Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылар



 Другие рефераты
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің тарихы Мұхтар Әуезовтың Абай жолы романының әдеби көркемдігі Компьютеры как средство общения людей Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы

Менің аңдауымша, бір кезде орыс мәдениетінің өсіп- өркендеуіне Пушкин әсері қандай болса, бүгінгі Орта Азиялық көркем ойдың, іргелес халықтарымыздың күллі рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов әсері де дәл сондай болды.
( Шыңғыс Айтматов)
Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың алатын орны ерекше.
М.Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын артттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы.
Жазушы 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау деген жерде туды. 1908 жылы Мұхтарды немере ағасы Қасымбек Семейге алып келіп, орыс мектебіне түсіреді. Оның тұңғыш күрделі шығармасы - " Еңлік-Кебек" драмасы 1917 жылы, семинарияда оқып жүргенде жазылды.
1923 Ленинград университетінің филология факультетіне оқуға түсіп 1928 жылы бітіріп шығады. Оқуды бітірісімен Ташкентке келіп, орман техникумында әдебиеттен сабақ береді, 1929 жылы Орта Азия мемлекеттік университеті туркология кафедрасына аспирантураға түсіп, онда 1930 жылдың октябрьіне дейін болады.
Кемеңгер жазушының өмір жолына көз жіберсек, оның бір кездерде қилы кезең, қиын асуларға тап болып, қысылып- қиналған сәттерін еске алмай өте алмайсың. 30- жылдардың басында жазықсыз жаламен екі жыл түрмеде отырды. Қазақтың бетке шығар қаймағы " халық жауы" атанған кезде ендігі бетке ұстар азамат М:Әуезовке де құрық түсуге шақ қалды. Алашордашыл, ұлтшыл жазушы деп қудалағандар аз болған жоқ. Соның салдарынан жазушы 30- жылдары өзінің " Еңлік-Кебек", " Көксерек", " Қилы заман" сияқты тамаша туындыларынан бас тартса, 40-шы жылдары " Қаракөз"," Айман-шолпан", " Түнгі сарын" сияқты ғажайып пьесалары сахнадан түсіп қалды.
Жазушының әңгімелеріне тән оқиғалық, тартыстық жүйелер драмалық шығармаларында да кездеседі. Бұл да суреткердің өмір ақиқатын неғұрлым шыншыл әрі толық бейнелеу ниетінен туған көрініс. Творчестволық жолының алғашқы кезеңінің өзінде- ақ М.Әуезов көп қырлы талантын айқын танытты. Ол бұл тұста, әсіресе, көркем прозаның майталман шебері болып қалыптасты. Өмір оқиғаларын қаһарман мінезімен ұштастырып, қайталанбас сом тұлғалар жасау дәстүрін тереңдетті, прозаның әңгіме- повесть түрлерін жетілдірді. Тарихи тақырыпты да, заман шындығын да өзіне ғана тән өрнектеп жырлайтын арнаға түсті.

 

М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды. "Еңлік-Кебек", "Қаракөз", "Түнгі сарын", "Ақ қайың", "Тас түлек", "Тартыс", "Алма бағында" сияқты шығармаларында кеңес адамдарының жаңа өмір қалпын, жасампаз еңбегін бейнелейді. Осы салаға ерекше көңіл бөліп, қаламгерлік жолының әр кезеңінде бас-аяғы жиырмаға жуық пьеса жазды.
М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы- бүкіл кеңес әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық- көркемдік биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Француз жазушысы Л. Арагонның: " Эпикалық "Абай" романы….. ХХ ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі ",- деген сөздері демократиялық бағыттағы шетел жазушыларының ортақ лебізі болып естіледі. Бұл пікірлер роман- қазақ әдебиетінің зор жетістігі болғанын дәлелдейді. Дүние жүзінің отыздан астам тіліне аударылып жарық көрген бұл шығарма миллиондаған оқырманды сусындатып, оларға ұлы Абайды, Абай арқылы қазақ халқын паш етті.
Әуезов - тек қана жазушы емес, қазақ әдебиет ғылымының ірі теоретигі, абайтанудың негізін салушы. Ол түркі тілдері әдебиетінің тарихы жөнінде терең ғылыми зерттеулер жасады.
Оның қаламынан әлемдік және орыстың тамаша классикалық әдебиетінің, бауырлас халықтар әдебиетінің танымал шығармаларының тәржімелері туды.
Жазушы, академик, тұңғыш драматург, талантты романист, білгір сыншы, белгілі қоғам қайраткері " Сегіз қырлы , бір сырлы азамат" - өзінің ғажайып таланты, асқан еңбекқорлығы арқасында халқына қалтқысыз қызмет етті, көркем сөздің шыңына шығып, соңына мәңгі өлмес мұра қалдырды.
Әдебиетіміздің қос биігі Абай мен Мұхтарды кезек-кезек оқығанда жерлес ақынымыз Қ. Алтынбаевтың " Бірі - өлеңнің патшасы, бірі-проза құдайы " деген жыр жолдары есіңе түседі.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ
ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы.
Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдайбердиевтің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді.
Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады.
Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның творчествосы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады. 19ғ. - дың аяғы мен 20ғ.-дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!" (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, "Жастық туралы", "Кәрілік туралы" (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. "Өмір", "Сәнқойлар", "Ызақорлар", "Құмарлық", сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.
Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп, ("Анық асық әулие", "Шын сырым") адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді. "Жастарға" (1880), "Арман", "Насихат" (1881) атты өлеңдерінде әртүрлі тап пен топ өкілдерінің ниет, мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сө з етеді. Ш.Қ.- қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде ("Бай мен кедей", "Бай мен қонақ") мәселенің әлеуметтік мәнін ашуға бара бермейді. Үстем таптың озбырлығын, қиянатын айтумен шектеліп, "еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын" деп уағыздайды. "Жуандар" деген өлеңінде байларды сынайды, бірақ таптық көзқарасты санасына терең сіңіре алмай, ағартушылық көзқараста қалып қояды.
Ақынды қатты толғандырған мәселенің бірі - қару-жарақтың адам мен табиғатқа қарсы жұмсалуы, империалистік соғыс кезінде адамның қырылуы, озбырлық пен зорлықтың орын алуы. Мұндай келеңсіз кесепаттарға қарсы жазылған өлеңдері Шәкәрімнің интернационалдық ой, толғаныстарының биіктігін, заманалылығын аңғартады. ("Патшалар сансыз шығыс қылады", 1919; "Адам немене" 1915) , "Бостандық таңы атты", " Бостандық туы жарқырап" (1917) өлеңдері Қазан революциясына арналған. Ақын жарқын өмірді, болашақты, бейбітшілік пен берекелі тұрмысты жырға қосты. Әлеуметтік жағдайға байланысты тұңғыш рет "Шаттық" деген сөзді қолданғанымен, Ш.Құдайбердиевтің жаңа заманның өзгерісіне үн қосуы әлі де тосаң. Оның мұраты бұрынғысынша адал еңбекте, рулық жікшілдікті жоюда, әділеттігі жарасқан тұрмыс құруда еді. "Қош жұртым" өлеңінде (1931) жапан түзде жалғыз жатқанмен халықтан қол үзбегенін, болашаққа сеніммен қарайтынын білдіреді. Бұл ойын С. Мұқановқа жазған хатында(3.2.1931) айқын білдірген.

 

Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына ,мазмұнының етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша "Қалқаман - Мамыр" дастанын жазды. (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, ел билеушілер орнатқан қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. "Еңлік - Кебек" дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады. "Айсұлу - Нартайдың" поэмасы жамандықты жазаласа, "Әділ - Мария" романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен аяқтайды. Шәкәрім Құдайбердиев - "Қодардың өлімі", "Крез патша" дастандарының авторы .
1905 жылы Шәкәрім Құдайбердиев қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Стамбул, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқиды. Осылай жинаған материалдар негізінде "Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі" (1911) кітабын, қисындарын қазақ мүддесіне үйлестіре түсу мақсатымен "Мұсылмандық шарты" деген еңбек жазды. (1911) Бұл тұста ақынның діншілдігі ғана емес, үлкен ойшыл философ екендігі айқын танылды. Ол жаратушы алланы ақылға салып түсінуге ұмтылыды. Дін бұзушыларды қатты сынға алады. ("Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа, Сопының бара қойман құрбанына". Абай сияқты Шәкәрім де феодалдық- рулық ортаның мінез-құлқын, моралін жат көрді, сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жарықшақты көре білді. Шәкәрім патриархалдық пен кертартпалыққа қарсы күресте мәдениет пен ғылымның жетістіктеріне сүйенді, халықтар достығы мен туыстығын қуаттады. ("Мен ұлтшыл емеспін, жақыным мынау демеспін"). Орыс, батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың творчествосын аса жоғары бағалап, ("Ақиқат сырымды айтсам Толстойдың, мың сопыны алмаймын тырнағына") өз халқын дүние жүзінің озық мәдениетін игеруге шақырды. Өзін ғұмыр бойы Л.Толсто

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Уровни организации живой материи
Военная лирика в творчестве Твардовского
Маркетинговая деятельность на основе технологий Интернет
Рекреациялық аумақтардың негізгі типтері


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ