Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.

аспанасынан профессор Қ.Б. Жарықбаев пен педагогика ғылымының докторы С. Қалиевтың студенттер мен орта мектеп мұғалімдеріне арнап жазған «Қазақ тәлім-тәрбиесі» атты оқулығы шықты.
1994 – 1995 ж.ж. «Рауан» баспасынан қазақтың Білім проблемалары институты даярлаған 14 ғасырды қамтитын «Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер» антологиясының (құрастырушылар: Ж. Қарықбаев, С. Қалиев) орысша-қазақша томдары жарық көрді.
Бұл аталғандар ұлттық тәлім-тәрбие ісі мен ғылыми зерттеу жұмыстарының алғашқы бастамасы ғана. Алайда арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарына арналған ұлттық тәлім-тәрбие оқулықтары мен ұлттық педагогика және психология тарихын бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарастырып жазылған монографиялық ғылыми-зерттеулер қажет-ақ. Осыған орай, алғашқы бастама ретінде, қазақ этнопедагогикасының өзіндік ұлттық ерекшеліктерін және оның саяси әлеуметтендіру немесе саяси педагогикамен принциптік сабақтастығын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан арнайы сөз етуді мақсат еттік.
Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірбиесін жинақтау, ұлттық өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемі белгіленді, оның мәні сегіз қырлы, «бір сырлы» шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу еді. Міне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы силау, құдайы қонақтың мәселін қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмау болу т.б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік, өмірге көзқарастардың сәйкестігі кісілік қарым-қатынастар айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік қалдырмаған, психологиялық жағынан «бірауызды қауымдасқан жандар» үнемі өзінің рулық одағында еттене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанады. Ал принциптер ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің сипатын айқындайтын факторлар болды.
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар.ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады.
Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелігі сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни-наным сенімінен, әдет-ғұрыпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дархан көңіл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейірімділік қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті, философиялық ойлау жүйесінің негізі демекпіз.

ҚОРЫТЫНДЫ

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашығы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы айтылған міндеттер – мамандар дайындайтын жоғарғы оқу орындарының алдында тұрған негізгі мәселелер. Өйткені халыққа білім беру реформасы «ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді» міндеттеп отыр.
Жоғарғы оқу орнына түскен кешегі талапкерлер студент болған соң, жоғарғы оқу орны шарттарына орай бейімделу кезеңінен өтеді. Бұл кезең өзінде жаңа әлеуметтік орта мен жоғары оқу орындарындағы оқу және ғылыми ізденістер, болашақ кәсіби қызмет шарттарына дағдылану жағдайларын қамтиды.
Ұзақ жылдар бойы студенттермен жұмыс жүргізу нәтижесі барысында бірінші курс студенттерінің көпшілігі кітап, лекция кнспектілерімен жұмыс істеу, өз еңбегін дұрыс ұйымдастыру, пәндердің күрделілігін есепке ала отырып аудиториядан тыс орындалатын жұмыстарға берілетін уақытты тиімді пайдалана алмайтындығы анықталды. Осыған орай оқытушылардың басты мақсаты – бірінші курс студенттерін жаңа жағдай шарттарына бағдарлануға тәрбиелеу, оларды оқу және оқудан тыс уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету, болашақ ісінің кәсіби шеберлігіне деген қызығушылық сезімін ояту. Сонымен қатар ұйымдастырушының әдеттері мен іскерлігін дамытудың қалыптасуына, кәсіби білімді меңгеру мен түрлі оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға ықпал ету.
Кез келген курс студенттері өзінің жас ерекшелік және дара ерекшелік қасиеттерінің дамуын бастан кешірді. Осы ерекшеліктерді көп ғұламалар зерттеген. Солардың бірі Л.С. Выготский болды. Ол дамудың өзара байланысқан екі өрісі – актуальды және іргелес өрісі болатынын дәлелдеді.
Актуальды даму өрісі адамның игеріп үлгерген және соның негізінде танымдық және басқа да мәселелерді өзі дербес шеше алатын әдіскерлік пен дағдылар жүйесіне әсер етеді. Актуальды дамудың деңгейі іргелес өрісті, яғни оқу процесінде баланың өзі немесе үлкендердің көмегімен игере алатын іскерлік өрісін белгілейді. Іргелес даму өрісі дегеніміз – баланың ертеңгі күні. Арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық процесс жағдайларында мұның өзі әлдеқайда ертерек әрі тиімдірек өтеді. Егер сыртқы жағдайлар ішкі күштердің кез келгенінің дамуына қолайлы жағдай жасамаса, онда соңғыларының мүлдем ашылмай қалуы да мүмкін немесе қызмет етудің бұрмаланған формаларын қабылдауы ықтимал.
Тақаудағы даму өрісі актуальды даму өрісімен өзара қызметтесе отырады. Адам оны біртіндеп игереді. Сөйтіп адам актуальды дамудың жаңа сатысына көтеріледі де тақаудағы дамуға жаңа өріс ашылады. Соңғысын жақындаған сайын алшақтай беретін көкжиекпен салыстыруға болады. Алайда мұнда көкжиектің шексіз алыстай беруіне себеп болатын айырмашылық бар. Актуальды даму өрісі адамның жасы өскен сайын тақаудағы даму өрісіне жақындай түседі, яғни потенциалдық мүмкіндіктер өздерінің қалыптасуын тоқтатады.
Психиканың бүкіл саласының қалыптасуы адамның белсенді қызметі өрістеуіне мүмкіндік береді. Бұл процесте ол, бірінші жағынан, өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан, материалдық және рухани байлықтар жасап, сол арқылы жалпы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Адам өмірінің осы кезеңін дамудағы іс-әрекеттің танымдық, еңбек және басқа да қызмет түрлерінің әдістерін байыту кезеңі деп айтуға болады. Адамның потенциалдық күштері неғұрлым жан-жақты, үйлесімді болса, келешекте (есейген кезінде) оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады. Оны жүзеге асырудың тәсілдерін ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады.
Оқыту мен дамудың ара қатынасы жөніндегі мәселелердің шешілуі дамудың екі өрісіне байланысты. Студенттің әрбір пәннен меңгерген нәрсесі – оның кешегі күні күні, өткен кезеңі болып табылады. Дамудың аяқталған кезеңіне негізделген оқыту мен білім беру табыс әкелмейді, ол студенттің ынтасын кетіреді. Оның дамуға деген функционалдық қажеттерін қанағаттандыра алмайды. Үстіртін берілетін білім оны ынталандырмайды және ұзақ есте сақтау қабілеті мен дүниетанымын кеңейте алмайды.
Егер әрбір пәнді оқыту актуальды деңгейден озып, тақаудағы даму өрісіндегі күштерді қозғалысқа келтірсе ғана, ол жеделдете даму болады. Педагогикалық білім студент дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс. Тек сонда ғана ол оқыту процесінде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады. Л.С. Выготскийдің ойынша, бала өзінің пісіп жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде ғана емес, дамуға бейімделген тенденциялардың деңгейінде болады. Оның ертеңгі күнін дәл осы тенденциялар белгілейді. Бұл идеяны Л.С. Выготский одан әрі былай сабақтайды: «Оқыу мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір-бірімен өте күрделі қарым-қатынаста ғана екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында жүрсе ғана, жоғарғы жетістіктің нышаны». Осыдан ол тақаудағы даму өрісіндегі пісіп жетіле бастаған бірқатар функцияларды оятып, өмірге келтіреді. Оқыту тақау даму өрісін анықтайтын кезеңде жүзеге асырылғанда ғана неғұрлым жемісті болмақ.
Студент мәселені шешуге ынталанып, нақты, бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құштарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесін өзін ықтиярсыз мәжбүрлеу емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынан кешіреді.
Қорытындылай келгенде, еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет:
1. Әрбір ұстаздың өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу.
2. Студенттің актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру.
3. Студенттің әрбір пәннің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту.
4. Студенттің кәсіби білікті, білімді шебер тұлға қасиеттерін санасына құйып дүниетанымын кеңейту.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында // Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2005. – 47 б.
2. Назарбаев Н.Ә. Бәсеке қабілетті Қазақстан үшін, Бәсекеге қабілетті экономика үшін, Бәсекеге қабілетті халық үшін. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2004 ж. – 19 наурыз // Егемен Қазақстан. – 2004. – 20 наурыз.
3. Шешукова Г.В. Роль и место системы образования в политической социализации населения современной России /

Пред.678910
скачать работу

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ