзқарасы мен ақпарат құралдарынан алатын білімдерін теңестіру.
Балалардың бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да каналдар арқылы қалыптасқан
пікірлерін көтермелеу. Ол үшін оқушылардан:
а) жалпы ақпарат құралдарынан берілетін хабарларға өзінің жеке пікірінің қалыптасуына
қажетті ақпараттың элементтерін алуға үйрену;
ә) олардың ұсынған ақпаратынан фактілерді бөліп қарай алуға;
б) олардың көзқарасын қолдайтын шындыққа жақын фактілерді ажырата білу;
в) пікірін сенімді түрде білдіре алу талап етіледі.
Дейтұрғанмен, бұл мемлекеттің мектептерінде де бұқаралық ақпарат құралдарын оқыту
арнайы пән болып табылмайды, демек пән ретінде оқылмайды. Сондықтан, бұл пәнді оқуға
әртүрлі уақыттарда мүмкіндіктер беріледі. Дегенмен ұлттық жалпыға білім беру комиссияның
ұйымдастыруымен біршама шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, 80-жылдары орта
мектептердің жоғары сыныптарымен бұқаралық ақпарат құралдарының ойын-сауықтық
әрекетіне арналған жобалар ұйымдастырған. Жобаның басты мақсаты әртүрлі көңіл көтеруге
арналған бағдарламаларды мұғалімдер мен оқушылар көріп, оларға талдау жасау. Осы жобаның
аясында мұғалімдер мен оқушылар телебағдарламалар, фильмдер, арнайы балаларға арналған
бағдарламалар, көңіл көтерушілік бағдарламалар, әдеби және музыкалық шығармаларға талдау
жасауға атсалысқан. Нәтижесінде теледидардан берілетін бағдарламалардың қаншалықты
жасөспірімдердің қажеттіліктерін қанағаттандырып отырғандығы туралы мәліметтер алынып,
жасалған қорытындылар мен ұсыныстар теледидар ұжымына тапсырылған. Бұл шаралар аталған
мемлекеттің жас жеткіншектерге арналған бағдарламалардың санын арттыруға, сондай-ақ өзге
де бағдарламаларды беруде үлкен талғамдық талаптар қоюына өзіндік үлес қосқан.
Сонымен, қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалының артып келе жатқанын
және оның екі жақты әсерін ескере отырып, шетелдік тиімді әдіс-тәсілдерді назарға алуымыз
керек. Бұл мәселені дұрыс шешудің бірден-бір жолы – бұқаралық ақпарат құралдарының
ықпалдылық ерекшелігін тәрбие ісінде пайдалануға үйрену. Демек, бүгінгі күні жеткіншек
тәрбиесінде ықпалдылығы жағынан негізгі тиімді құралдың бірі болып табылатын бұқаралық
ақпарат құралдарының мүмкіндігін пайдалана білуге ең алдымен білім, тәрбие берудегі басты
тұлға мұғалімдерді үйрету және болашақ мұғалімдерді дайындау аса маңызды болып табылады.
Көптеген елдерде, оның ішінде Ресейде бұл мәселенінің бір шешімі ретінде болашақ
мұғалімдерге медиабілім беруді қарастырады. Мысалы, Ресейде медиабілім берудің
жақтаушыларының бірі А.В.Федоровтың басшылығымен гуманитарлық салалар аясында Ресей
Федерациясындағы жетекші ғылыми мектеп құрылғаны белгілі. Ғылыми мектеп бағытының
негізі болашақ педагогтарға медиабілім беру арқылы теориялық тұжырымдарды және әдістемелік
бастауларды әзірлеу болып табылады. Ресейде медиабілім беру саласын дамытуда бұл ғылыми
мектептің рөлі мен алатын орны ерекше. Өйткені, медиабілім беруде ресейлік зерттеулердің
негізгі түрі мектеп және мектептен тыс материалдармен қаматамасыз етілген. Бұнымен қатар,
Ресейде медиа білім берудің одан әрі дамуы медиа білім беру мұғалімдерінің, оқытушылардың
көмегінсіз қиынға түсетіндігі анық болып отыр. Сондықтан бұл ғылыми мектептің бағыты
болашақ педагогтарға медиа білім берудегі теориялық тұжырымдар мен әдістемелік бастауларын
әзірлеудегі өте өзекті проблемасына тоқталады.
Ғылыми мектеп ұжымы 15 жылдан бері Ресей және шетелдерде медиа білім берудің теориялық
және әдістемелік тұжырымдамалардың жүйелілігі және сараптамасымен жұмыс жасауда.
2002 жылдың қыркүйек айында ғылыми мектеп басшысының ұсынысы бойынша РФ Білім
беру министрлігінде педагогикалық жоғары білім беру оқу орындарында жаңа «Медиабілім»
мамандығы тіркелді (№ ОӘБ мемлекеттік тіркелуі 03.13.30). Соған сәйкес 01.09.2002
жылдан бастап жоғары педагогикалық білім беру оқу орындарында осы мамандық бойынша
эксперименталдық сабақтар беріле бастаған. Алайда, бұл бағытты педагогикада одан әрі дамыту,
болашақ медиа педагогтарды дайындау тиімділігін арттыру үшін қосымша зерттеулер өткізу
қажет екендігі анық мәселе. Міне осыдан жобаның негізгі мақсаты көрінеді: педагогикалық
жоғары оқу орнында студенттердің медиабілімдерінің теориялық үлгісін және оны іске асыруда
тиімді әдістемелік бастамасын дайындау. Бұл зерттеулердің объектісі педагогикалық жоғары оқу
орнында студенттердің медиабілім алу үрдісі болып табылады. Жұмыс жасау болжауы мынадай
түрде жасалған:
− ғылыми еңбектерді талдау және медиабілім беру бойынша тәжірибедегі жағдайды зерттеу;
− педагогикалық жоғарғы оқу орнының базасында қалыптастыру экспериментін өткізу;
− зерттеудің әдіснамалық негізін құрайтын теориялық ережелердің жиынтығын құрастыру
және негіздеу;
− ресейлік және шетелдің медиабілім беру қызметінің теориялық көзін және тәжірибедегі
жағдайын зерттеу;
− медиапедагогтарды дайындауда базалық үлгіні әзірлеу;
− «Медиабілім» мамандығы бойынша оқу бағдарламасы мен әдістерін әзірлеу, оларды
құрылатын эксперимент шеңберінде жасауда зерттеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Тағы бір атап өтерлігі ресейлік медиапедагогтардың бастауымен және қолдауымен 2005
жылдан бері «Медиаобразование» журналы шығып тұрады. Бұл журналда медиабілім беру
мәселелерінің теориялық жақтарымен қатар, практикалық, яғни тәжірибеде пайдалануға қажетті
әдіс-тәсілдерді көрсететін мақалалар жарияланып тұрады. Ал америкалық медиабілім әлемде
медиабілім бойынша бірініші оқу бағдарламасының авторы болған канадалық М.Маклюэннің
еңбектеріне сүйенеді. Бұл автордың теориялық еңбектері АҚШ-тағы медиабілім процесіне
ерекше ықпал етті. А
1234
скачать работу

ШЕТЕЛДІК МЕДИАБІЛІМ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДА

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ