Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы

пал жасайтын факторларды;
  • жалпы экономикалық дамудың әлемдік экономика дамуымен салыстырмасын;
  • Екінші бөлім әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы төмендегідей жағдайларды анықтайды:

    • әлеуметтік-экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері және басым бағыттарын;
    • мақсат, міндеттерден туындайтын, оларды іске асыруға бағытталған ұлттық бағдарламалар тізімін;

    Үшінші бөлім негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бөлімі:

    • экономикалық өсу, дамудың болжамдық қарқынын, деңгейін;
    • экономика құрылымын;
    • экономика салалары араларындағы байланыстарды;
    • халықтың және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы мүмкіндіктерін суреттейді.

    Төртінші бөлімі ұлттық бағдарламалар – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық стратегиясын іске асырудың және ұлттық (жалпы халықтық) мақсаттар мен басым бағыттарға тиімді, ұтымды жету жолындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеудің негізгі құралы. Ұлттық бағдарламалар жоғары тиімділіктегі ұлттық экономиканы құруға бағытталған күрделі, маңызды әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және басқада жағдайларды шешу үшін қажет.

    Орта мерзімдегі және жылдық әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын жасаған кездерде Ұлттық бағдарламалар жоспардың «Экономикалық реттегіштері» бөлімінде, сонымен бірге экономика салаларының жоспарында және мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік тапсырыстарда көрініс алады.

    Мемлекеттік ұлттық бағдарламалар ұлттық мүдделерге тиімді, ұтымды, сапалы жету жолында шектеулі қоғам ресурстарын жақсы бөлу, пайдалану құралы болып саналады.

    Орта мерзімді жоспарлар – олар 3-5 жылдар аралығына арналып жасалынады. Бұл жоспардың қызметі:

    • әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған мемлекеттің саясатын және экономикалық реттегіштер жүйесін анықтау;
    • стратегиялық жоспарда, мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген параметрлердің (индикаторлардың) жинақталуын қамтамасыз ету;
    • жоспарлау мерзімі (уақыты) аралығындағы барлық кешенді әлеуметтік-экономикалық іс-қызмет шараларын көрсету;
    • осы уақыт аралығында (3-5 жыл) мақсатқа жету жолында мемлекеттің экономикаға араласу, ықпал жасау әдістерінің негізгі бағыттарын көрсету;

    Осы қызметтер (шеңберінде) негізінде ұзақ мерзімді жоспарды белгілі уақыт аралығында нақтылау жоспары, құралы деп те айтуға болады. Жоғарыда айтылған қызметтеріне сәйкес, бұл жоспарды әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы уақыт аралығындағы стратегиялық мақсаттардан туындайтын міндеттер және экономикалық реттегіштер жүйесі анықталынады.

    Сыртқы ортаға талдау жасау, үлкен қауіп-қатерлерді және жаңадан ашылған мүмкіндіктерді ашу мақсатында сыртқы факторларды анықтаудың үлкен маңызы бар. Бұл қауіп-қатердің пайда болуы мен мүмкіндіктерге уақытылы болжам жасауға, алдын ала болжап білмейтін мән-жайлар туындайтын жағдайларға жоспарлар жасауға мүмкіндік береді. Олардың келесідей жеті тобы бар:

    1)  Экономикалық факторларды талдау кезінде инфляция қарқыны, салық мөлшерлемесі, халықаралық төлем балансы, тұтастай алғанда халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі және қызығушылық тудырып отырған сала, халықтың төлем қабілеті қаралады;

    2)  Саяси факторларды талдау кезінде елдермен сауда жасау тарифтері жөніндегі келісімдер, кеден саясаты, жергілікті билік органдарының және орталық үкіметтің нормативтік актілері, монополияға қарсы заңнама, жергілікті банктерден несие саясаты қаралады;

    3)  Нарықтық факторлар. Оған демографиялық жағдай, халық табысының деңгейі, оларды бөлу, ұйымның нарықтағы үлесі, нарық сыйымдылығы;

    4)  Бәсекелестік жағдайындағы технологиялық факторларды зерделеу. Өндіріс технологиясындағы, конструкциялық материалдардағы өзгерістерді оқып үйрену әсіресе маңызды болып саналады;

    5)  Бәсекелестік факторларына талдау жасау бәсекелестердің әрекетіне бақылау жасауды болжайды. Бұл ретте бәсекелестердің нарыққа қандай тауарлар шығаратыны, қандай іс-қимыл жасайтыны қаралады. Осыған орай:

    - бәсекелестердің болашақтағы мақсаттары;

    - олардың ағымдағы стратегиясына берілген баға;

    - саланы дамыту болашағы;

    - бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын оқып үйренуге талдау              жасалады.

    6) Әлеуметтік факторлар. Экономикалық тұрақсыздық жағдайларында, атап айтқанда әлеуметтік ортада ұйымға қауіп төндіретін көптеген проблемалар (тұтынушылар құқығын қарайтын қозғалыстың дамуы, ұлттық сана сезімнің пісіп-жетілуі және т.б.) туындайды.

    7) Халықаралық факторларға талдау жасау. Сыртқы саудаға мемлекеттік монополияны жою осы факторлардың маңызын арттырды. Шетелдегі ахуалды, өзге елдер үкіметтерінің саясатын көңіл қойып қадағалау арқылы, шетелдік бәсекелестерге қарсы үкіметтен болатын қорғау шараларын назар сала отырып, қадағалап отыру қажет.

    Басшылық сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі күшті және әлсіз жақтарын салыстырып болғаннан кейін, стратегиясын айқындауы мүмкін. Ұйым алдында төрт негізгі стратегиялық балама тұрады: шекті өсу, өсу, қысқарту және ұштасу.

    Шекті өсу. Бұл ұйымдардың басым көпшілігінің стратегиясы. Инфляцияны ескере отырып түзетулер енгізілген, қол жеткен табыстар арқылы мақсаттарды айқындау осы стратегияға тән болып саналады. Шекті өсу стратегиясы негізінен ұйым өзінің  жағдайына қанағаттанған кезде, баяу дамитын немесе технологиялар өзгермеген өнеркәсіп салаларында қолданылады. Ұйым бұл баламаны өте жеңіл, неғұрлым ыңғайлы және аз тәуекелге баратын іс-қимыл тәсілі ретінде тандайды.

    Өсу. Өсу (өркендеу) стратегиясы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деңгейдің оның алдындағы жылдың көрсеткіштері деңгейінен жыл сайын маңызды түрде көтерілу жолымен жүзеге асырылады. Ол, технологиялары тез өзгеріп отыратын серпінді дамушы салаларда қолданылады. Дағдарысқа ұшыраған нарықты тастап кету үшін өз фирмаларын диверсификациялауға (өнімдер номенклатураларының алуан түрлерін шығаруға) ұмтылушы жетекшілер, осы бағытты ұстануы мүмкін. Ішкі және сыртқы өсу болуы мүмкін. Ішкі өсу тауарлардың түт-түрін (ассортиментін) көбейту жолымен жүзеге асуы мүмкін. Сыртқы өсу тік немесе көлбеу бағытты өсу формасында бір-біріне жақын салаларда болуы мүмкін.

    Қысқарту. Операцияларды оңтайландыру және қайта бағдарлаудың терең ойластырылған, ақылға қонымды жолы болып саналғанда қысқарту баламасы таңдап алынады. Қысқарту баламасы шеңберінде келесідей бірнеше нұсқалар таңдап алынуы мүмкін:

    • тарату. Ұйымның материалдық қорлары мен активтерін толық сату қысқартудың неғұрлым радикалды жолы болып саналады;
    • егер бұл кәсіпорынға пайда әкелетін болса, басы артық нәрселерден құтылу;
    • қысқарту және қайта бағдарлану.

    Компания қызметі көрсеткіштерінің нашарлауы экономикалық құлдырау кезінде жалғаса беретін болса немесе жай ұйымды құтқарып қалу үшін, жиі түрде қысқарту стратегиясын таңдап алады.

    Әдетте, бірнеше салаларда белсенді іс-қимыл жасаушы ірі фирмалар жоғарыда аталған барлық баламаларды ұштастыру стратегиясынан ұстанады.

    Ұйымның ұзақ мерзімдік тиімділігін қамтамасыз ету стратегиялық баламаларды таңдау мақсаты болып саналады. Стратегиялық таңдауға алуан түрлі келесі факторлар әсерін тигізеді:

    1) Тәуекел. Компания үшін тәуекелдің қандай деңгейі қолайлы екенін анықтау қажет. Жоғары тәуекел дәрежесі компанияның өмір сүруі үшін қауіпті болып саналады.

    2) Бұрынғы стратегияны білу.

    3) Қожайын туралы пікір. Нақты стратегиялық баламаларды таңдау кезінде акция иелері басшылық жасау икемділігін шектейді.

    4) Уақыт факторлары.

    Стратегиялық баламаларды таңдау кезінде, факторларды білуден өзге, бүкілімен бөлісетін, оның болашағын болжайтын форманың тұжырымдамасы қажет болады. 

    62-бап.Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары

    1. Мемлекеттік органның жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспары жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің мақұлданған болжамы негізінде әзірленеді.

    2. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бюджеттік бағдарламаларға кіретін мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат болып табылады.

    3. Бюджеттік бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамында бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемінің шегінде әзірленеді.

    4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

    Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға бекітеді.

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын жергілікті атқарушы орган бекітеді.

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.

    5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стр

    12345След.
    скачать работу

    Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы

     

    Отправка СМС бесплатно

    На правах рекламы


    ZERO.kz
     
    Модератор сайта RESURS.KZ