Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тарихи зерттеу жаңа әдістерінің таралуы

өрт подсистема бірінші мәдени символдар комплексі енетін мәдени- символдық подсистема, екінші нормативтік- интерпритациялық подсистема- нормативтік дәлелдемелер, үшінші әлеуметтік-институттық подсистема- әлеуметтік институттар мен ұйымдар, төртінші индивидуалды- психологиялық подсистемалардан тұрады. Джон Скот бойынша тарихи зерттеудің мәселесі гендерлік статусты құрастыру процесіндегі іс жүзінде осы төрт аспекті  арасындағы қатынасты айқындау. Сонымен қатар осы көзқарас ұқсас аспектілердің ерекшеленуімен кез-келген әлеуметтік процесс үшін анализ жасау моделі бола алады. Бұл тұста «ер» және  « әйел» категорияларының түпкілікті трансценденттік мазмұнға ие емес екндігін көрсету мүмкіндігі пайда болды. Гендерлік ерекшеліктер адамдардың қатынасы процесінде символикалық түрде құрылып және қайтадан құрылады.  Гендерлік қатынастар адамзат тарихындағы, индивидте гендерлік консенсусқа жету және гендерлік әлеуметтену процесінде қалыптасқан ең  ұзақ әрі өзге иерархиялық жүйелер ішіндегі ең мықтысы болып табылады. Гендерлік зерттеулер ерекше синтетикалық модел жасауға мүмкіндік береді. Онда  социумның барлық мүмкін деген өлшем белгілері орын табады. Олар: жүйелік-структуралық, социомәдениеттік, индивидуалды-жекебастық, және гендер түсінігі олардың қалай әрекеттесетіні және қалай байланысатыны туралы түсінік береді. Бұл моделдің уақыттық ұзақтықта ашылуы осы құбылыстардың тарихи динамикасын реконструкциялауға мүмкіндік жасайды. Бұл зерттеу перспективалары әліде толық түрде іске асу мүмкіндігіне ие. Бірақ қазіргі уақыттың өзінде батысевропалық тарихнамада барлық хронологиялық уақыттар мен Европаның бар региондары бойынша монографиялық зерттеулердің айтарлықтай көлемі жиналды. Сонымен қатар гендерге арналған көптеген беделді журналдарда  тұрақты рубрикалар, сонымен қоса арнайы периодикалық басылымдар пайда болды. Ресейдегі осындай басылымға «Адам и Ева» альманахы жатады.

Әйелдер тарихының  1970 жылдардағы алғашқы түлектері ескі дәстүрлі тарихнамадан тарихи кезеңдестіру мәселесін қабылдап, оны шешудің өзіндік жолдарын ұсынды. 1974 жылдары- ақ француз зерттеушісі Моник Пьеттер « Положение женщин сквозь века» атты жұмысында тарихты әйелдің басшылық бейнесі жақтарына қарап өте ұзақ үш фазаға бөлді. Олар: бірінші бейнесінде « Арғыдан дүниеге әкелуші – Ана », екіншісінде ежелгі мемлекеттерде және одан соң әсіресе христсандық орнаған мезеттер мен Жолдас-Әйел бейнесі моногамиясында, үшінші қайта өрлеу дәуірінен бастап Тұлға-Әйел бейнесі пайда болды. Бұнда әйел статусының өрлеуі линейлік процесс болған жоқ, зерттеулер гендерлік тарих динамикасын айқындау қиындығын көрсетті, өйткені жекелеген әлеуметтік, кәсіби және жастық топтарда гендерлік статустың өзгеруі біртекті уақытта болған жоқ. Гендерлік тақырыптың тарихи материалы гендерлік қатынастардың перспективада әлеуметтік тарихын жасау үшін әлеуметтік- класстық және гендерлік қатынас жасау қажеттігін көрсетіп берді. Дүниежүзілік әйелдер тарихының кезеңдестіру мәселесі айқындалып шықты.

Әйелдер тарихының жекелеген кезеңдерін зерттеуде таптырмайтын үлгі, әсіресе ерте жаңа заман кезеңіндегі, осы кезге дейін америкалық феминизмнің теоретигі мен практигі , тарихшы Джоан Келлидің « Было ли у женщин Возрождение» атты айтулы мақаласы болып табылады. Әртүрлі әлеуметтік топтардағы әйелдерге қоғамдық өзгерістердің әсер етуін зерттеу үшін Джоан Келли өзінің теоретикалық моделін әйел бостандығының сапасы және деігей индекаторын жасады. Ол төрт байланысты критериді санатқа алды. Олар: ерлермен салыстырғандаәйелдердің жыныстық ерекшелігінің қоғамдағы регламентациясы, әйелдерге қатыстырылған шаруашылық және саяси саладағырөлі, сонымен қатар олардың меншікке, билікке, білімге, кәсіби оқуға қол жетімдігі, қоғамның мәдени өміріндегірөлі, әйелдердің, яки жыныстардың қоғамдық санадағы, өнердегі , әдебиет пен философиядағы рөлдік функциялары. Осы негіздерге қатысты жүргізілген Дж. Келлидің анализі 15-16 ғасырларндағы италия әйелдерінің гендерлік статусын тәуелденуі мен төмендеуіне әкелді деген қорытындыға ұшыратты. Нәтижесінде « Әйелдерде ешқандай Қайта өрлеу, тым болмаса Реннесанс дәуірінде болған жоқ » деген қорытынды жасалды. Француз революциясы кезінде әйелдер тарихымен айналысқандар осы методикаға сүйене отырып бұл революцияның әйелдердің жағдайына әсері туралы түсінікті теріске шығарды. 1791жылы француз революциясының программалық құжаттарының бірі « Декларация прав человека и гражданина » шыққан соң әйелдің құқықтарын жақтаушы Олимпия де Гуж « Декларация прав женщины и гражданки » атты манифесін баспадан шығарды. Бірақ бұл революция жақтастарының энтузиазмын туғызбады. Жәнедағы нәтижесінде шығу тегі әлеуметтік топқа жататын автор контрреволюциялық күштермен байланыста деп айыпталып, 1793 жылы қазанда басы шабылды. Нәтижесінде ол француз феминистерінің атақты тұлғасына айналды. Осылайша, қоғамдық тарихқа әйелдік дауыс нүктесінің қосылуы күн тәртібіне тарихи процесстің жалпы көрінісіне коррекция жасау мәселесін қойды. Қоғамның прогресивті даму түсінігі , тарихи периодтардың жалпыға ортақ бағасы өзгеріске түсті және қоғамдық прогресс әйелдердің бостандыққа, теңдік пен туыстыққа қосылуын көрсетпеді. Сонымен қатар жаңа заманға жылжыған сайын гендерлік иерархияның күшеюі байқалды. Бұл социум өмірінің әртүрлі дерктері мен аспектілерінде бақыланады. Европаның жаңа заман тарихынан қоғамдық құрылымның күрделенуі әйелдің жанұядағы беделін түсірді, оның меншіктік құқығын шектеді, өзін ұстау нормалары мен моральдың екі жақты стандартының орнауына әкеліп соқты. Дегенмен осымен қатар әйелдердің жанұя мен үй шаруашылығынан тыс ресми емес әлеуметтік байланыстар арқылы өз ықпалдарының күшеюіне қол жеткізілді. Әйелдер тарапына көбіне қоғамдық прогресстің ұстанымдық негіздері түсті. Сонымен бірге гендерлік жүйенің асимметриясы ерте кезеңдерде соңғы  кезеңдерге қарғанда әлдеқайда әлдеқайда әлсіз болғаны анықталды. Және дәстүрлі дамымаған, архайкалық болып саналатын бұл дәуірде әйелдердің статусы ерлерден еш кем болған жоқ, ал « прогресс эрасы » деп аталатын дәуірде әйелдердәі жағдайы құқықтық қатынаста нашарлады. Нәтижесінде одан әрі жоғарылаудан әйелдердің жалпы сауаттылық деңгейі артып, әйелдердің мәселесі мен феминизм дәстүрлерінің пайда брлуына әсер етті. Ірі қоғамдық өзгерістер кезеңінде гендерлік қатынастар өзгерістерге ұшырап, алайда олардың әйелдер пайдасына шешілмегені анықталды. Мысалы атақты британ тарихшысы Дэвид Андердаунның айтуынша 17 ғасырдағы дағдарыс кезінде ерлерді әйелдердің басқарылмайтындығы мазалады, нәтижесінде әйелдердің бейнесінде бірінші орынға «шашпа» белгілері шықты. Жалпы гендерлік саладағы мамандардың айтуынша, тұлға арлық және әлеуметтік жүйедегі қатынасындағы қайшылықпен айқындалады, мұндағы тура және анық өзара әрекетті анықтау мүммкін емес, қоғамдағы гендерлік қатынастың дамуында өзінің мәдени дәстүріне сай логикасы бар, оның тегінде сол қатынастар дамиды.

Гендерлік зерттеулер үшін болашағынан зор үміт күттіретін ол күнделікті тарих пен жеке өмір тарихы. Гендерлік тарихшылар ойластырған ойларын іске асырмай қоймады, өздерінің көзқарастарына сүйене отырып жасаған  « жаңа жалпы тарих » жобасы  персоналды, локалды, структуралық және социо мәдениеттік тарих шеңберінде алынған микро- және макропроцесстердің зерттелу нәтижесін интеграциялап және қайта ойластыртуға мүмкіндігі бар. Гендерлік тарих социомәдени – жыныстық бөлігі қоса ала отырып қоғамдық процестер түсінігідегі тарихи синтезді іске асыруға таласып отыр. Гендерлік тарих шынымен –ақ жалпы тарих жыныстық емес түрде жазыла алатынын көрсетіп бере отырып, ол қоғамдағы гендерлік қатынастарды « жаңа әлеуметтік тарих» ретінде есепке ала отырып іске асатынын анықтады. Бұл өз кезегінде тұлғааралық қатынастардың барлық жақтарын қоса ала отырып әлеуметтік түсінікті кеңейтуге ұмытылады.

1980 жылдары сонымен қатар тағы бір көзқарас, қазір әзірше « ерлердің гендерлік тарихы» деп аталып жүрген ағымның құрылуы басталды. « Ерлердің тарихшылары» да өздерәне скептикалық қатынаста болды. Олардың пайда болуы модаға сыйлық ретінде қабылданды. Бірақ нақ солардың мысалында қоджэғамдық қатынастар гендерлік құрамдастан тұратыны одан әрі айшықты көрінді. Зерттеушілер ерлердің тарихындағы гендерлік белгілері де әлеуметтік- класспен, статуспен, іс қарекетімен, өмір сүру ортасымен, жасы және тағы басқалармен байланысты екенін анықтады. Жаңазаманның алғашқы кезеңдерінде үйленген ерлер нағыз еркек болып саналды, ал олардың бойдақ бауырлары олармен салыстырғанда азаматтық құқықтарға ие болғанымен қоғамдық өмірге үйлденгендердей араласа алмады. Бойдақтарға күйеуге шықпаған әйелдерге қараған сияқты күмәнді қатынас танытылды, өйткені олардың өмір салты әзірше қандайда бір  гендерлік – дифференциалды әлеуметтік тәртіптің орнына сай емес. Ерте жаңа заман тарихы кезеңінде үйленбеген подмастьерлердің өзіндік суб мідениеті қалыптасты. Оларға цехтық шеберлер күшпен бойдақтық жағдайды таңды. Себебі олар қазірге дейін нормаға сәйкес жанұя құру үшін жеткілікті қаражат бермеді. Өйткені бұл ортада ертеден отағасының өзіндік қаражат көзі болу керке деген қағида ұстанылды.

16-18 ғасырларда ерлер әйелдердің  патриархалды биліктен босап шығу мүмкіндігін мүлдем мойындамады. Бұл реформаторлардың да, Ұлы Француз революциясы дәуірі  революционерлерінің де ойына кіріп шықпады. Ерте жаңа заман дәуірінде ерледің сапасы саяси жауапкершілікті өзіне қосты, ал бұл кезде әйелдердің жақсы әрекеті үй және шаруашылықтық болып қала берді.Ақыл, тұнық ой, достық сияқты қасиеттерді ерлер өздеріне таңды. Бұл тіпті пайда болған вербалды формулировкаларда көрініп тұрды. Осы кезде ортақ ойлылардың бірлестіктері, ортақ экономикалық өндірістері «ағайындық», « серіктестік» деп аталды. Нағыз ердің атрибуты деп оның жанұясындағы өмір сүріп жатқан әйелі мен қыздарын,

12345
скачать работу

Тарихи зерттеу жаңа әдістерінің таралуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ