Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.

ер ұсынылады.
Лекцияға, семинарларға, зертханалық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға дайындық, ең алдымен, өз бетінше жеке жұмыс ретінде жиі қарастырылады және ұйымдастырылады. Дегенмен, эксперименттік зерттеулер, жоғары оқу орындарының жұмыс практикасы көрсеткендей, егер оған 2-3 адам қатысатын болса, онда белгілі кезеңдерде тиімдірек болады. Бұл жағдайда екінші және үшінші студент өзара бақылаудың қатысушылары ретінде ғана емес, әрбір қатысушының танымдық қызметінің тиімділігін біршама арттыруды қамтамасыз ететін, өзара санаткерлік белсенділіктің бұлжымас шарты ретінде көрінеді.
Серіктестердің қатысуы дербес дайындық процесінің психологиялық жүйесін біршама қайта құрады. Ол толық құнды және аяқталған ретінде, сонымен бірге оқылатын оқу пәнінің «түсіну» кезеңіндегі жеке дербес оқу жұмыстарының жоғары кезеңі ретінде субъективті бағаланады. Дегенмен, көп жағдайда субъективті баға қате болады. Жоғары оқу орны жағдайында бұл кезең қажетті өз бетінше даярлық жұмыстарының тек бірінші жартысын ғана құрайды: оның екінші бөлігі игерілген материалдарды ретімен баяндау, басқа адамға белгілі бір қағидаларды дәлелдеу қажеттігін көздейді. Осы екінші бөлік ғана оқу материалын толықтай тануды қамтамасыз етеді. Тек өз бетінше оқу қызметінің екінші буыны ғана оның тиімділігі мен біткендігін қамтамасыз етеді.
Өз бетінше оқу жұмыстарының аса жоғары әдістемелік деңгейінде студент жеке екі кезеңді де орындай алады:
1) өз бетінше жеке жұмысты;
2) бұл нәтижелерді серктесіне – курстасына көрсету, баяндау, талқылау.

2.3 Студенттердің әлеуметтік-саяси әлеуеті

Студенттердің әлеуметтік-саяси әлеуетін көтеру процесі кезеңінде тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты оларды өз Отанын сүюге, халықтық салт-дәстүрлерді құрметтеуге, жеке басының қабілеттерін ашып арттыруға негізделеді. Осы кезеңде мынадай тәрбие қағидалары басшылыққа алынады:
- тәрбие жұмысын ізгілендіру;
- тәрбие жұмысының табиғилығын қалыптастыру;
- тәрбие жұмысының мәденилігін қадағалау;
- тәрбие жұмысының жеке тұлғаның әлеуметтік-мәдениетінің дамуына ықпалдылығын арттыру;
Ал, тәрбие жұмысының негізгі бағытына:
- қалыптасқан мәдени шаралар ұйымдастыру;
- жастардың шығармашылық жұмысын қолдай отырып, жетілдіруге ықпал ету;
- әлеуметтік-саяси белсенділікті арттыру;
- жастардың этномәденилігін көтеру;
- өзін-өзі басқаруға үйрету;
- салауатты өмір сүруге бейімдеу;
- коммуникативтік ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Қазіргі уақытта студенттерді болашақ үлкен өмірге дайындауда, нағыз шынайы өмірге даярлауда саяси әлеуметтендірудің мәні өте зор. Жастар шынайы өмірдің негізгі мәселелерін шешуге бейімделуі қажет және сол жинақтаған тәжірибесі арқылы жақсы өмір сүруге, жетістікке қол жеткізуге, өзіне ұнаған бағытты таңдауға ерікті болады. Сол арқылы өз болашағын жоспарлауға бейім, өмір сүрудің өзіне сәйкес стилін дұрыс таңдауға қабілетті және мінез-құлқын қазіргі заман талабына сай қалыптастыруға әзір болып есептеледі.
Ал қазіргі таңда 7-17 жас аралығындағы өскелең ұрпақтың қоғамдық ұйымдарға мүшелігі мен олардың құқықтары және бостандықтары, өмірлік позициялары жеткілікті дәрежеде айқындала қоймаған.
Бүгінгі күні жастардың саяси білімін, сауаттылығын көтеруде тек оқу процесі ғана емес, сонымен қатар, тәрбиелік шаралар да өз ықпалын тигізері сөзсіз. Соңғы уақытта мемлекет тарапынан көптеген іс-шаралар студент-жастар арасында қолға алынып жүргізіліп жатыр деуге болады. Алматы қаласы әкімшілігінің жиі ұйымдастыратын «Алматы – менің сүйікті қалам» акциясы, студенттердің жазғы демалысы уақытындағы еңбек-құрылыс отрядтары осының дәлелі. Жастардың саяси әлеуметтік саяси-әлеуетін көтеру мақсатында Қазақстан Жастар Одағы да сүбелі үлес қосуда. Бір ғана мысал ретінде мынаны атауға болады: «Қайсар» жастар саяси ұйымының құрылуы Алматы қаласындағы жастардың кәсібіне, мамандығына, біліміне, әлеуметтік жағдайына қарамастан олардың саяси мүддесін бір арнаға біріктіріп, әрекет етуде.
Соңғы кездері ҚР Сыртқы Істер Министрлігі де журналист қауыммен аптасына бір рет брифинг өткізіп, еліміздің сыртқы саясатындағы болып жатқан өзгерістер мен ұстанымдарынан жұртшылықты хабардар етіп отыруды дәстүрге айналдыруда. Өз кезегінде аталған дәстүр жастардың сыртқы саясатымыздағы саяси сауатын, танымын арттыра түсуіне айтарлықтай ықпалы болатындығы сөзсіз.
Мемлекетімізде «Отан» саяси партиясының «Жастар қанаты», «Асар» саяси партиясының «жастар бөлігі» бүгінгі жастарды саясат әлеміне тарта отырып, олардың саяси танымын, саяси сана-сезімін қалыптастыра отырып, жастардың саяси белсенділігінің артуына ықпал етуде. 2005 жылдың желтоқсан айында өткен ҚР Президентін сайлау науқанына жастардың белсенді қатынасуын қамтамасыз ете отырып, өз кандидаттарына дауыс беруге шақырды. Сол сайлауда мемлекет тарапынан да халықтың саяси белсенділігін арттыру мақсатында өз сайлау учаскелеріне алғашқы келіп дауыс беретін 10 сайлаушыға және 18 жасқа жаңа толып, дауыс беруге бірінші рет қатысқалы тұрған жастарға заттай сыйлықтың ұйымдастырылуы халықтың саяси белсенді болуына әсер етті. Жұмысымыздың бірінші бөлімнің бірінші параграфында көрсеткеніміздей мемлекет бұл жерде саяси әлеуметтендірудің позитивистік көзқарасындағы «саяси алмасу» теориясын қолданып, яғни заттай немесе ақшалай сыйақы ұйымдастыра отырып, нәтижеге қол жеткізе алды.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Қазіргі қоғамда саясат пен білімнің өзара байланысы өзекті мәселе. Олай дейтініміз білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.
Адам саяси ықпалдан тыс, немесе саяси өміргі араласпай қала алмайды. Демек, оны осыған әзірлеу керек, оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтендіру, яғни, саяси өмірді қалыптастыруға дайындау керек. Мұнсыз өздері нағыз реттеушілер, өз тағдырларын өздері жасаушы болған дамудың, демократияның, қоғамдағы адамдардың өмірлік ережелерін қалыптастыру туралы сөздің мәні жоқ. Біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғ. Аристотель саясат ұжымда, қоғамда ғана толыққанды өмір сүре алатын адамның табиғатына еніп кеткен, яғни «адам — өзінің жаратылысы бойынша саяси дүние» деп жазып кеткен екен [115].
Қандай қоғам болмасын саяси жүйесінің тұрақты болуы үшін білім мен тәрбие жүйесін мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре отырып құруға мүдделі. Білім мен саясаттың өзара байланысындағы әр түрлі қырларын теориялық және методологиялық талдауға сүйене отырып ашатын болсақ:
- білім – мемлекеттің мүддесіне сай кадрлар дайындаумен айналысады;
- білім – мемлекеттің саяси жүйесінің бекіп, дами түсуіне көмектеседі, яғни, оқу-тәрбие жұмысының қай этаптарында болмасын (бала-бақша, мектеп, жоғарғы оқу орны) мемлекеттің ұстанған саясатын, бағытын насихаттайды.
Ал сәйкесінше, мемлекет пен қоғам:
- білімнің тұрақты түрде дамып және қоғамның белгілі бағыттарындағы күрделі тапсырмаларды шеше алатындай қабілетті болуына мүдделі;
білім саласында заңдар қабылдайды, қаржыландырады, қоғамдық қолдау білдіреді.
Педагогикаға қатысты айтылатын дәлелдерге мыналарды келтіруге болады: бірнеше жылдар бұрын ЮНЕСКО-ның халықаралық комиссиясы «ХХІ ғасырдағы тәрбие беру туралы» атты әлемдік қауымдастыққа арналған баяндама жасап шығарған болатын. Онда әлем мәдениетінің барлық өкілдері болашақтағы білім алудың басты төрт принципін енгізген болатын:
а) өмір сүруді үйрену,
ә) білуді үйрену,
б) бірдеңе істеуді үйрену,
в) бірге өмір сүруді үйрену.
Комиссияның барлық мүшелері қоғамда бөтендермен бірге өмір сүре алу туа сала өздігінен пайда болмайды, алайда бір қоғамда өмір сүріп, саясаттан тыс қалу мүмкін емес дегенді ұйғарып, төртінші принципті – басты деп санауға келісті.
Әрине, оқу орындарындағы негізгі тасымалдаушы болып педагог табылады. Ол – қоғамның саяси өмірінің католизаторы мен интерпретаторы. Қоғамда өмір сүріп саясаттан тыс қалу мүмкін емес және өзіңнің өмір сүріп жатқан қоғамыңда өз тағдарыңның иесі болуың керек дегенді түсіну көбінесе соларға байланысты. Және студенттің дайындық процесін мақсатты, белсенді және нәтижелі ету үшін педагогтарға жан-жақты әрі барынша көмектесіп, саяси тұлғаның қалыптасуына нақты жолдар, құралдар, әдістер, формалар беретін қандай да бір жинақы жүйенің болуы тиіс. Бұл педагогиканың негізгі міндеті болып табылады.
Қазақстандағы XX ғасырдың аяғындағы әлеуметтік күйзелістер мен қоғамдық қайта құрулар контекстіндегі жастар мәселесінің өршуі оқу орындарын қайтадан тәрбие институтына айналдыруға алып келді. Бүгінгі күні ғалымдар мен практиктер тәрбие бағыттарының ішіндегі жастарға азаматтық тәрбие беру мәселесінің өзектілігін тағы да алға шығарады. Бірақ та жастардың саяси дамуында педагогтардың рөлі мен орны туралы сұрақ «бұлыңғыр» түрінде қалып отыр.
Мектеп және оқу орындарына көмекші құрал ретінде үлкен маңызын тигізетін ғылыми-тәлімдік зерттеу жұмыстары, тарих, саясаттану, мәдениет, философия, социология, психология проблемаларына арналған оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар көптеп шығарылуда. 1995 жылы «Санат» б

Пред.678910
скачать работу

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ