Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылар

йдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет - Бичер Стоудың (1811-96) "Том ағайдың балағаны" романын, Л.Н. Толстойдың "Асрхадон патша", "Үш сауал" т.б. әңгімелерін А.С.Пушкиннің "Боран", "Дубровский" повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің "Ләйлі-Мәжнүн" дастанын нәзира үлгісімен жырлады (1907). Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік -ағартушылық бағытта болды. Бұл орайда 20-ғасырдың басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосты. Шығармаларында демократиялық, халықтық және гуманистік көзқарастырды насихаттады. Таза да жарқын махаббатты жырлай отырып, бас бостандығы идеясын алға тартты, оның асыл мұраттары үшін күреске шақырды. Адамгершілік, ар-ұждан тақырыбына жазған ойшыл да парасатты туындылары баршамызға рухани азық.

Алтынбаев Қалихан (1927 -2002)
Қалихан Алтынбаев - ерекше қабілеттілігімен, сыршыл сезімталдығымен, ойының өрістілігімен, тілінің өткірлігімен дараланған ақын. Ол бүкіл саналы ғұмырын ақындыққа арнады.
1927 жылы 23 желтоқсанда Жарма ауданының Малай колхозында туған. Шешесі Сағила Смаққызы- халық ақыны, С.Әлімбетовтың жақын қарындасы. Әкесі Қалиасқар- домбырашы, өлеңші, шежіреші адам болған.
Қалихан Алтынбаев газет тілшісі, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып істеп, қалың бұқараның ортасында жүрді. Ол қайда болса да ел ішіндегі атақты адамдардың үлгілі ісі мен шежірені, бұрынғы ақындардың мұраларын, қағытпа- қайым айтыс өлеңдерін, мақал-мәтелдерді, қысқасы бесік жырынан жоқтауға дейінгі әдеби мұраларды жинақтап, қойын дәптер жазды. Оларды мақала етіп, Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қорына жіберді. Ол сонау қырқыншы жылдардан бастап сол ғылыми орынның тілшісі.
Айтыскер ақынның көптеген мақалалары республикалық "Абай" журналы, " Қазақ батырлары","Семей таңы", "Үш анық" газеттерінде шықты.
Көрнекті өнер иесінің ерекше қасиеті- ұлттық өнеріміздің алтын қазығы- ауыз әдебиетін терең білетіндігі, халқымыздың өткен-кеткен тарихынан, көне шежірелерден мол хабарлар екендігі, шұрайлы тіл байлығы, тіліміздегі ескі сөздердің мағынасын жетік ажырата алатындығы.
Шығыстан шыққан қазіргі айтыс ақындары Абаш Кәкенов, Серікхан Жақиянов, Айнаш Сейсекенова, Дәмеш Омарбаевалар Қалихан Алтынбевты ұстаз тұтады.
Айтыс өнеріне 1957 жылдан бастап белсене араласып келе жатқан ақын, талай ұлы дүбір сайыстарда суырылып шығып, абыройға ие болды. Ең алғаш Жарма ауданының орталығында Көсембек Байқұтанов деген ақынмен айтысқа түсті. Оның кезекті бір айтыста қолма-қол тауып айтқан "Үш бәйтерек" деген өлеңі көпшіліктің сұрауымен баспа бетінде жарық көріп, ел аузынан түспейтін аңызға айналып кеткені шындық.
Айтыскер ақын Қ.Алтынбаев өз өмірінде аудандық, облыстық, республикалық дәрежедегі сөз сайысына 27 мәрте түсті. Олар айтыс кітаптарына енгізілген. Әуелден-ақ Қ. Алтынбаевтың шығармалары әдебиет зерттеуші ғалымдардың, сыншылардың назарына іліккен. Оған ең бірінші болып баға берген ғалым- Есмағамбет Ысмайылов.
Қалихан - жазып та шығаратын, қолма-қол суырыпта айтатын жалынды талант. Академик, сыншы М.Қаратаев "Әдебиет және эстетика"," Эпостан эпопеяға "деген кітаптарында, зерттеуші ғалым С.Сандыбаев "Қазақ фольклоры және эстетика" деген еңбегінде ақынның айтыскерлік шеберлігіне зор баға береді. Сондай–ақ Қазақстанның халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың "Екі естелік" кітабының бір бөлімінде ақын туралы көптеген жылы лебіздер берілген. Ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың Қ. Алтынбаев поэзиясына арналған зерттеу мақаласы да арнайы назар аударарлық.

 

Ақын онға тарта поэмалардың авторы. Жеке басылып шыққан "Мамай батыр" поэмасы күні кеше ғана өткен ұлы ақынымыз Абайдың 150 жылдығына арналып, Семей таңы" газетінің ішінде кітапша болып шықты.
Айтыс өнерінің тарланы Қалихан Алтынбаев сөз сайысының бір оңтайлы қисынында былай деген еді:
Қолыма он үшімде домбыра алдым
Кездесіп көрген емен тапшылыққа.
Ақ борасынмын
Солтүстіктен ойастайын,
Жаманға үрей, жақсыға ой тастайын
Айтыстың Рүстем дастан палуанымын
Қалайша мына топта айқаспаймын,-
деп өзінің шомбал тұлғасын өлеңмен сомдаған арқалы ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қалихан Алтынбаев 2002 жылы 7 қыркүйекте дүние салды.

Арғынбек Апашбайұлы (1882-1946 жж.)
Зайсан ауданы Қара Ертіс болысы Ақарал ауылында 1882 жылы туған. ( У. Қыдырханов мәліметі). Әкесі кедейдің кеуделісі, еті тірі адам болыпты. Арғынбек әуелі Саид Мустафа деген араб шейхынан оқып, хат таныған екен. Анасы Әйкен аса көрікті, ақылды, өлеңші адам болған. Тойларда айтысқа, өлім-жітімде жоқтауға отырғызады екен. Анасының әсері болар Арғынбек он жасынан өлең шығара бастаған:
Он жасымда қағазға,
Салып едім көзімді.
Әкес өліп жасымда,
Қалдырды надан өзімді,
Бәрін босқа өткіздім,
Өнер табар кезімді.- деп жырлайды.
Бала Арғынбек Зайсандағы татар көпестеріне қосшы болып, одан орыс жемтемір-барлаушыларына жалданыпты.Көпес Керімберді Бабаевтың ықпалымен қазандағы Шәмшиден Құсайыновтың баспасын қисса –дастандар жіберіп тұрған.
Арғынбек Апашбайұлы қазақ халқының жазба әдебиетінің іргесін қалап, шаңырағын көтерген Абай бастаған ақындардың өнегесін жалғастырушы тұлғалы ақындардың бірі болған. Ол өз заманының реалист-ақыны, ұлағатты ағартушысы, гуманист, елім деп еміреніп өткен замана жыршысы.
1912 жылы өрдегі керейлерге көшіп кетеді. 30 жылдар Алтайда басталған аласпыран кезінде Гоминданға қарсы көтерілісті қолдап өлең жазғаны үшін түрмеге түседі.
Жат жерде жүрсе де туған жерге деген сағыныш ақынның көптеген жыр шумақтарына шабыт берді. Ұзақ – ұзақ толғауларында не ұйқас, не сөз қайталауы кезікпейтін, өлеңінің бәрінде жерге, елге құрмет сезіліп тұрады екен.
1915-1925 ж. аралығында «Қалам алып Арғынбек», «Жер -адамның анасы», «Жігіт сол» т.б. көлемді де терең ойлы өлең-толғаулар жазған.
Ақынның «Қазақ Сырдан ауғанда», «Ата жұртым -қазағым», «Россия туралы» дастандары ел ішіне кең тараған.
1927- 28 жылдар аралығында ақын ерекше бір тың шабытпен бітімі бөлек, тілі шұрайлы «Жыр романын» жазады.
Арғынбек өлеңдері Қазақстан, Қытай, Монғолия, Түркия елдеріндегі қазақтар арасына кең тараған. Оның бірқатар туындылары ҚР ҒА-ның Орталық Ғылыми кітапханасында қолжазба қорында сақталған.
Туған жерге деген күңіреніске толы Арғынбектің жыр-мұрасы әлі толық зерттеліп, оқырмандарына жете қойған жоқ. Ақынның шертілмей жатқан шерлі шежірелері, қазылмай жатқан қазыналары аз емес. Арғынбек Апашбайұлы 1946 жылы Қытай Халық Республикасы Шыңжан өлкесінің Алтай аймағында қайтыс болды.

Әбенов Шәкір, ақын (1901-1994 )
Әбенов Шәкір-халық ақыны, фольклоршы, композитор.
Ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған. Семейдегі 'Приходская школада" 3 жыл оқып білім алған. Алғашқы "Борсықтар",- деген өлеңі 1916 жыл "Айқап" журналында басылған.Ұлы Отан соғысына өзі сұранып барып, Брянск майданында жаралы болып елге оралады.
Елуінші жылдары сталиндік сүргінге ұшырап, түрмеде азап шекті. Ол тумысынан ақын болып жаратылған, өлең үшін туған, оның қызығы мен шыжығын бірдей кешкен, артына бай мұра қалдырған, талмас та мойымас, майталман ақын еді.
Әбенов қаламынан шыққан "Қозы Көрпеш –Баян сұлу", "Кейпін батыр", "Таңшебер-Жапал","Ортақ арал", т.б әлденеше дастандар мен аңыздар, оңдаған толғау, мысал, терме өлеңдері әлі де оқырмандар тілегіне жете алған жоқ.
Шәкеңнің ақындығын кезінде Сакен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров жоғары бағалаған. Ш.Әбеновтың ең үлкен қасиеті-адамзат баласында аса сирек кездесетін еске сақтау қабілетінің кереметтігі. Абайдың, Шәкәрімнің, Көкбайдың, Әріптің басқа да ақындардың өлең-жырларын тоқсаннан асқанға дейін жатқа айтқан.
Екінші қасиеті - қайсарлығы.
Оның ғасырға жуық өмірінде көрмеген азабы жоқ. Оның өлең жылдары кезінде ұясында тұншықтырылып, өмір құбылыстарына сергек те шыншыл көзбен қараған шығармалары жарық көруі былай тұрсын, ақынның өз басына қатер төніп, бірінші рет жазықсыз 10 жылға, екінші рет 25 жылға кесілді. Содан жапа шегіп, әбден запыста болған ақын қаламы белгілі дәрежеге тұсалып, 50-60 жылдарда "қылмысы болғандықтан" ақталғаннан кейін ғана біраз сүбелі шығармалары, аңыз-дастандары қалың оқырмандар қолына тие бастады.

Тұрсынхан Әбдірахманова, ақын (1921-2004 ж.ж.)
Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы 5 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданына қарасты Бөке деген рудникте туған. Әке шешесі ерте өліп, өз ағасының қолында тәрбиеленіп оқыған.
Т.Әбдірахманованың еңбек жолы 1941 жылдан басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болған.
1947-1949 жылдары Алматы жоғарғы партия мектебінде нұсқаушы болған.
1950-1954 жылдары "Қазақстан әйелдері" журналының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
1954-1959 жылдары КАЗГУ де, 1959-1963 жылдары аспирантурада оқыған.
Бұдан кейін 1966 жылға дейін Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте аға редактор, Қазақ ССР ғылым академиясында 1967-1969 ғылыми хатшы болып істеген. 1969 жылдан 1986 жылға дейін Қазақ ССР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды.
1964 жылы "Ілияс Жансүгіровтың лирикасы" деген тақырыпта кандидаттық, 1981 жылы

1234
скачать работу

Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ