Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.

. Семинар белгілі бір пәнді тереңдетіп оқуға арналған.
Семинарлық сабақтардың мамандар дайындауға мүмкіндіктері зор, сондықтан кафедралар оны әр алуан және күрделі талаптарды табысты шешуге мүмкіндік жасайтын, оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі формасы ретінде көреді. Семинарлар студенттердің шығармашылық дербестігін дамытады, олардың ғылымға және ғылыми зерттеулерге қызығушылығын күшейтеді. Семинар сабақтары барысында студенттер ғылыми ақпаратты иемденеді, ғылыми жұмыстарды рәсімдеу икемін қалыптастырады, материалды ауызша және жазбаша баяндау өнерін, дамушы ғылыми қағидалар мен қорытындыларды қорғауды игереді.
Жоғары мектептерде үш түрлі семинар сабақтары белгілінген: алдын-ала өтетін семинар, арнайы семинар және жеке семинар.
Алдын-ала өтетін семинар, аты айтып тұрғандай, семинарға кірісуге дайындайтын сабақ. Осындай сабақтар, негізінен, 1 курс студенттерін өз бетінше істелетін жұмыстың ерекшеліктерімен, сонымен қатар әдебиеттермен, түпнұсқалармен, олармен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру мақсатында өткізіледі. Тәжірибе көрсеткендей, 1 курс студенттері бірнеше түпнұсқалармен жұмыс істей алмайды, ұсынылған әдебиеттер тізімін оқып, қажетті материалды қалай іріктеп алу керектігін, оны тақырыбына, қойған міндеттеріне сәйкес баяндауды білмейді. Сондықтан, бірнеше түпнұсқалармен жұмыс істегенде студенттерге дағдыға айнала бастайтын, ғылыми мәселелерді шешудің компилятивтік тәсілдерінен сақтандыра отырып, түпнұсқалармен жұмыс істеу дағыдысын дамытуға басты назар аудару керек. Алдын-ала өтетін семинардағы жұмыстың екінші кезеңі – студенттердің белгілі бір тақырыпқа рефераттар дайындауы, алдын-ала өтетін семинарға қатысушылардың оны оқуы, талқылауы және жетекшінің қорытындысы.
Маңыздырақ оқу және тәрбие міндеттері ІІ-ІІІ курстардағы семинарларға, негізінен V курстағы студенттердің материалға зерттеушілік тұрғыдан келуін қалыптастыратын арнайы семинарларда шешіледі. Жоғары мектептерде семинарлық сабақтың үш түрі белгіленген: негізгі мақсаты белгілі бір жүйелі курсты және тақырыбы жағынан онымен тығыз байланысты курсты тереңдетіп оқытуды көздейтін семинар; курс тақырыптарының немесе тек бір тақырыптың жекелеген қатынастарын түбегейлі қайта қарап жетілдіруге арналған семинар; жекелеген проблемаларды тереңдету қарастыру үшін өткізілетін зерттеу түріндегі семинар немесе арнайы семинар.
Жоғары курстардағы семинар бірте-бірте студенттерді арнаулы семинарға – арнайы ұйымдастырылған семинарға, жас зерттеушілерді, аз ғана уақытқа болса да, белгілі бір мәселені танып-білуге алып келеді. Алдын-ала семинар мен семинарға қарағанда арнайы семинардың табысты болуы оған кімнің жетекшілік етуіне көбірек байланысты. Белгілі маман жетекшілік ететін арнайы семинар студенттерді ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа бейімдейтін ғылыми мектеп сипатына ие болады. Бұл жерде студенттердің топтық жұмысқа және оны бағалауға деген бағыт-бағдарын арнайы тәсілдерді (мысалы, жағдайларды моделдеу және т.б.) пайдалануныңы маңызы бар. Сабақ соңында жетекші, әдеттегідей, студенттердің ғылыми қызығушылығын қалыптастыра, мәселені әрі қарай зерттеу көкжиегін аша отырып, семинар сабақтары мен жұмыстарына ғылыми тұрғыдан толық шолу жасайды. Семинар сабақтарының сапасын бағалауда, оларға дайындықты жоспарлауда төмендегі критерийлер пайдалы болады:
Мақсаттылық – мәселелер қою, теориялық материалдарды, оларды болашақ кәсіби қызметіне пайдалана отырып, практикалық материалдармен байланыстыруға ұмытылыс; жоспарлау – негізгі пәндерге қатысты басты мәселелерді бөліп қарау, әдебиеттер тізімінде жаңалықтың болуы; семинарды ұйымдастыру – пікірталас туғызу және қолдай білу, студенттердің барлық жауабы мен шығып сөйлеген сөздерін сындарлы талдау, оқу уақытын мәселелерді талқылаумен толықтыру, оқытушының өзінің әрекеттері; семинарды өткізу стилі – пікірталастан туындаған, өткір мәселелерді талқылап, қызу өтетін немесе ойға қозғау салмай, сылбыр өтетін, оқытушының студентке қарым-қатынасы – сыйластық, ретіне қарай талап қоя білу немес кеңпейілді; студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы – сыйластық немесе немқұрайлы, сынаушылық; топты басқару – оқытушы семинарға қатысушылармен тез байланыс орнатады, топта өзін сенімді, еркін ұстайды, барлық студенттермен әділ, байсалды әрекет жасайды немесе керісінше, көптеген ескертулер жасайды, дауысын көтереді, басқаларын елеусіз қалдырып, аз ғана студенттердің жұмысына сүйенеді; оқытушының қорытындысы – білікті, сенімді немесе студенттердің білімін байыптайтын, теориялық тұжырым жоқ; студенттер семинарларда жазу жұмыстарын жүргізеді – үнемі жүргізеді, сирек жүргізеді, тіпті жүргізбейді.
Зертханалық жұмыстар. Зертханалық сабақтар студенттердің теориялық-әдістемелік білімі мен оқу-зерттеу сипатындағы қызметінің біртұтас процесіндегі практикалық білігі мен үйлестіруге ықпалдастыруға мүмкіндік жасайды. Олардың ролінің артуы – эксперименттің қазіргі нысанында тез дамуына байланысты, соның нәтижесінде іс жүзінде жоғары оқу орындарын бітірушілердің барлығы да зерттеу жұмыстарына даяр болуға тиіс. «Зертхана» деген сөздің мағынасы (латынша labor – ебек, жұмыс, қиындық) туындаған ғылыми және өмірлік маңызы бар міндеттерді ой және дене еңбегін қолданып, шешумен байланысты, ежелден қалыптасқан ұғым екендігін білідреді. «Практикум» сөзі де сол ойды білдіреді: грекше practices «әрекетті» білдіреді, осыған орай, студенттерден қажырлы іс-әрекетті талап ететін оқу сабақтарының түрін білдіреді. Зертханалық жұмыстардың нақты оқу мамандығына байланысты айрықша айқын көрінетін ерекшеліктері болады. Сондықтан бұл жағдайда жалпы педаогикалық ұсыныстарға қарағанда, жеке ұсыныстар орындылау.
Зертханалық сабақтарда жұмыстың тиімді нысандарының бірі бірлескен топтық жұмыс болып табылады. Оның нақты бағыты оқытушылардан көп жұмысты талап етеді. Практикалық сабақтарды, оларды студенттерді практикалық жұмыстардың әдістерімен қаруландыратындай, олардың ойлау қызметін жандандыратындай, алдағы уақытта тереңдетілген өз бетінше істелетін жұмысқа әкелетіндей етіп өткізу маңызды саналады.
Жаттығулар – практикалық сабақтардың маңызды бөлігі. Жаттығудың негізі – лекцияда теория тұрғысынан талданып дамытылған мысал. Әдетте, нақты біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға баса назар аударылады, бұл студенттер қызметтерінің мазмұнын – міндеттерін шешуді, графикалық жұмыстарды, дұрыс ойлау мен сөз сөйлеудің алғы шарты болып табылатын ғылымның категориясы мен ұғымын нақтылауды айқындайды.
Студенттердің өз бетінше жұмысы. Жоғары мектептің орта мектептен айырмашылығы – даярлаудың мамандандыруылында ғана емес, ең бастысы, оқу жұмыстарының әдістемелеріне, студенттердің дербестік деңгейіне байланысты. Жоғары оқу орнының оқытушысы тек белгілі бір түрде студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырады, ал танымды студент өзі жүзеге асырады.
Өз бетінше атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу жұмыстарының басқа түрлерінің міндеттерін орындап тамамдайды. Өз қызметінің объектісі бола алмаған ешқандай да білім адамның шын мәніндегі игілігіне айналмайды. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығымен қатар, белгілі дағды мен біліктің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы жоғары білікті маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратын мінез-құлық белгісі ретінде де маңызы бар. Сондықтан әрбір жоғары оқу орнында, әрбір курста оқытушының басшылығымен барлық студенттердің өз бетінше жұмысы үшін қажетті материалдар тыңғылықты түрде іріктеліп алынады.
Студенттің пәнде оқылатын материалды меңгеруге арналған типтік есептеулер деп аталатын арнайы құрылған есептерді орындау – сонымен қатар рефераттар жазу және студенттердің ғылыми жұмыстардың тақырыбын зерттеу жөніндегі өз бетінше жұмысы да. Дәрісханадан тыс практикалық сабақтарға оқу залдарында, компьютерлік сыныптарда және үй жағдайларында орындалатын практикалық жұмыстар жатады, бұл оқулықтарды, оқу құралдарын, лекция конспектілерін, сонымен қатар ғылыми монографияларды және мерзімді басылым әдебиеттерін қажет етеді. Дербестік тұлғаның сапасы ретінде оқытудағы негізгі көрсеткіш болып табылады және оның дамуы белгілі бір дидактикалық әдістерді талап етеді. Егер студент танымдық қызметтің тәсілдері берілмеген оқу кітаптары бойынша жұмыс істесе, онда ол дербес таңдау жасағаны.
Ал егер ол танымдық қызметті оған бұйырылған әрбір әрекетін қадағалайтын және оның дұрыстығына бақылайтын ережелер арқылы жүзеге асыратын болса, онда бұл дербестік емес, бұл оның белсенділігі. Студент танымдық қызметті материалды меңгерудің шарты ретінде әрқашан өзі жүзеге асырады, бірақ ол барлық уақытта дербес болмауы мүмкін. Типтік есептеулерді орындағанда, танымдық қызметтегі белсенділікті, ал ғылыми жұмыстарды орындағанда – танымдық дербестікті талап ету керек.
Жоғары оқу орындарындағы өз бетінше жұмыс негізгі мақсатты көздейді: студенттерді оқуға үйрету, яғни оқу процесінде олардың білім мен білікті өз бетінше алу қажеттігі мен қабілетін дамыту. Өз бетінше еңбек студенттердің өзінің ойы мен көзқарасының шығармашалық дамуы мен қалыптасуына жағдай жасайтын, ойлаудың дербестігі, белсенділік пен басьама, фактілер мен құбылыстарды талдай білу, ұйымдастырушылық пен тәртіптілік сияқты қасиеттерін дамытады.
Жоғары оқу орындарында семестрге арналған өз бетінше атқарылатын жұмыстың графигі жасалады, оған семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосылады. График – студенттерді өз уақыттарын жоспарлауға, оны тиімді пайдалануға мәжбүр ететін өзіндік стимул. Студенттер орындаған жұмыстар оқытушылардың жүйелі бақылауында болуға тиіс, ал өте маңызды қателері студенттермен әңгімелесу кезінде талқыланады.
Өз бетінше жұмысқа тиісті ғылыми-теориялық курс, дәлірек айтқанда, студенттердің алған бүкіл білім кешені негіз болады. Жұмыс басталар алдында студенттер өз бетінше жұмысты орындауға арналған арнайы түсініктеме алады – талаптар анықталады, құралдар мен түпнұсқалар көрсетіледі, тиімдірек әдіст
Пред.678910
скачать работу

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ